Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі



бет64/108
Дата20.11.2023
өлшемі0,84 Mb.
#192359
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   108
Байланысты:
?ø³íø³ ìû?æûëäû? ??ç³ðåòò³ë³ê á³ë³ì áåðó æà?äàéûíäà ì??àë³ìí³? è

Жобаның жүргізілу тәртібі:
1. Болашақ жоба тақырыптарының тұсаукесері.
2. Топтардың санын және әр топта жұмыс істейтін топ мүшелерін (2-7) анықтау
3. Ақпарат көздері мен іс -әрекет жоспарын талқылау.
4. Жоба тақырыбы бойынша топтардығы жұмыс:
- ақпараттарды жинау;
- өздерінің жеке материалдарына талдау жасау;
- мұғалім кеңесі;
- түзетулер енгізу;
- ақпараттарды іздеу;
- жаңа деректерді талдау;
- топ мүшелерін қанағаттандыратын мәліметтерді жинақтау, талқылау;
- қорытынды материалды жазу.
5. Жобаны қорғау.
6. Қорытынды жасау, рейтингілік бағалау.
7. Рефлексия.
Жобалау технологиясы есебінен берілетін жобалау сабағын қарастыралық.
Жобалау сабағы («проект» - латын тілінен енген, «алға тасталған ой, алға шығып сөйлеуші») алдын-ала жоспарланған, алдына қойған түпкі мақсаты бар сабақ болып табылады.
Жобалау сабағының ерекшеліктері:
- Жобалау сабағының басында басты мәселе қойылады;
- Жобалау сабағының ортасында мәселе шешіледі (жобаланады);
- Жобалау сабағының соңында жобаның тұсаукесері жасалынады, жоба қорғалады.
- Мұғалім оқушылармен бірігіп жоспар құрады, жұмыс жасау әдістерін талдайды;
- Оқушылардың өмір тәжірибесі, қазіргі өмір шындығы пйдаланылады;
- Оқушыларға өз өмір тәжірибесін, өз ойларын сабақта тікелей пайдалануға мүмкіндік береді;
- Сабақтың бір бөлігін (не түгел) жүргізу оқушыларға жүктеледі;
- Оқушылар өздері мәліметтер іздейді, шешімдер қабылдайды, тапқан материалдарын өңдейді, құжаттандырады, бірлесіп жоба жасайды, жасаған жобаларын көпшілік алдына талқыға салады, ашқан жаңалықтарын топ алдында қорғайды, баяндайды, жобаның тұсаукесерін жасайды.
Жобалау сабағының кезеңдері:
І. Дайындық кезеңі:
- негізгі тақырыпты түсіндіру, талдау, өз ойларын айту;
- тақырып бойынша тірек сөздермен жұмыс істеу;
- қосымша материалдар енгізу.
ІІ. Тақырыптарды бөлу:
- оқушыларды кіші топтарға топтастырып, әр топқа кіші тақырыпшалар беру;
- тақырыптарды талқылау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет