Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі



бет67/108
Дата20.11.2023
өлшемі0,84 Mb.
#192359
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   108
Байланысты:
?ø³íø³ ìû?æûëäû? ??ç³ðåòò³ë³ê á³ë³ì áåðó æà?äàéûíäà ì??àë³ìí³? è

4.8 Тұлғаға бағдарланған технология

Тұлғаға бағдарланған педагогика мәселесі ресейлік ғалымдар еңбектерінде ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап орын ала бастап және «тұлғалық бағдарлы педагогика», «тұлғалық бағдарлы білім беру», «тұлғаға бағдарланған технология» терминдері пайда болды.


«Тұлғалық бағдарлы» сөз тіркесі білім беру үдерісінде қолданылуына байланысты педагогикалық сөздікке ағылшынның «person-centered» («тұлға орталықты») және «pupil-centered» («оқушы орталықтары») сөздерінің аудармасынан енгізілген. Олар Карл Роджерстің гуманистік педагогикасы және гуманистік психологиясындағы ұғымдардың бірі болып табылады.
Осы ұғымдардың түсіндірмесінде әр алуан пікірлер кездеседі. Бұл пікірлердің көптігі төмендегідей түсіндіріледі: кез-келген оқытудың түрі тұлғаны дамытуға бағытталған, яғни олардың әрқайсысын тұлғаға бағдарланған оқыту деп тануға болады. Бүгінгі таңда оқытудың түрлі нобайлары мен технологиялары жасалуда. Олардың әрқайсысы «тұлға», «тұлғаның дамуы», «тұлғаға бағдарланған білім беру» ұғымдарын өз бетінше түсіндіреді. Қазіргі педагогикалық әдебиеттерге жүгінсек:
1) Тұлға дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны;
2) Тұлға- адамдар арасындағы өзінің ұстаным - орнын еркін және жауапкершілікпен анықтайтын қоғамның өкілі ретіндегі адам.
1- суретте оқушыға ізгілікті- тұлға тұрғысынан қарау, педагогикалық қарым-қатынасты ізгілендірудің мәні ашылады.
Ресейлік ғалымдар ішінен тұлғаға бағдарланған білім берудің ғылыми-теориялық негіздеріне талдау жүргізген Е.В.Бондаревская тұлғаға бағдарланған білім берудің сапасын мәдениетке сәйкестік ұстанымымен анықтайды. Бұл ұстанымның мәні- тұлғаны дамытушы және жетілдіруші орта ретіндегі мәдениет пен білім арасындағы, сонымен қатар баланың тәрбиесі мен дамуы арасындағы қарым-қатынастарды анықтау болып табылады. Яғни, білім беру мазмұнының мәдениет орталығы - бірегей жалпы адамзаттық, жалпыұлттық және аймақтық мәдени құндылықтар. Балаға деген көзқарас оны еркін, тұтас тұлға ретінде, мәдени дамуы барысында құндылықтарды өзі таңдай алатын, өзін-өзі жүзеге асыра алатын тұлға деп түсіндіру арқылы қалыптастырады деп есептейді.








Қарым-қатынасты демократизациялау




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет