Байланысты: ?ø³íø³ ìû?æûëäû? ??ç³ðåòò³ë³ê á³ë³ì áåðó æà?äàéûíäà ì??àë³ìí³? è
Компьютерлік оқытудың ерекшеліктері: - оқушылардың өзіндік реттеу қабілетін дамыту;
- оқушының әлеуметтік пісіп жетілген тұлғалық сапаларын тәрбиелеу арқылы оқушының өзін өзгертуге бағытталған үдеріс;
- компьютер оқу үдерісін іскерлік тұрғыда ұйымдастырудың барынша адекватты техникалық құралы;
- компьютер белсенді әріптес рөліне еніп, оқушылардың іс-әрекет ынтасын арттыра түседі;
- компьютердің бағдарламалық оқыту үдерісінің тұтастығын бұзбастан оны оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыруға жол ашады;
- компьютер - оқушылар білімін бақылауды ұйымдастырудың теңдессіз құралы;
- компьютер жұмысының қалыптылығы оқушылардың оқу үдерісін тереңірек түсінуіне жағдай жасап, олардың логикасы мен ақыл-ойының деңгейін көтереді;
- компьютердің күрделі бейнелерді сомдау мүмкіндігі жоғары деңгейдегі көрнекілік ретінде материалды оқып-үйренуді барынша жақсартады;
- компьютер оқу үдерісіне тың танымдық құралдар енгізеді, мысалы: есептеу тәжірибесі, сараптау жүйесінің көмегімен есептер шығару, алгоритмдер құрастыру, мәліметтер мен білімдер базасымен жұмыс.
Бұл жағдайдағы оқу - тәуелсіз іс-әрекеттер тізбегі емес, ол - қызмет заңдылықтарын меңгеру арқылы оқушының жан-дүниесіне бейімдеп ізгілендірудің, осылайша оқушы белсенділігін арттыра отырып, оқытудың шын мәніндегі мақсаты мен міндеттерін жүзеге асырудың төте жолы.
Компьютерлік оқыту - мұғалімнің компьютерді пайдалануы арқылы іске асырылатын күрделі басқару үдерісі. Мұғалім оқу бағдарламасынан, оқулықтардан, әдістемелік әдебиеттерден алынған ақпаратты қоса өңдейді де, компьютер арқылы оқу материалын гипермәтін түрінде оқушыға береді. Оқушы компьютерден алынған оқу ақпаратын меңгереді де, оның сапасы мен ақыл-ой қызметінің қол жеткен даму деңгейі жайлы мәліметті, сұрақтардың жауаптарын, есептердің шешімдерін түрінде компьютерге беріп отырады. Оқу үдерісі ішкі «оқушы-компьютер» жүйесінде, оқушының оқу үдерісін өз бетінше ұйымдастырып, бағыттап, басқару мен компьютердің оның барлық талап-тілегін дәлме-дәл орындауы арқылы өрбиді. Үдерістің өрбуі барысында оқушының қабілеттері дамиды. Ал компьютерден қажетті ақпарат алған мұғалім, оны басқару үдерсінің тиімділігін арттыру үшін пайдаланады.
Оқушы қабілеттерінің қалыптасып дамуы - тек оқушының нені, қандай білімдер мен ебдейліктерді меңгеруіне ғана емес, сонымен бірге оны қалай істеуге болатынына, яғни осы білімдер мен ебдейліктер оқушының шығармашылық қабілеттеріне түрткі болатындай, оның жеке игілігіне айналатындай етіп, компьютерлік оқытудың қалай ұйымдастырылуына, меңгерілетін нәрсенің оқушы жан дүниесіне қаншалықты жақын екендігіне да байланысты. Компьютерлік оқыту барысында, мұғалім «оқушы-компьютер» жүйесіндегі оқу қызметін толық түсініп, бұл қызметтің нақты өмірдегі алатын орнының қандай екендігін барынша ұғынуы қажет.
«Оқушы - компьютер» жүйесіндегі оқушының оқу материалдарын меңгеруге байланысты шешім қабылдауы - оның санасында барлық жан-дүниелік мүдделер мен талаптар мұқият таразыланатын жеке де күрделі үдеріс. Тек «арбау», қажетті мүдделерге мәжбүр ету арқылы оқуға берік ықылас қалыптастыру мүмкін емес. Өйткені аталған жүйеде жеке қалған бала, оқу қызметінің бағдарлық негіздері мен оқушының білімі мен ебдейліктеріне қойылар талаптарын алған соң «ұсынылып отырған әдіс пен іс-әрекеттерді меңгеру қажет пе, жоқ па?» деген сұраққа өз бетінше жауап тауып, осы жауапқа байланысты шешім қабылдауға мәжбүр болатыны түсінікті. Ол алынған ақпаратпен танысып, оны өзіндегі әлеуметтік және жан-дүниелік сенімдермен, идеялармен, мүдделерімен салыстырып, олар өзара сәйкес келгенде ғана өзіне материалды меңгеруге пара-пар іс-әрекеттер жасауға «бұйрық» береді. Себебі дәл осы сәттен бастап оқыту мақсаты оқушының әлеуметтік, жан-дүниелік мүдделеріне сай келіп, оқу іс-әрекеттері әлеуметтік жан-дүниелік мәнділікке ие болады.
Компьютер тек техникалық қажеттілік емес, ол қарама-қайшы бағдарлама қажеттілігін ұсынады. Қиыншылықтарды жеңу арқылы бір шешімді-компьютердегі іс-әрекетті - оператор орындайды, ал келесісін - педагог шешеді. Компьютер логикалық жұмыстарды атқара отырып тірі адамның іс-әрекетіне қатысты жұмыс істейді.
Басқа да қиыншылықтар әртүрлі оқу үдерісінде қолданғандардан тұрады, дидактикалық жүйенің бір бағыттағы қатары болып табылады: мақсаты, мазмұны, формасы, әдістері, педагог іс-әрекеті және шәкірттің іс-әрекеті. Бұл бөліктер бір-бірімен байланысты, олардың біреуі өзгерсе, барлығы да өзгереді. Жаңа мазмұн болғандықтан жаңа форманы талап етеді.
Қажетті функцияларды орындауда компьютердегі, 3 негізгі форма көрсетіледі:
а) тренажер сияқты;
б) репетитор сияқты оқытушының айтқанын орындау, машина мұнымен адамға қарағанда жақсы жұмыс істейді;
в) орналасу сияқты.
Компьютердің қажеттілігі осындай нәрселерге де жарайды. Оқыту әсерінің өзгерісі, сол сияқты, барлық дидактикалық жүйенің өзгерісі, осы сияқты жүйелердің өзгерісіне алып келеді. Компьютерді қолдану адам қажеттілігін кеңейтеді. Бірақ бұл жай құрал болып табылады, есептерді шешудің қаруы және оның теңесуі мақсатқа жетуге айналмауы қажет.
Оқыту үдерісін бастамас бұрын, оқытушы автоматталған және автоматталмаған бөліктердің байланысын анықтауы қажет. Кейбір жағдайларда автоматталған режим оқу материалының көлеміне қарай 30 % мазмұнға ие болады.
Оқытуды компьютерлендіру, яғни ақпараттандыру қазіргі дидактика мен нақты әдіс-тәсілді дамыту тенденциясы ретінде қарастырылады. Әлемді компьютер жайлаған бүгінгі күнде компьютерді тиімді де нәтижелі пайдалану үшін, біріншіден, жалпы білімдік және кәсіби сауаттылық қажет.Олай дейтініміз, компьютермен жұмыс жасағанда, қандай да болсын сөйлем қателіктерін түсінбейтінін ескеру керек. Машина көмегімен бұл міндеттерді дұрыс шешу үшін көрініс нобайын не үдерісін дұрыс құра білу керек.
Оқыту технологиясын оқу үдерісіне лайықтап ұйымдастыруға ғылыми амал таппаса болмайды. Сондай-ақ, мектептің, жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базасын, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін ескере отырып жаңарту шарт.
Электронды оқыту ғылыми-техникалық прогресс дамуының нәтижесінде туды. Электронды оқыту жүйесі рецептивті және интерактивті болып 2 бөлінеді. Интреактивті жүйе жеке компьютерді пайдалану, сондай-ақ бейнемагнитофон, бейнедискілі құрал және теледидар кешендері интерактивті оқытуда аса қымбат тұрғанымен, көрнекілік пен кері байланысты қамтамасыз етеді.
Компьютерлік оқыту интерактивті электронды оқытудың бір бөлігі болып табылады және ол техникалық құралдардың бірі ретінде есептегіш машинаны пайдалануды қамтиды. Демек, оқытудың мұндай жүйесінің құралы - компьютер болып саналады.
Мектептегі, жоғары оқу орындарындағы компьютердің көптігіне қарамастан сабақтағы орталық тұлға «оқушы-компьютер» жүйесіндегі өзара қарым-қатынасты реттейтін мұғалім болып қалады. Өйткені ол - жалпы компьютерлік сауаттылық жағдайындағы оқу үдерісінің әдіснамасы мен әдістемесін меңгерген адам.
Сабақ барысында компьютерді пайдалану оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндеттеріне сай, сондай-ақ, сабақтың мақсаты мен мазмұнына және оның кезеңдеріне сәйкес әртүрлі есептегіш машиналар құралдарының дифференциациясы біркелкі жағдайда кешенді болмағы ләзім.
Компьютерлік техника барлық оқытудың техникалық құралдары кешенінің бөлігі болып табылады (компьютерлік оқыту анықтамасына сәйкес). Оған мектептегі, жоғары оқу орындарындағы оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы құралдарын кешенді пайдаланудың негізгі дидактикалық талаптарын қолдануға әбден болады.
Компьютерлік оқыту бағдарламалары оқытуды талдау мүмкіндігін кеңейтеді, яғни ол теориялық негіздерін құрайтын бағдарланған оқытудың жалпы ұстанымдарын қолдануға ыңғайлы:
- өзара тығыз байланысты материалдарды үлкен емес кішкене бөлшектерге бөлу (бөлік, қадам);
- бағдарланған мәтіндерді оқып үйренуге оқушылар белсенділігін арттыру;
- оқушының әрбір жауабына артынша баға беру;
- оқудың қарқыны мен мазмұнын дараландыру;
- бағдарланған мәтіндердің эмпирикалық верификациясы (тексеру).
Бірінші ұстаным бағдарламашы автордан оқу материалын тиянақты талдауды, мәтін бөліктері арасындағы байланыстың тығыз қисыны мен мазмұнын анықтауды талап етсе, екіншісі - жеке қадамдар мазмұнын үйренушіге терең талдаулар дағдысын қалыптастыруға бағытталған, үшіншісі - оқушының жауабына бағасын тез арада хабарлап, дұрыс жауап берген болса келесі қадамға өтуіне рұқсат береді. Төртінші ұстаным оптималды оқу қарқынын дараландыруды қамтамасыз етеді, ал бесіншісі - бағдарламашы авторға әрбір оқушының мүмкіндігіне орай қиындық дәрежесін реттеуді міндеттейді.
Мұғалім оқушылардың компьютерлік сауаттылығына сүйене отырып оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданады. Бұл үшін, біріншіден, жекеленген пәндерді оқытудың сапасын көтеруге, екіншіден, компьтерлік сауаттылықты дамытуға, оқушылардың компьютерлік мәдениетін қалыптастыруға ұмтылады.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мектепте жекеленген пәндерді оқыту кезінде компьютерді пайдаланудың жеке ұстанымдарын анықтауға мүмкіндік туып отыр. Өйткені дисплеймен үнемі жұмыс жасап, экранға үңіле беру көзге салмақ түсіреді, адамның жүйке жүйесін қажытады. Сондықтан оқушылардың компьютермен жұмыс істеуін мұғалім жетекшілігімен ғана жүзеге асыру керек.
Компьютерлік техникаларды оқу үдерісіне енгізу жүйелік міндеттер мәніне ие. Мұнда әрбір оқу кезеңінде оқушылардың психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктері міндетті түрді есепке алынуы тиіс. Бұл ұстанымдар оқушыларды біліммен байытуға, жалпы білімдік міндеттер мен пән туралы білім идеяларын жүзеге асыруға, оқыту мен тәрбиелеудің кешенді мәселелерін есепке ала отырып, сабақты жүргізудің вариативті әдістерін қолдануға жол ашады.
Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері - бүгінгі ядролық физика мен энергетика, қатты дене мен микроэлектроника, кванттық электроника мен лазерлі техникалар саласындағы зерттеулер нәтижелері. Сондықтан да электроника мен есептегіш техникалар ғылым негіздерін оқыту мазмұнының бір бөлігіне, сөйтіп оқыту үдерісін оңтайландыру мен тиімділігін көтерудің басты құралына айналып отыр. Бұл, сөз жоқ, өз кезегінде білім беру жүйесі қызметкерлерінен жаңаша ойлауды талап етеді.
Компьютерлік технология технология бағдарламалап оқыту идеясына негізделген, оның қазіргі заманғы гипермәтін, мультимедиа, демонстрациялау сияқты операцияларды орындауда мүмкіншілігі өте жоғары.
Оқытудың жаңа ақпараттық (компьютерлік) технологиясы - бұл мәліметтерді компьютер арқылы дайындап, өңдеп, оқушыға(тұтынушыға) жеткізу үдерісі.
Компьютерлік технология төмендегі 3 нұсқада іске асады:
- компьютерді жекелеген тақырып, тақырыпшаларға қолдану, яғни «сіңіру» технологиясы;
- берілген технологияның ең маңызды негізгі функциясын анықтайтын бөлігі;
- монотехнология, яғни барлық оқыту, басқару, бақылау тек қана компьютерді қолдануға сүйенеді.