Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі


Сурет -1 Мультимедияның құрамды бөліктері



бет80/108
Дата20.11.2023
өлшемі0,84 Mb.
#192359
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   108
Байланысты:
?ø³íø³ ìû?æûëäû? ??ç³ðåòò³ë³ê á³ë³ì áåðó æà?äàéûíäà ì??àë³ìí³? è

Сурет -1 Мультимедияның құрамды бөліктері



мәтін

сурет




мультимедиа



Бейне ақпарат

графика





дыбыс

анимация

Мультимедияның бағдарламалық құралдарына интерактивті режимде әр түрлі типті ақпараттарды дайындау, өңдеу ,ұсыну, біріктіру секілді іс-әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін компьютердің бағдарламалық жабдықтары жатады.


Мультимедиялық өнімдерді мультимедиялық құрлдар және арнайы бағдарламалық жабдықтар көмегімен дайындалған ақпарат құрайды.
Көптеген шетелдік зерттеушілер «мультимедиа» және «гипермедиа» ұғымдарын бір мағынада қарастырады. Мұнымен қатар, кейбір ғалымдар «мультимедиа» ұғымын «гипермедиа» ұғымының құрамына кіргізеді. Мысалы, I.Brown «гипермедиа»- мультимедияның сызықты емес түрде ұсынылған жиынтығы деген пікірді айтады. Қазақстандық ғалым Б.А.Досжановтың анықтамасы бойынша, мультимедиа- пайдаланушыға әртүрлі типті ақпараттардың бірінен екіншісіне оңай ауысуын жүзеге асыру технологиясы.
Мультимедиалық ақпарат түрлерін (мәтін, графика, анимация, дыбыс, бейне ақпарат т.б.) өзара байланыстыру нәтижесінде гипермедиа - технологиясы пайда болады.
Оқу материалын дәстүрлі, яғни, сызықтық түрде ұсынуға қарағанда, гипермәтін түрде ұсыну тақырыпты ауқымды қамтуды жүзеге асырады.
Гипермәтін әртүрлі мәтіндік ақпараттың бірінен кез келгеніне сызықтық емес формада ауысуы болып табылады. Гипермәтін ұғымын 1965 жылы американдық ғалым Т.Нильсон енгізген, оның пікірінше «гипермәтін - сызықтық емес түрде байланысқан жазбалар».
Гипермедиа (гиперорта) - компьютер экранына текстографиялық тораптарды ғана емес, анимация, графика, дыбыс, бейнеөнімдерді де гипермәтіндік жүйе ретінде ұсынатын технология.
Мультимедияда қолданылатын бейнеақпарат түрлерін жіктеп көрсетуге болады:
- Қозғалыссыз бейне. Бұндай бейнеақпаратқа суреттерді, фото суреттерді жатқызуға болады. Қозғалыссыз бейне графикалық ақпарат болып есептеледі.
- Мәтін - таңбалар мен әріптер мультимедиялық ақпараттың негізгі бқлігі.
- Қозғалысты кескін немесе бейне. Қозғалыстағы бейне нақты өмірдегі құбылыстарды телехабар немесе бейне магнитофон арқылы бейнелеу негізінде алынады.
- Анимация. Бір қарағанда анимация қозғалыстағы бейнеге ұқсайды. Бірақ қозғалыстағы бейнеден айырмашылығы ол нақты өмірден алынбаған, жансыз обьект болып саналады.
Бұл бейнеақпарат түрлері мультимедияда жекелей немесе біріктіріліп пайдаланылады.
Мультимедиалық оқытуда оқу құралдарына оқу материалдары- кестелер, графиктер, сызбалар; транспаранттар, слайдтар; мәтіндік, графикалық, дыбыстық, анимациялық, бейнелік ақпараттар және т.б. жатады.
Мультимедиалық оқытуда оқу құралдарына теледидар, бейнемагнитофон, компьютер, мультимедиялық, бейнелік, интерактивті, сенсорлық тақталар т.б. кіреді. Оқу материалдарын ұсынушы мұндай құрылғыларды мультимедиялық құралдар деп айтуға болады.
Мультимедиалық технологиялардың оқытудағы мүмкіндіктері:
- Оқу материалдарын бөлшектеп ұсыну;
- Нақты ұғым қалыптастыру, салыстыру, жалпылау кезіндегі иллюстрациялау;
- Зертханалық дәрісханалар өткізуге мүмкін емес тәжірибелерді демонстрациялау;
- Құбылыстар мен үдерістерді нобайлау, динамикада көрсету;
- Бейнепроекциялық құрылғылар көмегімен табиғаттағы үдерістердің жүруін бақылау;
- Коммуникациялық құрылғылар, Web-камералар мүмкіндіктерін пайдалану;
- Табиғаттағы заңдылықтардың техникада қолдану аясымен танысу.
Мультимедиалық технологиялар мультимедиа өнімдерінің жасалу үдерісіне байланысты. Мультимедияда өнімдердің өзіндік ерекшеліктері мәтіндік, графикалық, аудио (бейне), ақпараттық анимацияның бірігуі болып табылады.
Мультимедиалық технология мәтінмен, гипермәтінмен жұмыс істеудің ең тиімді жолын көрсетеді. Барлық заманауи ақпараттық - анықтамалық жүйелер гипермедиа технологиясында жүзеге асырылады. Оқу мақсатындағы гипермедиа өнімдері үлкен көлемді материалды оқуға ғана емес, тыңдау, көру, материалдарды іріктеу, керекті жерін жазып алу, шағын рефераттарды дайындауға, мәліметтер базасын жасауға мүмкіндік береді.
Мәліметтер базасы дегеніміз- мәтіндік, графикалық, анықтамалық, әдістемелік, ақпаратты сақтауға арналған белгілі бір пәнге қатысты фактілердің құрастырылған жиынтығы.
Мультимедиалық технологияның ерекшелігі ақпарат өте көрнекі түрде ұсынылады. Көрнекілік - мультимедиалық технологияның басты шарттарының бірі. Мультимедиалық оқытуда оқу материалдары тығыз әрі жеңіл түрде ұсынылады. Оқушы оқу материалын қанша қайталағысы келсе де өз еркі: әбден меңгеріп алғанша материалмен жұмыс істеу мүмкіндігі мол, бірақ ол материалы оқушыны жалықтырып жіберетін бір сарынды тапсырмалардан тұрмауы тиіс. Тапсырмалар шығармашылық бағытта құрылғаны абзал. Тапсырмалар мен жаттығулар блогы оқушының басты психологиялық заңдылықтарына: оқу, жазу, сөйлеу, тыңдау сияқты элементтеріне сүйенеді.
Мультимедиалық технологиямен оқыту құрамына оқыту мақсаты, оқыту құралдары, оқу-әдістемелік кешен, оқытудың әдістері мен технологиялары, оқу нәтижесі, коррекция, коррекциядан кейінгі жаңа мақсатқа шығу кіреді.
Мультимедиалық технологиямен оқытқанда теориялық (лекциялық) сабақтардан кейін міндетті түрде тәжірибелік, сарамандық сабақтар өткізу көзделеді және мұндағы оқушыларға берілген мысал, есеп, тапсырмалар, сұрақтар, тесттер оқушының қойған дидактикалық мақсатына сәйкес іріктеп алынады. Оқушы өз білім деңгейіне қарай оқыту траекториясын таңдайды.
Мұғалімнің лекциясын тыңдап, өз бетінше практикалық тапсырмаларды орындағаннан соң оқушы өз білімін өзі тексеру үшін тақырып бойынша тест тапсырады.
Егер оқушы тақырыпты жақсы меңгерсе, оған шығармашылық тапсырма ұсынылады. Ал егер оқушы тапсырманы мемлекеттік стандарт ретінде меңгере алмаса, онда оның біліміндегі кемшіліктерді жою үшін материалды меңгеру кезеңіне қайта жіберіледі. Бірнеше рет қайталау нәтижесінде әрбір оқушы тақырыпты өз бетінше толық меңгеруіне жол ашылады, оқушы өз білімін тексеру үшін тест тапсырмасын орындайды. Тест нәтижесі электрондық журналда көрініс табады және оны оқытушы кез келген уақытта қарай алады.
Оқытудың мультимедиалық технологиясы нәтижесінде әрбір оқушы сабақта (теориядан) алған мәліметтерді тікелей немесе виртуалды оқу ортасында виртуалды зертханалық жұмыстар жасау барысында практикада сынақтан өткізе алады.
Оқу-тәрбие үдерісінде мультимедиалық технологияны пайдаланудың үш кезеңін атап өтуге болады: дайындық кезеңі, оқу кезеңі, қорытынды кезең.
Оқу - тәрбие үрдісінде мультимедиалық технологияны пайдаланудың дайындық кезеңінде:
- оқушының игерген білім, білік, дағдыларын диагностикалау жүйесі қамтамассыз етеді;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет