Екі қолға бірдей жаңа бір рет қолданатын немесе стерильді көп рет қолданатын қолғап киіңіз (стерильді қолғап кигеніңізді көрсетіңіз);
Қынап және жатыр мойнын жақсы көру үшін жақсы жарық түсіруді қамтамасыз етіңіз.
Стерильді столиктен гинекологиялық айнаны алыңыз. Қасық тәрізді айнаны оң қолға алыңыз, сол қолмен (1-2-ші саусақтармен ) үлкен жыныс ернеулерін ашып, айнаны кіші жамбастың тік өлшемімен қынаптың артқы қабырғасы бойымен артқы күмбезге дейін еңгізіп, айнаны көлденең өлшемге айналдырыңыз. Қынаптың артқы қабырғасын айнамен басыңыз ( көтергішке орын босату үшін) айнаның тұтқасын сол қолға ауыстырыңыз. Көтергішті оң қолмен қынаптың алдыңғы қабырғасымен тік өлшеммен еңгізіңіз, содан кейін көлденең өлшемге айналдырыңыз. Жатыр мойнын және қынапты ашыңыз. Куско айнасын еңгізу үшін сол қолмен ернеулерді ашып, айнаны бүйірімен қосылған жағдайда кіші жамбастың тік өлшемімен еңгізіңіз. Ақырындап айнаны қынап ішіне кіргізіңіз, көлденең өлшемде айналдырыңыз, айнаны ашып жатыр мойнын және қынапты ашыңыз.
Қарағанда назар аударыңыз: қынаптың шырышты қабатының түсіне, бөлінді мінездемесіне, патологиялық процесстің бар болуын, жатыр мойнының шырышты қабатының түсіне, жатыр мойнында потологиялық процесстің бар болуын, жатыр мойнының пішініне , сыртқы зевтің пішініне .
Айналарды қынаптан шығарып 3% хлорамин ерітіндісіне салыңыз.