Екі қолмен (бимануальді) тексеру.
Науқасты гинекологиялық креслоға жатқызыңыз: екі жағына ажыратылып аяқтары тізе және шат буындарында бүгілген.
Екі қолға бірдей жаңа бір рет қолданатын немесе стерильді көп рет қолданатын қолғап киіңіз (стерильді қолғап кигеніңізді көрсетіңіз);
Сыртқы жыныс мүшелерін қараңыз (жоғарыда айтылғандай)
Айнамен қынапты және жатыр мойнын қараңыз (жоғарыда айтылғандай)
Қынап арқылы тексеруді өткізіңіз (жоғарыда айтылғандай)
Бимануальді тексеруді өткізіңіз: зерттеушінің екінші, үшінші саусақтары қынапта болады, ал сол қолы пациенттің ішінде.
Жатырды тексеру кезінде ішкі қолдың саусақтары артқы күмбезге орналасады, ал сыртқы қолдың саусақтары сегізкөз жаққа батырылады.
Келесі мінездемені анықтаңда: жатырдың орналасуын, көлемін және пішінін, тығыздығын, қозғалмалылығын және ауырсынуын.
Жатыр түтігін және аналық бездерін анықтау үшін ішкі қолдың саусақтарын, содан кейін оң бүйір күмбездеріне, ал сыртқы қолдың сәйкес шат – мықын аймағына ауыстырыңыз. Қалыпты жағдайда жатыр қосымшалары анықталмайды.
Қолғап киген күйде таза сумен қолыңызды шайыңыз.
Бір рет қолданылған қолғапты инфекцияның алдын – алу шараларын сақтай отырып шешіп тастаңыз, көп рет қолданылатын қолғапты шешіп, айналдырып 3% хлорамин ерітіндісіне салыңыз.
Қолыңызды сабындап жуыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |