Мақсаты: жатырдың мойны толық ашылғанға дейін қынапта нәресте аяқтарын ұстап тұру, аяқпен келістегі аралас бөксемен келіске ауыстыру. Көмекті жатыр мойны 6 см – ден кем емес ашылғанда көрсете бастайды.
Орындау әдісі: Әйелдің сыртқы жыныс мүшелерін антисептикалық ерітіндімен тазалау, жамбас астына заласыздандырылған жайма төсеу.