Нәрестені классикалық іштей аяғына бұру
Шарты: Жатыр мойнының толық ашылуы,нәрестенің қозғалғыштығы,қағанақ суының бүтін немесе сусыз кезең 4 сағаттан көп болмауы, жамбас және бас өлшемдерінің сәйкес болуы, тірі нәресте.
Дайындық: Қуықты зәрден босату,жансыздандыру,хирург қолын және ота алаңын өңдеу.
Ота сатылары:
1) қынапқа қолды енгізу;
2) қағанақ қуығын тесу;
3) қолды жатырға енгізу;
4) аяқты табу және ұстау;
5) бұру;
Содан кейін аяғынан тартуды жүргізу, бала жолдасын қолмен бөліп шығару, жатыр қуысын қолмен тексеру.
Нәрестенің жамбасынан тартып шығару
Шарты: Жатыр мойнының толық ашылуы, қағанақ қуығының жоқ болуы,нәрестенің өлшемдерінің орташа болуы,анасының жамбас өлшемдері қалыпта, жамбас түбінде жамбастың болуы.
Отаның негізгі сатылары:
1)Нәрестенің кіндігіне дейін шығару;
2)Жауырынның төменгі бұрышына дейін шығару;
3)Қолдарын босату;
4)Кейінне басын босату.
Нәрестенің қолдарын және басын босату үшін жамбаспен келудегі классикалық қол тәсілі
Жабдықтау: фантом, қуыршақ, фурацилин ерітіндісі, дәке дөңгелекшелері, қолғаптар.
Орындау әдісі:
1. Босанушы әйел босандыру төсегінде болады;
2. Қол тәсілі қолдарын босатудан басталады, осы сәтке дейін нәресте жауырынының төменгі бұрышына дейін туылған.
Міндетті ереже: бірінші артқы қолды босатамыз, әр қолды аттас қолмен босатады;
3. Нәресте денесін иық белдеуімен шыға берістің тік өлшеміне орналастырады. Екі балтырын біріктіріп «букет» бір қолға ұстап, жоғары және нәрестенің позициясына қарама-қарсы жаққа ығыстырамыз;
4. Шығарылатын қолға сәйкес акушерка қолының сұқ және ортаңғы саусақтары нәресте арқасы бойымен қынапқа енгізіледі, иық сүйектерін және шынтақ буынына жетеді;
5. Артқы қолды бетін жуғандай қимыл жасап шығарады;
6. Нәресте денесін ұстайды: үлкен саусақтар омыртқа бойында, қалған төрт саусақтары кеуде қуысының алдынғы жағында, босатылған қол денесіне тоқталған;
7. Нәресте денесін, шүйдесі шат астынан отетіндей 180˚-қа бұрып,иық белдеуін шыға берістің тік өлшеміне сәйкес орналастырады;
8. Екі аяғын балтырынан біріктіріп ұстап жоғары және нәрестенің позициясына қарама-қарсы жаққа ығыстырады;
9. Шығарылатын қолға сәйкес акушерка қолының сұқ және ортаңғы саусақтары нәресте арқасы бойымен қынапқа енгізеді,иық сүйегіне және шынтақ буынына жетеді;
10. Білекті төмен баса отырып, бет жуғандай қимылмен артқы қолды шығарады;
11. Қолды қынаптан шығармай тұрып, акушерка нәрестені білегіне атқа отырғандай отырғызады,аяқтары, қолдары екі жақта салбырап тұруы керек.Нәрестенің аузына қолдың сұқ саусағын салып , бастың иіліп іштей бұрылуына ықпал жасайды;
12. Сыртқы қолдың сұқ және ортаңғы саусақтары айыр тәрізді нәресте мойнының екі жағына орналастырады,бұғананы баспай;
13.Сырттағы қолмен шүйде ойығы шат байламы астына келіп түйісу нүктесі пайда болғанша «өзіне» және төмен тарту қимылын жасайды;
14. Бастың иіліп туылуына ықпал ете отырып, нәресте денесін анасының ішіне қарай бағыттайды.Нәресте «анасының ішіне туылғандай» болады.
Достарыңызбен бөлісу: |