Босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қан кетуді тоқтату
Істей білу қажет:босанғаннан кейінгі ерте кезеңде қан кету себептерін анықтауды№
Және дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді.
Жабдықтау: Қынаптық айна ,ине ұстағыш, пинцет, тігіс заттары, катетер, мұзды мұйық, окситоцин-5-10ЕД, 500мл – физиологиялық ерітінді, бір реткі система, дәке дөңгелекшелері, спирт, эфир.
Орындау әдісі:
1. Қуықты катетермен босат.
2. Босану жолдарын айна арқылы қарау, жыртылуларды тігу.
3. Жатырды әр 1 минут сайын, 20-30 секундтан мөлшермен ұқалау.
4. Жергілікті суық қолдану (іштің төменгі жағына суық).
5. Көк тамырға 1 мл окситоцин, кейіннен тамшылатып енгізу (минутына 60 тамшыдан).
6. Жатыр қабырғаларының бүтіндігін анықтау үшін қолмен тексеру, бала жолдасы қалдықтарын, ұйыған қандарды алып тастау; абайлап жатырды сырттай-іштей ұқалау жүргізу.
7. Қан алмастырғыштармен инфузиялық терапия жүргізу.
8. Артқы күмбезге эфирге малынған тығын енгізу.
Ары қарайғы тактика қан шығынының көлеміне байланысты
9. Нәтиже болмаса және әйел салмағының 1-1,8% қан шығынында (600-1000 мл ) гемотрансфузия жүргізу.
10. Әйел салмағының 2%-қан шығынында (1000-1500 мл) жатыр алып тастау (ампутация немесе экстирпация).
Достарыңызбен бөлісу: |