Шүйде сүйгеннің артқа қарап туылуындағы босану биомеханизмі


Жамбастың сыртқы өлшемдерін өлшеу



бет8/34
Дата26.01.2022
өлшемі194,5 Kb.
#115069
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34
Байланысты:
гиникология

Жамбастың сыртқы өлшемдерін өлшеу
Істей білу керек: Тазомердің көмегімен жамбастың негізгі өлшемдерін өлшеуді.
Жабдықтау: тазомер, кушетка, фантом.
Орындау әдісі:

1. Жүкті әйелге процедура мәнін түсіндіру.

2. Жамбастың көлденең өлшемдерін өлшеу үшін әйел арқасымен аяқтарын созып жатуы керек.

3. Әйелдің оң жағына, бетпен бетіне қарап тұру керек.

4. Тазомерді шкаласын жоғары қаратып қолыңа ал, үлкен және сұқ саусақтарың тазомердің түймесінде болуы керек.

5. Сұқ саусақтармен өлшенетін жердің ара қашықтықтарының нүктелерін тауып, тазомер түймелерін орналастыр және шкаладағы көрсеткішті оқы.

6. Мықын сүйегі қырларының алдыңғы - жоғарғы өсінділері арасын (Distancia spinarum) өлшеу үшін тазомер түймелерін алдыңғы-жоғарғы өсінділерге орналастыр. 25-26 см болу керек.

7. Мықын сүйегі қырларының арасын өлшеу үшін (Distancia cristarum) тазомер түймелерін мықын сүйегі қырларын ең алшақ нүктелеріне (қолтық асты сызықпен) орналастыр. 28-29 см болу керек.

8. Сан сүйегінің ұршықтарының басының арасын олшеу үшін (Distancia trohanterica) сан сүйегінің үлкен ұршықтарының басын тазомер түймесін орналастыр. 30-31 см болу керек.

9. Сыртқы тік өлшемді - сыртқы коньюгатаны (Conjugata externa) өлшеу үшін әйелді сол жақ қырына астыңғы аяғын сан және тізе буындарыымен бүгіп, үстінгі аяғын созып жатқызу керек.

10. Тазомердің 1 түймесін симфиздің сыртқы жоғарғы қырына, екіншісін V - бел омыртқаның өсіндісінің астына орналастыр, Михаэлс ромбасының жоғарғы бұрышына сәйкес. 20-21 см. болу керек.

Шын коньюгатаны (Conjugata vera) анқтау үшін алынған мәліметтен 9 санын шегереміз, сонда 11 см.

11. Алынған мәліметтерді медициналық құжатқа жаз.

12. Қолыңды жу.

13.Тазомерді залалсыздандыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет