Сыртқы жыныс мүшелерін қарау.
Әйелге осы зерттудің маңыздылығын түсіндіріңіз;
Әйелді гинекологиялық креслоға жатқызыңыз;
Стерильді таза қолғап киіңіз;
Сыртқы жыныс мүшелерін қараңыз: қасағаны, қасағадағы түктің өсу түрін, үлкен және кіші жыныс ернеулері жыныстық саңлауды жабатынын, жаппайтынын;
Сол қолдың 1 – 2ші саусақтарымен үлкен жыныс ернеулерін ашып , ретімен қараңыз: клиторды, уретраны, қынап кіре берісін, бартолин және парауретральді бездердің өзектерін, артқы спайкіні және аралықты.
Оң қолдың бірінші, екінші саусақтарымен үлкен жыныс ернеулерінің төменгі үштен бір бөлігін оң жақтан, содан кейін сол жақтан бартолин бездерін басып көріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |