Таза бөксемен келістегі қол көмегі (Цовьянов І) Мақсаты: нәрестенің мүшелерің дұрыс орналасуын сақтау, қолдарын көтеріліп кетуінің алдын-алу.
Орындау әдісі: Әйелдің сыртқы жыныс мүшелерін антисептикалық ерітіндімен тазалау, жамбас астына заласыздандырылған жайма төсеу.
Акушерка қолын тазартады.
Бөкселер туғаннан кейін оларды екі қолмен ұстаймыз: үлкен саусақтар нәресте ішіне қысылған сандарына, ал қалған төрт саусақтар сегізкөзге орналастырады.
Ішке қысылған аяқтарды сақтап нәресте денесі туылғанда қолдарды туып жатқан әйелдің жыныс саңлауына қарата жылжытамыз.
Иықтарды туылғаннан кейін қолдары өздегі түседі.
Қолдары өздігінен туылмаған жағдайда оларды босатады: қолымызды ауыстырмаған күйде иықтарын жамбастың шығаберіс жазықтықтың тік өлшеміне келтіреміз, нәресте денесін төмен түсіреміз, алдынғы қолды шығарамыз, одан кейін денені жоғары көтереміз – аралық үстінен артқы қол туылады.
Артқы қол туылғаннан кейін нәресте аяқтары түседі. Осымен көмек көрсету аяқталады.