IV кезең: 2 – ші бекіту нүктесі пайда болады – шүйде ойығы құйымшақ пен сегіз көздің ұштасқан жері, нәрестенің басы шалқаяды.
V кезең: Іштей денесі сырттай басы бұрылыс жасайды. Алдыңғы иықтың ⅓ төменгі бөлігі туылады, симфездің төменгі бөлігіне бекітіліп бас пен мойны қырымен ығысады, артқы иығы туылады.Сөйтіп бала толығымен туылады
Қорытынды:Бастың иіліп туылу түрі, баста екі бекіту нүктесі пайда болады: шаш пен маңдайдың ұштасқан жері.2 шүйде ойығы.
І кезең: жамбастың кіреберіс жазықтығының сол не оң қиғаш өлшеміне нәресте жамбасының linea intertrochanterica-сы орнығады; осы қиғаш өлшеммен жамбас қуысына түседі;
ІІ кезең: нәрестенің жамбасы жамбас қуысына түсіп, кең бөліктен тар бөлігіне өткенде бұрылыс жасайды, itertrochantrica шыға-берістің тік өлшемінде;
ІІІ кезең: бірінші бекіту нүктесі – симфиздің төменгі бөлігі мен нәрестенің мықын қыры, нәресте қырымен ығысып артқы бөксесі туылады;
IV кезең: нәресте иығының көлденең өлшемі жамбастың кіреберіс жазықтығының қиғаш өлшеміне сәйкес келеді, осы өлшеммен жамбас қуысына түсіп, бұрылыс жасайды, алдыңғы иық қасағаның астына орнығады (екінші бекіту нүктесі), нәресте қырымен ығысады, артқы қолы туылады;
V кезең: нэрестенің басы төбе жігімен қиғаш өлшемге орнығады, жамбас қуысына түседі, кең боліктен тар бөлігіне өткенде бұрылыс жасайды, үшінші бекіту нүктесі – шүйде ойығы – бас шалқаяды, толығымен туылады.