№ 2 лабораториялық жұмыс
Екі диэлектрлік орталардың шекарасындағы толық ішкі шағылу бұрышын анықтау
№ 3 лабораториялық жұмыс
Диэлектрлік материалдағы жарықтың дисперсиясын зерттеу
№ 4 лабораториялық жұмыс
Беттері сфералық жұқа линзаның жұмысын зерттеу
№ 5 лабораториялық жұмыс
Жұқа линзаның фокустық қашықтығын анықтау
№ 6 лабораториялық жұмыс
№ 7 лабораториялық жұмыс
Малюс заңын тексеру
№ 8 лабораториялық жұмыс
Сыну көрсеткіші бірқалыпты өзгеретін ортада рефракция құбылысын сапа жағынан зерттеу
№ 1 лабораториялық жұмыс
Екі диэлектрлік орталардың шекарасындағы шағылу және сыну заңдарын зерттеу
Жұмыстың мақсаты: Екі диэлектрлік орталардың шекарасындағы сәулелердің түсу, шағылу және сыну бұрыштарының арасындағы байланысты анықтау.
Қысқаша теориялық мәліметтер
Геометриялық оптика заңдары жарықтың физикалық табиғаты анықталғаннан әлдеқайда бұрын белгілі болатын.
1. Жарықтың түзусызықты таралу заңы: оптикалық тығыздығы біртекті ортада жарық түзусызықты таралады. Бірақ жарық сәулесі өлшемдері жарықтың толқын ұзындығына шамалас болатын кедергілерден өткен кезде жарық түзусызықты таралу заңынан ауытқиды және жарық сәулесі деген ұғымды қолдануға болмайды. Екі мөлдір ортаның шекарасында жарықтың бір бөлігі шағылуы мүмкін және ол шағылғаннан кейін жаңа бағытпен таралады, ал басқа бөлігі шекарадан өтіп екінші ортада таралуы мүмкін.
2. Жарықтың шағылу заңы: түскен және шағылған сәуле және сәуленің түскен нүктесінде екі ортаның шекарасына тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады (түсу жазықтығы). шағылу бұрышы түсу бұрышына тең болады.
3. Жарықтың сыну заңы: түскен және сынған сәуле және сәуленің түскен нүктесінде екі ортаның шекарасына тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады. түсу бұрышы синусының сыну бұрышы синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақты шама болады:
(1)
Сыну заңы Голландия ғалымы В. Снеллиус (1621 ж.) тәжірибе жүзінде тағайындаған.
n тұрақты шама екінші ортаның бірінші ортаға қарағандағы салыстырмалы сыну көрсеткіші деп аталады. Екі ортаның салыстырмалы сыну көрсеткіші олардың абсолют сыну көрсеткіштерінің қатынасына тең:
n = n2 / n1 (2)
1 сур. жарықтың шағылу және сыну заңдары бейнеленген. Абсолют сыну көрсеткіші аз ортаны оптикалық тығыздығы аз орта деп атайды. Шағылған және сынған сәулелердің энергия мөлшері сыну коэффициенті мен түсу бұрышына тәуелді болады.
1 сурет
Шағылу және сыну заңдары:
; n1 sin n2 sin .
Жұмыстың орындалу реті
2.1. Оптикалық орындыққа суретте көрсетілген оптикалық сұлбаны жинаңыздар:
2 сурет.
Қызыл сәулені қосыңыздар. Лазердің ленталық шоғы жартышардың центріне түсуі және транспортирдің симметрия осінен өтуі қажет.
2.2. № 1 кестеден қоршаған ортаның
Достарыңызбен бөлісу: |