« Шоқаны бар ел-шоқтығы биік ел!»
/ География пәнінен әдеби сазды кеш/
Кіріспе сөз
Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар және көрермендер!
Бүгін біз сіздермен 6-10 сыныптар арасында «Шоқаны бар ел-шоқтығы биік ел»атты әдеби сазды кешімізге қош келдіңіздер!Кешіміздің мақсаты
Оқушыларды қазақтың көрнекті ғалымы Ш.Уәлихановтың өмірі мен еңбегі, ғылымға қосқан үлесі жайында мағлұмат беру.Ұлы ғалымның еңбегін оқу арқылы адамгершілікке, имандылыққа, білімділікке тәрбиелеу, олардың өмірін үлгі ету.
1 жүргізуші:Армысыздар, құрметті ұстаздар және көпшілік оқырмандар.
2 жүргізуші:Киелі Күреңбелде қазақтың ұлы перзенті, елжүрек,саяхатшы,әйгілі ғалым шығыстанушы,тарихшы,этногроф,геогроф орыс қоғамның мүшесі. Отанын зеріттеуге шексіз берілген патриот, қазақ халқының ардақты ұлы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановқа 179-жыл толып отыр. Осыған байланысты «Шоқан және Кербұлақ » атты әдеби сазды кешімізге қош келдіңіздер.
1 жүргізуші:
Қазақ емес Шоқанды естіп,білмеген,
Мақтаныш етіп өз ұлындай көрмеген.
Қазақ емес Шоқан жайлы тарихты,
Кітаптарды оқып,көңіл бөлмеген.
Қазағымның бетке ұстар ғалымы,
Өлке тану ғылымының алыбы.
Жарқыраған шолпан жұлдыз сияқты,
Түскен нұры бар әлемге жарығы.
Шетелге де, жат елде де белгілі,
Данқ-атақ, батырлығы, ерлігі.
Өзіміздің Шыңғысұлы Шоқанды,
Айтпақпын мен сөзге арқау ғып ендігі.
2 жүргізуші:
Ел-жұрты мақтап Шоқандай жас ғалымды,
«Жарық жұлдыз »деген ат та тағылды.
Бүкіл әлем халықтары таң қалды,
Қазақтың деп шамшырағы жағылды.
Естігендер асық болды келуге,
Әдейі іздеп , көзбен көріп білуге.
Жаңа туған айдай болып жарқ етіп,
Шоқан міне келді солай өмірге.
Ән 7 «А» сынып оқушылары Қожабекұлы Алмас және Қожабекқызы Қарлығыштың орындауында «Папури»
1 жүргізуші:
Ер намысын көрген жер,
Шоқ жұлдызы қазақтың.
Ұлы ғалым Шоқан да,
Топырақ тартып жатқан жер.
2 жүргізуші:
Тамашаның тарланы,
Ұлы өнердің саңлағы.
Тоқсын туған Күреңбел,
Шоқтығы биік Шоқан да.
Жатыр біздің жотада,
Киелі өлкем Күреңбел.
Ортада 6-8 сынып оқушыларының орындауында Ш.Уәлихановтың ең алғаш музейінің ашылу салтанатында ақындарымыз өлең шығарып, естелікке қалдырған өлеңдерінен үзінді.
1 жүргізуші:Бар болғаны отыз-ақ жыл өмір сүріп, осы аз ғана ғұмыры ішінде Орта Азия мен Қазақстан халықтарының өмірін, тарихын тұрмысын зеріттеу ісінде баға жетпес құнды еңбектер қалдырып кеткен Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов туралы талай уақыттан бері сен-саналы сындарды пікірлер айтылып жан-жақты зеріттеулер жүргізіліп келеді.
2 жүргізуші:Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов қоғамдық ғылымдардың басқа салаларымен қатар филология да зор үлес қосты. Оның әдебиет пен тіл туралы алған байсалды зеріттеу жүргізіп ой тұжырымдар айтуы, бұл саладағы қызметі мен еңбектері қазақ филологиясының қалыптасуы мен дамуы тарихына қосқан бағалы мұра болып саналады.
Қазақ биі 7 «А» сынып оқушылары.
1 жүргізуші:Шоқан Кодет корпусын 1853 – жылы он сегізжасында бітіріп,армиялық атты әскерлердің «Корнет» деген офицерлік атақ алып шығады. Ресми жағынан Сібірдің қазақ әскерлерінің алтыншы атты әскер полқының офицері болып тағайындалғаны мен шынында Шоқан Батыс Сібір Генерал губернаторының жанында қалдырылады да арада бір жыл өткеннен кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік шығыс аудандарын басқара отырып , генерал Госфорттың адьютанты болып тағайындалады. Сонымен қатар өлкенің бас басқармасы бойынша Шоқан Уәлихановқа төтенше тапсырмаларды орындайтын офицер қызметі де жүктеледі.
2 жүргізуші:1955-жылы Шоқан Уәлиханов генерал Госфорттың сапарына қатысады. Оталық Қазақстанды Жетісуды және Тарбағатайды алады.Омбыдан Семейге дейін одан Аягөз,Қапал арқылы Іле алатауына дейін болды. Бұл кезде Верный бекінісін салу ісі жүргізіліп жатқан. Бұл сапары Шоқан Уәлихановтың қазақ халқының тарихы мен әдет ғұрпын терең зеріттеуіне негіз салады. Шоқан статистика жөнінде қазақтардың заң дәстүрлері мен ертедегі діні жөнінде мәліметтер жинайды. Бұл сапарынан қайтып келгеннен кейін генерел Госфорт Шоқанға аса мақтаулы мінездеме беріп награда ұсынады. 1856- жылдың басында Шоқан Уәлихановқа /Паручик/шені беріледі.
1 жүргізуші: Жас Шоқанның Географиялық және тарихи зеріттеулері П. Семенов Тянньшанский арқылы Петербург ғалымдарына белгілі болады. 1857-жылы ақпан айының 27-сі күні Шоқан Уәлихановтың орыстың географиялық қоғамының толық мүшелігіне қабылдайды.
2 жүргізуші:1858-1859 жылдары Шоқан өзін ер саяхатшы даңқына бөлеген атақты Қашқар саяхатына барып қайтады.1603-жылы барған Марко Поло мен Гоестен кейін бұл елге барған адам Шоқан еді.Европаға беймәлім болып келген бұл елдердің географиясы, тарихы, мәдениеті және саяси жағдайымен терең танысып Шоқан Уәлиханов Шығыс Түркістанды ғылыми жолмен зеріттеудің бастамасын жасады.
Ән _________________________________________________________________________
1 жүргізуші:Шоқан осы сапарынан кейін жинаған материалдардың негізінде /Алты шаһар немесе кіші Бұқараның жаңдайы туралы/деген әйгілі еңбегін жазады.Қазақ ғылымының осы туындысымен қатар басқа да шығармалары мен жазбалары оның есімін Ресей ғана емес дүниежүзі ғалымдары арасында әйгілі етті. Көзі тірісінде – ақ оның бағалы еңбектері Англияда ағылшын тілінде жарық көрді. Саяхатшы ғалымға сіңірген еңбегі үшін
«Штаб ротмист» атағы беріліп орденмен марапатталады және ақшалай сыйлық беріледі.
2 жүргізуші:1960 –жылы сәуір айында үкіметтік указда былай делінген.
«Әскери коволерияның паручигі Сұлтан Шоқан Уәлихановтың қажырлы еңбегін Орта Азияның шекаралары тексеріп қайту тапсырмасын орындау кезіндегі қауіп-қатерлерді жеңіп шеккен азабын ескеріп, штаб-ротмейстр шені берілсін 4- ші дәрежелі қасиетті әулие Владимер ордені қоса тапсырылып, 500 сом күміс ақша және бір жылғы жәрдем көрсетілсін.Уәлихановтың ұсынуы бойынша Қашқар саяхатына қатысқан оның адал серіктері де бірі 23 адам марапатталады. Керуен басы Мұсабай мен Семей копесі полквник Гудовский және басқаларды да марапатталады.
1 жүргізуші:1861-жылдың көктемінде Шоқан Уәлиханов қатты ауруға шалдығып Петербургтен демократиялық идеяға нық бекініп қайтқан ол елге келген сонда жұмыстан қол үзбейді. Қазақ халқының этнографиялық ертегі аңыздарын жинайды.Бірақ ауылдағы ағайын туыстары Шоқанның бұл ісін жаратпады. Оған осы күнге шейін салт жүргенің жетеді-деп,Орынбордағы бір аға сұлтан қызына үйлендірмек болды. Сөйтіп әке мен бала арасында келіспеушілік басталады. Шоқан бұқара халықты қараңғылықта ұстап отырғаны үшін әкені ашық кінәләйды. Әрине Шыңғыс бұл үшін Шоқанды Маңдайынан сипаған жоқ. Сарыарқаның саф ауасы мен сары қымызы Шоқанды біржола жазып жібермесе де, бір ай шамасы уақыттан кейін ол кәдімгідей көтеріліп қалды. Бірақ қолынан қаламын тастаған жоқ.
2 жүргізуші:1864-жылдың наурызында Ш.Уәлихнов Әулиеата жорыққа аттанған М.Г.Черняевтің отрядына қосылу үшін Жетісу жеріне келеді. Ш.Уәлихаов өзінің кір жуып, кіндік кесті туған жері атамекені Сырымбетпен бір жола қоштасқанын сезген жоқ. Қайта енді бұл жерде көбейіп,үйлі-жайлы боп,болашақ жарымен бірге қол ұстасып оралуды армандаған. Енді бұл жерді үш ұйықтасаң түсінде көрмессің деген жаман ойды басына жуытпады. Егер мұндай қиял ойға келсе қоштасу басқаша болар еді. Жоқ, атамыз, ол бүгін кетіп,ертең қайта оралатындай әдеттегіше
/Қош боп тұр / Сырымбет дей салған.
Жадо биі 6 «А,Б»сынып оқушылары.
1 жүргізуші:Шоқан бастаған топ бұл жорықты аяқтамай Верный бекінісіне оралады.Сапар алдындағы жағдай онша болған жоқ. Басқасын қойғанда, ұзаққа созылған Қашқар саяхаты одан Петербургте өткен жыл мен айлар оны шаршатқан. Ол туған жерде демалуды, сөйтіп денсаулығын түзеп алуды ойлаған еді. Амал не, ойдағылар болмады. Қайта шаршады. Ашық аспандай ақ көңілді кір басты, кіреңке шалды. Өмір таты мен тозаңы оның ойнақшыған жүрегіне өз таңбасын аямай басқан.
2 жүргізуші:Бңртуар ғұлама ғалым Шоқанның денесі Жетісудың жерінде, оның ішінде Алынемел баурайындағы Көшентоған дөңесінде жатқандығы баршаға аян етілді. Сонда бұл маңға Шоқан қалай келді.1864-жылы Верный қаласынан қайтқан Шоқан сол кездегі саяси жағдайдың қиындығынан, өзінің дімкестігінен, көңілінің салғырттығынан әбден қалжыраған соң туған жеріне қайтқысы келмейді.
1 жүргізуші:Тезек төренің өміріндегі елеулі оқиға 1859-жылы Шоқанмен кездесу,алғашқы танысу шілденің басында Ыстық көл экспедициясынан Қапалға қайтар жолында Алтынемел бекетіне аялдаған Шоқан Тезек төренің ауылы Терісақан бекетіне жақын маңда отырғанығ естиді. Шоқан Тезек ауылына соғып,біраз күн тынығып этнографиялық тарихи мәліметтер жинап , көне көздерден халықтың аңыз-дастан хикаяларын хатқа түсіріп алуды ойлады.
«Тезекте мен бес күн болдым». Осы кезде ауылда үш рет бәйге , бір той өтті деп жазады кейін күнделігінде Шоқан.
Шоқанның Тезектің қарындасы Айсарамен танысуы, жүздесуі осы кезеңдерде болуы мүмкін.
2 жүргізуші: Шоқан мен Айсараның Матайдағы кездесуі (көрініс)
1 жүргізуші:Қазақтың ғұламасы Шоқанның қабірі қайда екендігі көпке дейін белгісіз болып келгені анық. Ол кісінің зираты туған жері Сырымбет даласында деп келгендігі де құлаққа қанық. Бірақ шындықты ашуға, ақиқатқа мойын бұрғызуға игі ықпал жасаған Жетісулық ардагер азамат,білікті басшы Игібай Базарбаев ақсақал еді. Ол өзі басқарған шаруашылық аймағындағы Көшентоған сайының тұсындағы дөңеске Шоқан денесінің жерленгендігін дәлелдеді.
2 жүргізуші:Шанханай колхозының төрағасы болып істеп жүрген Игібай Базарбаев 1956-жылдың бір күнінде Алматыда өтетін жиналысқа барады. Осы жолы С.Мұқановтың «Ш.Уәлиханов » атты спектактелін көреді.Сонда Шоқанның бейіті Көкшетауда екен деген сөзді естіп,аң-таң күйге түседі. Ол бұл ұғымның жаңсақ екендігін маңындағыларға құлағдар етеді.Бірте-бірте Шоқан қабрінің Алынемел етегінде Қоянкөз қыратында екенін тиісті орындарға жеткізеді. Олар Игібай Базарбаевтың көрсетуі бойынша Шоқанның мүрдесін көреді. Көп жыл бойы ескерусіз, күтімсіз жатқан қабір азып -тозуға айналған еді. Топырағы басылған жермен-жексен тартқантұғын. Мәрмәр таста қолмен қашалып жазылған екі қатар жазулар бар еді. Оның бірі орыс тілінде,екіншісі араб әріптерімен қазақша берілген түп нұсқасының аудармасы. Осы мәрмәр тасты көргеннен кейін комиссия мүшелері ардақты азаматтың , ғұлама ғалымнығң жарық дүниеден өтіп, топырағы бұйырып Қоянкөз өңіріндегі Көшентоғанның биігіндегі шоқыны мәңгілік мекен етіп жатқанына көз жеткізеді.
Корея биі 6 «А» сынып оқушылары.
1 жүргізуші:Сөйтіп 1958 жылы Талдықорған облысының Кербұлақ ауданында қазақ халқының дарынды перзенті Шоқан Уәлихановқа белгі ретінде қабірінің басына сәулетші шеберлер М.Ващенко мен В.Устав мүсіндеген обелск тұрғызылды.
2 жүргізуші:Ал 1979 жылы ауыл түбіндегі төбе басына ұлы ғалымның мүсіні орнатылады.Мүсін биіктігі 5,5 метр,салмағыи10 тонна. Оны қолдан құйып жасаған.Ленинграттық мүсіншілер Ю.Руковшенков,И.Миловидов.
1 жүргізуші:Ғұлама ғалым Шоқан Уәлихановтың туғанына 150 жыл толуына орай Алтынемел мемлекеттік мемориалдық мұражай кешені ашылды.
8 «Б» сынып оқушысы Тілеукенов Жасұлан өз шығармашылығынан туындаған өлеңіне кезек берелік.
2 жүргізуші:Қазақ халқының ұлы ғалымы, ойшыл Шоқан Уәлиханов сынды ардақты адамдардың мағыналы өмірі мен мазмұнды мұрасына қатысты көп деген жазбаларды оқуға болады. Мектебіміздің кітапханашысы Ақылова Гүлзат апайымыздың ұйымдастырған «Шығыстың шыңға біткен бір шынары » атты кітап көрмесінен көре аласыздар.
1 жүргізуші:
Бұл өмірдің тартып талай азабын,
Дұшпандардың естіп кейде мазағын.
Ел сенімін жас та болса ақтаған,
Қуанышқа бөлеп бүкіл қазағын.
2 жүргізуші:
Шығыс жатқан көрсем таңның арайын,
Сол Шоқанның бейнесіне балаймын.
Кешкі шыққан топ жұлдыздың ішінен ,
Шолпанды мен Шоқан ба деп қараймын.
Наурыз биі 7 «А» сынып оқушылары.
1 жүргізуші:
Халқы үшін туған адал ұл едің,
Ақ көңілді адал жанның бірі едің.
Аспандағы көп жұлдыздың ішінде
Көзге түскен жарық жұлдыз сен едің.
2 жүргізуші:
Өткен өмір білдім қайта келмесін,
Атақ – даңқың мәңгі өсіп өрлесін.
Шолпан болып жарқырай бер апаннан,
Жарық нұрың көкте тұрған сөнбесін.
1 жүргізуші:
Күмбезің бар қос қабатты сәулеті,
Асыл мұра көз тартатын келбеті.
Іші сыртын безендіріп сәндеген,
Сан алуан ғып ойып салған өрнеті.
2 жүргізуші:
Соның бәрі сый мен құрмет сен үшін,
Өміріңдің арнадың сен ел үшін.
Мақтан етіп бар әлемге жар салып,
Ұрпақтарға айту парыз мен үшін.
Ән _________________________________________________________________________
Қазақ халқының дарынды перзенті, ғұлама ғалым Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туылғанына 179 жыл толуына орай «Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел» атты әдеби кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.
Пән мұғалімі: Мамырова Айгерім Арыстанбекқызы.
Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар және
Достарыңызбен бөлісу: |