Шумер тіліндегі құдайлар атауына тоқталайық. Урдың үшінші әулеті кезінде шумер құдайларының алатын орны тәртіпке келтірілді, ең басында – Энлиль оның жанында аспан құдайы – Ан және су асты мен даналық құдайы – Энкі және жеті немесе тоғыз құдайлар (аспан кеңесін құрайтын), соның ішінде күн құдайы – Ут (От),( 11-сурет), ай құдайы – Нана немесе Зуэн, таңғы жұлдыз құдайы – Инана, тозақ құдайы – Не – уну – галь және т.б. Күн құдайы Ут (От) таңбаларын кейінгі түркілік кезеңнен де табуға болады(12-13 сурет).
Әрбір тайпа немесе «уру»(ру) - қамқоршы құдайы – мырзасын «Басал немесе бел» ал құдай анасын «астар немесе иштар» деп атаған. Иштар (Урукта – Инана – Иннин) – ұлы күрескер, махаббат және құнарлық құдайы (15-сурет). Европалық зерттеушілердің көпшілігі Иштар атауын «астра» түбірінен іздестіреді. Ал, біз оны Уруктағы аталуы бойынша Инана «Ұлы Ана» (қазақтың Ұмай анасы) деп қарастырғанды жөн санаймыз. Сонымен қатар Иштардың махаббат және құнарлық құдайы және тіршілікті оятушы (тірілтуші) екендігін ескерсек, сол мағынада «Құштарлықты» да бере алады. Бұл құдай ананың түркілік дәуірдегі мүсіндік көріністері бүкіл далалық өлкеде тас балбалдар, кемпіртастар, әйел-тастар арқылы таралған(14,16 -сурет). Оны төмендегі мүсіндік салыстырулар арқылы да байқауға болады.
Алтай өлкесі, 15. Иштар(Ұмай), 16. Қыпшақтардың
кемпіртас құдай ана әйел-тас мүсіндері
Шумерлер культінің сакральді кеңістігі тігінен(вертикаль) және көлденеңінен(горизонталь) орналасқан. Тігінде: Жоғарғы – «Ан» (Аспан –Ә.Ш.)- ғаламшарлар мен жұлдыздар әлемі (астра); Орталық – «Ки» (Жер-Ә.Ш.) –тіршілік, өмір әлемі. Ол екі бөліктен тұрады: «Абзу» (Апсу, Алып су, Мұхит-Ә.Ш.) – жер асты сулары; «Кур»(Көр-Ә.Ш.) – өлілер әлемі деп бөлінеді. Жоғарғы әлем бірнеше бөліктен тұрады(Жеті қаттан-Ә.Ш.). Орталық әлем: «калам»(ғалам, дәл аудармасы-«біздің ел»-Ә.Ш.) және «эден» (дала), содан кейін «кур» (бөтен жер-Ә.Ш.) деп бөлінеді.
Енді бұларды талдап көрелік: а) «калам» - бұл қала-мемлекеттің территориясы, сырты мықты қорғанмен қоршалған, орталықта қала құдайының храмы орналасқан; ә) «эден» - қала қорғанының сыртындағы далалық аймақ (құла дүз, аймақ) – құдайлар да, жын-перілер де қатар жүретін жер; б) «кур» - даланың ар жағындағы жат жерлер, өлілер мекеніне теңдестіріледі, өйткені «калам» тұрғыны үшін ол жерлердің тәртіптері мен заңдары (табиғаты) мүлдем жат, түсініксіз.
Ежелгі түркілік іздерді Шумерлерден іздегеніміз де тегін емес, европалық ғалымдар Халфен, Мюллер, Франке, Де Груут, Менген, Кастрен, Хаваси, Халоун, Харлейз, Копперз, Котвич және т.б. ежелгі түркілердің әлемнің төрт бұрышында да қалдырған іздері туралы жан - жақты зерттеулер жүргізгенін З.В. Тоган дәлелді келтірген. Шевеста, Кзермак, Шмидт, Копперз зерттеулерінде көне түркілер мәдениетін б.д.д. ІІ мыңжылдықта Ніл өзені аңғарынан жиі кездестіруге болады деп атап өткен. Ал, М.А. Кастрен Орталық Азиядағы, әсіресе Алтай өлкесіндегі тайпалардың ежелгі Шумер жеріне қоныс аударғаны туралы жазады [8]. Бұл пікірді қолдаған В.Шмидт пен О.Менген Таяу Шығыс пен Ніл аңғарында ежелгі және үлкен мемлекетті, өркениетті Орта Азиядан әскери-көшпенді қауымдар әкелген деп атап көрсетеді. О.Менген бұл деректерді жануарлар сүйегіне, әсіресе, жылқы сүйегінің табылған жерлерін зерттей келе, оларды қолға үйрету соңғы тас пен жаңа тас дәуірінде Орал-Алтай және Солтүстік пен Орта Азия тайпаларында орын алғанын, атқа мініп алапат жорықтарға аттанып, өркениет тасымалдаушылары болғандығын айтады. Темір өңдеуді де б.д.д. ІІ мыңжылдықта Мысырға(Египет) осы көшпенділер жеткізген. Ал Шумерлердің ежелгі Шығыстағы өркениеттің басында тұрғаны баршамызға мәлім.
Помпей Трогтың(б.д.д. І - б.д. І ғғ.) 44 томдық «Филипптің тарихында» сақ, массагеттер туралы айта келе: «Скифтер барлық заманда көне халық болып есептелген, көнеліктен олар мысырлықтардан кем түспейді» деп атап көрсетеді [9]. Скиф-сақтардың патшасы Мадиез(Мади)(б.д.д. 652-624 жж.) Кіші Азияда 28 жыл билік құрған. Ассирияның атақты патшасы Ашшурбанипалдың күйеу баласы болған Мадиді Мидия билеушісі Киаксар(Кейқұсырау) қастандықпен у беріп өлтіріп, ежелгі дәуірдегі ең ірі Ашшурбанипалдың кітапханасын өртеп жіберген. Сол кітапханада (Шыңғысхан күйреткен Отрар кітапханасын да еске алайық) скиф-сақтардың ата-бабаларының тарихына қатысты қаншама деректер жойылып кетті десеңші.
Б.д.д. VIII-VII ғғ. Шығыс Түркістан жерін мекендеген «Шулардың» түркі тектес қауымға жататынын көптеген европалық ғалымдар(Мысалы: Харлейз: (JA), 8-ХХ.- 1892) атап өткен. Көне түркі аңыздарында да Сақ пен Шу туыстас халықтың екі бөлігі ретінде көрсетілген.
Сақтардың бір бөлігін Сулер(Жүнгүсі) деп аталғандығы б.д.д. 989 ж. Қытай деректерінде айтылған. Оларда сү(сэ) және су атаулары сақтарға қатысты айтылады. Мюллер, Франке және З. Тоган бұларды түркілердің ата-бабалары деп көрсетеді [10].
Олай болса бұл атаулардың да Шумерліктерге қатысы болу мүмкіндігі жоққа шығарылмаса керек.
Ниневияны қазу барысында табылған саз тақтайшалар, сөздіктер ең көне деген тілдің түбірін анықтауға мүмкіндік береді. Оны лингвист ғалымдар агглютинивтік тіл (яғни, жапсырылған, желімделген деген мағынада) ретінде бағалаған. Атап айтқанда бұл тілдегі сөздер бір буынды немесе ешбір жалғаусыз болып келеді. Расында, бұл ежелгі түркі тіліне де тән болған ерекшелік. Олай болса, шумерлердің тілі түркілік тілге өте жақын деп айтуға болады.
Қосөзенде Урдың ІІІ әулеті құлаған кезде, б.д.д. 2 мыңжылдықта Иссин(исседон-үйсін-?) және Ларса патшалығы құрылады. Иссин патшасы Ишме Даған (Ісме Қаған-Ә.Ш.)(б.д.д. 1953-1935 жж.) арнайы салық «гун» (құн –Ә.Ш.) енгізді. Жалпы храмдық салық «саттуккум» (садақа-Ә.Ш.) (постоянная приношения) немесе «са-ду(г)» (жертвенные дары) құрбандыққа арналған төлем берілетін. Сонымен қатар, «а-руа» (аруақ-Ә.Ш.) (приношения по обету) ғұрыптық рәсімдерге де сый жоралғылар берілетін.
Шумер тілінің түркілік түбірі тіпті қазіргі қазақ тілімен жай ғана салыстырғанның өзінде анық байқалады(Кестені қара).
Шумер тілінде
|
Қазақ тіліндегі
баламасы
|
Мағынасы
|
а-руа
|
аруақ
|
Ғұрыпқа байланысты құрбандық
беру рәсімі
|
аба-уру
|
ата ру
|
Ру ақсақалы
|
ага-уш
|
аға күш
|
Жауынгерлер мен күзетшілердің
бас басшысы, қолбасшы
|
Уру
|
ру
|
Қауым
|
Ур, урук
|
ұрық
|
Тек, орда, қала
|
Дингир
|
Тәңір
|
Құдай
|
энгар
|
егінші
|
Егу жұмысын басқарушы
|
калам
|
ғалам
|
Тарап, бағыт
|
Кен
|
кеңес
|
Кеңесу, жиналыс
|
Ун кен
|
Үлкен кеңес
|
Халық жиналысы, кеңесі
|
Ген
|
Кел,кет
|
Жүру бағыты, жүрген, келген
|
Уру-рим, уру- ген
|
Рудан өру,
үрку
|
Рудан немесе қаладан(ордадан)
кету, үрку, босып кету
|
Нун-кур-гу
|
Нукер
|
Билеушінің қоластындағы көмекші
қызметшісі
|
гуруш
|
құрыш
|
Еркек, жас мықты жігіт, жұмыскер
|
Эрен
|
ерен
|
Әскери топқа біріккендер,
жауынгерлер тобы, сарбаздар
|
Нгешту(г)
|
естілік
|
Құлақ немесе даналық дегенді
білдіреді
|
Иги ку(г)
|
Игі көз
|
Тұнық көз немесе құлақ пен көз, даналық көзі дегенді білдіреді
|
Уту
|
От
|
Күн құдайы
|
Ишкур
|
Ұшқыр
|
Найзағай құдайы
|
Алғашқы жыр – дастан болып табылатын Шумерлік Гильгамеш жыры (Бильгамеш) (мыс.қаз. Өтеміс, Тоқтамыс) түркілік түбірлерге толы. Мысалы: отқа салса күймейді, суға батпайды (Алпамыс секілді), өлімнен қашып, мәңгілік өмір шөбін іздейді (Қорқыт секілді). Мәңгілік өмірге ие болған, топан судан аман қалған ата – бабасы Утнапиштиді (өмірдің қыспағын көрдім, отына пістім, бірақ та адамдар ішінде жалғыз өзім мәңгілік өмірге ие болдым) іздейді.
Сонымен Шумер мен түркі тілінің терең тілдік талдауына бармағанның өзінде, олардың арасындағы түбірлік мәндегі ұқсастықтардың бар екендігін жоққа шығаруға болмайды. Бұл паралелдер қазіргі кезде татар, азербайжан, хакас, өзбек, түркімен ғалымдары да тарапынан өз тілдерінің тарихымен салыстырмалы түрде қаралу арқылы жасалуда (Т.Таиров, Н.М. Зеляев және т.б.).
Қазіргі заманда ғылым дамуының жылдамдылығының артуы нәтижесінде бұрындары алға тартылған қортындылар тым ескіріп қалғаны анықталды: жаңа деректер – заттай және жазбаша табылды, оларды зерттеудің әдіс-тәсілдері неғұрлым жетілдіріліп, біздің тарихи танымымыз анағұрлым кеңейе түсті. Осы тұрғыдан алғанда, ешкімге жалтақтамай, тарихымызды тереңінен талдауға жолдың ашылғандығы сөзсіз. Кеңестік кезеңдегі «тарих жұтандығына» ұшыраған қазақ тарихының жазба деректерін тек орта ғасырлардан ғана алады деп, ежелгі тарихын археолог, антрополог, этнограф ғалымдардың үлесіне ғана қалдырып, дерекке тұнып тұрған Ежелгі шығыс, антика авторларының шығармаларына үстірт қарау немесе тек шетелдік зерттеушілердің түсіндірмесімен ғана пайдалану бүгінгі күн талабына сай келмейді. Қазақстан тарихының берік іргетасын оның ежелгі тарихы құрайды. Олай болса осы іргетастың анағұрлым мықты, мызғымас болуы орың тарихи тамырларының тереңдігімен, дәлдігімен және жазбаша деректерімен өріледі. Еуропа тарихшыларының «көшпенді», «жабайы», «жазу-сызу жоқ» деген терминдік түсініктерінің түбірі бос екендігі қазір баршамызға белгілі. Соған қарамастан, ежелгі Қазақстан тарихын зерттеу мектебінің жоқ екендігі, түп-нұсқалық деректермен жұмыс істей алатын маман – тарихшылардың саусақпен санарлығы, осыған орасан зор кедергі келтіріп отырғандығы айқын.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Х.М. Әбжанов. Қазақстан тарихын зертеудің методологиялық ұстанымдары//Қазақстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері. Мемлекет тарихы институты. Ғылыми бюллетень.- Астана, 2009. № 2. С -28.
История Древнего Востока. Зарождение древнейших классовых обществ и первые очаги рабовладелческой цивилизации. Ч.1. Месопотамия/ Под ред. И.М. Дьяконова. Гл. ред. Восточной литературы. - М., 1983. С.- 534 (92).
Г. Фр. Кольб. История человеческой культуры. - СПб., 1872. Изд. С.В. Звонарева, -В 2 т. – Т.1, С.- 506.
Ноmmel F. Ethnologic und Geographie des alten Orients. Münctıen, 1926. - рр. 19, 21-22.
Аманжолов А.С. "Шумеро"-тюркские соответствия и изобразительные логограммы. - "Sprache, Geschichte und Kultur der Altaischen Völker", Protokollband der XII. Tagung der Permanent International Altaistic Conference 1969 in Berlin. Herausgegeben von G. Hazai und P. Zieme. Berlin, 1974, - рр. 65-71.
Cүлейменов Олжас. АЗ и Я. Ізгі ниетті оқырман кітабы/ Ауд. С. Ақатаев. - Алматы, Жазушы, 1992. - 292 бет.
Туна О.Н. "Sümer ve Türk dillerinin târihî ilgisi ile Türk dili'nin yaşi meselesi" ("Историческая связь шумерского и тюркского языков и проблема возраста тюркского языка"), 1990, - рр. 49.
Рагозина З.А. История халдеи. – СПб.: Изд-во А.Ф. Маркса, 1902, C- 12.
Дуров В.С. Художественная историография Древнего Рима. – СПб.: Изд-во Сю-Петербургского ун-та, 1993, C - 144.
Togan Z.V. Türk Tarihi dersleri.- Istanbul, 1928. рр. -5-12.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается несколько вариантов этимологии названия шумер,а также тюркские корни этого народа. На основе сравнительного анализа производится параллели языка, веровании и идентичность одежды, письменности и т.д.
Summary
This article discusses several options for the etymology of the names of Shumer andTurkic roots of this nation. on the basis of comparative analysis is parallel language,beliefs and identity apparel, writing, etc.
Rezüme
Maakalede Sumer adının bırkac versıyonu ele alınmaktadır ve bununla bırlıkte bu halkın turk kökenliği incelenmektedir.
Mukayese analizleri temelinde dıllerin. Inaçları ve giysilerin uygunluğu. Yazı dilleri v.s parallelerı yapılacaktır.
Достарыңызбен бөлісу: |