Силлабус Оқу түрі: күндізгі Курс 3 семестр 5 Лекциялар 30 сағат СӨЖ 45 сағат обсөЖ 45 сағат Практикалық сабақ 15 сағат Барлық сағат саны 135 сағат Қорытынды бақылау емтихан 5 – семестр Аралық бақылаулар саны (кредит бойынша) 3 Барлық балл саны 100



бет6/13
Дата14.04.2017
өлшемі3,01 Mb.
#13925
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

22-лекция


Фитоценоздың өнімділігі
(1сағат)
Жоспар :

  1. Фитоценоздың өнімділігі туралы түсінік

  2. Фитоценоздың өнімділігін анықтау

  3. Фитоценоз өнімділігін энергия мөлшерімен сипаттау және пайдалы өнімділік


Пайдалынатын әдебиеттер :

а) негізгі

1. Беклемишев В.Н. Биогеоценологические основы сравнительной паразитологий

М 1978 ж.

2. Вернадский В.Н. Биосфера М.Мысль 1970

3. Культиасов И.М.Экология растений М.Изд МГУ 1982

б). қосымша:

4. Одум. Ю. Экология М.1986 т-1,т-2

5. Пианка Н.Ф. Эволюционная экология М.1981

6. М. Мұхиддинов «Геоботаника негіздері» А.



Лекцияның мәтіні
Өнімділік дегеніміз тірі организмдердің органикалық заттарды жасау, консервілеу және өзгерту қабілеттілігі. Органикалық заттардың жасалуы және өзгеруі, жиынтығын, энергияның сіңіріліп және әртүрлі дәрежеде ұйымдастырылған био және экосистемалардан өтуін өнім процессі деп атайды. Биологиялық өнім дегеніміз фотосинтез және хемосинтез процессі кезінде организмдердің продуценттердің күн сәулесі энергиясын сіңіріп органикалық затты жинау қарқындылығы. Ол органикалық заттарды сосын қоректік зат зат есебінде консументтер немесе редуценттер пайдаланады. Өнімділіктің екі түрін ажыратады : бірінші – органикалық заттарды автотрофтар жасайды, екінші – органикалық заттарды гетеротрофтар жасайды.

Органикалық затты өндіруді төрт сатыға бөледі :



  1. жалпы бірінші өнім – фотосинтез процесінде құралған органикалық зат мөлшері

  2. таза бірінші өнім -өсімдіктердің тыныс алуына жұмсалғанынан қалған органикалық зат мөлшері

  3. шын таза бірінші өнім

  4. екінші өнім (органикалық заттың гетеротрофты организмдердегі жасалуы)

Биологиялық өнім белгілі – бір аудан мөлшерінде, белгілі – бір

уақытта синтезделген органикалық заттың мөлшерімен



көрсетіледі. Жалпы бірінші өнім (Өж) - өсімдіктер қауымының белгілі – бір аудандағы (гектар м2) белгілі – бір уақытта (жыл, вегетациялық маусым, тәулік) құралған таза бірінші өнімге (Өт) өсімдіктердің демалуына жұмсалған (өд) үзіліп түскен бөлшектерін (опад -о) және гетеротрофтар пайдаланып (өг) қосқандағы фитомассаның көбеюі.

Жоғарыда айтылған өнімділік көрсеткіштерін Өж=Өт+Өд+Өо+Ог формуласымен көрсетуге болады.

2. Фитоценоздардың өнімділігін анықтау үшін фитомасса құрамындағы өсімдіктердің тірі және өлі мүшелері анықталады. Биологиялық өнімділікті зерттегенде тірі өсімдіктердің массасын анықтап қоймастан, олардың өлген мүшелерінің де массасын анықтау керек. Ол үшін тірі өсімдіктермен байланысын үзген мүшелерінің ағаш пен бұталардың өлген діндерін және өлген жер асты мүшелерін есептеу қажет. Фотосинтез процесі нәтижесінде ценоэкосистемаға ендірілген органикалық заттардың жалпы мөлшері бірінші өнім деп аталады.

Осы өнімге, оның энергетикалық дәрежесіне фитоценоздардың бар өмірі тәуелді. Өйткені энергия көптеген тіршіліктің қызметтері үшін жұмсалады. Осы жұмсаудан кейінгі сақталған бірінші және екінші өнім қоры таза өнім деп аталады. Фотосинтез процесіне қатысатын және қатыспайтын мүшелерінің массасының ара – қатынасы әртүрлі болғандықтан өсімдіктердің жеке түрлерінің тыныс алуына жұмсалатын энергия бірдей емес. Балдырлардың жалпы биомассасының көп бөлігі фотосинтез процесіне қатысады, ағаштардың тек 1-2%, қылқан жапырақтылардың 4-5% қатыса алады. Шөптесін өсімдіктердің фотосинтезге қабілеті жер үстіндегі мүшелерімен және фотосинтезге қабілетсіз жер асты мүшелерінің ара – қатынасы вегетациялық маусым ішінде фитоценоздардан фитоценозға және жылдан – жылға өзгеріп отырады.

Температура жоғарылаған сайын дамуға жұмсалатын органикалық зат мөлшері өсе береді. Планктон балдырлары қауымында жалпы өнімінің 30-40% тыныс алуға жұмсалатын болса, тропикалық жаңбыры көп ормандарда ол 70-80% дейін жетеді, ал қоңыржай жағдайындағы ормандарда демалуға жалпы өнімнің 50-60% жұмсалады.

Таза бірінші өнім фотосинтездің нәтижелілігімен анықталады. Фотосинтездің нәтижелілігі фотосинтезге қабілетті мүшелердің көлеміне тәуелді. Фотосинтездің әрбір типіне тән фотосинтездің нәтижелілігіне оптимальды мөлшерден кем болса жарық толық пайдаланылмайды, ал артық болса жапырақтар бір – біріне көлеңке түсіріп олардың фотосинтездік өнімділігін төмендетеді. Жапырақ бетінің оптимальды индексі, яғни өсімдіктің жапырақтарының көлемінің жер беті көлеміне қатысы Солтүстіктен Оңтүстікке қарай жылжыған сайын өзгеріп отырады. Қоңыржай климатты аймақтарда ол индекс 4-5-ке тең. Көлеңкеде орналасқан жапырақтар күнде орналасқан жапырақтарға қарағанда тыныс алуға органикалық затты аз жұмсайды.

Егіс даласы жағдайында таза бірінші өнім толық есептелмейді, өйткені олардың біразын биотрофтар пайдаланады, кейбір мүшелері үзіліп жерге түседі. Оларға қосымша өсімдіктер әртүрлі органикалық қосындыларды бөліп шығарып, оларды жаңбыр жауып кету арқылы да барлық затын жоғалтады. Жануарлар жеп пайдаланатын өнімнің мөлшері ценоздан ценозға және жыл сайын өзгеріп отырады. Көбінесе фитофагтар көбейген уақытта табиғи фитоценоздар жағдайында жануарлар жейтін өкімнің мөлшері 10% - тен аспайды. Жайылым ретінде пайдаланатын фитоценоздарды малдар өсімдіктердің жер үстіндегі мүшелерін көбірек пайдаланады.

Сонымен биотрофтың пайдаланған өніміне өсімдіктердің үзіліп түскен мүшелерін және фитомасса өнімін қосып есептесе таза бірінші өнім шығады. Экосистемалар биогеоценоздар дәрежесінде таза өнімді ажыратуға болады. Оны жалпы өнімді және оның фотопрофтарымен гетеротрофтардың тыныс алуына жұмсалғанын есептеу арқылы анықтайды. Биогеоценоздардың таза өнімі өте аз тіпті нольге тең болуы мүмкін, өйткені фототрофтардың түзген заттарының бәрі биоценоз құрамына кіретін организмдердің тыныс алуына жұмсалады.

Біздің ТМД территориясында арктикадағы шөлейттен жалпақ жапырақты ормандарға дейін өнімі дейін өнімі де, биомассаның жалпы қоры да өседі. Оңтүстік – шығысқа қарай Солтүстік, нағыз шөлейт және шөл зоналарына жылжығанда бірте – бірте шөптесін және бұташық өсімдіктер басым бола бастайды да жалпы биомасса және өнім азая бастайды.

Өсімдіктер өнімі және олардың жалпы биомассасы қорының мөлшері негізінен өсімдіктердің сумен қоректік минералдық элементтермен қамтамасыз етілуіне және температуралық жағдайға байланысты.

Фитоценоздардың құрамына кіретін жеке түрлердің және түр топтарының фитоценоздардың өнімділігін, фитомассасын құруға қатысы әртүрлі болады. Ормандағы фитоценоздарда фитомассаның негізгі бөлігін ағаш өсімдіктерінің жер үстіндегі мүшелері береді. Шөптесін фитоценоздарда, ерекше шалғындықтарда, өсімдіктердің жер астындағы мүшелерінің массасы жер үстіндегілерден бірнеше есе көп болады. Әртүрлі өсімдіктер қауымдарының биологиялық өнімділіктері олардың жер үстіндегі және жер астындағы мүшелерінің массаларының ара- қатынастары әртүрлі болады.

Өсімдіктердің балауса көк – жасыл масса бөлігі, көпжылдық жер үсті және жер асты бөліктерінің ара қатынасы бойынша өсімдіктер қауымдары бір – бірінен ажыратылады. Өніммен биомассаның ара – қатынасы өзгеріп отырады. Мысалы орманда өнімнің биомассаға қатынасы

1 1 болса, далада,шөлдерде 1 4 -ке жақын

50 30 2 3

Өнімді оның ішіндегі энергия мөлшерімен де сипаттауға болады мысалы : Ертіс бойындағы жас қарағайлы орман жыл сайын 7,7/га бірінші өнім береді. Бұл биомассада 31млд ккал энергия бар. Өнімнің ішінен өсімдіктің өліп жерге түскен мүшелерінің және өліп бірақ өсімдіктің тірі бөліктерінен ажырамаған үлесіне 1,3т биомасса келеді. Сонымен қарағайлы орманның таза бірінші өнімі 6,4т/га, энергия 25,6 млрд.ккал.

Фитоценоздардың биологиялық өнімімен қатар оның пайдалы өнімі ажыралады. Пайдалы өнім деген фитоценоздағы фитомассаның қанша жылда жиналғанына қарамастан пайдалы қорын айтады. Оған жататындар ағаш массасының тоз қабықтарының, ормандардағы тері илеуге пайдаланатын ағаштың қабықтары, шөлдегі фитоценоздардың құрамында танині, тамырлары т.б. Пайдалы өнімнің өлшеуі бірлігі болып бір га/ң немесе текшеметр болып табылады.

Шабындықтардағы және жайылымдардағы азықтың пайдалы қорын сынақ аудандар әдісімен анықтайды. Ол үшін далада 1мм (кейде 0,25м2) аудандар пайдаланылады. Фитомассаны + 10% дәлдікпен анықтау үшін 1м2 – ден 10 сынақ ауданнан алған жеткілікті егерде 4м-ден алынатын 1м2 – ден 10 сынақ ауданнан алған жеткілікті.

Шөптілікті (травостой) тек жер бетінің деңгейінен 1-3см биіктікте кесіп алады. Сынақ аудандарынан орып алынған фитомассаны таразыға тартады. Әдетте фитомассаны өлшегенде өсімдіктердің әр түрін жеке жеке немесе басым түрлерді және мал жемейтін шөптерді улы шөптерді жеке өлшейді.



Пішенді (укос) үлпілдеген – құрғақ жағдайында таразыға өлшеп 1м2 тиісті сосын 1гектарға тиісті азықтық массаның орташа санын есептеп шығарады. Пайдалы өнім қорын жайылымдықтарда, шөлдерде үлгілік өсімдіктер әдісімен анықтауға болады. Ол үшін ені 1м трансект салынады. Соң трансектегі кездесетін фитоценоздың тасым өсімдік түрінің особьтарын санап оларды өлшеу жұмыстары жүргізіледі.

Міндетті түрде 50-100 особьтар өлшенуі қажет. Бұл мәліметтерді алғаннан соң трансектідегі өсімдіктің санына байланысты 1 гектардағы пайдалы өнім қоры анықталады.

Геоботаниктің жайылымдар және шабындықтар туралы алған мәліметтері шаруашылық жұмыстарына байланысты есептеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіншілік береді. Олар мемлекеттік, жеке шаруашылықтың табиғи азықпен қаншалықты қамтамасыз етілгенін және жайылымдықтардың сиымдылығын бөлуге болады.

Жайылымдықтардың сиымдылығы деп белгілі – бір түрлерінің қаншасын жеткілікті қоректендіріп ұстауға болатындығын айтамыз.

Бұл жағдайда жайылымдықты пайдаланатын маусымда ондағы азықтық қоры және жануарлардың әртүрінің бір тәулікте қанша азық керек ететіндігі есептелінеді. Мысалы бір ірі қарамалды ұстау үшін шөлді – далада – 4,0-5,0 га, ал шөлдегі жайылымдықтарда 6-8га жер керек. Бір қойға көрсетілген аудандардан төрт есе кем керек.

23-лекция

Ординация
(1сағат)
Жоспары:


  1. Өсімдіктер жабыны.

  2. Фитоценоздарды және өсімдіктерді ординациялау әдісі.


Пайдалынатын әдебиеттер :

а) негізгі

1. Беклемишев В.Н. Биогеоценологические основы сравнительной паразитологий

М 1978 ж.

2. Вернадский В.Н. Биосфера М.Мысль 1970

3. Культиасов И.М.Экология растений М.Изд МГУ 1982

б). қосымша:

4. Одум. Ю. Экология М.1986 т-1,т-2

5. Пианка Н.Ф. Эволюционная экология М.1981

6. М. Мұхиддинов «Геоботаника негіздері» А.



Лекцияның мәтін :

Ординация өсімдіктер жабынының үздіксіздігіне /континуум/ лайық келетін ең табиги процедура . Ординация әдістері тікелей, жанама , бір өлшемді және көп өлшемді болып беліңеді . Тікелей ординация әдісінде ретке келтіру ортаның нагыз факторлары /экологаялық , кеңістік , уақыт/ арқылы , жанама әдісінде - түрлер арасындағы байланыстың /нёмесе бейнелеу арасыңдағы үқсастықтын/ өзгеруі багыты бойында , бір өлшемді де бір фактор бойынша немесе бір ось бойында , ал көп өлшемді де - бірнеше факторлар немёсе осьтер бойыңда жүргізіледі .

Ординация әдістерінің экологиясы бір өлшемді ден көп өлшемдіге және тікелейден жанамага багытталып дамиды. Ординацияның әдістеріне тікелей градиеңтті талдау /аналиэ Лфакторларды талдау , басты компонент әдісі, Гаусов ординациясы. Л.Г.Раменекий әдісі өзара ординация және басқалары жатады .

Ординация фитоценоздар классификациясын алмастыра алмайды өйткені оның /ординацияның/ нәтижесі өсімдіктерді йнвентаризациялаудың әртүрлі формаларын іске асыруга жеткіліксіз. Сонымен қатар ординация түрлердің қауымдардың экологиясы және биологиясы туралы маңызды мәліметтер беретін аппарат ретінде классификациялау '' процесін жеңілдетеді. Ординациялық үлгілерді керек жагдайда оңай классификациялық үлгілерге айналдыруга болады .

Өсімдіктерді және фитоценоздарды ординациялау әдісін біздің елімізде жете зерттеген Л.Г.Раменский /1938/ және оның оқушылары /Цаценкин және т.б. /. Егерде табиғи жагдайда түрдің молшылығы туралы көптеген сипаттап жазылған мәліметтерін немесе проекциялық жабынуын сыртқы ортаның бір факторымен мысалы, топырақтың ылгалдығымен салыстырсақ ылғалдықтың бүкіл диапозонын /шөлден батпаққа дейін/ бірнеше градацияға бөлуге болады . Соның нәтижесінде олар үшін түрдің молшылығының немесе проекциялық жабынуының орташа көрсеткішін анықтауға болады . Осылайша Л. Г. Раменский ылғалдық шкаласын жасады . Ол шкаланың мынадай ылғалдық градиенттері болды: І7 щөл , 18-30 шелейт - дала , 31 - 39 қурғақ дала , 40 - 4б орташа дала ; 47 - 52 шалғын дала ; 53 ~ 63 жаңа шалғын; 64 -76 дымқыл - щалғын; 77 ~ 88 –ылғал - шалғын ,

89 - 93 –батпақты - шалгын; 94 – 100 - батпақ . Осы сияқты шкалалар басқада факторларға /топыраңтың байлығы , топырақтың сортаңдануы. тағы с.с,/ байланысты жасалды. Әрине , ординация жардемімен экологиялық жағдайларды бағалауға болады. Л.Г.Раменский экологиялық шкалаларды түзде сипаттап. жазылған бланктерді бір жуйеге келтіру үшін , яғни әрбір ортаның жағдайына тән өсімдіктердің тізімін жасау ушін пайдадануды усынды. Ол жумыс былай жасалынды. Өсімдіктердің 'жалпы тізімін жасайды , сосын оларды үш топқа бөледі ; кең тараған /тізімнің 75% тінде/ орташа жэне аз тараған /тізімнің 25% тін-де/. Содан кейіи бланкалардағы да керекті факторға /мысалы ылғалдыка/ байланысты үш топқа бөледі. Ортаңғы топка .негізінен кең тараган турлер саны көп бланкаларды , ал екі шеткі топтарга - аз тараган турлер саны көп бланкаларда - жатқызады ,

Сөз жоқ , мүндай ординация тасілін өсімдіктер жабынын уздіксіз /континуум/ деп қарағанда қолдануға болады . Сонымен қатар ол тәсіл таптік ассоциацияны, әсіресе 'полйдоминантты қауымдарды , таңдап бөлуге мүмкіншілік береді .

'.Ординация тәсілін" классификациялық тәсілге қарсы қоюдың қажеті жоқ . Керісінше ол екі тәсіл бірін-бірі толықтарын зерттелген аймақтың өсімдіктер жабындары туралы толығырақ мәлімет береді .

24-лекция

Фитоценоздарды құрайтын түрлердің ценопопуляцияларының қасиеттері
(1сағат)
Жоспар :


  1. Ценопопуляция туралы ұғым

  2. Өсімдіктердің жеке дамуының кезеңдері мен тіршілік күйлері

  3. Ценопопуляция құрамының әр түрлілігінің маңызы

  4. Ценотикалық популяциялардың жағдайы және типтері


Пайдалынатын әдебиеттер :

а) негізгі

1. Беклемишев В.Н. Биогеоценологические основы сравнительной паразитологий

М 1978 ж.

2. Вернадский В.Н. Биосфера М.Мысль 1970

3. Культиасов И.М.Экология растений М.Изд МГУ 1982

б). қосымша:

4. Одум. Ю. Экология М.1986 т-1,т-2

5. Пианка Н.Ф. Эволюционная экология М.1981

6. М. Мұхиддинов «Геоботаника негіздері» А.


Лекцияның мәтіні :
Ценопопуляция (грек soinos – жалпы популяция) фитоценоздың ішіндегі бір түрдің особьтарының жиынтығы. Ғылымға енгізген Т.А.Работков (1945,1950). Ценопопуляция терминін 1961 Петровский енгізген. Фитоценоздарда өсімдіктердің әрбір особьтарының (дербес организмдердің) саны өте көп болады. Олар бір – бірінен жасымен, тіршілік күйімен және орналасу ерекшеліктерімен ажыратылады. Фитоценоздар популяция особьтары әрқалай орналасады. Осы көрсеткіштермен анықталады.

Өсімдіктердің жеке дамуының кезеңдері мен тіршілік күйлері.

Дербес организмдердің жасын дәл анықтауға болмайтын жағдайларда, популяция әртүрлі жастың топтарға кіретін дербес организмдердің ара қатынасымен сипатталады. Мұндай жағдайда популяцияның жастық құрамы емес жастық спектрі есептелінеді. Тұқымымен көбейетін көп жылдық өсімдіктерді жастық топтарға бөлудің негізіне олардың тіршілік циклдарын төрт кезеңге бөлу жатады (Работков).

Ол кезеңдер :



  1. Жасырын (Латент) – бірінші тыныштық кезең

  2. Виргильный (қыздың кезең) – тұқым көбеюіне дейін организмнің генеративтік жолмен

  3. Генеративтік кезең

  4. Сенильді (кәрілік) кезең

Т. А. Работковтың (1978) пікірінше жастық топтарға жоғарыда көрсетілгендей бөлуді вегетативтік жолмен көбейетіндерге және папоротниктерге де қолдануға болады.

Ценопопуляция құрамының әр түрлілігінің маңызы.

Ценотикалық популяция дегеніміз ол түрдің тиісті фитоценозда өмір сүру формасы осы жағдайда мекендеуге бейімделу формасы. Ол өсімдіктің тіршілік стратегиясын бейнелейді.

Ценотикалық популяцияның санын және құрамын анықтайтын өсімдіктің бейімделу қасиеттерінің ішіндегі маңыздысы :

1). Тұқымдардың бірден өнбей және топыраққа көмілгенде ұзақ уақыт өмірге төзімділігін сақтау

2). Жарықтың, минералды заттардың және судың жеткіліксіз жағдайында ұзақ ювенильді және имматурлы күйінде қалу қабілеттілігі

3). Ересек өсімдіктердің ұзақ уақыт өсіп жетілуге қолайсыз жағдайға шыдап, өлмей тек күйін өзгертіп сақталу қабілеттілігі.

Ценопопуляцияны құратын дербес организмдердің, жастық және тіршілік күйінің айырмашылықтарына байланысты, жер үстіндегі және жер астындағы мүшелерінің қуаттылығы олардың биогеогоризонттарда орналасуы әртүрлі болады (мыс : жер үсті мүшелері, тамырлары бірдей емес). Ересек өсімдіктерге қарағанда жас өсімдіктер көлеңкеге шыдамды келеді. Кейбір өсімдік түрлерінде дербес организмнің жасының ұлғаюына байланысты олар тіршіліктің бір формасынан екінші формасына ауысады мыс : жатаған бидайық және қылтанақсыз арпабас жас кезінде гемикриптофиттер, ал ересек кезінде – геофиттер.

Жасыл жағынан әртүрлі топқа жататын бір түрдің особьтарында мекендейтін ортаның өзгеруіне әр қалай жауап қайтару қабілеттілігі –түрдің фитоценоздағы тұрақтылығына жәрдем ететін қасиет.

Дербес организмдердің жастық және тіршілік күйіне олардың ортаны пайдаланып өзгерту қабілеттілігіне байланысты, ересек организмдердің әрбір жастың тобына (өскіндер, ювенильдік, имматурстық, генеративтік, сенильдік) тән ерекше экологиялық таушы (ниша) сәйкес келеді.

Ценотикалық популяциялардың жағдайы (күйі) және типтері.

Түрдің ценопопуляциясының ерекшеліктері тек қана оның экологиялық және биологиялық қасиеттерімен ғана емес сонымен қатар құрамына кіретін фитоценоздармен және ондағы түрдің алатын орнымен анықталады. Ценопопуляциялардың – динамикалық құбылыс ол құбылыс ол құбылыс ценопопуляциялар өмір сүретін фитоценоздардың жағдайларының өзгергіштігіне байланысты. Ценопопуляциялардың жеке типтерінің ішінде олардың маусымдық, әржылдық және сукцессиялық (бір фитоценоздың екінші фитоценозбен ауысуы) күйлерін ажыратуға болады.

Ценопопуляцияның маусымдағы өзгергіштігі дербес организмдердің санының өзгеруімен және олардың жастық және маусымдық күйлерінің ауысуымен көрінеді. Бұл құбылысты бір жылдық өсімдіктерде ерекше көруге болады. Флуктуациялық өзгеруді жыл сайын немесе бірнеше жылда күрт өзгеріп отыратын ортаның жағдайында тұқымнан өсіп жетілетін шөптесін өсімдіктердің ценопопуляциясында анық көрінеді.
25-лекция

Фитоценоздың морфологиялық структурасы.

(1сағат)
Жоспары:


  1. Фитоценоздардың ярустылығы

  2. Фитоценоз қабаттары

  3. Өсімдіктердің жер асты ярустылығы


Пайдалынатын әдебиеттер :

а) негізгі

1. Беклемишев В.Н. Биогеоценологические основы сравнительной паразитологий

М 1978 ж.

2. Вернадский В.Н. Биосфера М.Мысль 1970

3. Культиасов И.М.Экология растений М.Изд МГУ 1982

б). қосымша:

4. Одум. Ю. Экология М.1986 т-1,т-2

5. Пианка Н.Ф. Эволюционная экология М.1981

6. М. Мұхиддинов «Геоботаника негіздері» А.



Лекцияның мәтіні :

Фитоценоз өзара қарым-қатынсатарымен және территориясының бірлігімен байланысқан популяциялар үйлесімі. ретінде вертикальдың және горизонтальдық бөлшектенуімен, сипатталады. Фитоценоздың вертикальдық структурасының элементі болып ярустылығы, ал горизонтальдық структурасының элементі - мозайкалылығы болып. табылады.


фитоценоздардың ярустылығы

Ярустылық - фитоценоздардың әртүрлі дәрежеде қабысқан асси- , миляцияға, заттар және ;энергия жинақтауға әр қалай қатысатын қабаттарға, ярустарға қалңаларға» биогоризонттарға,; яғни структуралық немесе функцианальдық бөлімдерге бөлшектенуі.



Фитоценоздарда 'доминант өсімдіқтер популяциялары тығыз қабаттар қүрады, ол қабаттардың әрқайсысы екі ярусқа /жер үстіндегі және жер астьшдағы/ белдеуге. Болады /сурет 9/.

Е
гер біз Алматы. төңірегіндегі шырша орманының бір фитоценозына баратын болсақ, оны шебершөпті /Brachypodium - коротконожка/ мүкті - шырша деп атауға болады. Мүнда сымбатты биік Тянь-Шань шыр
шасы сәулетті орман түзеді. Шырща мүнда доминант, оның кронасы /бөрік.басы/ және тамырлары кауымның - негізін - оның негізғі морфологиялық элементін – қабатын құрады.

Шыршадан түратын негізгі қабат екі ярусқа бөлінеді - жер үстіндегі ағаштардың бөрік басынан және жер астындағы._тамыр жүйелерінен түрады. Бүл фитоценозда екі ярустан түратын басты қабат



Сурет.З- Қабаттор, ярустар, қалқалар және Биоценотикалык, горизонттор I - Басты ағаш қабаты: ағаштар ярусы, 1а-жапырақтар қалқасы (1а- жогорғы және 1а-төмендегі биогориэонтгары); 1б-дін, және қабық өнімдерінің қалқасы; 2- тамырлар ярусы ; ІІ-екінші дәрежелі бұталор қоботы ; 1 -жер үстіндегі ярус ; 2 - тамырлар ярусы;. Ш- екінші дарежелі шөптер қабаты ; 1- жср үстіндегі ярус жапырак,тар меи гүл шағырлары қалк,аларымен , 2- жер астындағы ярус сстындағы ярус (Быков 1978 ж)

тан басқа тағыда екі негізгі емес яғни екінші дәрежедегі өкі қабат бар. Енді қысқаша осы қабаттарга тоқталып өтейік.

Шырша Орманында Салалы Шебер шөп / Brachypodium pinnatum / - КОротконожка перистая/ негізінен шөптесін өсімдіктер жабынын құрады. Бүл өсімдіктердің қалың тамырсабақ және тамыр жүйелері бүкіл популяциясын біртүтас етіп байланыстырады. Сонымен өеімдіктер қауымының структурасында шебершөп тагы бір өте маңызды әлементін -екі ярусты қабатын қүрады: жер_үстіңдегі /көк шөп қалындыгы/ жане жер астындағы /тамырсабақ және тамыр/. Шебершөп қабатының басты массасы шыршаның тамыр жүйелерінен жогары және оның кронасынан төмен орналасқан.

Ақырында, шебершөптің арасында жердің үстіңде фитоценоздың үшінші қабатын - мүктер қабатын байқауга. болады. Олардың тамырлары жоқ сондықтан олар жер бетінен жогары орналасқан. Бүл қабат бір ярустан түрады.

Жоғарыда аталган қабаттардың әрқайсысы өзінше энергетикалық жүйе .болып табылады. Өйткені олардың дербес организмдері әртүрлі дәрежеде фотосинтез үшін жарық энергиясын пайдаланады немесе . /саңрауқүлақ сияқты/ жасыл есімдіктерде жиналган энергияны өзінің тіршілігіне пайдаланады /мысалы шірінділер немесе қара шірік/.

Сонымен, қабат дегеніміз./Быков, 1978,- І988/ фитоценоздың негізгі структуралың, сонымен. бірге экологиялық және энергетикалық бөлігі. Ол доминант, субдоминант популяцияларынан пайда болған немесе бір экобиоморфага' жататын кондоминанттардан пайда болган. Фитоценоздарда мынадай қабаттарды /Быков, 1988/ ажыратады:

1/ Конституциялық немесе негізгі /агаштар, бүталар, шөптер., мүктер және қыналар қабаттары/; - . .

2/ Эдафикалың неггзінен редуценттерден түратын /топырақтагы саңрауқүлақтар және микробтардың қабаты/;

3/ Орындаушылар_ планктондың организмдер қабаты/.



Сонымен қатар басты және екінші дәрежедегі қабаттарды ажыратады. Басты қабаттарды доминанттар жәңе кондоминанттар, екінші дәрежедегілерді - субдомиңанттар түзеді.

Конституциялық қабаттардың структурасы туралы мәліметтер көп те, ал эдафикалық қабаттар туралы өтё аз. Геоботаниктер ол туралы өте аз біледі. Микологтар бүл мәселені зерттемейді . Комплексті жүмыстар бүл багытта. әлі өте аз.

Әдеттегі түрақты қабаттардан басқа, регенеративтік /жаңа өсіп келе жатқан дербес организмдерден/ және сукцессивтік /сукцессияға байланысты пайда болады/ қабаттар болуы мүмкін.
Қабаттар көлденең /горизонталь/ ярустарға және биогоризонттарга /сурет 9/ бөлінеді. Ярус - фитоценоздағы қабаттьің бөлігі, онда негізінен ассимиляция жасайтын /жапырақтар және сабаңтар/ немесе сіңіруші және қор жинаушы /тамырлар, тамыр сабақтар, түйнектер, жуашықтар/;өсімдік мүшелері үйлесіп орңаласады. Басты қабаттың ярусы басты, .ал екінші - дәрежелі қабаттың ярусы - екінші дәрежелі деп аталады. Ярустың өзінде қалқаларды /пологи/ және биогоризонттарды ажыратуға болады.

Қалқа - ярусты көлденең бел гёндегі белшегі, мысалы: биік ағаштардың бөрік басы, нёмесе генеративтік өркендер, немесе дала астық түқымдастары ярусыңцағы жапырақ қалқалары. Қалқа биогоризонтқа сәйкеа болуы немесе 2 – 3 биогоризонттаи тұруы мүмкін. Биогоризоңттар /Вяллович, 1960/ дегеніміз ярустың ценоэко системадагы функциональдық бөлшегі. Қалқа немеее оның белшегі жеке биогор'изонт бола алады. Мысалы, бидайдың шабындығындағы жоғарғы, фотосйнтетикалық қызметі жағынан ең белсенді қалқаның жапыр.ақтар қабаты. Топыраңтың кейбір генетикалық, мысалы қара- I шірінді /гумус/ қабатын биогоризонтқа жатқызуға болады.

Фитоценоздың жер үстіңдегі және жер астындағы бөлшектеріңцегі ярустардың саны оның қүрамына кіретін қабаттардың санымен анықталады. Бірақ әртүрлі қабаттардағы ярустардың кей жағдайларда дәл шектеліп ажыратылмайтындығын; естен шығармаған жөн. Мысалы, : ормандарда жарық сүйгіш және жарықты онша қажет етпейтін агаш тардың ярустары бір - біріне түтасып кетуі мүмкін. Кей жағдайда әртүрлі экобиоморфаға жататын өсімдіктердің ярустары бір - біріне дәл келіп үйлесіп кетеді. Мысалы, шығыс Қазаңстанның бүталы далаларында бүталарымен /ерекше Cazagana pumila Pojazk, - аласа қарағай/ '. астық түқымдастардың биіктіктері бірдөй. Бірақ олардың жер.астындағы мүшелерінің ярустары бір - біріне сәйкес келмейді.

Біздің еліміздегі ТМД – дағы есімдіктерді алатын болсақ оларды мынадай /Быков, І978 / ярустарға бөлуге болады:



- биіктігі жағынан бірініпі ағаштар / І5 – 20 м және одан да биік/;

- биіктігі жағыңан екінші ағаштар /6 - 15 м /;



  • аласа агаштар /6 м дейін/, жартьшай ағаштар және бүталар;

  • биік шөптер немесе.биіктіғі орташа бүталар;

  • биіктігі орташа шөптөр немесе аласа - бүталар;

  • аласа шөптер, бүтшалар немесе жартылай бүташалар;

  • жердің бетінде орналасқан.ерекше өсімдіктер - муктер және қыналар.

Өсімдіктер қауымының жер асты бөлігін негіэгі үш ярусқа бөледі:

I/ а/ -омброфиттер - жаңбыр суын және конденсацияланған ылгал-
ды пайдаланатын өсімдіктер; •,

б/ гидрофиттер - тамырлары, тамырсабақтары және түйнектеріжер бетіне жақын орналасқан артық ылгалды жагдайда өсетін өсім діктер. ;

2/ трихофиттер - тамырлары мен тамырсабаңтары орташа терең дікте орналасқан топырақ капиллярларындағы суды пайдаланатын өсімдіктер.

3/ Фреатофиттер -.тамырлары мен тамырсабақтары топырақтың


терең қабатыңдағы ёрітінділөрді пайдаланатын есімдіктер /Бейдеман 1949/. '

И.О.Байтулин /1984, 1987/ Іле. Алатауының белдеулеріндегі /альпы, субальпы, орман, буталы - алуаншөптер/ және жаэықтықтағы шөлдердегі /қүмды, тасты, сортандау, кебірлі/ өсімдіктер қауымдарының жер асты бөліктерінің ярустылығына толық сипаттама бере келіп, эдафикалық ортаның қабаттарын бөліп Пайдалану фитоценоз компоненттерінің тамыр жүйөлерінің топыраққа әртүрлі дәрежеде төреңдеп диффөренциялануына байлаңысты екендігін көрсетті.

Агроценоздар қүрылысында мынадай ярустарды /Комаров, 1933/

ажьфатуга болады:


  • мәдени өсімдіктердің биіктігінің жартысынан темен арамшөптер;

- аласа және жер бетіңде төсөліп жататын арашептер.
Жогарыда айтылғаңдай ярустың өзі қалқаларға белінеді. Бір-

яруста бірнеше / 2 – 3 / қалқадар болуы мүмкін, сонымен бірге олардың саны жылдың маусымына / мерзіміне / байланысты өзгеріп турады. Мы-. салы, бидайьқ шабындығында кектөмде, біз бидайық жапырақтарынан туратын бір ғана қалқанын кере аламыз, ал жазда ол қалқадан жоғарыңқы сабақтарымен гүл шогырларынан туратын екінші. қалқа дамиды. Агаш есімдігі ярусында олардың бөрік бастарының /кроналарының/I орналасуына байланысты 2 – 3 қалқаларды ажыратуга болады. Ярусты бұлай бөлу әртүрлі тіршілікті және әнергетикалық функцияларга, оның ішінде фотосинтезбен биомасса қорларының бөлінуіне сәйкесI келеді; Осы көзқараспен қараганда жер үстіндегі және жер астындағы ярустарды және олардың қалқаларын биогоризонттарга бөлуге болады'.'

Ярустылықты зерттегенде әртүрлі әдістер қолданады. Фитоценоздың вертикаль жазықтықтагы керінісін суретке түсіріп немесе суретін салып алуды бисекте деп атайды. Бүл фитоценоздың қабаттарының структурасын белгілеп алудың ең қарапайым әдісі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет