Силлабус Оқу түрі: күндізгі Курс 3 семестр 5 Лекциялар 30 сағат СӨЖ 45 сағат обсөЖ 45 сағат Практикалық сабақ 15 сағат Барлық сағат саны 135 сағат Қорытынды бақылау емтихан 5 – семестр Аралық бақылаулар саны (кредит бойынша) 3 Барлық балл саны 100


Фитоценоздардың экобиоморфтық құрамы



бет4/13
Дата14.04.2017
өлшемі3,01 Mb.
#13925
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Фитоценоздардың экобиоморфтық құрамы


Экоморфа (грек – оікоs – үй, моrрha - форма) – сыртқы ортаның жағдайымен қарым – қатынастарына байланысты тіршілік формасы. Мыс : жер бетіндегі өсімдіктер үшін бұл ылғалдық ылғалдыққа қатысы жөнінде өсімдіктер : гидрофиттер, гигрофиттер, мезофиттер, ксерофиттер болып бөлінеді.

Фитоценоздар әдетте әртүрлі экобиоморфтаға жататын түрлерден тұрады. Фитоценоздардың экобиоморфтық құрамының біркелкі еместігі ормандарда айқын көрінеді. Себебі орман фитоценоздарының құрамына ағаштардан басқа бұталар, бұташалар, шөптер, мүктер, қыналар, балдырлар кіреді. Бұл тіршілік формаларының әрқайсысы өз кезегінде бірнеше экобиоморфалардан тұрады (мәнгі жасыл, қылқан жапырақтылар т.б.) Шөптесін фитоценоздарда (шабындық, дала т.б.) Экобиоморфтық құрамы әртүрлі болады. Бұлардың құрамына кіретін өсімдіктердің өсу формаларына, тамырының тереңдігі көбею жолына, вегетация ритміне қарай бір – бірінен үлкен айырмашылықтары болады.

Кейде өсімдіктер қауымына фитоценоздардың әртүрлі типтері сәйкес келетін өсімдік түрлері кіреді мыс : шабындыққа, шабындық, орманға және далаға тән өсімдік түрлері кездеседі.


6-лекция

Түрлердің ценотикалық маңыздылығы жағынан айырмашылығы.
(1сағат)
Жоспар :

1. Түрдің ценотикалық маңызы

2. Фитоценоздың ценотикалық маңызы
Пайдалынатын әдебиеттер :

а) негізгі

1. Беклемишев В.Н. Биогеоценологические основы сравнительной паразитологий

М 1978 ж.

2. Вернадский В.Н. Биосфера М.Мысль 1970

3. Культиасов И.М.Экология растений М.Изд МГУ 1982

б). қосымша:

4. Одум. Ю. Экология М.1986 т-1,т-2

5. Пианка Н.Ф. Эволюционная экология М.1981

6. М. Мұхиддинов «Геоботаника негіздері» А.


Лекция мәтіні :
Фитоценоздардың флоралық құрамынан басқа елеулі белгісінің бірі олардың құрамына кіретін түрлердің сандық ара қатынасы. Әдетте бір түр немесе бірнеше түрлер фитоценоздың қасиетін анықтауда басымдылық көрсетеді. Қалған түрлердің бұған онша қатысы болмайды. Түрлердің бұл екі тобы арасында ауыспалы түрлер жиі кездеседі. Түрдің фитоценоздағы роліне баға беру үшін оның мүшелерінің массасын анықтайды. Түрдің фитоценоздағы орнын білу үшін оның жер үстіндегі және жер астындағы массасын анықтауынан үстін болады. Шөптесін өсімдіктерде керісінше өсімдіктердің жер асты массасы жер үсті массасынан көп.

Тропикалық ылғалды ормандарда үстемдік жасаушы өсімдік қауымын жасаушы өсімдік түрлерін білу өте қиын. Дегенмен көптеген фитоценоздарда бір немесе бірнеше түрлер фитоценозды құрауда басқа түрлермен салыстырғанда бірнеше түрлер фитоценозды жасауда басқа түрлермен салыстырғанда басымдық көрсетеді. Ондай түрлерді доминанттар деп атайды. Санына қарай моно және полидоминантты болып бөлінеді.

Егер доминанттардың жер бетіндегі мүшелері көп жылдық болса олар әдетте тұрақты болады. Шөптесін өсімдіктердің доминанттары тұрақты болмайды, олар вегетациялық маусым кезінде және жыл сайын көп жағдайда өзгеріп отырады. Сондықтан маусым сайын және жыл сайын өзгеріп тұратын доминанттар болады мысалы : эфемерондтар көктемде ал сыть Аlqopodium/ жазда үстемдік жасайтын маусым сайын өзгеріп тұратын доминанттар қатарына жатады. Көп доминантты шөптесін фитоценоздарда ауа райының жағдайына байланысты жыл сайын доминанттар ауысып тұрады.

Шөптесін фитоценоздарда түрлердің қатысын жер үстіндегі мүшелерінің массасын анықтау арқылы біледі. Соның нәтижесінде тұрақты және тұрақсыз доминанттарды ажыратады. Тұрақты доминанттар жыл сайын жер үстіндегі мүшелер массасының

90-95% беріп отырады мыс : қамыс, суда өскен фитоценоздарда, көп доминантты фитоценоздарда бірігіп басымдық жасайтын түрлерді кондоминанттар деп атайды.

Күрделі фитоценоздарда түрлердің басым көпшілігі доминанттар емес. Доминант емес түрлердің кейбіреулері осы фитоценоздың өткен дәуірін немесе келешек даму стадиясын көрсететіндер тобына жатады. Бірінші топқа жататын түрлер бірте – бірте фитоценоздардан жойылады, ал екінші топқа жататындардың рөлі арта береді, кейбіреулері доминантқа айналады.

Фитоценоздардағы ценотикалық маңыздығы әртүрлі түрлер тобын фитоценотиптер деп атайды. Фитоценотиптер биоценозда тұрақты орын алуға биологиялық мүмкіншіліктері бірдей түрлер жиынтығы. Фитоценотиптердің әртүрлі классификациялары бар. Кең таралғаны В.Н.Сукачев (1924), Л.Г. Раменскийдің (1938),

Б.И. Быковтың (1966) классификациялары.

В.Н.Сукачев (1928) фитоценотиптердің екі негізгі тобын ажыратады :

1). Эдафикаторлар – қауымды жасаушылар, құрушылар

2). Ассекторлар –қауымды жасауға қатысушылар. Эдафикаторлар екіге бөлінеді : аутогокда – табиғи, дегресивтілер – адам және жануарлар әсерінен бұзылған қауымды құрушылар. Л.Г.Раменский (1938) түрлерге сәйкес популяцияларды үш түрлі фитоценотиптерге бөледі.

1). Виоленттер (Violent – лат –күштілер)

2). Патименттер (patiens – төзімділер)

3). Эксплеренттер (ехрlera – орындаушылар Б.А.Быков (1966) өсімдік, жануарлар, микроорганизмдерді қамтитын ценотиптерді 5 типке бөледі).

1). Кондоминанттар

2). Доминанттар

3). Субдоминанттар

4). Эзодоминанттар

5). Ингредиенттер

Кондоминанттар, олардың екі – көп түрлі ценопопуляциялары қауымның негізгі бас қабатын құрады

Доминанттар, олардың әрқайсысының популяциялары қауымның негізгі бас қабатын құрады

Субдоминанттар : олардың популяциялары қауымның негізгі емес, болмашы қабатын жасайды

Эзодоминанттар : олардың популяциялары доминанттармен субдоминанттардың консорцияларында, сонымен қатар микроценоздарда ең маңыздылары болып табылады (мысалы қарағай жібек құрты, нағыз қарағайдың консорциясында)

Ингредиенттер – қауымның басты және басты емес қабаттарындағы басқа қатысушылар.

Біздің елімізде (бұрынғы ССРО) күрделі өсімдіктердің 20000 – нен аса түрі бар. Солардың ішінде доминанттары шамамен 14000 (Быков 1963). Бұдан еліміз флорасындағы өсімдік түрлерінің 7% ғана фитоценоздарда доминанттар екенін, қалған 93% доминанттар емес екендігін көреміз.



7 - лекция

Фитоценоздарды құрайтын түрлердің ценопопуляцияларының қасиеттері
(1сағат)
Жоспары :

1. Ценопопуляция туралы ұғым

2. Өсімдіктердің жеке дамуының кезеңдері мен тіршілік күйлері

3. Ценопопуляция құрамының әр түрлілігінің маңызы

4. Ценотикалық популяциялардың жағдайы және типтері
Пайдалынатын әдебиеттер :

а) негізгі

1. Беклемишев В.Н. Биогеоценологические основы сравнительной паразитологий

М 1978 ж.

2. Вернадский В.Н. Биосфера М.Мысль 1970

3. Культиасов И.М.Экология растений М.Изд МГУ 1982

б). қосымша:

4. Одум. Ю. Экология М.1986 т-1,т-2

5. Пианка Н.Ф. Эволюционная экология М.1981

6. М. Мұхиддинов «Геоботаника негіздері» А.


Лекция мәтіні:
Ценопопуляция (грек soinos – жалпы популяция) фитоценоздың ішіндегі бір түрдің особьтарының жиынтығы. Ғылымға енгізген Т.А.Работков (1945,1950). Ценопопуляция терминін 1961 Петровский енгізген. Фитоценоздарда өсімдіктердің әрбір особьтарының (дербес организмдердің) саны өте көп болады. Олар бір – бірінен жасымен, тіршілік күйімен және орналасу ерекшеліктерімен ажыратылады. Фитоценоздар популяция особьтары әрқалай орналасады. Осы көрсеткіштермен анықталады.

Өсімдіктердің жеке дамуының кезеңдері мен тіршілік күйлері.

Дербес организмдердің жасын дәл анықтауға болмайтын жағдайларда, популяция әртүрлі жастың топтарға кіретін дербес организмдердің ара қатынасымен сипатталады. Мұндай жағдайда популяцияның жастық құрамы емес жастық спектрі есептелінеді. Тұқымымен көбейетін көп жылдық өсімдіктерді жастық топтарға бөлудің негізіне олардың тіршілік циклдарын төрт кезеңге бөлу жатады (Работков).

Ол кезеңдер :



Жасырын (Латент) – бірінші тыныштық кезең

Виргильный (қыздың кезең) – тұқым көбеюіне дейін организмнің генеративтік жолмен

Генеративтік кезең

Сенильді (кәрілік) кезең

Т. А. Работковтың (1978) пікірінше жастық топтарға жоғарыда көрсетілгендей бөлуді вегетативтік жолмен көбейетіндерге және папоротниктерге де қолдануға болады.




Ценопопуляция құрамының әр түрлілігінің маңызы.

Ценотикалық популяция дегеніміз ол түрдің тиісті фитоценозда өмір сүру формасы осы жағдайда мекендеуге бейімделу формасы. Ол өсімдіктің тіршілік стратегиясын бейнелейді.

Ценотикалық популяцияның санын және құрамын анықтайтын өсімдіктің бейімделу қасиеттерінің ішіндегі маңыздысы :

1). Тұқымдардың бірден өнбей және топыраққа көмілгенде ұзақ уақыт өмірге төзімділігін сақтау

2). Жарықтың, минералды заттардың және судың жеткіліксіз жағдайында ұзақ ювенильді және имматурлы күйінде қалу қабілеттілігі

3). Ересек өсімдіктердің ұзақ уақыт өсіп жетілуге қолайсыз жағдайға шыдап, өлмей тек күйін өзгертіп сақталу қабілеттілігі.

Ценопопуляцияны құратын дербес организмдердің, жастық және тіршілік күйінің айырмашылықтарына байланысты, жер үстіндегі және жер астындағы мүшелерінің қуаттылығы олардың биогеогоризонттарда орналасуы әртүрлі болады (мыс : жер үсті мүшелері, тамырлары бірдей емес). Ересек өсімдіктерге қарағанда жас өсімдіктер көлеңкеге шыдамды келеді. Кейбір өсімдік түрлерінде дербес организмнің жасының ұлғаюына байланысты олар тіршіліктің бір формасынан екінші формасына ауысады мыс : жатаған бидайық және қылтанақсыз арпабас жас кезінде гемикриптофиттер, ал ересек кезінде – геофиттер.

Жасыл жағынан әртүрлі топқа жататын бір түрдің особьтарында мекендейтін ортаның өзгеруіне әр қалай жауап қайтару қабілеттілігі –түрдің фитоценоздағы тұрақтылығына жәрдем ететін қасиет.

Дербес организмдердің жастық және тіршілік күйіне олардың ортаны пайдаланып өзгерту қабілеттілігіне байланысты, ересек организмдердің әрбір жастың тобына (өскіндер, ювенильдік, имматурстық, генеративтік, сенильдік) тән ерекше экологиялық таушы (ниша) сәйкес келеді.

Ценотикалық популяциялардың жағдайы (күйі) және типтері.

Түрдің ценопопуляциясының ерекшеліктері тек қана оның экологиялық және биологиялық қасиеттерімен ғана емес сонымен қатар құрамына кіретін фитоценоздармен және ондағы түрдің алатын орнымен анықталады. Ценопопуляциялардың – динамикалық құбылыс ол құбылыс ол құбылыс ценопопуляциялар өмір сүретін фитоценоздардың жағдайларының өзгергіштігіне байланысты. Ценопопуляциялардың жеке типтерінің ішінде олардың маусымдық, әржылдық және сукцессиялық (бір фитоценоздың екінші фитоценозбен ауысуы) күйлерін ажыратуға болады.

Ценопопуляцияның маусымдағы өзгергіштігі дербес организмдердің санының өзгеруімен және олардың жастық және маусымдық күйлерінің ауысуымен көрінеді. Бұл құбылысты бір жылдық өсімдіктерде ерекше көруге болады. Флуктуациялық өзгеруді жыл сайын немесе бірнеше жылда күрт өзгеріп отыратын ортаның жағдайында тұқымнан өсіп жетілетін шөптесін өсімдіктердің ценопопуляциясында анық көрінеді.

Қорытынды


Ценопопуляция– фитоценоз ішіндегі түр особьтарының жиынтығы

Көп жылдық өсімдіктер жастың топтарына қарай тіршілік циклдары төрт кезеңге бөлінеді : латент, виргиль, генеративтік, сенильді.

Сукцессия кері оралмайтын, араласа ұзақ уақытқа аз оралатын өзгерістер.


8 - лекция


Фитоценоздардың құрылысы

Жоспары :
(1сағат)


  1. Флористикалық қарапайым және күрделі фитоценоздар

  2. Фитоценозда өсімдіктердің сандық қатынасын анықтау

  3. Өсімдіктер жабындылары

  4. Өсімдіктер массасын анықтау

Пайдалынатын әдебиеттер :

а) негізгі

1. Беклемишев В.Н. Биогеоценологические основы сравнительной паразитологий

М 1978 ж.

2. Вернадский В.Н. Биосфера М.Мысль 1970

3. Культиасов И.М.Экология растений М.Изд МГУ 1982

б). қосымша:

4. Одум. Ю. Экология М.1986 т-1,т-2

5. Пианка Н.Ф. Эволюционная экология М.1981

6. М. Мұхиддинов «Геоботаника негіздері» А.



Лекцияның мәтіні :

Түрлер санына қарап фитоценоздар флоралық қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайым фитоценоз бір немесе аздаған түрден құралған, күрделі – бірнеше түрлерден құралған. Өте қарапайым фитоценоз бір түрден құралған болады олар табиғатта кездеспейді. Екпе егінді өсімдіктер, топырақ бактерияларының кейбір топтарында болуы мүмкін.

Флоралық күрделі фитоценоздарда өсімдіктер түрлері көптен кездеседі олар экологиялық – биологиялық жағынан түрліше болады. А.А.Гросгейм (1929) фитоценоздарды бір түрден тұратын аггрецация, бірнеше экологиялық топ бір түрден тұратындарды аггломерациялық фитоценоздар деп бөлген. Көп түрлі фитоценоздар ылғалды тропикалық ормандар өсімдіктерінде кездеседі мыс : Африка орманының 100м2 да 100 түрден көп өсімдіктер кездеседі, ағаш шөптесін өсімдіктер, бұталар т.б.

Фитоценоздарды флоралық тығыздығы (байлығы)

  1. Фитоценоздар мекендейтін территориялардан физико – географиялық және тарихи жағдайына

  2. Эдафикалық (топырақ) жағдайларға

  3. Экологиялық режимнің тез өзгеруіне

  4. Биотикалық факторлар

  5. Фитоценоздағы және компоненттердің ерекшеліктеріне байланысты

Өсімдіктер қауымдастықтарын үйренгенде белгілі – бір көлемдегі территорияда өсімдіктердің флорасын (түрін) анықтауы керек. Бұл территорияда фитоценоздың жалпы характері тұтас белгіленуі шарт. Өсімдіктер қауымдастықтарын үйрену оңай іс емес ол үшін систематиканы жақсы білу керек (балдыр, саңырауқұлақ микрофлора т.б.).

Қазіргі заманғы геоботаникада өсімдіктер қауымдастықтары жазу және өсімдіктер түрлерін жазуда көзге көрінетін өсімдіктер түрлері алынады. Өсімдіктер қауымдастықтарын үйренуде 4-10м2 мекен – жай алынуы керек. Фитоценоздардың түрлерін анықтаудағы территория түрлі өсімдіктер топтарында түрліше алынуы мүмкін мыс : мүк қауымдастықтары үшін 0,25-0,50м2 шалғын өсімдіктері үшін 100м2 болады (О. Веснов 1936).

  1. Фитоценозда өсімдіктердің сандық қатынастары және оларды үйрену.


Өсімдіктер қауымдастықтарының флорасының толық тізімі

Қауымдастықтардағы өсімдіктер түрлерін анықтайды. Қауымдастықтарда әрбір өсімдік түрлері бір түрлі жағдайда өмір сүрмейді (фитосреда) нәтижеде өсімдік түрлерінің сандық қатынасы пайда болады. Түрлердің сандық қатынасы негізгі фитоценоз белгісі есептелінеді. Түрлердің өзара сандық қатынасы фитоценоздарда төмендегіше характерленеді.



  1. Түрлердің сандық мөлшерін көзбен көру арқылы бағалау

  2. Өсімдік қауымдастықтарында санап көру арқылы бағалау

  3. Қауымдастықтардың территориясын анықтау

  4. Өсімдіктер массасын (жер үсті, жер астын) өлшеу арқылы анықтау

  5. Өсімдік түрлерін көлемдік анықтау

Геоботаника пәнінде өсімдіктердің түрлерінің кездесуін бірнеше

әдістемелермен анықтайды. Солардың ішінде Ресей Геоботанигі

- О. Друденінің 6 баллдық шкаласы көбірек пайдаланылады. Друде шкаласы көзбен бағдарлау жолымен үйреніледі.
Өсімдіктердің тығыздығын Друде шкаласымен анықтау.


Друде бойынша

По шестибалльной системе




Цифровой

Словесной

Sociales (Soc)

6

Көп (өте) басымдық белгілері бар түрлер бойынша

Copiosus Cop3

Cop2

Cop1

5

4

3



Тарқалған –көп

Әр жерде таралған – көп

Кездеседі азырақ


Sparsus (sp)

2
Аз кездеседі

Solitarus (sol)

1

Өте аз кездеседі

Өсімдіктер жабындылары.

Өсімдіктер жабындыларының территорияларын анықтау өсімдіктер түрлерінің қатынасын және олардың маңыздылығын анықтауда негізгі міндет. Өсімдіктер жабындылары территориясы немесе проекциялық жабындылық деп жеке немесе өсімдіктер қауымдастықтарының жер бетіндегі жабындылығы түсініледі. Ол белгілі территорияда 100% жалпы жабындылықтың мөлшері түсініледі мыс : өсімдік жабындалған мекен жай 70 % болса, 30% жабындалмаған болады (жоғарыдан көрінгенде).

Өсімдіктер жабындылығында басым түрлер басым –доминант түрлер деп атайды. Өсімдіктер жабындылығы м2 мекен – жайдағы өсімдіктер санымен анықталынады. Олардың ішіндегі доминант түрлер анықталынады. Проекциялық әдістеме көбірек шөптесін өсімдіктерге тиісті болып оны Л.Г. Раменский жаратқан. Өсімдіктердің проекциялық жабындыларын 10 –баллдық шкаланы қолдану арқылы анықтауға болады.

Өсімдіктер жабындыларының проекциясы.

10-балл шкала

Баллдар

Өсімдік қауымдастықтары жабындану характеристикасы

Жабындану

% -пен


10

Толық жабындану

100-90

9

Өте үлкен жабындану

90-80

8

Үлкен жабындану

80-70

7

Үлкенірек жабындану

70-60

6

Орта жабындану

60-50

5

Сиректенуі

50-40

4

Күшті сиректену

40-30

3

Аз жабындану

30-20

2

Өте аз жабындану

20-10

1

Жабындану жоқ дәрежеде

10-нан аз

Өсімдіктер массасын анықтау, салмақтық қатынастар.

Өсімдіктер қауымдастықтары үшін биологиялық характеристика беруде олардың биомассаларын және түрлерінің салмақтылық қарым – қатынастарын анықтаудың маңызы бар.

Өсімдіктер қауымдастықтарында шаруашылық және биологиялық өнімділігі бар. Жалпы биологиялық өнімділік деп өсімдіктердің ауада құрытылған жер асты және үстка массалары түсініледі.

Шаруашылық өнімділік деп анық алынған органикалық масса (белгілі – бір территориядан) түсініледі. Мұнда өсімдіктердің шаруашылықта керекті болған биомассасы, өнімі өлшенеді.

Фитоценоздардың өнімділігі және салмақтың қатынасы түрлер ара және топтарда өлшеу арқылы анықталынады (белгілі территорияда). Шөптесін өсімдіктерде 1м2, 10м2 өлшеніп гектарға айланады. Өсімдіктердің көк массасын соң оны құрыту олардың құрамындағы судың мөлшері анықталынады.



9- лекция

Фитоценоздардың структурасы

(1сағат)
Жоспары :

1. Фитоценоздар структурасы түсінігі

2. Фитоценоздың морфологиялық структурасы

3. Фитоценоздың горизонталдық құрылысы


Пайдалынатын әдебиеттер :

а) негізгі

1. Беклемишев В.Н. Биогеоценологические основы сравнительной паразитологий

М 1978 ж.

2. Вернадский В.Н. Биосфера М.Мысль 1970

3. Культиасов И.М.Экология растений М.Изд МГУ 1982

б). қосымша:

4. Одум. Ю. Экология М.1986 т-1,т-2

5. Пианка Н.Ф. Эволюционная экология М.1981

6. М. Мұхиддинов «Геоботаника негіздері» А.



Лекцияның мәтіні :
1. Структура әрбір өсімдік қауымының маңызды белгілерінің немесе қасиеттерінің бірі болып табылады. Оны зерттеу геоботаниканың басты міндеті. Геоботаникада фитоценоздың структурасының мөлшері және маңызы туралы түрлі көзқарастар бар.

В.В.Мазинг (1965 –1969,1973) структура ұғымын түсіндіруде үш негізгі бағыт бар екендігін атап көрсетеді.

Структура құрамның синонимі ретінде түрлік структурасы, популяциялық структурасы, биоморфтық структурасы т.б.

Структура құрылымның (строение) синонимі ретінде

фитоценоздарда экологиялық және кеңістік жағдайларына қарай бір – бірінен ажыратылатын бөлшектердің бар екеніне байланысты геоботаниктер структураны осылай түсінуді қолдайды. Структура латын сөзі (stauctura) –құрылысы, орналасуы. Фитоценоздар структурасын ондағы өсімдіктердің органдарының, компоненттерінің кеңістікте және уақытқа байланысты орналасуы деп түсіну дұрыс болады.

Фитоценоздар структурасы : жер үстіндегі және жер астындағы ярустылық, фитоценоздың сикузиялылығы, консорвтігі, аспектері.

Фитоценоздардың структурасы мынандай бөлімдерге топтастыруға болады :1. фитоценоздың морфологиялық (синморфология), кеңістіктегі немесе хорологиялық структурасы 2. фитоценоздың хронологиялық структурасы (фитоценоздың өзгергіштігі) 3. фитоценоздың эколого-биологиялық структурасы 4. фитоценоздың констициялық структурасы.

2. Фитоценоздың морфологиялық (кеңістіктегі немесе хорологиялық) структурасы (синморфология).

Фитоценоз өзара қарым- қатынастармен және территориясының бірлігімен байланысқан популяциялар үйлесімді ретінде вертикалдық және горизонталдық бөлшектенумен сипатталады. Фитоценоздың вертикальдық структурасының элементі болып ярустылығы, ал горизонталдық структурасының элементі – мозайкалығы болып табылады.


Фитоценоздың ярустылығы – тік өлшеудегі структурасы.

Ярустылық – фитоценоздардың әртүрлі дәрежеде қабысқан ассимляцияға заттар және энергия жинақтауға әр қалай қатысатын қабаттарға, ярустарға, қалқаларға биогоризонттарға бөлшектенуі.

Егерде Мырзашөл өңірінде өсетін ағаштар және шөптесін өсімдіктердің көретін болсақ. Олар жер үсті және жер асты қабаттардан (ярустардан) тұрады. Бұл қабаттар өзінше энергетикалық жүйе болып табылады. Өйткені олардың дербес организмдері әртүрлі дәрежеде фотосинтез үшін жарық энергиясын пайдаланады. Сонымен қабат дегеніміз (Быков 1978, 1988) фитоценоздың негізгі структуралық, экологиялық және энергетикалық бөлігі ол доминант, суб доминант популяциялардан пайда болған немесе бір экобиоморфаға жататын, кондоминанттардан пайда болған.

Фитоценоздарда мынадай қабаттарды (Быков 1988) ажыратады.

1). Констетуциялық немесе негізгі (ағаштар, бұталар, шөптер, мүктер, қыналар).

2). Эдафикалық негізінен редуценттерден тұратын (топырақтағы саңырауқұлақтар және микробтар қабаты).

3). Орындаушылар (планктондық организмдер) :

сонымен қатар басты және екінші дәрежедегі қабаттарды ажыратады.
Басты қабаттарды доминанттар және кондоминанттар, екінші дәрежедегілерді - субдоминанттар субдоминанттар түзеді. Қабаттар көлденең (горизонталь) ярустарға және биогоризонттарға бөлінеді.

Ярус – фитоценоздағы қабаттың бөлігі онда негізінен ассимиляция жасайтын (жапырақтар, сабақтар) немесе тамыр, тамыр сабақтар, түйнектер қабаттың ярусы – екінші дәрежелі деп аталады.

Біздің еліміздегі (ТМД) өсімдіктерді (Быков 1978) мынадай ярустарға бөледі :

- биіктігі жағынан бірінші ағаштар (15-20м одан да биік)

- биіктігі жағынан екінші ағаштар (6-15м)

- аласа ағаштар (6м дейін) жартылай ағаштар, бұталар

- биік шөптер, орташа бұталар

- биіктігі орташа шөптер немесе аласа бұталар

- аласа шөптер, бұташалар

- жердің бетінде орналасқан ерекше шөптер – мүктер, қыналар

Өсімдіктер қауымының жер асты бөлігін үш ярусқа бөледі :

1. а). Амброфиттер б) гидрофиттер,

2. Трихофиттер

3). Фреатофиттер

Агроценоздар құрылысында мынадай ярустарда (Комаров (1439) ажыратады :

- мәдени өсімдіктерден биік арамшөптер

- мәдени өсімдіктер және онымен биіктігі бірдей арамшөптер

- мәдени өсімдіктердің биіктігінің жартысынан төнген арамшөптер

- аласа жер бетінде төселіп жататын арамшөптер


10-лекция

Фитоценоздың горизонталдық құрылысы (теңбілділігі немесе мозайкалығы).
(1сағат)
Жоспары:

  1. Фитоценоздардың теңбілділігі.

  2. Фитоценоздың геометриялық структурасы.


Пайдаланатын әдебиеттер :

а) негізгі

1. Беклемишев В.Н. Биогеоценологические основы сравнительной паразитологий

М 1978 ж.

2. Вернадский В.Н. Биосфера М.Мысль 1970

3. Культиасов И.М.Экология растений М.Изд МГУ 1982

б). қосымша:

4. Одум. Ю. Экология М.1986 т-1,т-2

5. Пианка Н.Ф. Эволюционная экология М.1981

6. М. Мұхиддинов «Геоботаника негіздері» А.


Лекция мәтіні:

Раменский (1938) фитоценоздар теңбілдігін экологиялық, фитоценотикалық және эпизодтық (ауық - ауық) деп бөлуді ұсынды.

Т.А.Работков (1972) теңбілділіктің (мозайканың) жеті түрін ажыратуды ұсынды.

1). Эдафикалық, эдафотоптық біркелкі еместігіне байланысты (жердің тегіс еместігіне)

2). Эпизодтық өсімдіктердің ұрық бастарының таралуының және олардың өскіндерінің өсіп жетілуінің кездейсоқтығына байланысты

3). Ценобиотикалық өсімдіктердің бір түрлерінің екінші түрлеріне әсер етуі әсіресе ортаның өзгеруі арқылы, рельефтердің пайда болуы.

4). Клоналдық кейбір өсімдіктердің вегетативтік көбеюінің ерекшеліктеріне байланысты бір – біріне жақын орналасқан бір түр жататын дербес организмдердің клоналар пайда болуы.

5). Зоогендік ценоздардың зоокомпоненттердің әсерінен микрорельефттердің пайда болуы, ортаның өзгеруі. 6). Антропогендік адам әрекетінің жергілікті әсеріне байланысты (орманды таңдап ағаштарды кесу, от жағу т.б.). 7). Экзогендік жел, су тағы басқа сыртқы факторлардың фитоценозға әсері. Фитоценоздардың мозайкалылығының, эпизодтық ценобиотикалық, клональдық формаларын мозайкалықтың бір типіне біріктіріп фитогендік деп аталады. Мозайкалықтың фитогендік түрі фитоценоздардың барлықтарында кездеседі.



Теңбілділік – оның түрлері және айқындылық дәрежесі- фитоценоздардың өте маңызды белгісі болып табылады. Көптеген фитоценоздардың теңбілділіктерінің ерекше белгісі олардың динамикалылығы (қозғалыстығы немесе өскінділігі) уақыт өткен сайын бір микротоптың басқаларымен ауысып тұруы.

Фитоценоздың геометриялық структурасы.

Фитоценоздардың өнімділігінің үлгісін жасау үшін олардың геометриялық структурасының бейнесін білу қажет. Фитоценоздардың геометриялық структурасы дегеніміз – фитоценоздағы өсімдіктер жапырақтарының тіршілік ету орнына бейімделуіне байланысты кеңістікте орналасуы. Фитоценоздардың геометриялық структурасы олардың құрамындағы өсімдіктердің белгілі – бір биіктікке және кеңістікке бейімделген жапырақтарының белгілі – бір көлем мөлшеріндегі аумағымен сипатталады.


11-лекция

Өсімдіктер жабындарын картаға түсіру
(1сағат)
Жоспары :

1. Өсімдіктер жабындарын картаға түсіру мәселелері

2. Геоботаникалық карталардың толықтығына қарай түрлері

3. Өсімдіктер жабындарының ерекшеліктеріне қарай геоботаникалық карталар


Пайдалынатын әдебиеттер :

а) негізгі

1. Беклемишев В.Н. Биогеоценологические основы сравнительной паразитологий

М 1978 ж.

2. Вернадский В.Н. Биосфера М.Мысль 1970

3. Культиасов И.М.Экология растений М.Изд МГУ 1982

б). қосымша:

4. Одум. Ю. Экология М.1986 т-1,т-2

5. Пианка Н.Ф. Эволюционная экология М.1981

6. М. Мұхиддинов «Геоботаника негіздері» А.


Лекция мәтіні:
Өсімдіктер жабындыларын картаға түсіру геоботаника ғылымының бір бөлігі. Өсімдіктер жабындарын картаға түсіру өз кезегінде геоботаниканың кейбір бөлімдерінің (өсімдіктер жабындыларының классификациясы, динамикасы, геоботаникалық аудандастыру, фитоценоздар географиясы) дамуына жағдай жасайды. Қазіргі геоботаникалық карталар картаға түсірілетін территорияларының өсімдіктер жабыны туралы мәліметтерге (құрамы, структурасы, динамикасы, тарихы географиясы) олардың табиғи факторлармен байланыстылығы оларды талқылап ботаника – географиялық проблемаларды шешуге мүмкіншілік береді.

Барлық геоботаникалық карталар толықтығына, дәлелдігіне және масштабына қарай төртке бөлінеді :

1. масштабты карталар, масштабы 1 : 500000

2. орта масштабты карталар, масштабы 1: 300000 – 1:100,000

3. ірі масштабты карталар, масштабы 1:50000 – 1:10,000

4. толық дәл карталар және пландар масштабы 1:50000 –1:500

Әртүрлі масштабтағы карталарға өсімдіктер жабынының

әртүрлі категориялары түсіріледі. Барлық геоботаникалық карталар мақсатына қарай, бірнеше кластарға бөлінеді :

биоэкологиялық жіктеудің негізінде өсімдіктер жабынының ерекшеліктері туралы мәліметтер беретін карталар (картаға берген сөздер жазылады).

Генетикалық немесе география – генетикалық жіктеудің негізінде өсімдіктер жабынының ерекшеліктері туралы мәліметтер беретін карталар.

Өсімдіктер жабындарының кейбір жеке ерекшеліктері туралы мәліметтер беретін арнайы карталар мыс : мал азықтары, жалпы өсімдіктер- қорлары туралы карталар.

Өсімдіктер жабынын картаға түсіру әдістері әртүрлі

Фитоценоздарды толық дәл түсіруді территорияны алдын – ала квадраттарға бөліп қазық (пикст) қағып белгілеп алып бастайды. Ірі және орта масштабқа түсіруге топографиялық карталар пайдаланады. Бұл жағдайда топографиялық картаға алдын –ала рельеф ерекшеліктерін ескере отырып паралельді (қатар маршруттарда сызып алып барып картаға түсіреді). Қазіргі уақытта геоботаникалық картаға түсіруде аэрофотосъемка кең пайдаланылады. Аэрофотосъемка дегеніміз жер бетін ауадан суретке түсіру. Ол үшін аэрофотоаппараттан 1: 200 –ден 1:100000 масштабта суретке түсіріледі. Соның нәтижесінде алынған фотоаппараттар геоботаникалық картаға түсіруде негізге алынады.

Геоботаникалық карталар геоботаникалық аудандастырудың ғылыми негізі болып табылады. Геоботаникалық аудандастыруды дамыту және геоботаникалық картаға түсірумен тікелей байланысты.

Барлық ботаникалық карталар екі топқа бөлінеді : флоралық және өсімдіктер жабынының картасы. Өсімдіктер жабынының карталары өз кезегінде геоботаникалық немесе өсмдіктер қауымының карталары.

Геоботаникалық карталар мақсатына және жасалу принциптеріне байланысты екі категорияға бөлінеді

1). Универсальды

2). арнайы универсальды

Геоботаникалық карталар өсімдіктер жабынының бөлшектерінің табиғи қалыптасу процессі кезінде құрылып жер бетінде таралуын көрсетеді.

Универсалды геоботаникалық карталарды қалпына келген өсімдіктер жабыны карталары және қазіргі кездегі өсімдіктер жабыны карталары деп екіге бөледі. Қазіргі кездегі өсімдіктер жабыны туралы карталар өсімдіктер жабынын пайдалануға байланысты проблемаларды шешуге пайдаланылады. Қалпына келген өсімдіктер жабыны туралы карталар экологиялық жағдайды бағалауға және әртүрлі палеографиялық мәселелерді шешуге қажет.

Универсал карталар синтетикалық және аналитикалық болып бөлінеді. Синтетикалық геоботаникалық карталар жасау үшін өсімдіктер жабыны толық картаға түсіріледі. Мақсаты әртүрлі. Аналитикалық карталардың қосалқы маңызы бар. Ол карталар кейбір жеке өсімдіктер қауымдарын олардың топтарын көрсетеді. Бұл карталар мәлімет және монографиялар үшін жасалып әртүрлі салыстырма жұмыстар үшін пайдаланады.

Арнайы геоботаникалық карталардың универсал карталардан айырмашылығы, оларда шаруашылықтағы маңыздылығы туралы түсініктемелер беріледі.

Арнайы геоботаникалық карталар оларды шаруашылықта пайдалану бағытына байланысты төмендегі типтерге бөлінеді.

1). Мал азығы карталары

2). Индикациялық карталар

3). Ормандар картасы

4). Өсімдіктер қоры туралы карталар

5). Медико – географиялық карталар т.б.

Мал азығы туралы карталар мал азығы үшін пайдаланатын жерлердің өсімдіктер жабынының практикалық маңызы бар структуралық биологиялық, экологиялық ерекшеліктерін белгілейді.

Индикациялық карталар – ортаның факторларымен, табиғат құбылыстарымен (жер асты суы, пайдалы қазбалар, топырақтың физикалық – химиялық құбылыстарымен ерекше байланыстарын анықтап;) келетекте өсімдіктер жабындары арқылы оларды іздеуге мүмкіншілік береді.

Ормандар туралы карталар - әртүрлі ағаш өсімдігі тұқымдарының орналасу ерекшеліктері туралы түсінік береді. Бұл орман шаруашылығын дұрыс жоспарлауға қажет.

Өсімдіктер қоры карталары - өсімдіктер қорын дұрыс пайдалану үшін түрлі өсімдіктер қорларын карталарға түсіреді.

Медико – география проблемаларын шешуде мыс : кейбір сұрауларды табиғи ошағын зерттегенде, курорттарды орналастыру жұмыстарында (медико – географиялық карталар түзіледі). Өсімдіктер жабындарының классификациясын негізге алып, карталарға легенда жасалды.

12-лекция

Фитоценоздардың эколого - биологиялық структурасы.

(1сағат)
Жоспары :


  1. Фитоценоздардың эколого – биологиялық структурасы түсінігі

  2. Тамыр жүйесі структурасы


Пайдалынатын әдебиеттер :

а) негізгі

1. Беклемишев В.Н. Биогеоценологические основы сравнительной паразитологий

М 1978 ж.

2. Вернадский В.Н. Биосфера М.Мысль 1970

3. Культиасов И.М.Экология растений М.Изд МГУ 1982

б). қосымша:

4. Одум. Ю. Экология М.1986 т-1,т-2

5. Пианка Н.Ф. Эволюционная экология М.1981

6. М. Мұхиддинов «Геоботаника негіздері» А.


Лекция мәтіні :
Фитоценоздардың эколого – биологиялық структурасы

дегеніміз ондағы өсімдіктер түрлерінің жеке сапалық белгілерімен ерекшеленетін биоморфаларының және экоморфоларының сандық құрамы маңызды белгілері мыналар : негізгі биоморфа, тамыр жүйесінің және жер үстіндегі өркендерінің структуралық типтері, өркендердің даму циклдары және өсіп ұлғаю әдістері, қыстап шығу әдістері жеміс салу және тарау түрлері, әртүрлі факторларға (су, температура, жарық, топырақ байлығы, топырақтағы тұздың шамасы және т.б. қатысты экологиялық типтер). Фитоценоздың санымен көрсетілген эколого – биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін толығырақ біліп, дұрыс сипаттау үшін фитоценоздың эколого – биологиялық структурасын зерттеудің маңызы өте зор.

Фитоценоздағы өсімдіктердің эколого – биологиялық ерекшеліктерін көп жақты талдап жалпы қорытынды жасау осы ауданның, зонаның табиғат жағдайын, оларды меңгеру механизмін, бейімделу ерекшеліктерін және олардың арқасында осы жер жағдайын игеріп биосферада органикалық заттар жинап, оның қорын арттыруда мүмкіншілігін білуге өте қажет болып табылады.

Табиғи өсімдіктердің эколого – биологиялық белгілерін және қасиеттерін зерттеудің жасанды фитоценоздардың үлгісін (моделін) жасау үшін маңызы өте зор.

Тамыр жүйесінің өсу қарқындығы және топыраққа өну тереңдігі әртүрлі, жер бетіндегі мүшелерінің структурасы бірдей емес және даму ритмикасы әртүрлі өсімдіктерді таңдап алу арқылы, экологиялық факторларды жан – жақты толық пайдалана отырып өнімділікті барынша арттыруға болады. Сонымен қатар өсімдіктердің тамыр жүйелері және жер үстіндегі мүшелерінің биологиясы туралы мәліметтерді жабайы, табиғи дәрілік және басқа да пайдалы өсімдіктерді дақылдар қатарына енгізу үшін пайдалануға болады.

Тамыр жүйелерін зерттеу жұмыстарының нәтижесін топырақтың эрозиясымен күресу үшін жыралардың, таулардың беткейлерін шалғындандыру ісінде өсімдіктерді дұрыс іріктеп алу үшін пайдалануға болады.


Түрдің экологиялық және фитоценотикалық оптимумы.

Ортаның алғашқы климаттық және эдафикалық факторлар комплексі фитоценоз компоненттерінің әсерінен өзгеріп фитоценоз қалыптасуы процессінде экотоп биотопқа айналады. Бұл өзгерістер өте нашар және өте күшті болуы мүмкін, ол фитоценозда құратын өсімдіктердің әлсіздігі (мыс табын өсім) не күштілігіне (мыс шырша) байланысты.

Экологиялық оптимум дегеніміз өсімдіктің түріне конкуренция жағдайына қолайлы жағдай жасайтын ортаның үйлесуі.

Фитоценотикалық оптимум фитоценоз компоненттері арасында қатты конкуренция бар жағдайда өсімдік түрінің жақсы өркендеп өсе алатын ортаның жағдайы. Түрдің экологиялық және фитоценотикалық оптимумы туралы. А.В.Прозоровский көптеген мәліметтер береді. Ол шабындық далада өсетін өсімдік түрлерін бәсеке жоқ болған жерлерде көп өнім беретінін дәлелдеді.

А.П. Шенников оларды құрғақ сүйгіш және құрғаққа төзгіш өсімдіктер деп атады.

Сөйтіп әрбір өсімдіктер түрлері үшін екі оптимумның бар екендігі ғылыми тәжірибе негізінде дәлелденген. Бұл түсініктерді анализ Т.А. Работков (1966) ең қолайлы деп “аутэкология” және “синэкологиялық” (фитоценотикалық) оптимум терминдерін ұсынды.


13-лекция

Фитоценоздардың конституциялық структурасы
(1сағат)
Жоспары :


  1. Экологиялық топтар

  2. Фитоценотикалық топтар


Пайдалынатын әдебиеттер :

а) негізгі

1. Беклемишев В.Н. Биогеоценологические основы сравнительной паразитологий

М 1978 ж.

2. Вернадский В.Н. Биосфера М.Мысль 1970

3. Культиасов И.М.Экология растений М.Изд МГУ 1982

б). қосымша:

4. Одум. Ю. Экология М.1986 т-1,т-2

5. Пианка Н.Ф. Эволюционная экология М.1981

6. М. Мұхиддинов «Геоботаника негіздері» А.



Лекция мәтіні :
Бұл топтарға фитоценотикалық біркелкі, өсімдіктер қауымының құрылысында, тіршілігінде және динамикасында бірдей роль атқаратын өсімдіктердің бір ярусқа жататын түрлері мысалы : мүктер және қыналар, шөптесін өсімдіктер және бұташықтар т.б.

Географиялық, флорогенетикалық және ценогенетикалық топтар

Бұл топтар өсімдіктер қауымындағы таралуы және экологиясы ұқсас әртүрлі тіршілік формаларына және әртүрлі ярустарға жататын флоралық шығу тегі бірдей түрлердің бірлестігі.

Өсімдіктер қауымының структурасы, оның ұзақ уақыт қалыптасу процессі кезінде құрылған, ол өскен ортасы жағдайының сыртқы көрінісі және сонымен қатар ол күрделі, үздіксіз өзгеріп отыратын жеке өсімдіктер және олардың топтарының өз араларындағы және орта жағдаймен (экотоппен, биотоппен) конкуренциясы, ассоциациялану өзара үйлесу дамуының қазіргі этапындағы нәтижесі болып табылады.

Бірақ өсімдік қауымының структуралық бөліктерін көрсетумен ғана шектелуге болмайды. Олардың сипаттамасын беру қажет. Бұл жерде барлық уақытта еске сақтайтын нәрсе ол өсімдіктер қауымының компоненттерінің экологиялық және биологиялық сипаттамасы неғұрлым толығырақ болса, сол ғұрлым өсімдік қауымының структурасын тереңірек және кеңірек түсініп анализ жасауға болады.

Өсімдіктер қауымы ішінде көлемі және маңызы жағынан әртүрлі көптеген структуралық бөліктерін немесе элементтерін бөлуге болады. Х.Х.Трасс (1970) бұл үшін “ценоэлемент” терминін пайдалануды ұсынды. Ценоэлемент терминін өсімдік қауымының бір ғана структуралық элементін көрсету үшін бірінші рет ұсынған М.И.Сахаров (1951). Сахаровтың ойлаған структурасы геоботаникада кең тараған басқа атпен “Микрогруппа” немесе “Микрофитоценоз” ал биоценология “парцелла” деп аталып кетті.

Өсімдіктер қауымының структурасына толық, нақты анализ жасау үшін мынандай жұмыстар орындалуы қажет а) қауымдағы бар әртүрлі структуралық бөлшектерін анықтау. б) әрбір структуралық бөлшектің құрамын (флоралық, экологилық биоморфтық) зерттеу. в) өсімдіктер қауымының әртүрлі структуралық бөлшектерінің таралуы заңдылықтарын және олардың мекендеген ортасының белгілі –бір экологиялық жағдайына бейімделуін анықтау г) өсімдіктер қауымындағы структуралық бөлшектердің бір – бірімен әрекеттестігін және олардың үйлесу заңдылықтарын анықтау. д) структуралық бөлшектердің динамикасының өзгешеліктерін және бағытын өсімдіктер қауымын өз динамикасымен байланыстырып зерттеу.

Өсімдіктер қауымының структурасын зерттеу ол қауымның құрамына кіретін өсімдік түрлерінің санды қатынасын, олардың қауымды құрудағы маңызын, олардың биологиясын және экологиясын, терең білуге негізделген.

Өсімдіктер қауымдарының структурасы, олардың ең негізгі басты белгілерінің бірі болып табылады. Сондықтан ол өсімдіктердің табиғи классификациясын жасауға негіз болады. Қауымның структурасын зерттеу нәтижесінде оның ішіндегі фитоценогенетикалық процесстердің бағытын, ерекшеліктерін және қауымның динамикасын анықтап, қауымның өткен уақыттағы және келешектегі өзгерушіліктері туралы болжам жасауға болады. Сонымен қатар қауымның структурасын зерттеу, қауымның фитомассасын және оның кеңістіктегі таралуын дәл анықтауға мүмкіншілік береді.

Әрбір өсімдіктер қауымының, сыртқы ортамен өзара тығыз байланыста болғандықтан, индикаторлық маңызы бар. Ал өсімдіктер қауымының ішіндегі ең көрнектісі және есептеуге оңайы олардың құрамы мен структурасы. Сондықтан өсімдіктер қауымының құрамы мен структурасы егжей – тегжейлі зерттелген сайын экотоп және биотоп ерекшеліктері туралы молырақ ақпарат алуға болады.

Сонымен өсімдіктер қауымдарының структурасы фитоценологияның бірқатар теориялық проблемаларын шешудің кілті болып табылады.

Өсімдіктер қауымдарының структурасы туралы ілімнің дамуында төрт кезеңді (Корчагин 1976) атап өтуге болады. Бірінші кезең 1750 жылдан 1860 жылға дейін) өсімдіктер структурасының кейбір элементтері туралы системаға келтірілмеген алғашқы түсініктердің пайда болуы. Екінші кезең (1860 жылдан 1926 жылға дейін) өсімдіктердің морфологиялық және экологиялық структурасы туралы түсініктерді дайындау және өсімдіктер қауымдарының структуралық бөлшектері туралы алғашқы системаны жасау. Үшінші кезең (1920 жылдан 1950 жылға дейін) өсімдіктер қауымының морфологиялық (ярустылық, теңбілділік) және экологиялық структурасы туралы түсініктердің қалыптасу кезеңі. Төртінші кезең (1950 жылдан осы уақытқа дейін) математиканы және кибернитиканы пайдалана отырып осы заманғы әдістер мен өсімдіктер қауымдарының структурасын терең зерттеу.



14-лекция

Өсімдіктер жабынын классификациялаудың

негізгі тәсілдері
(1сағат)
Жоспар :
1. Фитоценоздардың экологиялық классификациясы

2. Фитоценоздардың био – экологиялық классификациясы

3. Фитоценоздардың генетикалық классификациясы

4. Фитоценоздардың физиономиялық және флоралық классификациялары


Пайдалынатын әдебиеттер :

а) негізгі

1. Беклемишев В.Н. Биогеоценологические основы сравнительной паразитологий

М 1978 ж.

2. Вернадский В.Н. Биосфера М.Мысль 1970

3. Культиасов И.М.Экология растений М.Изд МГУ 1982

б). қосымша:

4. Одум. Ю. Экология М.1986 т-1,т-2

5. Пианка Н.Ф. Эволюционная экология М.1981

6. М. Мұхиддинов «Геоботаника негіздері» А.


Лекцияның мәтіні :
Фитоценоздардың классификациясы дегеніміз -өсімдіктер қауымдарын сипаттап жазғанда оларды ұқсастығына байланысты кластарға бөлу немесе біріктіру процедурасы. Өсімдіктер қауымдарын жүйеге келтіру принциптеріне байланысты оларды классификациялауды : экологиялық, биоэкологиялық, динамикалық, генетикалық, физиономиялық, флоралық топтарға бөледі.

  1. Фитоценоздардың экологиялық классификациясы.

Экологиялық классификацияны өңдеуді Е.Варминг (1901) бастап, Л.Дильс (1910) жалғастырды. Классификацияға негіз етіп ассоциациялардың сыртқы жағдайға әсіресе су режіміне қатысы алынады. Негіз етіп өсімдіктердің экоморфалары алынған. Таксондар жүйесі әдеттегідей : ассоциация, формация, формациялар класы тип тармағы және өсімдіктер жабыны типтері. Е.Вармингтің классификациясы төрт типтен тұрады.

1). Гидрофиттер

2). Ксерофиттер

3) Галофиттер

4). Мезофиттер

Б.А.Быков (1978) 1). Гидрофиттер, 2). Гигрофиттер, 3) Мезофиттер, 4) Ксерофиттер деп өзінің классификациясын ұсынды.



  1. Фитоценоздардың биоэкологиялық классификациясы.

Бұған Б.А.Быковтың (1963) жер бетіндегі өсімдіктер классификациясы мысал бола алады. Ол классификация 7 бөлімнен тұрады.

  1. Бактерия өсімдіктері қауымы

  2. Балдырлар өсімдіктері қауымы

  3. Қына өсімдіктері қауымы

  4. Мүк өсімдіктері қауымы

  5. Папоротник тәрізділер өсімдіктер қауымы

  6. Жалаңаш тұқымды өсімдіктер қауымы

  7. Жабық тұқымды өсімдіктер қауымы

Бөлімдер ішіндегі бөлшектеу формациялар доминанттарының белгілі – бір экоморфаларға жататындығын негізге алып жүргізілді.

3. Фитоценоздардың динамикалық классификациясы.

Өсімдіктер жабындарын классификациялауға динамикалық концепция тұрғысынан қарау туралы пікірлер негізінен американ ғалымы Ф. Клеменстің өсімдіктер қауымдарының сукцесиясы туралы еңбектерінде қалыптасты. Ф.Клементс әрбір өсімдіктер қауымына олардың сукцессия процессіндегі ролі, сукцессия қатарындағы тұрғысынан қарады. Соның нәтижесінде ол сериялық климакстық фитоценоздарды ажыратты. Сериялық қауымдар өсімдіктер қауымының даму стадиялары өкілдері ретінде, барлық өсімдіктер қауымдарын – пионерліктен бастап белгілі – бір тіршілік ету орны типіне тән ақырғысына дейін қамтиды. Әрбір сукцессиялық қатардың ақырғы стадиясы – климакс. Ф.Клементс климаксты – структурасы тұрақталған және климатпен тепе – теңдікке жеткен ең орнықты қауым деп түсінеді.

Өсімдіктер жабындарының классификациялары ішінде өсімдіктер қауымдарының динамикалық күйіне талдау жасау негізінде Е. Айхингер (Грибова, Исаченко бойынша 1912) классификация түзді. Бұл жүйеде ең төменгі бірлік болып динамикалық тип даму типі саналады. Бір динамикалық типке флоралық және структуралық бірдей белгілері бар тіршілік ететін орындарға ұқсас, сукцессиялық қатарда бір стадияға кіретін физиономиясы жақын қауымдар жатады. Динамикалық топтар ары қарай әртүрлі белгілеріне қарай (генетикалық,флоралық, экологиялық) байланысты жүйеге келтіріледі. Генетикалық белгілерінің ұқсастығына қарай динамикалық типтер сукцесиялық комплекстерге топтастырылады, ал соңғылары –сукцессиялық комплекстерге. Динамикалық тип дегеніміз ол сукцессиялық қатардың бір стадиясы. Флоралық белгілердің ұқсастығына байланысты динамикалық типтер топтарға біріктіріледі, ал олар өз кезегінде жоғарғы сатыдағы топтарға біріктіріледі.

4. Фитоценоздардың генетикалық классификациясы (филогенетикалық).

Фитоценоздарды генетикалық классификациялау туралы алғашқы пікірді Россияда А.Н. Красновтың (1888) И.К.Пачоскидің (1891)С.И. Коржинскийдің (1899) В.Н. Сукачевтің (1915) еңбектерінде кездестіруге болады. В.Н.Сукачевтің пікірі бойынша ассоциацияның шығуына және тарихына негізделген. Яғни ғылыми классификацияға ғана ғылыми болып саналады. Белгілі фитоценоз типтерінің қалыптасу процесін В.Н.Сукачев алғашқыда ассоциация филогениясы; кейінірек – филогенез деп атады. Филогенез өте жай мың немесе ондаған мың жылдар ішінде жүреді. Флорогенез дербес (автономдық) процесс емес филоценогенездің құрамдық бөлігі филоценогенез процесі кезінде өсімдіктер түрлерінің экологиялық, биологиялық және генетикалық қасиеттері қалып тасып : олардың бір фитоценоздар және биоценоздар құрамына кіретін қасиеттілігі жетілуі нәтижесінде тиісті экологиялық таушаларға (ниша) орналасуы мүмкін болды. Фитоценоздардың генетикалық синтаксономиялық иерархияның жоғарғы бірліктерінің бірі болып формация фратриясы саналады мыс : Сочова (1944) жер шарын 98 фратияға бөледі. Олардың әрқайсысы біздің планетамыздың белгілі бір ландшарфтың бөлігін сипаттайды. Формация фратриясы құрамына бір кейде бірнеше доминанттармен бөлінетін формациялар кіреді. Олардың барлығы классификацияның алғашқы қадамдары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет