26-лекция
Фитоценоздардың хронологиялық структурасы (фитоценоздардың өзгергіштігі).
(1сағат)
Жоспары :
1. Фитоценоздардың тәуліктік өзгергіштігі
2. Фитоценоздың маусымдық өзгерістері
3. Фитоценоздардың әртүрлі жылдардағы немесе флуктуациялық өзгергіштігі
Лекцияның мәтіні :
Фитоценоздың экологиялық структурасы –оның дамуындағы өзгеріс белгілерінен тұрады. Оған фитоценоздардағы тәуліктік өзгерістер, маусымдық өзгерістер және әртүрлі жылдардағы өзгерістер жатады.
Фитоценоздың тәуліктік өзгергіштігі – өсімдіктің вегетация кезінде байқалады. Егерде өсімдіктің өскен ортасында ауаның температурасы ылғалдылығы, жел күші өзгеріп тұрса, фитоценоздың өзгергіштігі өзгеріп тұрады. Бір тәулік ішінде өсімдіктің барлық қызметтері өзгереді : фотосинтез, транспирация қоректік заттарды сору, олар өз ретімен фитоценоз ішіндегі ауаның құрамының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Көптеген өсімдік түрлерінің гүлдеуінің тәуліктік ритмі бар : мыс : қияқ, елек шөп тұқымдастар таңертең гүлдейді. Астық тұқымдастардың кейбір түрлері тәуліктің белгілі – бір уақытында гүлдейді. Бұл желмен тозаңданатын өсімдіктер үшін өте маңызды.
Бір тәулік ішінде кейбір өсімдіктер гүлшоғырының күнге байланысты орналасуы, жапырақтарының бейімделу бағыты өзгереді. Планктон балдырлар күндіз судың күн сәулесі түсетін барлық қалыңдықтарында кездеседі, ал түнде судың жоғарғы бетінде шоғырланады.
Фитоценоздың маусымдық өзгерістері.
Фитоценоздың маусымдық өзгергіштігі – оны құратын өсімдік түрлерінің жыл ішіндегі метеррологиялық жағдайдың құбылмалығына бейімделуінің нәтижесі. Бұл жағдайда бейімделу дегеніміз метеорологиялық жағдайдың ритміне үйлесімді өсімдіктер түрлерінің айқын жыл жайынғы тіршілікті ритмінің жасалуы. Мыс : қысы суық және жазы жылы ылғалды климат жағдайында, өсімдіктер қыста салыстырмалы тыныштық жағдайында болып, сосын көктемдік - жаздық – күздік өсу және даму циклдарынан өтеді. Ал жазы құрғақ және ыстық және қысы жылы және ылғалды климат жағдайында күздік –қыстық – көктемдік даму циклдары бар өсімдіктер үстемдік ететін фитоценоздар кездеседі. Олардың вегетация күзде басталады. Қыста ол әрі қарай жалғасады.
Бейімделу көптеген өсімдіктер түрлері үшін вегетациялық мерзімді түгел пайдаланудан тұрады. Өсімдіктің басқа түрлері вегетациялық мерзімді түгел пайдаланудан тұрады : өсімдіктің басқа түрлері вегетациялық мерзімді түгел пайдаланбай, тек оның бөліктерін ғана пайдаланады. (көктемдегі эфемерлер, жаздық астық тұқымдастар т.б.).
Фитоценоздардың маусымдық өзгергіштігінің негізгі себебі, олардың құрамында фенологиялық фазаларының өту мерзімі бірдей емес өсімдіктердің феноритмі болуы.
И.В.Борисова (1972) мынадай негізгі феноритмотиптерді ажыратқан.
1). Ұзақ вегетациялы өсімдіктер – вегетация кезеңі жыл бойына созылады.
2). Мәңгі жасыл өсімдіктер. Жапырақтары жылдан артық сақталады (14-16ай)
3). Жазда – қыста жасыл өсімдіктер - өсімдіктің барлық уақытта жасыл – жапырақтары болады (мыс V. Spicata).
4). Жазда – қыста – жасыл, жаздың жартылай толас (покой) кезеңі бар өсімдіктер. Бұл дала өсімдіктері.
5). Жазда –қыста жасыл – күздік қысқа толас кезеңі бар өсімдіктер. Вегетация дәуірі биыл күздегі жаңбырдың соңында басталып, келесі жыл күздің басында тоқтайды толас кезеңі қысқа (1-2ай) мыс : plantaqo lanceolanta.
6).Күзде, қыста, көктемде жасыл, жаздың толас кезеңі бар өсімдіктер көп жылдық түрлерінің вегетациясы күзден көктемге дейін созылады. Олар жазға қарай жапырақтарын тастайды мыс : Ranuncules.
7). Көктемде, жазда, күзде жасыл, ыстық толас кезеңі бар өсімдіктер. Көктемнен күзге дейін вегетациясы жүреді. Күзде жапырақтар тастайды – қоңыржай зоналардағы жапырақтары түсетін ағаштар, бұта өсімдіктері, орман шалғын, шөптесін өсімдіктер.
Қысқа вегетациялы өсімдіктер. Вегетациялау дәуірі жылдың ең қолайлы маусымдарға сәйкес келеді (көктемде және жаздың басында жазда және күзде
а). Көктемде –күзде жасыл, жаздың және қыстың толас кезеңдері бар өсімдіктер. Бұл типке жататын өсімдіктердің жапырақтарының көктемдік және күздік екі генерациясы бар (Papaver arientalis).
б) көктемді –күзде жасыл, жаздың толас кезеңі бар және қыста жеміс салатын өсімдіктер. Генеративтік фазасының циклі вегетативтік фазасының цикліне қарағанда ұзағырақ және күзге, қысқа қарай жылыған. Генеративтік мүшелері жер астында қыстайды.
в) көктемде, ерте жазда жасыл, жазда – күзде – қыста толас кезеңдері бар өсімдіктер (гемиэфемерондтар) вегетациясы көктемде басталып жаздың ортасына дейін жүреді (Ғеrula caspica, F. Soongarica)
г) жазда – күзде жасыл, қыста – көктемде толас кезеңі бар өсімдіктер. Вегетациясы жаздың басында, кейде көктемнің аяғында басталып күздің аяғына дейін жүруі мүмкін.
Эфемерлер – Вегетациялау кезеңі өте қысқа, көбінесе бір фенологиялық маусымды қамтиды, біржылдық өсімдіктер. Олар төмендегі типтерге бөлінеді : а) көктемде жасыл, жазда –күзде – қыста толас кезеңі бар өсімдіктер (нағыз эфемер, эфемерондтар) вегетациясы тек көктемде жүреді. б) жазда жасыл, күзде – қыста – көктемде толас кезеңі бар өсімдіктер. Вегетациясы тек жазда жүреді.
Фитоценоздардың әртүрлі жылдардағы немесе флуктуациялық өзгергіштігі.
Флуктуация (лат flucatio) – тербелу,тұрақсыздану - өсімдіктер қауымының әртүрлі жылдардағы белгілі – бір бағыты жоқ, циклді өзгеруі (циклдің өзгеруі 10-жылдан артық). Флуктуация тудыратын себептеріне байланысты Т.А.Работков 1978ж мынадай типтерге бөледі :
1). Экотопикалық
2). Антропогендік
3). Зоогендік
4). фотоцилді
5).Фитопаразитарлық.
Экотипикалық флуктуация климаттық тұрақсвыздығынан ортаның қасиеттері (топ ылғалдығы) өзгереді.
Антропогендік флуктуация – адамдардың әр жылда әр түрлі пайдалануына әсер етуіне байланысты. Фитоценоздарда өзгерістер болады. Антропогендік өзгерістер қайтып орнына келмейді немесе өте жай келеді.
Зоогендік флуктуация - өсімдіктермен қоректенетін жануарлар өсімдіктердің әсерінен болады мыс : жертесерлер т.б.
Фитоциклді – флуктуация – бұл түр өсімдіктердің дамуына байланысты. Әсіресе көптеген шөпті өсімдіктердің және бұршақ тұқымдас өсімдіктердің өзгерістерінде бұл құбылыс жақсы байқалады. Шалғындықтарда ауа райының жағдайы қолайлы болса, Н-5 жылда бір рет жоңышқа туысының түрлері жаппай дамып “жоңышқалы” жыл екенін байқатады.
Фитопаразитарлық флуктуация – кейбір паразитті саңырауқұлақтардың (мыс : зең саңырауқұлағы) жаппай көбеюі фитоценоздардың флуктуациясына әкеліп соқтырады. Олар жайылым фитоценоздардан алынатын мал азығының сапасын төмендетеді.
27-лекция
Фитоценоздардың –функционалдық структурасының элементтері.
(1сағат)
Жоспары :
1. Ценоячейка
2. Синузия
Пайдалынатын әдебиеттер :
а) негізгі
1. Беклемишев В.Н. Биогеоценологические основы сравнительной паразитологий
М 1978 ж.
2. Вернадский В.Н. Биосфера М.Мысль 1970
3. Культиасов И.М.Экология растений М.Изд МГУ 1982
б). қосымша:
4. Одум. Ю. Экология М.1986 т-1,т-2
5. Пианка Н.Ф. Эволюционная экология М.1981
6. М. Мұхиддинов «Геоботаника негіздері» А.
Лекцияның мәтіні :
Фитоценоздың компоненттерінің қарым – қатынастарына
негізделген организациялық формаларының структурасын оның функционалдық структурасы деп атайды (Миркин, Розенберг 1983) фитоценоздың функционалдық структурасының элементтеріне ценоячейка, синузия, консорция жатады.
Ценоячейка – туралы ұғымды фитоценоздың функционалдық структурасының қарапайым элементі ретінде В.С.Ипатов (1966) енгізді. Ценоячейка дегеніміз орта арқылы бір – бірімен тікелей қарым – қатынас жасайтын өсімдіктер тобы : мысалы, ормандағы ағаш және үстіндегі оның ықпал өрісіндегі өсімдіктер. Бір ценоячейкада барлық особьтар бір – біріне тікелей әсер етеді. Ценоячейкалардың шекаралары жоқ сырт көрінісімен көзге шалынбайды. Олардың бірін – бірі жабуы жер бетіндегі өсімдік жабынының үзіліссіз болуына себепкер болады.
Синузия – (грекше – Sinusia – бірге мекендеу, қауым терминін геоботаникада бірінші рет Швейцария геоботанигі Рюбель (1918) пайдаланды. Бұл термин Гамстың синузия туралы жұмысы жарияланғаннан кейін ғана геоботаникаға еніп кеңінен пайдалана бастады. Гамс синузияны экологиялық және биологиялық біркелкі түрлерден тұратын – біркелкі тіршілік орнына орналасқан өсімдіктер мен жануарлардың эколого –биологиялық бірлестігі деп түсінді. Гамс синузияны үш қатарға (категорияға) бөліп оларға сипаттама берді.
1 – қатардағы синузия – дербес өсімдіктер қауымы ішіндегі өмір сүретін особьтарының жиынтығы
2 – қатардағы синузия – дербес өмір сүретін бір тіршілік формасына жататын бір өсімдіктер қауымы ішіндегі әртүрлі түрлердің особьтарының жиынтығы.
3-қатардағы синузия – дербес өмір сүретін әртүрлі тіршілік формаларына жататын түрлер особьтарының жиынтығы. Олар белгілі – бір ортаның жағдайында бірге өсетіндігімен бір – бірімен байланысты.
Т.М.Д. мемлекеттерінде геоботаниктердің көпшілігі синузияны В.Н.Сукачевтың (1952) берген анықтамасына сәйкес түсінеді.
Сукачевтың берген анықтамасы бойынша синузия дегеніміз нақты түрлер құрамымен, осы түрлердің айқын экологиялық сипатымен кеңістікте жекеленген синузияны құратын өсімдіктердің жасаған ерекше фитоценотикалық ортасымен сипатталатын фитоценоздың структуралық бөлігі. Сукачев бойынша синузияның міндетті, негізгі белгілері болып оның кеңістікте бөлініп көрінуі және ішкі ортасының болуы.
Сукачевтың кеңістіктегі синузиясы Гамстың екінші қатарындағы синузиясымен және Т.М.Лимпааның бір ярусты өсімдіктер қауымымен синузиясымен сәйкес келеді. Т.М.Лимпаа (1946) синузияларды фитоценоздардың қарапайым структуралық бөлігі деп санады. Лимпаа бойынша фитоценоздар дегеніміз қарапайым синузиялар комбинациясы, ассоциациялар – синузия типтерінің комбинациясы.
Геоботаникада синузия туралы басқа да түсініктер бар мысалы В.В.Алехиннің (1928) ойы бойынша синузия деп атау үшін міндетті түрде олардың кеңістікте бөлінуі және ішкі ортасының болуы қажет емес. В.В.Алехин аралас жалпақ және қылқан жапырақтылар ағаштарының ішінде екі синузияны ажыратты. Шөптесін бұташықтар ішінде шөптесін бұташықтар синузиясын ажыратты. В.В.Алехиннің көзқарасы В.Н.Сукачевтің көзқарасына сәйкес келмейді В.Н.Сукачевтің синузияға берген анықтамасына сәйкес әрбір жақсы бөлінген ярус ерекше синузияның құрамына кіреді мысалы ерекше синузияларға трахеялы эпифиттер жиынтығын, лианаларды, эпифитті, қыналарды жатқызуға болады. Синузиялар ретінде қысқа уақыт өмір сүретін ярустарды құратын түрлер тобын бөлуге болады мысалы : көктемдегі орман эфемероидтары, өйткені олар уақыты бойынша жазда вегетациялайтын шөптесін өсімдіктер синузияларынан жақсы бөлінген, ал көктемдегі басқа өсімдіктерден экологиялық және ценотикалық ерекшеліктері бар. Кейбір жылдары болып тұратын синузияларды айтуға болады мысалы : шөлейт жерлерде жаңбыр көп болған жылдары пайда болған бір жылдық өсімдіктер синузиялары. Ормандардың синузиялары айқын ажыралып тұрады.
Фитоценоздарда синузиялар және ярустар әртүрлі принцип пен анықталады. Олар тек кейбір жағдайда ғана бір – бірімен сәйкес келеді. Ярус синузияға қарағанда фитоценоздың кеңірек структуралық бөлігі болып табылады. Ярустың ішінде бір – бірінен тіршілік формаларымен ажыратылатын бірнеше синузияларды бөліп көрсетуге болады мысалы : дала өсімдіктері қауымының ярусында астық тұқымдастар синузиясын тамыр сабақты астық тұқымдастар синузиясын кіндік тамырлы қосжарнақтылар синузиясын т.б. ажыратуға болады. Ярус бірнеше синузиядан тұруы мүмкін, ал синузия барлық уақытта бір ярусты. Синузия көбінесе екі немесе одан көп бір тіршілік формасына жататын түрлерден құралады.
28-лекция
Экологиялық факторлардың топталуы.
(1сағат)
Жоспары:
Экологиялық факторлардың әсер етуі.
Экологиялық факторлардың сандық корсеткіші.
Түрішілік экология
Пайдалынатын әдебиеттер :
а) негізгі
1. Беклемишев В.Н. Биогеоценологические основы сравнительной паразитологий
М 1978 ж.
2. Вернадский В.Н. Биосфера М.Мысль 1970
3. Культиасов И.М.Экология растений М.Изд МГУ 1982
б). қосымша:
4. Одум. Ю. Экология М.1986 т-1,т-2
5. Пианка Н.Ф. Эволюционная экология М.1981
6. М. Мұхиддинов «Геоботаника негіздері» А.
Лекцияның мәтіні :
Барлық экологиялық факторларды әсер етуі едісіне байланысты организмге тікелей әсер ететіндер /жарық, жылу, ауа, су, минералды қоректену. Режимдері /, және жанама /басқа факторларға әсер ететіндер/ әсер ететіндерге /жогарыда аталган режимдерге әсер етіп солар арқылы өсімдіктерге әсер ететін факторлар жатады/ бөлуге болады. Бірақ бір фактордың езі бір жагдайда организмге тікелей әсер етіп ал екінші бір жагдайда жанама әсер етуі мүмкін. Мысалы, учаскенің жер рельефіндегі /бедерлік/ орны - негізінен жанама фактор өйткені ол жарықтың, жылудың, судың, мөлшеріне әсер етеді, сондықтан ол тіршілік орнының_жылу, ауа, су және түз режимдері арқылы өйімдіктерге әсер етеді. Кей жағдайларда учаскенің рельефіндегі, орны тікелей әсер етуші фактор болуы мүмкін; мысалы, тау баурайының тіктігі өсімдіктердің келіп орналасуына қиындық жасап кейде тіпті мүмкіншілік бермейді.
Тікелей әсер ететін факторларды эколого - физиологиялық немөсе негізгі факторлар деп те атайды. Бүл факторлардың біреуі екіншісін алмастыра алмайды. Мысалы су жеткіліксіз болса оңы қорөктік заттың мөлшерін көбейтумен орнын толтыруға болмайды.Жылылық жеткіліксіз болса, оның орнын да баска факторлармен толтыруға бол-майды. Сондықтан жылуы аз солтустікте тек қана сол жылудың жеткіліксіздігіне байланысты өсімдіктер ол жердегі артық ылғалды, қоректік эаттарды пайдалана алмайды. Ал құргақшылықты оңтүстік аудандарда судың жеткілікеіздігінен өсімдіктер бар жылылықты жарықты толық пайдалана алмайды.
Әкологиялық факторларды абиотикалық немесе физико - география-.лық /климат.топырақ жагдайы. химиялық қасиеті тагы с.с/ жәнө био-тикалық /фитогенді зоогенді. антропогенді/ топтарға бөлу әдісі кең
тараған. Факторларды бүлай бөлу әрине оларды эерттеуге өте ыңғайлы. Егерде бүл факторлардың өсімдік өміріне тигізетін ықпалы жағынан келетін болсақ, онда ол факторларды бірінші әсер етушілер және комплөксті әсер етущілер деп бөлуге болады /сурет 12/
Егер бүл екі топтың өзара қатынасына көңіл аударсақ мынаны аңға
руга болады: жылылық факторы /температуралық жағдай/ климатқа
фитоценоздың микроклиматына орографияға және жер бетінің ерекшелігіне тәуелді ылғалдық
/су/ факторы да бірінші кезекте климатқа және фитоценоздың микроклиматына байланысты, бірақ та орографиямен биотикалық' факторлардың да әсері кем емес.
Жарық факторларының әсер'інде басты рольді климат атқарады,
-бірақ орографияның /мысалы,баурайдың зкспозициясы/ жене биотика-
лық факторлардың /мысалы,көлеңкелеудің| роліде аз емес. Химиялық
қүрам топыраққа және биотикалық факторларга /топырақ микроорга-
ңизмдері тағы с.с/ байланысты. Механикалық факторлар бірінші ке-
зекте биотикалық /таптау. шеп шабу және т.б./ факторларга байла-
нысты. Әрине бұл үлгіде бірінші әсер ететін факторлар мен комплексті факторлардың ездерінің ішіндегі, өзара есерлерін де ескеру керек. '
Негізгі басты экологиялық факторлар бір - бірімен тыгыз байланысты. Әдетте олардың біреуінің өзгерісі басқаларының өзгерісіне әкеледі.
Әрбір зкологиялық фактор немесе факторлар комплексі өсімдік онтогенезінің әр фазасында әр қалай әсер етеді. Особьтардың экологиялық қасиеті олардың жасына және тіршіліктегі күйіне байланысты өзгёреді егер особьтардың бір жастағы топтарын зерттесе олардың бір - бірінен айырмашылықтары олардың өскен ортасына қатысты тіршіліктегі күйіне байланысты болады.
Әрбір экологиялық фактор белгілі сандық көрсеткіштерімен си- -патталады қарқындылығымен және әсердің мөлшерімен /диапозон/, Сонымен экологиялық фактордың әсері оның дозасына тәуелді. Фактордың әсері ең алдымен оның амплитудасымен теңселу шегімен си-патталады. Осыған байланысты фактордың қарқындылығының маңызын көрсету үшін өте маңызды.екі басты нүктені бөледі /сурет №13,14/. Екі нүкте - минимум /аз шама/ және максимум /ең көп шама/ -фактордың амплитудасының тербелуінің өсімдік үшін екі шеткі нүктелері болып табылады. Егер фактор көрсеткішінің шамасы минимумнан төмен немесе максимумнан жоғары болып кетсе онда өсімдіктің жағдайы нашарлайды. Бүл екі нүктені қысым көрсёту зонасы "пессим" деп атайды. Барлық сызықтап тастаған зона өсімдіктің тіршілік әрекеті зонасы. Өсімдіктің ең тамаша дамуы фактордың қарқындылық зонасында болады /ортаңғы бөліғі/. Фактордың әсер ететін зонасы - минимумнан максимумға дейін - түрдің экологиялық валенттілігі болып табылады.
Экологиялы фактордын, үдемелі қарқындылығына байланысты осімдік жағдайынын, өзгеруі : 1 - теориялык тұргыдан ; 2- Фактордың нагыз әсері. 'Культиасов 1982 ж. Сонымен биологиялық прогресс фактордың кез - келген өзгер.ісінде емес оның екі - ең аз /минимум/ және ең көп /максимум/ мөлшерлерінің араларында ғана іске асатын қүбылыс. .
Белгілі фактордың екі мөлшері /максимум және минимум/ биологиялық процестің осы факторға қатысты толеранттылығының /латынның Rantia –шыдамдыдық / шекарасы болып табылады. Егер факторлар жиынтыгының әсерін және конкуренттік қарым - қатынасын ескермесек сосын жасанды түрде бір ғана факторды "бөліп" алсақ тек сонда ғана жоғарыда айтылган ойлар күшінде болады. Осы жағдайда гана біздер түрлерді стенобионттарга және эврибионттарга жатқыза аламыэ. Стенобионттар /гректің Stenos -тар және Bіоs -өмір / ортаның салыстырмалы түрақты жагдайында гана өмір сүруге қабілеті бар экологиялық бейімделуі қысыңқы организмдер. Әврибионттар /гректің Eurus - кең және . Bіоs - өмір / әртүрлі орта.жағдайында өмір сүруге қабілеті бар, экологиялық кең бейімделген /немесе толерантты/ организмдер. Егер біз эвритермді түр десек - ол температурага қатысты, бүл температураның кең амплитудалық жагдайында өмір сүре алады деген магана. Стенотермді түр десек - оны демек температураның өзгермейтін қысыңқы жагдайында гана өмір сүретін өсімдік деп түсіну қажет.Турді бөлшектеудің екі тәсілі бар. Морфологиялық - географиялық тәсіл, түр тармаңтарын /подвид/. түршелерді /разновидность/. формаларды бөлуге мүмкіншілік береді, ол систематика үшін қажет. Экологиялық тұрғыдан түрлерді биотиптерге, экотиптерге және т.б. бөлудің маңызы зор. ерекше /аз тербеліс амплитудасы бар/ мекен жагдайларындагы түрлер өте қарапайым турішілік структураларымен сипатталады. Ал экологиялық жагдайлардың үлкен тербеліс амплитудаларына бейімделген түрлердің күрделі түрішілік структурасы болады. Эдификаторлар. және доминанттар есебінде мүндай түрлердің фитоценология үшін үлкен маңызы бар. Әдетте түрішілік 'мынадай экологиялық топтарды бөледі: биотип, ценопопуляция, экотип.
Достарыңызбен бөлісу: |