Силлабус «Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы және психологиясы»



бет12/16
Дата01.10.2023
өлшемі95,21 Kb.
#183232
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі-emirsaba.org

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

[ 2. 9; 34. 278-291]
10 Тақырып: Қан жүйесі және жүрек - тамыр жүйесі физиологиясының жас ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты: Қан жүйесі және жүрек - тамыр жүйесі физиологиясының жас ерекшеліктерің аңықтау және теориялық білімдерін тереңдетуге көмектесу

1 Тапсырма: Кестені толтыру

2 Тапсырма: Бала ағзасындағы қан тамырларының жас ерекшеліктерін сипаттай отырып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Қан айналу жүйесінің жалпы құрлысы мен маңызы. Баланың қан айналым жолдары.
2. Жүректің құрылысы мен қызметі, жүрек циклі. Жүректің минуттық және систолалық көлемінің жасқа сай өзгерістері. Қан қысымы. Жүрек пен қантамырлар жұмысының нейрогуморалдық реттелуі.
3. Лимфа жүйесі, оның жас ерекшеліктері.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

[1.84-100; 2. 17; 34. 22-69]

11 Тақырып: Тыныс алу жүйесінің жас ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты: Тыныс алу жүйесінің жас ерекшеліктерің аңықтау және теориялық білімдерін тереңдетуге көмектесу

1 Тапсырма: Өкпе және ұлпа деңгейлердегі газ алмасу схемасын зерттеңіз. Суретте өкпедегі газ алмасуды, жасушаларды, ұлпалардағы газ алмасуды, веноздық қанды, артериялық қанды қандай сандармен көрсетілген.

2 Тапсырма: Спирограммада (сурет. 2) тыныш тыныс алу кезінде студенттің өкпесінде болатын ауа көлемінің арақатынасы (спирометрдің көрсеткіштерін жазу); максималды дем алу кезінде (график жоғары) және максималды дем шығару кезінде (график төмен түседі). Тыныс алу көлемі (см3), дем алудың резервтік көлемі және осы қыздағы дем шығарудың резервтік көлемі қандай екенін анықтаңыз. Бұл студенттің өмір салты қандай?
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Тыныс алу органдарының қызметі.
2. Тыныс алу мүшелерінің жас ерекшеліктері.
3. Тыныс алу жүйесі органдарының функционалдық көрсеткіштері: тыныс алу көлемі( ТК), тыныс алудың минуттық көлемі (ТМК), өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) және т. б.
4. Тыныс алуды реттеу.
5. Балалардағы тыныс алу түрлерінің қалыптасуы.
6. Әр түрлі жастағы балалардың тыныс алу ерекшеліктері (тыныс алу жиілігі мен тереңдігі, тыныс алу түрлері).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет