Силлабус пән: Практикалық психология Курс



бет7/15
Дата09.11.2016
өлшемі2,91 Mb.
#1325
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

Бірінші ситуацияда адам көмек сұрап психологқа барады, бл кезде адам психологпен әріптестік қатнаста болуға, оның талаптарын, ережелерін қатаң сақтап орындауға тырысады, яғни нәтижені ойластырулы түрде жасағысы келеді.

Екінші ситуация бұл жерде адам «экспертизаға» түсетінін біледі және өзіні сенімді, тұрақты етіп көрсету мақсатында сұрақтарға еркін жауаптар қайтарады. Психодиагностикалық құралдарға кез келген ситуацияда шынайы қатынаста болуды қадағалау.Психодиагностикалық мәселелерді - диагноз нәтижесіндегі мәліметтерді кім? Қалай? және қандай ситуацияда қолданатыны тұрғысынанда қарастыруға болады. Бұл ситуацияларды қысқа көрсетіп өтейік:

- Мәліметтерді смежник маманы психологиялық диагноз қою үшін емес, адменистраторлық шешімді шығару үшін қолданады. Аталған монографияның негізінде дифференциалды психология жалпы зерттеліне алатын мәселелер қатарына енгізілді.

1898жылы ағылшын журналында басылып шыққан Галтонның шәкірті Джеймс Маккин Кеттелл мақаласында «проба» «зерттелуші» деген мағынаны білдіретін «тест» термині алғаш рет ғылыми қолданысқа енген. дың басына қарай Эмил Крепелин алғаш рет экспериментальды психология әдістерін, пихология және психометриялық диагностика мәселелеррін шешуде қолдану туралы идеясын ұсынған. Оның шәкірті Э.Оерн бірінші болып осы идеяны интелектуалды қабілетті бағалау үшін тәжірибе жүзінде қолданысқа енгізді. XIX ғсасырдың соңы мен XX ғасырдың басында психологиялық диагностиканың әртүрлі әдістері тез қарқынмен дамыды. 1885жылы «мәтіндегі түсіп қалған сөзді есте сақтап қалу қабілеттін» зерттейтін әдісті өңдеп шыққаны туралы Герман Эббингауз мәліметтеген. Бұл топтың ойлау қабілетін зерттейтін алғашқы тестердің бірі болып есептеледі.1908жылы Альфред Бине және Томос Симон индивиттің есін өлшейтін «Метрикалық интелект өлшемін» жасап шығарған. Вилям Штерн коэффицент интелекта терминімен бала интелектісін өлшеуді ұсынған. Психодиагностиканың әдістері: Психодиагностиканың әдістерінің жіктелуі: Психодиагностиканың әдістерінің жіктелуі практик психологқа өз жұмысын атқаруда белгілі бір әдістемелерді таңдауға көмектеседі. Сондықтан бұндай жіктелу әдістердің байланысын бейнелеуі керек. 1.Психодиагностикада әдістемелер жиынтығы - әдістер деп аталады. Әдістеме практикалық міндеттерді шешуге арналып, белгіленген қасиеттерді анықтауға бағытталса, әдіс технологиялық тәсілдер мен процедуралардың жүргізілуімен сипатталады. Осы орайда, әдістердің өзін бірнеше критерилер бойынша сипаттауға болады: Әдіс – оқыту, зерттеу, үйрету жолы, тәсілі;Әдіс – табиғат заңдылықтары мен құбылыстарын , қоғамды жалпы танымды зерттеу; Әдіс – танымда және практикада белгілі нәтижеге жетудің тәсілі;

Әдістемелердің операционалды жіктелуі:

1.Әдістемелердің жіктелуі «обьективтілік-субьективтілік» деген өлшемдерге негізделеді. Обьективті әдістер жағдайындапсихологдиагностың нәтижеге әсері шамалы болады. Ал, субьективті әдістер нәтижесінде керісінше психолог-диагностың тәжірибесінен және интуициясына байланысты. Обьективті және субьективті әдістерді жүргізу барысында орындаушыдан әр түрлі технологиялық операцияларды орындау талап етіледі. Сондықтан да бұл жіктелу «операциональды» деп аталады. Обьективтіжәнесубьективтіәдістемелерарасындаайтарлықтайайырмашылықтарболмайды.Жаңашылпсихологиядағыпсиходиагностикалық әдістер өздерінің сапасы бойынша екі үлкен топқа бөлінеді:



Психодиагностикалық әдістер:






Аз формализденген әдістер

Формализацияның жоғары деңгейлі әдістері



1. Бақылау

2. Іс-әрекет нәтижесін анализдеу әдістері

3. Контент-анализ

4. Рөлдік ойын

5. Эксперименттік әдіс

1. Тест

2. Сауалнама

3. Жобалы техника әдісі

4. Психофизиологиялық әдіс

5. Аппаратуралық мінез-құлықтық әдіс


Формализденген әдістер зерттеудің нақты риламенттік процедурасына (инсрукциясы нақты сақталған, материалды белгілі әдістермен шешу) стндартизация (нәтижені бағалаудың басқа нормаларын немесе критерилердің болуы) сенімділік пен нақтылық кіреді. Бұл әдістер аз уақыт ішінде дигностикалық ақпаратты алуға, индивид пен адамдарды саналы салыстыруға мүмкіндік береді.

Тест – (ағылшын тілінен аударғанда «тексеру, дайындау» деген мағынаны білдіреді.) бұл стандартталған қысқа, көбіне уақыт бойынша шектелген бақылау. Сандық және сапалық айырмашылықтарды анықтауға бағытталған.

Формасы бойынша тестер:

-индивидуалды және топтық;

- ауызша және жазбаша;

- бланктық және заттық;

- аппаратуралы және компьютерлік;

- вербалды және вербалды емес болып бөлінеді.
Интеллект тест

Қабілет тест





  1. Мазмұны бойынша тесттер:




Тұлғалық тест

Жетістіктер тесті








2. Сауалнама – психодиагностиканың бұл әдісінде тапсырма сұрақ пен ойлар түрінде беріледі. Бұл әдіс зерттелушінің сөздерінен ақпарат алуға негізделген. Сауалнамалар диагностикалық инструменттердің ішіндегі ең көп таралған түрі болып есептелінеді.

Сауалнамалар:
тұлғалық сауалнамаларды анкеталы сауалнамалар адам

стандартталған өзіндік жауап туралы, оның психологиялық

деп қарастырады. ерекшеліктеріне байланыссыз

ақпараттарды алуға

бағытталған.

Психофизиологиялық әдістер – ол адамның табиғи ерекшеліктерін диагностикалайды. Бұл әдістің айырмашылығы анық теориялық негіздері бар. Бұл әдіс көбіне мектеп пен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қолданылады.

Аппаратуралық мінез-құлықтық әдістің көмегімен қарапайым психикалық қызметтерді (мысалы, теңдік) және жүйке жүйесінің қасиеттерін диагностикалауға болады. Сол сияқты диагностикалық аппаратуралалық диагностика арқылы психологиялық сәйкестілікті жүзеге асыруға болады. Аппаратуралық әдістерде белгілі бір кәсіби қабілеттерді диагностикалау үшін тест-тренажерлер бар.

Ал, аз формализденген әдістер клиент туралы құнды мәліметтер береді. Соған қоса, аз формализденген әдістер көп еңбекті қажет етеді. Мысалы, бақылау бірнеше айға созылуы мүмкін. 1. Бақылау – психодиагностикалық ежелгі әдіс. Ол арқылы адам туралы ауқымды ақпарат алуға болады. Ол стандартталған процедуралар белгісіз, анық емес кезде қажет. Бақылау жүргізген кезде келісушілік немесе адамның өзінің қатысуының басқа формасы керек емес. Бақылау – белгілі бір мақсат қойып обьектіні әдійі қабылдау. Психологияда бақылау кең тараған әдіс. Зерттеуші басқа адамның іс-әрекетін, мінез-құлқын, психикасын жүйелі жоспарлы түрде бақылайды.2. Контент-анализ – («контент» сөзі құжаттың мағынасы деген түсінікті береді) құжаттардағы зерттеп отырған құбылыс немесе процес жайлы сандық мәліметтерді жинау әдісі. Ол түрлі әлеуметтік зерттеулерде соның ішінде әлеуметтік психологияда кең қолданылады. Контент-анализдің мақсаты – құжат мәтінінің негізінде нақты адамдар мен құбылыстар туралы, олардың әлеуметтік-психологиялық қасиеттері туралы қорытынды жасау.



3. Рөлдік ойын - оқытушылық іс-әркетті ұйымдастыру барысында оған қатысушылардың өз тәжірибесі арқылы білім, дағды қалыптастыру мүмкіндіктерінің жүйелі түрі. Яғни, ережелермен анықталған жарысушылардың жеңіске жету немесе жеңілуін айқындайтын іс-әрекет. Іскерлік немесе рольдік ойын біртұтас әрекет ретінде сипатталатын қарым-қатынас жүйесінің бейнесі, маманның болашақ кәсіптік әрекетінің пәндік және қоғамдық мазмұнының қалыптасу формасы ретінде көрініс табады.

Іскерлік, рольдік ойындарда таңбалық құралдар (тіл, сөйлеу, графика, кесте, құжаттар) көмегімен шынайы мәндік негізге сәйкес кәсіби орта қалыптасады. Сонымен қоса мұнда біркелкі, әрі уақыт аясына сай жоспарланған жағдаяттар туындайды. 4. Эксперимент – бұл әрекет етушінің және эксперимент жүргізушінің бір-бірімен қарым-қатынасы. Әрекет етуші өзінің өмірін тәжірибесімен, мотивімен экспериментаторға келеді. Зерттеушінің нәтижесі тұлғалық эксперимент қарым-қатынасынан көрінеді. Эксперименттік әдістің артықшылығы – бізге керекті үрдіс пен құбылыс қашан көрінеді деп күтіп отырудың қажеті жоқ. Экспериментатор өзіне қажетті үрдісті өзі тудырады.



Бақылау – зерттелінген құбылыстың ерекшеліктерін сипаттайтын іріктелген бірліктерді (көрсеткіштерді, белгілерді) тіркеудің негізінде зерттелінген объектіні мақсатты жүйелі қабылдау. Практикалық психологиядағы бақылау – бұл: клиенттің психологпен қарым-қатынасындағы вербалды және вербалды емес мінез-құлқын мақсатты жүйені қабылдау. Әңгімелесу – психологтың сыналушымен серіктестік қарым-қатынасының барысында сыналушының тұлғасы жайлы диагностикалық маңызды ақпаратты алатын тұлғаны зерттеу әдісі. Жиі бұл әдіс психологиядағы көмек көрсетудегі терапевтік әңгімелесу ретінде анықталатын клиникалық сұхбаттасу деп аталады. Әңгімелесудің барысында психологтың серігін билеген эмоциялы күйлерге ену, сезіну арқылы, оның тұлғасын және СӨЗ және басқа да құралдарымен хабарлағанның барлығын бағаламай қабылдайтын – күйзеліс жолымен түсіну қабілетіне негізделген эмпатиялық тыңдау тыңдау әдісі қолданылады.

Практикалық психологтың іс-әрекетіндегі психодиагностикалық әдістер клиенттің проблемаларын зерттеуге бағытталады. Осы мақсатта стандартталған және тереңдетілген сұхбаттасу, бақылау (ең алдымен клиенттің вербалды емес мінез-құлқы), өзіндік бақылау (клиенттің күйзелістері, ойлары мен қиыншылықтары жайлы әңгімелесуі), тестер проективті әдістемелер, рөлдік және басқа да ойындар қолданылады.

Диагностикалық әдістер психокоррекция мен психотерапияның аралық және ақырғы нәтижелерін бағалауда да қолданылады.

Диагностикалық процедуралар практикалық психологияның әртүрлі мектептерінде және бағыттарында әртүрлі қолданылады. Әрбір мектеп клиенттің проблемаларын, оларды шешудің мақсаттары мен мүмкіндіктерін өз бетінше ерекше көреді.

Сұхбаттасу практикалық психологияның барлық мектептерінде әртүрлі вариацияларда қолданылатын негізгі диагностикалық міндетті құрал болып табылады

Психолог клиентпен оның мақсаттарын талқылайды, олардың тепе­теңдігінің дәрежесін бағалайды және ақиқатқа сай келмейтін үміттерін түзетудің шараларын қабылдайды. Мұндай әңгіме нақты да қол жетерлік нәтижеге саналы бадарлануға ықпал етеді.

Сұхбаттасуда психолог клиенттердің шынайы проблемаларынан алыс әртүрлі шағымдарына кездеседі. Шағымдардың неғұрлым жиі кездесетін түрлерін жалпылап, топтастыру әрекеттері жасалынған.

Психологтың диагностикалық жұмысындағы сұрақтар маңызды орынға ие. Ашық және жабық сұрақтар бар. Ашық сұрақтар «не», «қалай», «неге», «егер» деген сөздерен басталады. Ондай сұрақтар клиенттің таңдауын аз дәрежеде шектеп, оның «иә» немесе «жоқ» түріндегі бір мағыналы жауаптарды қолдануына мүмкіндік бермейді. Ашық сұрақ әңгімелесуге шақырады. Әрине, кейбір жағдайлардағы ашық сұрақтар клиентті ыңғайсыз жағдайға душар етеді. Онда ол: «Сізді дәл не нәрсе қызықтыруда?» ­ деген қарсы сұрақты қоюы мүмкін. «Неге» деп басталатын сұрақтар мазасыздандырып, қорғану тілегін тудырады. Сұрақтар тым көбейгенде де қорғаныс белсендіріледі.

Жабық (тұйық) сұрақтар клиентке шектеулі таңдауды табыс етеді. Олар клиенттің ұсынылған варианттардың біреуін таңдайтынындай құүрастырылады. Мәселен: «Сізді мазаландырған бетбұрыстар бір немсе екі жыл бұрын пайда болды ма?. Мұндай сұрақтар талқылау бөлімін, назарды тарылту қажет болғанда жарамды. Жабық (тұйық) сұрақ бұл конвергентті ойлаудың белгісі; ол проблемді кеңістік белгілі болған жағдайда орынды да тиімді. Келтірілген сұрақ проблема ұзақтығының мерзімі екі жылдан аспайтыны алдын ала анықталғанда жағдайды натылауға көмектеседі.

Клиентпен қарым­қатынаста психолог арқау болу, қайта әңгімелеу, сезімдерді сипаттау, резюме немее рефлексивті емес және рефлексивті тыңдаудың басқа да амалдары қолданылады.



Арқау болу ­ адамға оны тыңдап отырғаныңды көрсету. Ондай жағдайда айтылғандар тікелей қайталанады, не болмаса қысқаша түсініктемелерді қамтиды («иә», «солай ма!», «сізді түсінемін», «тағы айтңызшы»). Мұндай амал клиенттің ішкі әлемне оны ас мезі қылмай енуді қамтамасыз етеді, әрі оның комуникативті белсенділігін мақұлдайды. Баспен изеу және басқа да арқау болатын белгілер, сондай­ақ дыбыстық белгілер (м­м,) ұқсас әсер етеді.

Қайталау ­ бұл тыңдаушының серігінің айтқандарынан қайсібір сөзді (сөздерді) қайталауға негізделген реакциясы. Қайталау үшін қандай сөзді тадау қажет екендігін психолог шешеді, әрі оның таңдауы диалогтың даму бағыттарының бірін алдын ала анықтайды.

Қайта әңгімелеу клиенттің негізгі ойларының қысқаша баяндалуы. Әңгімелеу диалогтың екі серігін де клиенттің не ойлап, сезінетінінің дұрыс баяндалып, түсіндірілгеніне сенімді етіп екеуіне де пайдалы. Әңгімелеу клиенттің хабарлағанын шатасудан және сөздегі, ойдағы қарама­қайшылықтардан тазартып, суреттелген көріністің тұтастай қабылдануына мүмкіндік береді.

Сезімердің сәулеленуі ­ бұл ең алдымен клиенттің сөздерінде немесе вербалды емес мінез­құлқында көрінген күйзелістері жалы сөзбен хабарлау: «Сіз қысым жайлы айтқанда мен оны сеземін...». Психологтың сезімдерді еске алғаны клиенттің өткен шақтағы күйзелістерін жаңғыртады. Психологтың серігінің шынайы эмоцияларын тану қабілеті аталмыш шағын техниканы қолданудың алғы шарты болып табылады.

Резюме ­ әңгіме бөлшектерінің тұтастай бірікірілуі, алныған нәтижелердің айшықталуы және бекітілуі. Резюме клиенттің ойлары мен сезімдерін жинақтап, оның айтқандарының деректері мен барлық мазмұнын реттейді. Резюме өзекті деректер мен идеяларды тіркейді, клиентке деген назарды көрсетеді және де мақсатты (қалаулы нәтижені) құрарастырудың негзн даярлайды.

Клиенттің вербалды емес мінез­құлқын зерттеуге мүмкіндік беретін, оның сөз арқылы жеткізілген мінез­құлқынан құндылығы төмен болмайтын ақпаратты қамтитын, практикалық психологияның маңызды диагностикалық әдісі болып табылатын бақылау сұхбаттасудан ажырамайды. Тәжірибелене бастаған психологтар назарын клиентке шоғырландырудың орнына проблемаға бағыттайды.

Практикалық психологтың жұмыы көптеген вербалды емес интеракцияларды қамтиды. Ым­ишара тілі ­ бұл кеңес беру, психологиялық түзету және псиотерапия құралатын негіз. Альфред Адлер: «Мен пациентті біршама уақыт бойында пантомимада қабылдағанды, яғни оның сөздеріне назар адармай, оның өзін қалай ұстайтынынан, ситуацияларды қалай қозғалатынынан едәуір терең ниеттерді оқығанды өте құнды деп есептеймін» ­деп жазған.

Дене тілі жайлы берік білім және оны түсіну ­ практикалық психологтың қажетті кәсіби дағдылары. Вербалды емес тілге төрт түрлі ақпарат жатады. Өзара әрекеттестік жағдайы: әңгімелесу уақыты мен орны, кабинетің безендірілуі, киім және клиенттің психологқа деген қатынасына ықпал ететін басқа да бөлшектер.

Психолог серігі денесінің белгілері (отырысы, ым­ишаралары, сөздегі интонациялары) сөз турасындағы ақтаңдақтарды өзгертетін маңызды ақпаратқа ие. Вербалды емес қатынастуды интерпретациялаудың жеке­дара тәсілі: бір ған белгілер өзге мәдениетке жататын аамдар үшін әрқилы маңызға ие. Вербалды емес хабардан біреудің түсінгені басқаның түсінгенінен түбегейлі өгеше болуы мүмкн. Сәйкес зерттеулер визуалды қатынастың орта стандарттарының, дене қозғалысының дауыс тембрінң кейбір клиенттермен жұмыста мүлде жарамайтынын көрсетті.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Абрамова Г.С. Практическая психология –М.,1997

2. Гильбух Ю.З. Психодиагностика в школе. – М.,1989

3. Гуревич Г.М. Что такое психологическая диагностика. –М.,1985

4. Общая психодиагностика; под ред. А.А. Бодалева, В.В.Столина – М., 1987.

5. Психологическая диагностика: Проблемы исследования под ред. К.М. Гуревича. –М.,1981.

7дәріс. Психологиялық кеңес беру

Дәрістің мақсаты: Студенттерге жалпы психологиялық кеңес туралы теориялық түсінік беру.

Жоспары:

1.Психологиялық кеңес беру жайлы жалпы түсінік

2.Психологиялық кеңес берудің негізгі теориялық тұрғылары
Психологиялық әсер ету әдістерінің дәстүрлі бір түрі психологиялық кеңес беру болып табылады. Психологиялық кеңес беру ресми емес формада достық, туысқандық сияқты байланыстар негізінде және кәсіби жағдайларда емшінің, мұғалімнің т.б. ақылы, кеңесесі, жәрдемі, қолдауы, қолпаштауыжетекшілік жасауы сияқты әрекеттер арқылы адам өмірінде ежелден ақ беделді орын алады.

Психологиялық кеңес беру ­ клиенттің жеке өмірінде, кәсіби іс­әрекетінде, оқуында және басқа да жағдайларда кездескен психологиялық проблемаларын шеше алуы үшін мінез­құлықтың бейімсіз тәсілдерін, психологиялық қиыншылықтарды түсіндіретін психологиялық көмектің түрі. Кеңес беру ­ бұл адмның проблемаларын зерттеуге, кикілжіңдерін түсінуге, жағдайды меңгерудің жаңа тәсілдерін іздестіруге көмектесі. Психолог жағдайды өзгерту процесін тікелей басқара алмайтын, бірақ өзгертуге әрекеттенгенде кеңес беріледі. Кеңес беру психологиясы псхологиялық кеңес берудің теориялық негізін құрайды. Кеңес беру психологиясы ­ практикалық психологияныңпсихотерапияға мұқтаж емес клиентке психологиялық көмек көрсетудің тәілдерін жасайтын саласы. Ол психолог­кеңсші мен клиенттің арасындағы арнайы құрылған қарым­қатынастың барысында психологиялық проблемаларды тудыратын себептер түсініктемесінің, сондай­ақ клиенттің ішкі және тұлғааралық проблемаларды неғұрлым епті шешуіне мүмкіндік беретін әдістердің табылуынан бастау алады.

Психологиялық кеңес берудің: клиникалық, басқарушы, ұйымдастырушы, педагогикалық сынды адамдардың тәжірибенің қандай саласында психологтың кеңесіне мұқтаж болуларына байланысты т.с.с. көптеген түрлері бар. Ағылшын психологы М.Херберт «сіз кеңесшілерді мектептерде, өнеркәсіп кәсіпорындарында, ауруханаларда, әлеметтік қызметтерде кездестіре аласыз; неке, ажырасу мәселелері жөнінен кеңесшілер болады; ата­аналарға, студенттерге, зейнеткерлерге кеңес беріледі».

Клиент бастапқы диагностика үрдісінің өзінде­ақ нақты кеңес беруші көмекті алады. Сұхбаттасудың барлық кезеңдері клиентке түсініксіз мәселеледің жауабын алуға мүмкіндік береді. Алайда проблеманың шешілуіне жауап беретін және психологтың мақсатты ықпалын қамтитын кеңес беру процесінің орталық бөлімі алынып қойған диагностикалық мәлімтеттерге арқау етуді болжайды. Сұхбаттасудың аталмыш кезеңі қалауллы нәтижнің, яғни мақсаттың сезілуі ретінде белгіленеді. Психолог клиентпен бірге оның идеалын ­ оның қандай болғысы келетінін, өірінде қандай жағдайлардың болатынын, проблемаларының қашан шешілетінін анықтайды. Клиент үшін кеңес беруші ықпал кезеңі ерекше көрінбейді. Сұхбаттасудың бүкіл барысы оны «инсайтқа» итермелейді. Оның бойында орын ала бастаған өзгерістер: «Барлығын мен өзім түсіндім» ­ деген оймен дербес қуатының нәтижесі ретінде сезіледі.

Психологтар кеңес беру процесінде ықпал етудің әйкес әдістерін қолданады.

Кері ақпараттың ұсынылуы ­ клиентке тән әрекеттері, сезімдері мен ойлары нәтижелерін қабылдау және бағалау дағдыларын арттыруға негізделген әдіс. Ол клиентте мінез­құлқына деген әлеуметтік реакцияларына сезімталдығы төмендегенде немесе зақымданғанда не болмаса ол әлеуметтік ортаның әлеметтік үйреншікті ортасында тіршілік етсе ерекше пайдалы. Психологтың кері байланыс каналдары бойынша берілген жауаптары кеңес беру процесінде аса маңызды рөл ойнайды, олардың көмегімен клиенттің ақпаратты беру процсіне ықпал етіледі.

Кеңес – бұл шешімге әкелетін шешімдерді немесе әрекеттерді ұсну. Оған неғұрлым мұқтаж болса, ол соғұрлым жақсы қабылданады. Клиент кеңес сұраса, кеңес беру қажет. Жоқ болса үндемеу керек. Деген ереже бар. «Егер клиент сізден проблеманың шешімін талап етсе, сіз өзіңіздің оың орнында емес екендігіңізді әрі тек оның өзі ғана жалғыз дұрыс шешімді қабылдай алатынын түсіндіріңіз. Егер клиент табандап тұрып алса, өз ойыңызды жасырмай айтып, сіздің ол емес екендігіңізді ерекеш айтып өтіңіз. Егер де сіздің кеңесіңіз клиентке көмектесіп, рұхтандырса, оған кеңес беріңіз».

Клиенттердің еш қарсылықсыз және бөлшектенген ойсыз кеңесшінің көзқарасын қабылдауға бұлтартпастан дайын болатына сенген аңғырртық болар еді. Олар проблеманың өздеріне қажет шешімін және түсіністікті іздейді. Психологтың пікірі клиенттерге рационалды шешімді өз бетінше іздеудің бастапқы нүктесі ретінде қажет.

Алайда барлық шешімдер қолайлы бола бермейді. Шешімнің әрекетшіл болуы үшін ол клиенттің өмір филосойиясының кеңеске алып келгенімен салыстырғанда жақсысын ұсынуы тиіс.

Психологтар кеңес беру процесінде әрдайым клиенттің проблеманы өз бетінше шеше алатынына сенімділікті қалыптастыру үшін «оған таңдауы үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға көмектесу» деп аталатын әдісті қоладанады. Психолог –кеңесшінің негізгі сызығы клиенттің проблеманы өз бетінше шешуіне көмектесунде. Әриен психолог проблеманың ықтималды шешімдерін көрсете алады, алайда шешімнің өзі оған тиесілі болуы қажет – оны оның өзі жасауы, оған өз бетінше келіп, оған сенуі тиіс.

Клиенттің жасалынған таңдауға жауапкершілікті қабылдауына дайындалуға көмектесу үшін оның аталмыш таңдауға деген даярлығының өлшемін сезіну қажет. Әртүрлі адамдар ол мезетке әрқилы жолдарен келеді:



  • кейбіреулері проблеманың шешіміне жауапкершілікті мойындарына алмайды;

  • басқалары жауапкершіліктің бір бөлігін ғана мойындарына алады;

  • үшіншілері, жауапкершілікті мойындарына ала аламын деп ойласа да, шын мәнінде олай жасамайды;

  • төртіншілері, жауапкершіліктің бір бөлігін ғана мойындарына алса да, оны маңызы жоқ жерлерде жасайды;

  • бесіншілері, жауапкершіліктің бір бөлігін ғана мойындарына алса да, ол маңызды болатындай жеткіліксіз болады;

  • тек кейбіреулері ғана мойындарына толықтай жауапкершілікті алса да, өздерін тыңдап, көмектесетін адамға мұқтаж болады.

Тізімнің соңындағылар түсіністікке мұқтаж болады. Басына таяулары түсіністікке және проблемасының шешіміне жауапкершілікті өздерінің мойындарына алу қажет екендігіне біртіндеп сенімділікке жақындай бастайды. Клиенттің проблемаларының шешіміне деген жауапкершілікті өздерінің мойындарына алса оларды қайтара шешетіні кеңес берудің жетекші принципі болып табылады. Ол проблеманың шешілетініне сенуі қажет.

Психологиялық кеңес беру

– тұлғааралық қарым-қатынастағы қиындықтармен байланысты әр түрлі психологиялық мәселелерді шешуге бағытталған адамдармен тәуелсіз жұмыс. Онда әсер етудің негізгі құралы ұйымдастырылған әңгіме болып табылады.

Жалпы алғанда «кеңес берудің» анықтамасы негізгі деген бірнеше ережелерден тұрады:


  1. Кеңес беру адамға өзінің қалауы бойынша белгілі бір амалды таңдап алуына және сол бойынша әрекет етуіне көмектеседі.

  2. Кеңес беру жаңа мінез-құлыққа үйренуге көмектеседі.

  3. Кеңес беру тұлғаның тұлғаның дамуына жағдай туғызады.

  4. Кеңес беруде клиенттің жауапкершілігіне мән беріледі, яғни тәуелсіз жауапты адам тиісті бір жағдайда өз бетімен шешім қабылдай алатындығы ескеріледі, ал кеңес беруші болса клиенттің еріктілік мінез-құлқына ынта-жігер беріп, жағдай жасайды.

  5. Кеңес берудің өзегі философияның «тұтынушы – орталықтану» терапиясына неізделген клиент пен кеңес берушінің арасындағы «кеңес беру өзара әрекеттестігі» болып табылады.

Психологиялық кеңес берудің мазмұны – психолог өзінің кәсіптік-ғылыми білімін қолдана отырып, екінші адамға өзінің жаңа психологиялық тапсырмаларын шешу қабілетін сездіретін жағдай жасайды. Бұл мына шкала бойынша тексеріледі:

  1. Психолог өте байқампаз болуы керек. (Клиентті тоқтатып, маңызды ақпаратты сараптайды.

  2. Психологтың іс-әрекеті құрастырмалы (құрастырмалы емес); ол басқа адамға ақылмен әсер етуге тырысады. (Оған «қысым көрсетеді»).

  3. Клиенттің даусы естіледі (өте ақырын естіледі).

  4. Клиенттің жауабы психологтың айтқандарымен сәйкес (сәйкес емес).

  5. Клиенттің тапсырмасының мазмұны психологқа әсер ету арқылы дұрыс (дұрыс емес) түсінілген. Психолог клиент тапсырмасын шеше отырып, оның жағдайына жеңілдету енгізеді.

  6. Психологтың бойында түсіну мен жағымдылық арқылы әсер ету дағдысы бар (жоқ).

  7. Психолог клиентке өзінің жеке даралығын жоғалтпай қосылады (тұлғалық құрбандығымен бағасымен).

«Адам – адам» кәсібіндегі психологиялық әсер ету (дәрігер, заңгер, тілші, мұғалім, әлеуметтанушы, әлеуметтік қызметкер) сұхбат ретінде жүзеге асырылатын болғандықтан кеңес беру процедураларын жиі еске түсіреді. Бірақ бұл сұхбаттар өзара іс-әрекет құралы сияқты адамға әсер ету мөлшерімен және оған деген жауапкершілікпен ерекшеленеді. Психолог клиенттің психологиялық өмірінің қасиеттерін көрсеткені үшін жауаты болады. Әр бағыттауға спецификалық әдістемелік тәсілдер, кеңес берудің мақсаты мен тапсырмалары, психикалық шындықтың аймағы, клиент пен кеңес берушінің бағыттары тән.

Клиентке деген құнды және қайырымды қарым-қатынас. Психолог қызметтік этиканы сақтай отырып, көмек сұрап келген әр адамға психолгиялық қолдау көрсетуге тырысады.

Кеңес беруге тыйым салу. Психолог кез келген кеңес алушыға жауапкершілікпен көмектесу керек.

Анонимділік. Психологқа клиент тарапынан айтылған ақпарат құпия сақталуы тиіс.

Клиенттің кеңес беру процесіне араласуы. Психологиялық кеңес берудің мақөсаты – клиентке проблеманы түсіндіру және оған оны шешудің жолын табуға көмектесу. Кеңес берудегі сәттілік көбінесе психологтың клиентті кәсіби тыңдап, оның өзі туралы көзқарастарын кеңейте білуінде.

Кеңес беру процесінде мына тапсырмалар шешіледі:



  • психикалық денсаулық деңгейін бағалау және басқа психологиялық көмек көрсету тәсілінің көрсеткішін бағалау;

  • клиентті оның психологиялық ерекшеліктері туралы ақпапраттандыру;

  • жалпы психологиялық сауаттылықтың жоғарылауы;

  • клиенттің жасырын психологиялық ресурстарын жаңарту;

  • бейімделудің және тұлғалық үйлеспеушіліктің бұзылуын түзету:

  • тұлғаның алдағы дамуының негізгі бағытын анықтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет