2.3 Өзіндік оқуға ұсынылатын тақырыптар (СОЖ, СӨЖ)
№
|
СОЖ, СӨЖ тақырыптарының атауы
|
Мазмұны
|
Көлемі (сағаттар)
|
Бақылау формасы
|
1
|
Практикалық психологияға кіріспе.
|
Практикалық психология пәніне кіріспе тақырыбында бақылау жұмысында пәннің мақсаты, міндеті атқатын қызметті туралы мәлеметтер қарастырылуы тиіс
|
1
|
реферат
|
2
|
Практикалық психологияның негізгі кезеңдері.
|
Практикалық психологияның кезеңдері тақырыбында тес құрастыруда даму кезеңдері мен дамуына үлес қосқан ағартушылардың еңбектерін қарастырылуы тиіс.
|
1
|
сыба құру
|
3
|
Қазіргі практикалық психологияның негізгі бағыттары.
|
Қазіргі практикалық психологияның негізгі бағыттары тақырыбы бойынша коллоквиумда 5 бағыты бойынша жалпы сұрақтар қарастырылады.
|
1
|
коллоквиум
|
4
|
Практикалық психологияның жүйелік тәсілдері.
|
Практикалық психологияның жүйелік тәсілдері жазбаса жұмыс азуда жүйелік тәсілдерін, түрлерін анықтап жазу.
|
2
|
бақылау
|
5
|
Практикалық психологияның ғылыми зерттеулер.
|
Практикалық психологияның дамуына үлес қосқан ағартушылардың еңбектері қарастырылуы.
|
2
|
конспект
|
6
|
Психологиялық кеңес беруге кіріспе. ПКБ тарихы және негізгі ұғымдары.
|
Психологиялық кеңес берудің ережелері, маңыздылығы күтілетін нәтиже туралы мәліметтер жинап, талқылау.
|
2
|
семинар
|
7
|
Психоаналитикалық дәстүр
|
Психоаналитикалық дәстүр жайлы мәліметтерді толығымен жинау.
|
2
|
дискуссия
|
8
|
Қазіргі кеңес берудің негізгі бағыттары.
|
Қазіргі жаңа нормативті құжаттарға сай кеңес беру негіздерін қарастыру.
|
2
|
хабарлама әзірлеу
|
9
|
Психологиялық алдын-алу жұмыстары.
|
Психологиялық алдын – алу жұмыстары жөнінде білімдерін тереңдету.
|
2
|
бағдарлама
|
10
|
Қазіргі психологиялықкеңес берудегі интефативті тенденция.
|
Қазіргі психологиялық кеңес берудегі интефативті тенданция негіздерін қарастыру.
|
2
|
жаттығуларды орындау
|
11
|
Психологиялық кеңес беруге бихевиоралды көзқарас
|
Психологиялық кеңес беруде адамгершілік ерекшеліктерін сақтау және оны қолдана білу.
| 2 |
ғылыми мақала
|
12
|
Экзистенциалдық – гуманистік дәстүрлі психология
|
Экстенциалдық гуманистік дәстүрлі психологияның даму ерекшелікетерін анықтау.
| 2 |
хабарлама
|
13
|
Маслоудағы өзіндік актуализация түсінігі, өмірлік құндылықтар
|
А.Маслоудың өзіндік актуализациясы түсінігін анықтап, өмірлік құндылығы жайлы жазылған мәліметтерді жинақтау.
| 1,5 |
Психолгиялық сабақ жоспары
|
СӨЖ
|
1
|
Психологиялық кеңес берудегі экзистенциялды тәсіл
|
Кеңес берудегі экзистенциялды тәсіл жөнінде қарастыру.
|
10
|
Реферат
|
2
|
Жұмыстың транс әдістері
|
Транс әдістері оның өзгешелігімен ерекшелігі туралы мәліметтер жинақтау.
|
15
|
Аннотация
|
3
|
Психологиялық көмек көрсетуде психодиагностикалық берілулерді қолданудың ерекшеліктері
|
Психологиялық көмек көрсетуде псиодиагностиканы қолдану ерекшеліктері.
|
15
|
Ауызша әңгімелесу
|
4
|
Практик-психолог қызметіндегі психокоррекцияның тиімділігі мәселелері
|
Практик психолог қызметіндегі психокоррекция негіздері туралы мәлеметтер жинақтау.
|
15
|
Кесте құру, салыстыру
|
5
|
Интервью-психологиялық кеңес берудің негізгі әдісі ретінде
|
Интервью әдісі және оның кеңес берудің негізгі әдісі жөнінде мәлеметтерді жинақтау.
|
12,5
|
пікірталас
|
3. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
3.1.Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер
Ауталипова Ұ.И.,Бапаева С.Т.Практикалық психологияның теориялық -әдісемелік негіздері.Алматы, 2006.
Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. – Брест, 1993.
Малкина-Пых И.Г. Справочник практического психолога, М.-2005
Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога М.ВЛАДОС,1998.
Қосымша әдебиеттер
Кочюнас Р.Основы психологического консультирования. М,1999
Берн Э.Игры,в которые играют люди.Люди которые играют в игре. Минск.;ОООПоппури ,2000
Лидерс А.Г Психологический тренинг с подростками.М.Академа,2001.
Лэндрет Г.Л Игровая терапия: искусство отношений.М.: 1994
Консультирование и терапия: Сборник научных статей,№ 1 2000,пол. Ред. А.М. Вяземцева,А.В.Скарева.
Рудестам К. Групповая психотерапия .Спб,1998.
Справочник практического психолога.Спб,Сова,М.,ЭКСМО,2003.
Хухлаева О.В. Основы психологического консультирование и психологической коррекции.Учебное пособие,М., Академия,2001.
Романенко-Бавокова Н.А.Основные направления работы практического психолога.Учебное пособие.Алматы 2006.
Абрамова Г.С.Психологическая служба школы.М.;1994.
4. Пәннің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі
№
|
Дәріс, практикалық сабақтардың тақырыптары
|
Мультимедиялық презентация
|
Оқу фильмдері
|
Муляждар
|
Макропренараттар
|
Басқалары
|
1
|
Психологиялық диагностика
|
-
|
-
|
-
|
-
|
сызба
|
2
|
Денеге бағытталған терапия.
|
слайд
|
-
|
-
|
-
|
|
Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университеті
Гуманитарлық факультет
Педагогика және психология кафедрасы.
Пәнге арналған оқу-әдістемелік кешен
Пән: Практикалық психология
Курс: 3
Мамандық: 5В050300 «Психология»
Кредит саны: 3
Семей 2015
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті
«Практикалық психология» пәнін оқытуға арналған әдістемелік нұсқаулар.
«Практикалық психология» адам және қоғам өмірінің барлық салаларын қамтитын және адам өміріне әртүрлі маңызды өзгерістер туғызатын маңызды динамикалықи процесстер қазіргі кезде өте көп. Психологтардың адамдармен жүргізілетін жұмыстарына байланысты нәтижелі кәсіби әрекетінде психологиялық ғылым мен практиканың инновациялық әдістер мен технологияларын үнемі интеграциялау мен синтездеудің қажеттігін ескеру қажет.
Психология ғылымының дамуы, қолданбалу салаларының кеңеюі модельдеу, жобалау, болжамдау және адамның топтық ұйымдардың, қоғамның психологиялық ерекшеліктерін қайта өңдеу міндеттеріне бағытталған әдістерге ерекше көңіл аударуға әкеледі.
Курс материалдарының әр студент үшін білім алу үрдісінде тиімді тұлғалық дамуына шығармашылық әлеуетін ашуларына, үздіксіз кәсіби білім алуына, даярлықтарын қалыптастыруға септігін тигізетіндігі оның айрықша ерекшелігі болып табылады.
Пәннің мақсаты: Болашақ мамандардың топтық психокоррекция, психологиялық кеңес беру және психодиагностика саласындағы кәсіби білім, дағды, іскерліктерді болашақ мамандардың терең меңгеруі. Мамандану практикумы психологиясы саласын оқып-зерттеуге бағытталған кәсіптік білім негіздерін қалыптастыру.
Пәннің міндеттері:
- объективті психодиагностикалық амалдың шеңберінде құрастырылған негізгі әдістерді қолдана білу дағдыларын студенттерде қалыптастыру;
- коррекциялық жұмыстың және психодиагностикалық зерттеудің жоспарын құрастыру дағдыларын студенттерде қалыптастыру;
- қарым-қатынас, топ, тұлға психологиясы саласында білімдерді студенттердің меңгеруі;
-психокорекциялық және психодиагностикалық инструментарийды пайдалану нормаларын,ережелерін студенттердің меңгеруі.
Дәріс – студенттерге оқытылатын тақырып бойынша барлық материал. Дәріс жазуды үйренейік: мұндай жазу конспектілеу (латынның conspectus сөзінен шыққан - «шолу»деген мағынаны білдіреді) деп аталады, шығармашылық үдеріс болып табылады, белгілі бір білік пен дағдыны талап етеді. Меңгеруге жеңіл болуы үшін, бірнеше практикалық ақыл-кеңестерді есте сақтауды ұсынамыз: Оқытушы айтқанның бәрін сөзбе сөз жазуға тырыспаңыз, ол мүмкін емес әрі қажеті де жоқ. Егер сіз осыған талпынсаңыз, сіздің жазып алғаныңызда аяқталмаған, тастап кеткен сөйлемдер болады, сондықтан айтылған материалдың логикасы бұзылып, конспектіңіз жарамсыз болады. Ойды ең мәндісін жаза отырып, өз сөзіңізбен және қысқаша жазуға үйреніңіз; негізгісін қосымшасынан ауызша бөліп көрсетуге үйреніңіз;жазып алғаныңыз ашып көрсетілген дәріс-жоспар сияқты логикалық байланысты және жинақталған болуы керек;егер, дәрісте сызбанұсқа, кесте, сурет ұсынылса, онда міндетті түрде дәптерге ұқыпты және көңіл қойып көшіріп алыңыз;дәріс барысында оқытушы сол немесе басқа да ойды белгілеп айтады, сондықтан жазуыңыздағының біреуінің мәніне сәйкес бөліп көрсетіңіз.
СОӨЖ-ны, СӨЖ-ді ұйымдастырудың мақсаты: студентердің пәнді жүйелі түрде меңгерту, игерілген білім, білік, дағды, түсінік пен құзыреттіліктерді бекіту, дәріс және семинар сабақтарына жан-жақты дайындалуын қамтамасыз етіп, оларда өздігімен үйрену дағдыларын қалыптастыру; алған теориялық білімдерін талдап, қорытынды мен тұжырымдар жасап, оларды практикада қолдануға үйретеді. Кез келген тақырыптың ішкі мазмұнын толық ашу осы мәселеге қатысты ғылыми еңбектер мен оқулықтардағы тұжырымдар мен пікірлермен танысып, жүйелеуді, көзқарастардағы қайшылықтар мен айырмашылықтарды талдап, топтастыра білуді қажет етеді. Студенттердің өзіндік жұмысы мақсатты түрде объектіні белгілі бір көзқарас тұрғысынан зерттеуді қамтамасыз ететін зерттеу тәсілдері мен іс-әрекеттердің жүйесі. Әдіс жалпы және жеке түрлерге бөлінеді. Жалпы әдіс белгілі бір теория мен ортақ методологияға сүйенеді. Мыс.: салыстырмалы-тарихи. Жеке әдіс жекелеген әдіс-тәсілдерді құрайды. Мыс.: компоненттік талдау, трансформациялық анализ, т.б. Студенттің өзіндік жұмысы оқулықта берілген материалдарды, білім қорын өз зерттеу жұмыстары негізінде жаңаша қорытындылап, кәсіби міндеттерді шығармашылық тұрғыда шеше алатын дағдыға айналдыруды мақсат етеді. Студент – белсенді, сыни ойлау қабілетіне ие жеке тұлға. Оның кез келген мәселеге қатысты өз пікірі, өзінің дербес шешімі болуға тиіс. Силлабуста ұсынылып отырған СӨЖ түрлері осы мақсаттарды ескере отырып құрылды. Студенттердің өзіндік жұмыстары зерттеу, ізденіс және шығармашылыққа негізделіп, жазбаша түрде орындалуы керек. Өзіндік жұмыстарын төмендегі үлгілер бойынша беруге болады:
Баяндама – берілген тақырып бойынша анықталған пікірлер мен тұжырымдарды жүйелеп беруі.
Мақала – нақты тақырып бойынша ғылыми зерттеулерге талдау жасап, қорытынды беріледі. Сонан соң зерттеудегі өзінің аталған мәселеге қатысты көзқарасын ұсынып, оны дәлелдейді. Мақала соңында қорытынды тұжырымдар жасайды.
Реферат (лат. referre – баяндау, хабарлау) – бұл мәтіннің мазмұнын бұрмалаусыз айтып беру. Реферат: 1) Әдеби және басқа деректерге жасалған шолудан тұратын белгілі бір тақырып бойынша жасалған баяндама; 2) Ғылыми жұмыстың, кітаптың, т.б мазмұнын баяндау (Словарь иностранных слов. – М., 1985. –С.433.). Реферат – алғашқы түпнұсқаның негізгі мазмұнының қысқа, ықшамдалған түрі, онда көтерілген барлық мәселені қамтуға тиіс. Реферат сонымен тек қана ойсыз көшіру емес, таңдалған тақырып бойынша ақпарат көздеріне талдау мен сараптау жасау, оларға баға беру. Рефераттан студенттің «Мен» тұжырымы көрініп тұруы қажет.
Рефераттың өз құрылымы бар:
1. Реферат жасалатын құжат саласының не бөлімінің аты.
2. Тақырыбы.
3. Түпнұсқаның авторының аты-жөні, шығарған баспа, жылы (журнал болса аты және нөмері).
4. Реферат жазылатын материалдағы басты ойды ықшамдап береді, оған өз пікірін қосуға болмайды.
5. Рефераттың мазмұны түпнұсқада берілген жүйемен, ізбен баяндалады.
Рефератты репродуктивті және продуктивті деп ажыратады. Репродуктивті рефераттар мәтіннің мазмұнын жаңадан өндіреді. Мұндай рефераттарға реферат-түйіндеме (резюме) және реферат-конспект жатады. Реферат-түйіндемеде (резюме) тақырып мәтіні бойынша негізгі ережелер келтіріледі. Реферат-конспект мәтіннің негізгі мазмұнын, дәлелдерін, мысалдарын, нәтижелерін береді. Продуктивті рефераттар мәтіннің мазмұнын ғана емес, оған сыни тұрғыдан, шығармашылықпен қарауды ұсынады. Рефераттың мұндай түріне реферат-шолу және реферат-баяндама жатады. Реферат-шолу (обзор) бірнеше мәтіннің негізінде жазылады. Онда мәтіндегі айтылған мәселе әр түрлі көзқарас тұрғысынан салыстырылып жазылады. Реферат-баяндамада (доклад) мәтіндегі бар ақпаратқа талдау жасалып, мазмұнына бағалау беріледі. Реферат жазу мәтінді саналы түсінуді, ақпаратты аналитикалық-синтетикалық қайтадан өңдеуді және осының негізінде жаңа мәтінді құруды талап етеді.
Ақпарат көздерімен (оқулықтар, ғылыми әдебиеттермен зерттеулер, интернет, т.б.) жұмыс жасау. Ол үшін студент ең бірінші кітапханада катологпен жұмыс істеудің әдісін меңгеруі; тақырыптық, алфавиттік каталогтерден өзіңе қажетті әдебиеттер тізімін жасап, олармен танысуы; қажетті ақпаратты жинауды үйренуі қажет. Оқулық және ғылыми еңбектермен жұмысолардың мазмұнынан өзіне қажетті тақырыпты тауып, онымен танысу шолып оқудан басталады. Мұнан соң зерттей оқу орын алады. Зерттей оқу барысында қажетті тұжырымдар бойынша конспект жасалады. Оқу және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу үшін ұсыныстар: оқу әдебиеттерін оқи білу біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру студенттің дербес және алдымен сол уақыттағы оқитын материалына байланысты болады. Оқулықты оқуға кірісе отырып, студент не үшін оқитыны жөнінде өзіне есеп беруі керек. Сосын жалпы конспектіде нақты тақырыптың алатын орнын анықтап, мазмұндық құрылымын, жақын құрылымдық бірлігін ойластыруы керек.
«Дөңгелек үстел» әдісі ең біріншіден студенттердің өзара пікір алмасу формасы ретінде көрініс табады. «Дөңгелек үстел» барысында оның қатысушылары берілген бір мәселе бойынша баяндама жасап қана қоймай, пікірлерімен алмасып, әрқайсысының позициясын айқындайды. Дөңгелек үстел – шағын топ ішінде студенттердің қарастырылып отырған тақырып (сұрақ, мәселе, идея, тұжырым, т.б.) бойынша белгіленген уақыт аумағында өз ойларын ортаға салу тәсілі. Дөңгелек үстелде сөз бір студентке бірнеше рет айналып келуі мүмкін. Келесі сөйлегенде студенттер алдындағы ойларын қайталамай, оларды ары қарай жалғастыруы және басқалардың пікірін ескеріп отыруы қажет. Дөңгелек үстел жазбаша да өтуі ықтимал, онда өз ойларын белгіленген уақытта жазып, бір-біріне оқытады. Жазбаша өткізілген дөңгелек үстелде барлық студенттер бір мезгілде жұмыс жасайды.
Конспект – басқа формалармен салыстырғанда жазудың ең әмбебап формасы. Конспект жазғанда оқылған мәтінді қайта жазуда дұрыстығын қамтамасыз ету керек. Конспекттің басты сипаты қысқалық әрі нақтылық. конспектіде ой сабақтастығы мен айтылған мәтіннің қисыны сақталуы тиіс. Конспектілеуде мәтін мазмұнының ең мәнді компоненттері, есте сақталуға тиісті тіректер жазылады (мәселен, атаулар, даталар, кейбір терминдер, символдар). Шартты түрде конспектілерді төрт түрге бөлуге болады: жоспарлы; мәтіндік; еркін; тақырыптық.
Презентация – бұл пайдаланушының осы затқа ерекше назарын аудартудың бір формасы, жариялау деген мағынаны білдіреді. Презентация нысаны белгілі бір ұжымның жеткен жетістігі, затты сипаттау, даму тенденциялары мен жоспарлары. Презентациялар конференция мен семинарларда жүргізілуі мүмкін. Презентация көмегімен семинар, курс тыңдармандарын оқытуға болады. Мұндай презентация пәнді көрнекі етіп, оны жандандыра түседі.
Колло́квиум: (лат. colloquium - әңгіме, жиналыс, мәжіліс) - ғылыми жиналыстар, оның маңызы баяндамаларды оқып, талқылау. Сонымен қатар колло́квиум - білім беру жүйесінде білімді бағалау мен тексерудің бір формасы. Әдетте жоғарғы оқу орындарында ол семестр ортасында жүргізілетін, өзіндік мини-емтихан, мақсаты емтихан тақырыптарының тізімін азайту. Коллоквиум барысында жобалар, рефераттар және басқа жазба жұмыстары тексерілуі мүмкін. Коллоквиумде алынған баға емтихан бағасына тікелей қатысы болуы мүмкін. Коллоквиум мазмұнына 2 практикалық міндет, 2 нақты теориялық сұрақ кіреді.
Проект (жоба) уникалды өнім яки қызмет тудыру мақсатымен уақытша айналысатын жұмыс.
Тест студенттердің оқу жетістіктерін, олардың білім, білік, дағдыларының жиынтығын обьективті түрде өлшеу мүмкіндіктерін береді. Тесттерді әдетте ашық және жабық деп екіге бөледі. Жабық тест дегеніміз – келтіріліген жауаптардың ішінде біреуі дұрыс болатын тапсырма, студенттер бұл жауапты таңдап көрсетуі тиіс. Ашық тесттер дайын күйде берілген бір немесе бірнеше дұрыс жауаптарды іздестірмей, шығармашылық тұрғыдан шешім келтіруді талап етіп,келесідей тапсырмалардан тұрады: өзіндік түсінікті келтіру, мәсеелні шешу, ой-өрістерін дамытуға бағытталған шығрмашылық жұмыстары.
Глоссарий – белгілі бір шығармада кездесетін, сирек қолданылатын сөздердің түсіндірме сөздігі. Сөз тіркестеріне, қазіргі кезде түсініксіз сөздерге түсінік беріледі. Сирек кездесетін кейбір аударма сөздіктер де глоссарийге жатады.
Картотека - анықтама мәліметтер жазылған карточкалардың жүйеге келтірілген жиынтығы.
№1 дәріс. Практикалық психология пәні, мақсат-міндеттері.
Дәрістің мақсаты: ЖОО студенттеріне практикалық психология пәні, мақсат-міндеттері туралы теориялық білім беру.
Жоспары:.
1. Практикалық психология жөнінде қазіргі түсініктер
2. Практикалық психологияның мақсат-міндеттері даму тарихы.
3. Практикалық психологияда жеке адамды зерттеу мәселелері. Классикалық психоанализ. Адлердің индивуалдық психологиясы. Эксзистенциалды – гуманистік теория.
Қазіргі таңда психолог іс-әрекетінің ғылыми зерттеулер, оқыту және адамдарға психологиялық көмек көрсету сияқты іс-әрекетінің негізгі үш түрі бар. Ғылыми зерттеулер теориялық және қолданбалы сондай-ақ диагностикалық деп жіктеледі. Психология бөліміндегі мұғалімдік іс-әрекет орта мектептен бастап жоғары білім мен магистрлік даярлыққа дейін білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде тәжірибеленеді. Психологиялық көмек көрсету психологиялық білім білімнің кейінгі дамуы мен оның әлеуметтік тұрғыда таралуымен шектелмейтін тәжірибелі психологиялық міндеттерді шешу үшін психологиялық теориялар мен әдістердің қолданылуын анықтайды. Дәл осы іс-әрекет кең мағынадағы практикалық психология деп аталады. Практикалық психология бұл психологияның пәні – психологиялық көмек көрсету, яғни психологтардың нақты адамға, оның проблемаларына, сұраныстарына, қажеттіліктеріне және т.б. бағытталған практикалық іс-әрекеті болып табылатын бір саласы.
Практикалық психологияны психологияның бір саласы деп есептелінеді. Алайда ол психологияның басқа салаларымен қатар тұрған әдеттегі тармаңы емес. Өйткені, психологиялық ғылым салаларының көбісі дамуының нақты деңгейінде дербес тәжірибесіне ие болады. Қайсібір психологиялық пән өмірге жүйелі ықпал етуге қабілетті бола қалса, ол қосымша ретінде практикалық сегментке ие болады. Әлеуметтік және инженерлік психологияның, басқару психологиясының, жас ерекшелік психологиясының да өзіндік тәжірибесі бар. Психологияның әртүрлі салаларының сол барлық практикалық «сегменттерінің» жиынтығы практикалық психологияны құрайды. Практикалық психологияның пайда болуы бұл адамның проблемаларына қоғамдық қызығушылықтың өсуіне жауап және қазіргі заманғы психологияның оларды сәтті шеше алатынының дәлелі.
Сондай-ақ өмірмен шынайы қатынасу академиялық психологияда шешілмегендіктен практикалық психология көшіп, оның теориялық бөліміне құрайтын ерекше теориялық және әдістемелік проблемаларды тудырады. Осылайша адамдардың қызметтегі және өмірлік қиыншылықтарына қатысты білікті психологиялық көмек көрсетумен байланысты теориялық, әдістемелік және ұйымдастырушы проблемалардың кешені практикалық психологияның пәнін құрайды.
Кейде психологтың кәсіби іс-әрекеті де солай аталады. Ол диагностиканы, психологиялық түзетуді, психотерапияны, психологиялық кеңес беруді қамтиды. Соңғы үш ұғым жиі бірін-бірі алмастырып отырады. Дегенмен олардың барлығы адамдарға ықпал етудің нақты формалары ретінде диагностикаға арқау етеді.
Қазргі заманғы практикалық психологияда келесі бағыттар ерекшеленеді:
Клиникалық психология (ең көне бағыт);
Ұйымдастырушы психологиялық (басқарушы) кеңес беру;
Жарнама, имидж және қоғаммен байналыс психологиясы,;
Сот психологиялық эксперитиза;
Психологиялық операциялар сияқты арнайы бағыттар.
Клиникалық психология өз кезегінде дәрігерлік және дәрігерлік емес деп бөлінеді. Дәрігерлік психология (психотерапия) «кіші» психиатрияның бөлімі болып табылады. Олар дәрігерлік біліктілікке сәйкес психолог дәрігерлердің кіріспесіне еніп, невроздардың шеткі күйлер мен басқа да ауруларды емдеумен айналысады.
Дәрігерлік емес клиникалық психология ауру деп есептелмейтіндіктен дәрігерлік емдеу мекемелерінде көмек ала алмайтын адамдарға көмек көрсетеді.
«Психологиялық операциялардан» қалған бағыттарды атауынан ақ тануға болады. Бұл терминнің шығу тегі американдық әрі кәсіби психологтардың «психологиялық соғыс» іс-шарасын жоспарлауға қатысуын білдіреді.
Сонымен, практикалық психология бұл психологиялық пәндердің адамдардың өмірін жақсартудың мақсатында оның барлық қырларындағы міндеттерді шешу үшін теориялық психологияның қолданылуымен айналысатын топ; сондай-ақ ол негізгі теориялық пәндерге қарағанда қоғамның аса жоғары емес деңгейінде танымдық міндеттерді де шешеді.
Практикалық психология жеке даралық топтың (отбасылық, ұйымдастырушы) және жаппай (стратегиялық) деңгейлердегі проблемаларымен айналысады. Клиникалық психология көбінде адам мен отбасының проблемаларына бағдарланады. Адамның даралығы және оның мүмкіндіктерінің көрінуі мен кеңеюіне ықпал ететін әдістер оның пәні болып табылады.
Ұйымдастырушы психологияның (басқарушы) кеңес беру ең алдымен ұйымдарда туындайтын проблемаларды шешуге бағытталған. Мұнда клиникалық бағытқа қарағанда қызметке бағдар орын алады, алайда жеке тұлға да аса маңызды сфера ретінде назардан тыс қалмайды. Психолог кеңесшілер адамдардың едәуір өнімдірек жұмыс істеп, оқуына көмектесетін амалдарды іздестіреді. Олар өндірістегі, көліктегі, медицинадағы, білім беру мекемелеріндегі, қоғамдық тәртіпті қорғау жүйесіндегі, әскери бөлімшелерлегі, сайып келгенде адамдар тіршілік етіп, еңбектенетін қоғамдық өмірдің әртүрлі сфераларында пайда болып отыратын практикалық психологиянық проблемаларды шешеді. Олардың міндеті іс-әрекеттің тиімділігін арттырумен, әртүрлі сипаттағы ұйымдардың қызмет етуімен адамның дара қорларын жетілдіру мен қолданумен байланысты.
Тәжірибелеуші психологтар кәсіби тұрғыда қоғамға арнайы қызметтерін ұсынады: балалардың мектепке даярлығын анықтау, бизнесті, соның ішінде маркетинг пен жарнаманы психологиялық қамтамасыз ету, адамдардың топтық іс-әрекеттің әрқилы түрлерінде үйлесуін болжау. Олар саясаткерлер мен шаруа бастықтарына, дәрігерлер мен мұғалімдерге, милиция қызметкерлері мен архитекторларға, жол қозғалысын ұйымдастырушыларға және де шешім психологиялық факторлардың ескерілуін болжайтын әскери мәселелер бойынша ұсыныстар береді.
Практикалық психология теориялық психологиядан да ерекшелінеді. Теориялық (академиялық) психология психика бөліміндегі заңдылықтармен ғылыми деректерді анықтаумен, адамның ішкі әлемі мен адамдардың өзара қатынастардағы «картаның» ақтаңдақтарды анықтап, оның орнын толтырумен айналсысады.
Оның мақсаты – адам жайында заңды сенімді білім алу. Психология саласындағы теориялық білімдер ұзақ уақыт бойы ешкімге керексіз болып, мамандардың тек шектеулі шеңберін ғана қызықтыруы мүмкін. Олардың қатарына практикалық психолог жатады: ол теориялық психологиялық білімдерге ие болып, оларды нақты өмірлік ситуацияны зерттеуде сәйкес ықпалдардың жоспары мен процедурасын құрастыруда қолдануы тиіс. Жалпыланған ғылыми теория бұл психлогияға қарағанда сенімділігі тексерілетін практикалық психологтың ойлау тәсілі. Теорияда психологиялық көмек көрсетудің идеялары, ұйымдастырушы, өзекті ұстанымдары қамтылған. Сіз теорияны, әдістемелерді алып оларды тікелей клиентпен жұмыс барысында қолдансаңыз тәжірибені сөз етуге болады. Егер де сіздің әдістемелердің ауқымды қорыңыз әрі теория жайлы түсінігіңіз бар болса, сізді терапия мен кеңес берудің тәжірибесіне дайындығыңыз бар деп айтуға болады.
Сондай-ақ практикалық психология тек тәжірибелі емес, оны теориялық-тәжірибелі деп атауға болар еді, себебі оның өзіне тән әдістемелік негізі бар, әрі ол дербес теориялық зерттеулерді жүргізуді қамтиды.
Психологиялық қызмет бұл практиканың құралдарымен және әдістерімен адамдарға психологиялық көмек көрсететін мекемелердің жүйесі. Бұл әрқилы әлеуметтік институттардың (өндіріс, медицина, білім беру, мәдениет, спорт, құқық қорғау органдары) іс-әрекетін психологиялық қамтамасыздандыру жүйесі.
Дифференцияланудың екінші ішкі факторы негізінен қолданылатын әдістер мен міндеттермен байланысты. Осының негізінде психодиагностика, психотерапия, психологиялық түзету және кеңес беру ерекшеленеді.
Кейде жас ерекшелік факторлардың қолданылуынан балалар (дұрысы мектептег) практикалық психология және геронтопсихология ерекшеленеді.
Мектептегі психологияның басты міндеті бала тұлғасының дамуына ықпал етуде, оқыту және тәрбие процестерін психологиялық қамтамасыз етуде. Герантох егде тартқан адамның арнайы қиыншылықтарымен айналысады. Психоанализ- 19 ғасырдың соңында австриялық психиатр, психолог З.Фрейд негізін қалаған психологиялық бағыт. Ол истериялық неврозды зерттеу және емдеу әдісінен дамыды. Кейін Фрейд басты назарға рухани өмірдің қозғаушы күші, мотиві, құмарлғы мен мәнін алатын жалпы психологиялық теориясын жасады. Фрейд психиканың құрылымдық схемасын жасап онда 3 деңгейді бөлді: саналық, сана асты, бейсаналық..Тұлғаның кіна тағатые сезімі, ой. Қалаулары бейсаналық аймаққа ығыстырылып шығарылады да, ығыстырылып шығарылған мазмұнның кері санаға енуіне мүмкіндік бермейді. Бірақ бейсаналылық адамның психикасынан, әрекет-қылықтарынан көрініс табады. Мыс: түс көру невроз т.б. Психоаналитикалық терапия барысында осыны ұғыну ауыр симтомдардың жойылуына әкеледі. Фрейд алғашқыда неыроздың дамуын келесідей түсіндірді.. кейбір уақиғаларды адам психикалық травма ретінде қабылдайды және оның ауырлғына байланысты толығымен бастан кешіре алмайды. Сондықтан тітіркену тоқтатылады да, «аффктінің басылып тасталуы» жүзеге асады. Бұл феноменді түсіндіру үшін Фрейд энергия ұғымын қолданды. «Басып тасталған аффект энергиясы шықпағандықтан денеге түседі де оның қызметін бұзады». 2.Осы энергияның есебінен денелік аймаққа симтомдар қалыптасады.
Кейін психоанализде невроздың генезисін түсіндіруде теорилық бағыттар қалыптасты:
Динамикалық, топографиялық, энергетикалық, құлымдық. Т.б. Энергетикалық бағыт ұғымын қолдана отырып Фрейд невроздың пайда болуының 2 факторын бөлді: жыныстық конституция және инфантильды уайым.
Топографиялық бағыттың түсіндіруі бойынша невроздың пайда болуының маңызды шарт уайымды бейсаналық аймаққа ығыстырып тастау болып табылады..Ығыстырылған уайым ұғынылса симтомнаң мазмұны табылса, жазылу, емделу процессі жүреді. Динамикалық бағыт позициясынан невроз инстинктивті құмартулар мен олардың босаңсып шығуына кедеогі келтіретін күш арасындағы конфликт. Энергияның басаңсып шығуы түрлі әрекеттерде жүзеге асады.Мысалы:Біреумен қарсыласу, спорт, қатты уайым шегу, өш алуды қиялдау, тіпті ол адамның алдында бас ию.т.б.
Энергия қандайда бір объектіге , адамның бейнесіне, идея, затқа «байланады». Бұл процесс катексис деп аталады. Катекцияланған энергия байланып тасталғандай ол өзекті қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталуы мүмкін емес. Бұл невротикалық дему факторы. Адлерлік пихология – тұлға теориясы мен терапиялық жүйе. Негізін салушы Альфред Адлер. Индивидуалды психологияда толымсыздық сезімінен өмір салты өзін-өзі бұзуы мүмкін. «Психопотологиясы» бар тұлға ауру емес, өзіне деген сенімін жоғалтқан адам.
Терапияның міндеті сондай адамның белсенділігін көтеру, әлеуметтік қызығушылықтар деңгейін көтеру, жаңа өмір салтын дамыту.
1. «Мен» концепция- мен кіммінге қатысты менде бар тұжырымдар.
2. «Мен» идеал-Адлер бұл неологизмнін 1912 ж негізін салды.Ол өз орнымды алу үшін мен қандай болуым керек дегенге қатысты.
3. «Әлем картинасы»-әлем менен не талап етеді және мен емес яғни мені қоршаған ортаның мен туралы тұжырымдары.
4. Этикалық тұжырымдар- «дұрыс-дұрыс емес заңдылығы.»
Мен және мен- идеал арасындағы сәйкессіздік жағдайында толымсыздық сезімі пайда болады. Өзі туралы түсінігі мен әлем картинасы жөніндегі түсінігі арасында сәйкестіктің жеткіліксіздігі толымсыздық сезіміне әкеледі: «Мен әлсізбін, қорғансызбын. Өмір қауіпті, қатал». Өзі туралы түсінігі мен этикалық тұжырымдары арасындағы сәйкессіздік: «Әрқашан шындықты айту керек, мен өтірік айтамын» моральдық аймақта толымсыздық комплексін туғызады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Абрамова Г.С. Практическая психология. –М.,1997
2. Весник образования.-М.,1995.№7.
3. Немов Р.С. Психология.-М., 1995.
4. Овчарова Р.В. Технологии практического психолога образования.-М.,2000
№2 дәріс. Практикалық психология және психологиялық көмек туралы жалпы түсінік.
Достарыңызбен бөлісу: |