Силлабус пәні: «Дене шынықтыру» Мамандығы


Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы



бет8/16
Дата18.04.2023
өлшемі87,51 Kb.
#174775
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
dene shynyktyru

Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы: студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы әдебиеттермен, мәліметтердің электрондық базаларымен және компьютерлік оқыту бағдарламаларымен жұмыс, жағдайлық есептерді құрастыру және шешу, тесттік тапсырмаларды орындау, конспект жазу немесе оқу мәтінін кванттау (негізгі тұстарын айқындауарқылы әр түрлі тест формаларын дайындау, үш тілде - қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде глоссарий дайындауды қамтиды.
2.11 Бағалаудың критерийлері және ережелері
Ағымдық бақылау:
Диагностиканы орындауға талаптар:
• критериалды-бағдарлау тест арқылы және басқа диагнастика құралдарымен
Студенттердің оқу жетістіктерін анықтау;
• студенттердің оқу жетістіктерін стандартқа сай дәрежесімен өлшеу;
• студенттердің оқу жетістіктерін стандартқа сай (бағалау шкаласы бойынша)
Өлшеу және нәтижесін бағалау
Бағалау шкалалары. Студенттердің оку жетісгіктерінің бағасы, оқу бөлімі бойынша кезеңмен орындалады да, кафедра бағалау шкаласымен кредиттік оқыту технологиясына сай жүргізіледі.
Бағалар критерийлері. Бағдарлама талаптары өзіндік құрылысы бойынша ұйымдастырылады, жалпы білім беру, әдістемслік және практикалық критерийлерден тұрады, осылардың деңгейі мен студенттердің дене
шынықтыру пәнінің жалпы үлгерімдік бағасы анықталады. Бұл критерийлер
оқу бағдарламасының мәнін, оның мақсаттары мен міндеттерін кұрайды*(1 косымша).
Аттестациялық талаптар және нормативтер оқу бөлімін, оқу курсын және факультетті (мамандық) есепке ала отырып құрастырылады.
Үлгерімдік критерийлері:
Ұйымдастыру - бұл студенттің сабаққа қатысуы, әр түрлі спорттық сауыктыру іс-шараларына қатысуы, ұйымдастыруда практикалық әрекет жасау және жарыстарды өткізу.;
Жалпы білім беру - студент дене шынықтыру білімін меңгеруі;
әдістемелік - сабақтың әдісін бағалау, студент дене шынықтыру және спорт құралдары мен әдістерін дене шыныктыру процесінде қолданып жеке меңгеруі;
практикалық — практикалық іс-әрекетті бағалау: бақылау нормативтерін және «Дене дайындығының президенттік тесттерін» орындау, студенттің күнделікті өміріне және өмірлік практикасына эффективті дене шынықтыру құралдарын енгізу, сонымен қатар өзінің психофизикалық жағдайын бақылаудың түрлерімен әдістерін қолдана отырьш анықтау.
Үлгерімділіктің практикалық критерийлерінің негізгі факторы дене дайындығының бақылау нормативінің жоғарғы динамикасы болып табылады
(2 қосымша).
Диагиостикалық құрал-жабдықтар. Компетенцияның кұрылымының диагпостикасына келесі негізгі құралдарды қолданады: дайындықтың теориялық-әдістемелік деңгейінің бағаларының критерийлік-бағдарлық тесттері, дене дамуы мен дайындығының бакылау тесттері, спорттық іс-әрекеттің қорытынды нәтижелері және басқа да диагностикалыкқ жабдықтар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет