ДНҚ-полимераза – бір тізбекте ДНҚ-дан қос тізбек синтездейтін фермент.
Доминанттылық – гетерозиготалы организмнің бір аллелінің ғана фенотипте көрінуі.
Дупликация – белгілі бір бөлікте бір реттен көбірек біркелкі хромосома жиынтығы болатын хромосомалардың құрылымдық өзгерісі.
Зигота –гаплоидті аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуынан пайда болған диплоидті ұрық.
Зиготена – профаза сатысында жіпшелердің қосарлануы.
Жыныспен тіркескен гендер –жыныстықхромосомаларда орналасып, өзара тіркесіп, тұқым қуалайтын гендер.
Жыныстық хромосома – құрылымы мен қызметі аутосомадан өзге жынысты қалыптастыратын генетикалық құрылым.
Инбридинг –жақын туыс дараларды өзара будандастыру.
Инверсия – хромосома немесе плазмиданың бір бөлігінің 180*-қа бұрылып, орналасуы.
Инициация – биосинтез реакциясы кезінде полипептидті тізбек түзілуінің бастамасы (басталуы).
Интеграция –бактериофагтің бактерия жасушасының сақиналы хромасомасына енуі.
Кариоплазма – ядроның шырыны.
Кариотип – белгілі бір түрге тән организмдегі барлық хромасоманың саны.
Каротиноид –өсімдіктерге сары, сары қоңыр және қызыл түс беретін пигмент.
Катобализм – жасушада жүретін ажырау реакциялары.
Кері транскриптаза (ревертаза) гендері – РНҚ-дан тұратын вирустарда синтезделеді. РНҚ матрицадан ДНҚ синтезі реакциясын катализдейтін фермент.
Клон –бір дарадан вегетативті жолмен даму арқылы пайда болған генетикалық бір типті жасушалар тобы.
Клондау (молекулалық) – жасанды ортада өсіру арқылы рекомбинантты ДНҚ молекуласын анықтау әдісі.
Кодон –белгілі аминқышқылын анықтайтын нуклейн қышқылының үш нуклеотидтен тұратын бөлігі.
Комплементарлық – сутектік және басқа байланыстар арқылы қосылып, комплекс құрайтын молекулалар. (Мысалы, нуклейн қышқылдарында А – Т, Ц – Г, сонымен қатар антиген – антидене өзара комплементарлы.)