Силлабус пәні: «Молекулалық биология, медициналық генетика» Мамандығы



бет26/27
Дата17.10.2022
өлшемі105,49 Kb.
#153344
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
molekulalyk biologiya medicinalyk genetika

Репорацияфизикалық және химиялық мутагендердің әсерінен бұзылған ДНҚ құрылымының қалпына келуі.
Рестриктазалар – ДНҚ-ның нуклеотидтер тізбегін белгілі жерден үзетін фермент.
Ретровирустар – генетикалық ақпараты РНҚ-дан тұратын жануарлар вирусы;кері транскриптаза ферментін кодтайды.
Рецессивті – доминантты белгі дамыған жағдайда, аллельдің басылып қалуы.
Рибосома – нәруыз (полипептидтер) синтезделетін цитоплазмалық құрылым.
РНҚ (рибонуклеин қышқылы) – рибонуклеотидтерден тұратын полимер. Көптеген вирустардың РНҚ-лары генетикалық ақпаратты сақтайды. Ақпараттық РНҚ (аРНҚ) немесе матрицалық РНҚ (мРНҚ) – генетикалық ақпараттың ДНҚ-дан транскрипциялануынан пайда болады. Тасымалдаушы РНҚ (тРНҚ) – нәруыздың синтезделуі үшін қажетті аминқышқылдарын рибосомаға тасымалдайды. Рибосомалық РНҚ (рРНҚ) – рибосоманың құрылымына кіреді.
Секвинерлеу – нуклеин қышқылы тізбегіндегі нуклеотидтердің немесе протеиндердегі аминқышқылдарының орналасу ретін анықтау.
Сибстер – адам генетикасында монозиготалы егіздерге жатпайтын ағайындар.
Сперматогенез – аталық жыныс жасушаларының дамуы және пайда болуы.
Субметацентрлі – хромосоманың тең немесе екі ашаға бөлінуі.
Сұрыптау – шаруашылыққа қажетті жаңа тұқымдар, іріктемелер және штамдар алу үшін қолданатын әдістер жиынтығы.
Телоцентрлі – центромераның хромосоманың ұшында орналасуы.
Терминация – нәруыз биосинтезінің аяқталуы.
Тетраплоид немесе триплоид – жасушалардағы хромосомалар саны үш, төрт есе өмкен организм.
Тетроза – молекуласының құрамында төрт көміртек атомы бар моносахарид өкілі; мысалы эритроза.
Тилакоид – хлоропласт органоидінде фотосинтез процесін жүргізуге әсер ететін негізгі элемент.
Трабекула жүйесі – гиалоплазма заттарын біріктіріп тұратын тор.
Трансдукция – плазмиданың және фагтардың көмегімен ДНҚ-ны жасушадан жасушаға тасымалдау.
Транскрипция – ДНҚ-матрицадан РНҚ-ның синтезделуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет