20. «Аргумент», «деректер» түсініктері. Аргумент сөзі латынның argumentum, яғни,
1) айғақ болудың негізіне қызмет ететін логикалық дәйек;
2) математикада тәуелсіз ауыспалы шама.
Аргумент латын тілінен аударғанда ықпалды адам деген мағынаны білдіреді. Нақты осы аргумент зерттеу нысанасы және критикалық ойлаушының аттандыру нүктесі болып табылатындықтан критикалық ойлауда аргумент түсінігінің мағынасын бағалау күрделілеу. Кейбір ғалымдар критикалық ойлауды «түсінудің белсенді, жүйелі процесі ретінде» анықтайды. Міне, осылай критикалық ойлаудағы аргумент тұжырымдамаларды растауға келтірілген аргументтер, себептер, дәйектер мен мысалдардың қорытынды жиынтығы дегенді білдіреді. Сонымен қатар, критикалық ойлай алатын адамдар аргументтерді бағалайтын және түсінетін бір ғана дұрыс ереже жоқ екендігін мойындайды. Сондай-ақ, барлық талпыныстар жемісті бола бермеуі мүмкін. Алайда, күнделікті өмірде, оқу және жұмыс процестерінде аргументтер құру мен бағалауды, түсінуді үйрену қажет. Ал, егерде Сізде «Неліктен бұл бізге аса қажет?» деген сұрақ туындаса онда Сіз дұрыс жолда екенсіз.
21. Аргумент түрлері Аргументте Индуктивті ой бекітілімдерге негізделген жалпылау қорытындыларды автор оқырмандарды болатын қателіктер жайлы ескертетін шартпен қабылдауға болады. Дедуктивті ойбекітілімдерге негізделген жалпылау қорытындыларға сенуге болады.
22. Дәйектер және тұжырымдар. Дәйек сөзі – факт, аргумент, дерек, ұғымдарымен мағыналас келеді. Яғни ол дәлел келтірумен негізделген мағлұмат, сүйенетін тірек ақпарат болып табылады.
Тұжырымға дәлел ретінде ұсынылып отырған бекітілімдер дәйек деп аталынады. Дәйек қызметін атқара алатын тұжырымдардың сан алуан түрлері бар. Жалпыға танымал аргументтер, ортақ принциптер, аксиомалар, сауалнамалар мен тәжірибе нәтижесі, статистикалық мәліметтер және басқа да аргументтер дәйектің бір бөлігі бола алады. Ал, оларды сенуге болатын беделді мәліметтер түрінде берілетіндіктері біріктіреді. Кез-келген аргумент қалай болғанда да аргумент құрылымының өзіне негізделіп немесе тексеріле алмайтын дәйектерден құрала алады. Осыған байланысты адамдар өз аргументтерін бұған дейін қабылданған және ақиқатқа сәйкес келетіндігі оңай тексерілетін дәйектерден бастайды. Аргументтердегі дәйектер: “неге?”, “неден?”, “не үшін?”, “қандай себептен?” сияқты сұрақтарға жауап беруге көмектеседі. Негізінен дәйектерде индикатор да болады. Мысалы: Мен өз ата-анамның 5 минуттық жерде ғана болатындықтан оларға кіріп шығуға міндеттімін. (индикатор сөз – солай болғандықтан)
Тұжырымдама – бастапқы ақпарат пайымдау (алғышарт, дәйектер), жаңа пайымдауға – қорытындыға айналатын талқылау процесін атайды. Алғышарттың бастапқы жүйесінің қайта жаңару ережесі тұжырымдама ережесі немесе ойша пайымдауды өткізу ережесі деп аталады. Егерде алғышарт пен қорытынды түрі нақты көрсетілсе, онда тұжырымдама тура деп аталады. Ал, егерде алғышарт пен қорытындыда біреуінен келесісіне қарай өзгеруге рұқсат етілетін тұжырымдаманың түрлері ғана көрсетілсе, онда тұжырымдама жанама деп аталынады.