13.Критикалық ойлау дамуының технологиясы Сыни ойлауды дамыту технологиясының
мақсаты – балалардың кейінгі өмірінде
қажет болатын ойлау дағдыларын
дамыту (салмақты шешімдер қабылдау,
ақпаратпен жұмыс істеу,
бастысы мен екіншісін бөліп көрсету,
құбылыстардың әртүрлі жақтарын
талдау.)
Сынақ кезеңі – оқушының тақырып бойынша білімін жалпылау және өзектендіру, “мен не білемін?”
Түсіну кезеңі – зерттелетін материалды белсенді қабылдауға көмектесу және ескі білімді жаңасымен байланыстыру.
Рефлексия кезеңі – бұл кезеңде оқушының осы тақырып бойынга сабақта алған білімдерін ой елегінен өткізу және жалпылау жүргізіледі.
Қорытындылай келе, СТО технологиясын жүйелі пайдалана отырып, оқушының коммуникативтік құзыреттілігін дамытуда оқушылардың көрсеткен нəтижесі: оқушылар сыни ойлай біледі, өз алдына сұрақтар қойып жауап іздейді, мəселеге байланысты өз пікірін айтады, білімнің қайнар көзін өздері тауып, білімді меңгеру қажет дағдыларды өз бетімен қолдануды үйренеді, əдепт, батыл сөйлей алады, өз ойын тұжырымдай біледі, бір- бірінің пікірін тыңдайды, белсенділіктері артады, шығармашылықпен жұмыс жасай алады, білімді сапалы меңгереді.
Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар əр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.
14.Сын тұрғысынан ойлау дамуының технология туралы Қазіргі педагогикадағы проблемалық оқытудың тұжырымдамасын тереңінен зерттеу Ресейде ХХ ғасырдың 70-жылдары басталды, ал дәстүрлі оқыту жүйесі белсенді оқытудың және оның тұжырымдамаларының ықпалымен үлкен өзгерістерге ұшырады. Сөйтіп, бірте-бірте проблемалық оқытудың теориясы мен практикасы бір-бірімен ұштаса отырып дамыды.
Ойлау психологиясын зерттеу аймағында проблемалық оқыту идеясы мен принциптерін психологтар С.Л.Рубинштейн, Д.Н.Богоявленский, Н.А.Менчинская, А.М.Матюшкин, В.Оконь, Ю.К.Бабанский, ал мектепте оқыту процесінде қолдануды дидакттар М.А.Данилов, М.Н.Скаткин, АВ.Хуторский және т.б. өңдеді. Сонымен қатар осы мәселемен М.И.Махмутов пен И.Я.Лернер айналысқан. Бұл аймақты зерттеу қазіргі күнде басқа педагогикалық ғылымның өкілдерімен де жүргізілді.
Педагогикада оқу үрдісін "технологияландыру" мəселесі көп қарастырылып жүр.
Бүгінгі таңда одан бірнеше ірі бағыттар сұрыпталады. Олар мыналар:
- Оқу үрдісінің іс-əрекеттері (Т. Т. Тальзина, П. Гальперин).
- Концептуалды негізде (негізгі жəне қосымша сабақ, курстік жалпы идеясын анықтап алу, қайшылық тудырмайтын пəнаралық байланысты қалыптастыру).
- Ірі блоктік жүйе (В.Ф. Шаталов).
- Алдын-ала дайындау (опережения).
- Мəселелік жағдай (А.М. Матюшкин).
- Жеке мəндік негізде теориялық материалды өтпес бұрын оқушы санасына эмоциялық психологиялық əсер ету .
Педагогикалық технологияны құрудың алғашқы сатысы мынандай баптардан тұрады:
- мұғалімді əдістемелік қамтамасыз ету.
- мектеп оқулықтарын дайындау жүйесі.
- мұғалімнің кəсіпкерлік дайындық жүйесі.
- оқу үрдісін жобалау.
- оқушының жалпы жəне оқу жүктемелері.
Педагогикалық технологиялау дегеніміз - оқу процесін жобалаудың жүйелік ісі, оқытудың тиімді түрлеріне жету мақсатында, адам мен техналогиялық ресурстарды, олардың ара-қатынасып ескере отырып бүкіл оқу мен білімді меңгеру үрдісін жүргізу, оны бағалау.