11.Сын тұрғысынан ойлау кедергілердің түрлері.
.Сын тұрғысынан тұрғыдан ойлау мәселесін тереңірек ұғындыру мақсатында Әл-Фараби, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов пікірлеріне сүйеніп, бірлескен жұмыстың әсері туралы психологиялық тұрғыдан Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, А.В.Запорожец, Л.М.Леонтьев, Б.Г.Ананьев, А.Р.Лурия, С.Л.Рубинштейн, Д.Н.Узнадзе еңбектерін талқылап, көптеген ғалымдар мен практиктердің жұмыстарына (Ж.Пиаже, Дж.Дьюи, Т.С.Воропай, С.Тулмин, С.Бахишева, А.Тягло, С.Мирсеитова, т.б.) зерделеу мәселені тереңірек және ашық талдап, түсінуге мүмкіндік береді.
Аталған әдебиеттер мен пікірлерді саралай келе басты міндеттері анықталды:
оқыту үдерісінде мұғалімдердің Сын тұрғысынан ойлау мүмкіндіктерін анықтау;
бірлескен жұмыс арқылы Сын тұрғысынан тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытудың мәні, міндеттері, құрылымын анықтау;
түрлі пән мұғалімдерінің Сын тұрғысынан тұрғыдан ойлау негіздерін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтап, әдістерін таңдау;
тапсырманы Блум таксаномиясына сай жүргізуге баулу;
АКТ мүмкіндіктерін қолдану арқылы қалыптан тыс ойлануға тарту;
бірлескен жұмыс бойынша тәжірибелік-зерттеу жұмысын өткізу, оның нәтижелерін талдау арқылы нақты шешімдер шығару.
12. Басқа адамдардың ойлауында кедергілерді диагностикалау.
Сын тұрғысынан ойлауға бағытталған бірлескен жұмыс зерттеуі мұғалімдердің Сын тұрғысынан тұрғыда ойлауын дамытып, өзіндік дәлел-уәждерін жеткізуге ынтымақтастық орта қалыптастыру, сенімді, Сын тұрғысынан пікір-көзқарастарын жүйелі дамытуды міндеттейді. Сабақтарда мұғалімдердің Сын тұрғысынан тұрғыда ойлауға бағытталған ауызша және көзбен көретін айғақтар бойынша тапсырмалар кіріктіру, тренер-оқу әрекеті-мұғалім» жүйесін орнату, шығармашылық жұмыстардың мазмұнын Сын тұрғысынан ойландыруға бағыттау, оқыту үрдісін ізгілендіруді үнемі басшылыққа алу қажет деп тұжырымдағым келеді.
Кез-келген елдің экономикалық қуаты, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдегі білім мен тәрбие беру ісі және оқушылардың өздігінен жан-жақты ойлау деңгейіне байланысты. Бұл олардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту қажеттігін көрсетеді.
Сын тұрғысынан ойлау – бұл философия. Өйткені, Сын тұрғысынан тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады. Ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, пікірлерін білдіреді, келешекте мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен бастамашылдыққа ашық болады. Белгілі ғалым Дайана Халперн «Сын тұрғысынан ойлау – ойлаған түп нәтижеге жету үшін танымдық техникаларды пайдалану арқылы шығармашылықпен әрі қарай бағыттап ойлану» деген екен. Сондықтан мұғалімдерді Сын тұрғысынан тұрғыда ойлауға үйрете арқылы нұрлы болашақ пен жаңашыл тұлғалар қалыптастыруды ұмытпаған жөн деп есептеймін.
Ал,мұғалімдер мен ойлағандай Сын тұрғысынан тұрғыда ойлауға бейім болу үшін өзгеріс енгізу қажеттігін сезіндім. «Әлем өзгергендіктен, сіз өзгересіз және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екенін білесіз. Шәкірттеріңіз жылдам өзгеретін әлемде бағыт беріп отыратын сізді қажет ететіндіктен алдымен сізге өз жолыңызды табу қажет» деп С.Бич айтқандай, мұғалімдердің өз құндылығына сай жол тауып, өзгеріс енгізуіне бетбұрыс жасайық.
Достарыңызбен бөлісу: |