Сын тұрғысынан ойлауға кіріспе


Сын тұрғысынан ойлаудың элементтері



бет7/17
Дата20.12.2023
өлшемі72,4 Kb.
#198043
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
сыни ответы

15.Сын тұрғысынан ойлаудың элементтері 
Педагогикалақ технологияны дұрыс жобалау үшін мынандай 5 элемент қамтылу керек: 
1. Мақсат қою! (курс, тарау, т.б.). 
2. Болжау. Оқушылар еңбегін болжау дегеніміз: деңгейлік оқытуға бағытталып құрылған өздік жұмысы. 
3. Оқушылардың сабақтан тыс өз бетімен орындайтын жұмыстары. 
4. Логикалық құрылым. Шағын мақсаттың мазмұны мен саны оқушылардың даму аймағын жəне уақыт бойынша əр аймақтың ұзақтығын анықтайды.Түзету. Қарастырып отырған сұрақтағы мүмкін болатын қиындықтар: оқушылардың көп жіберетін қателері, оқушының оқу стандартты деңгейіне көтерудің педагогикаға тəн шаралар жүйесі. 
Қазіргі уақытта педагогтың алға қойған мақсаттарына байланысты проблемалық оқытудың да алуан түрлері бар. Мысалы, ол білім, білік пен дағдыны оқушылардың меңгеруі, мұнда оқытушы проблемалық жағдаяттарды шешу процесін басқарады және бағыттайды. Дербесттікке байланысты алынған білімдер студенттермен меңгеріледі, ал оқушылар жағынан үлкен қызығушылықты тудырудың есебінен оқыту процесі белсендендіреді. Сонымен, проблемалық оқыту оқу материалының құрылысы мен оқыту әдістемесі жетілген оқыту түріне айналады. 
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. 

16. Сын тұрғысынан ойлаудың айырықша ерекшеліктері.
Қазіргі білім саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. СТО технологиясының оқушы бойындакоммуникативтік құзыреттілікті арттырудың бірден – бір қайнар көзі. Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау принциптеріне негізделген болса, əркім өз ойлары мен пікірлерін жəне бағалауларын тəуелсіз құратын болады. Біз үшін басқа біреу сыни ойлай алмайды, біз барлығын өзіміз үшін жасаймыз. Екіншіден, ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес, жіберілген пункті болып табылады. Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мəселені анықтаудан басталады. Төртіншіден, сын тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дəлелге ұмтылады. Сын тұрғыдан ойлайтын адам мəселені шешудің жолын іздеп табады да, сол шешімдерді негізі бар, саналы дəлелдермен нақтылай түседі. Сонымен қатар, ол сол мəселені шешудің басқа да жолдарының бар екендігін мойындайды да, өзі таңдап алған жолдың басқаларына қарағанда ақылға қонымды екендігін дəлелдеуге тырысады. Бесіншіден, сыни тұрғыдан ойлау əлеуметтік ойлау болып табылады.Қорытындылай келгенде, сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз- алған білімге сын көзбен қарау, іздену, оның ақиқатын дəлелдеу, яғни, білімді саналы түрде алу. Бұл технологияның тиімділігі – оқушының құзыреттілігін арттырып ғана қоймайды, сонымен қатар:
− жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталады;
− мұғалім мен оқушылар арасында ізгілікті қарым-қатынас орнауы;
− оқушының өздігінен жан-жақты білім алуына жағдай жасалады;
− алған білімге сын көзбен қарау, білімді сапалы түрде алу;
− оқушыны ойын ашық айта алуға, пікір айтуға, алмасуға үйренеді;
− бірін –бірі сыйлауға баулуы;
− мəселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланады;
− оқушының шығармашылық белсенділігінің артуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет