Сыныбы: 7 Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы Тақырыбы



бет9/18
Дата31.07.2017
өлшемі2,68 Mb.
#22336
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

Қорытынды: Бүгінгі сабақты Еуразия материгінің халқы мен елдері туралы қосымша материалдарды қолдана отырып өткіздім. Сонымен қатар Еуразия халықтарының нәсілдерін, халықтарының тілдік топтары мен діндеріне кесте арқылы шолу жасадым.

Үйге тапсырма: §23 – оқу. Кескін картаға Еуразия халықтарын түсіру, тест құрау.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Солтүстік және Батыс Еуропа елдері

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларды Солтүстік және Батыс Еуропа елдерімен таныстыра отырып, олардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

2.Дамытушылық: Оқушылардың сөз қорын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын және тез ойлауға, өз пікірін айтуға дағдылындару.

3. Тәрбиелік: Оқушылырды басқа мемлекеттердің табиғатымен қоса өз елі, жерінің табиғатын сүюге, құрметтеуге, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі.

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Атлас карталар, оқулық, кескін карталар, каточкалар, суреттер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру, өзіме назар аударту.

Жаңа сабақ:

Солтүстік Еуропа елдері. Еуропаның бұл бөлігін атына сәйкес, солтүстіктегі Скандинавия түбегінде орналасқан Норвегия, Швеция, Финляндия және аралдық Исландия мен Дания елдері құрайды.

Географтар Скандинавия түбегін Финляндиямен қоса Фенноскандия деп атайды. Бұл елдердің барлығы атлант мұхиты мен оның теңіздерінің жағалауында орналасқан. Сондықтан аймақтың табиғаты, халқының шаруашылық әрекеті мен тұрмыс-тіршілігі теңізбен тығыз байланысты дамыған.

Солтүстік Атлант жылы ағысының әсерінен батыстағы жағалық теңіз сулары қыста да қатпайды. Скандинавия түбегінің жағалауы өте күшті тілімденген, мұнда мұз басу әсерінен қалыптасқан тік жағалы, терең, тар шығанақтар – фьордтар көп кездеседі. Жағалауда жартасты шағын аралдар көп. Мұнда герман тобына жататын исландиялықтар, норвегтер мен шведтер, шығысында финдтер тұрады. Олар ежелден бұғы шаруашылығымен, аң және балық аулаумен айналысқан. Норвегтердің тұрмысы теңізбен тығыз байланысты, олар ежелден-ақ ержүрек теңізшілерімен әйгілі.

Дания жерінде климат қолайлы болғандықтан халық тығыз қоныстанған, жері анағұрлым жақсы игерілген.

Солтүстік теңіз қайраңынан мұнай өндірумен, ағаш өндірумен айналысады. Швецияның «Вольво», «Скания» машина жасау, «Эрикссон» байланыс құралдарын жасайтын концеріндері, Финляндияның «Нокия» кәсіпорны әлемге әйгілі. Ал Дания дүниенің түкпір –түкпіріне сүт өнімдерін жөнелтеді. Солтүстік Еуропа елдерінде халықтың тұрмысы өте жоғары дәрежеде. Басқа елдермен салыстырғанда аймақтың табиғаты да біршама жақсы сақталған.

Батыс Еуропа айамғына Еуропаның батыс бөлігіндегі Ұлыбритания, Ирландия, Франция, Германия, Швейцария, Бельгия, Нидерланд, Аустрия және бірнеше ұсақ елдер кіреді. Ұлыбритания мен Ирландия материктегі елдерден Ла-Манш бұғазы арқылы бөлініп жатыр.

Батыс Еуропа елдерінің табиғат жағдайына Атлант мұхитының тигізетін ықпалы өте зор. Блритан аралдарының оңтүтігі мен материктеге елдердің солтүстігін жазық жерлер алып жатыр.

Батыс Еуропа – дүние жүзіндегі ең жоғары дамыған елдердің шоғырланған аймағы. Аймақта халық тығыз қоныстанған, олардың басым көпшілігі қалаларда тұрады. Халықтың ұлттық құрамы да күрделі. Қазіргі кезде бұл елдерде шығарылатын реактивті ұшақтар, автомобильдер («Мерседес», «Рено», «Ауди», «Пежо»), күрделі электрондық техника (компьютерлер, есептегіш құралдар) дүние жүзіне әйгілі. Швейцарияда жасалатын сағаттар өте дәлдігімен, сапалылығымен аса жоғары бағаланады.

Батыс Еуроп елдерінің табиғи және тарихи-мәдени ескерткіштерін көріп, тамашалау үшін, жанға жайлы табиғатының аясында емделіп, демалу үшін бұл аймаққа жыл сайын әлемнің көптеген елдерінен миллиондаған туристер мен демалушылар ағылады.

Жаңа сабақты бекіту:

Норвегия; Швеция; Финляндия; Исландия; Дания;



Ұлыбритания; Ирландия; Франция; Германия; Швейцария; Бельгия; Нидерланды; Австрия;



Көп нүктенің орнына керектісін жаз:

  • Еуропаның жалпы жер көлемі-............мың км².

  • Еуропа халқының жалпы саны-.............млн адам.

  • Батыс Еуропаның ойпаттарының теңіз деңгейінен биіктігі.............м-ден аспайды.

Қорытынды: Бүгінгі сабақта Солтүстік және Батыс елдерімен таныстырдым. Меңгергенін тақырыпқа қатысты қызықты географиялық тапсырмалар арқылы тексердім.

Үйге тапсырма: § 24 – оқу. Кескін картаға Солтүстік пен Батыс Еуропа елдерін түсіру, тест құрау.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Шығыс Еуропа елдері

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларға білім беру. Материкте табиғат белдеулерінің қалыптасуы, органикалық дүниесінің таралу ерекшеліктері мен себептері туралы түсінік беру.

2.Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру мақсатында қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушылырды ұжымдылыққа, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, баяндау.

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Карталар, оқулық, кескін карталар, суреттер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру, өзіме назар аударту.

Жаңа сабақ:

Шығыс Еуропа аймағы Еуропаның едәуір көлемдірек бөлігін алып жатыр. Бұл аймақта Румыния'>Польша, Чехия, Словакия, Венгрия, Румыния және балқан түбегінің солтүстігіндегі елдер – Болгария, Сербия мен Черногория, Хорватия, Словения, Босния және Герцоговина, Македония, Албания орналасқан. Бұрын Кеңестер Одағы құрамында болған Украина,_Молдова'>Латвия, Литва, Эстония және Белорусь, Украина, Молдова елдері және Ресей Федерациясының Еуропалық бөлігі осы аймаққа кіреді.

Бұл елдер Балтық және Жерорта теңіздерінің аралығында солтүстіктен оңтүстікке қарай тұтас алап түрінде созыла орналасқан. Табиғат жағдайларына қарай Шығыс Еуропа бірнеше ауданға бөлінеді.

Солтүстігінде жатқан Балтық бойы елдері мен Польша, Чехия, Словакия, Венгрияда табмғат жағдайлары біртектес болып келеді.

Бұл елдерде халық жиі қоныстанған. Польша,Чехия мен Словакияда славян халықтары тұрады. Ал Вегрияның негізгі халқын осыдан мың жылдай бұрын Азиядан қоныс аударған мадиярлар құрайд. Балтық бойы елдерінде латыштар, литвалықтар, эстондар тұрады. Халықтың көпшілік бөлігі қалаларда тұрады. Халықтың көпшілік бөлігі д.ж-не әйгілі тарихи-мәдени ескерткіштер сақталып қалған. Аталған елдердің жер қойнауы пайдалы қазбаларға да өте бай. Әсіресе көмір (Польша, Чехия), боксит (Венгрия) өндіретін салалар орналасқан. Бұл елдердің кәсіпорындарында әр түрлі машиналар жасалыны, жеңіл өнеркәсіп бұйымдары мен тамақ өнімдері өндіріледі. Егін шаруашылығы да жақсы дамыған. Негізінен қара бидай, бидай, картоп, зығыр, қант қызылшасы өсіріледі. Ал климаты жұмсақ Венгрия жерін бау-бақша мен жүзімдіктер алып жатыр.

Жерорта теңізінің күшті тілімденген жағалауы боймен тау жоталары созылып жатыр. Балқан түбегіндегі таулардың кейбірі әктастардан құралған. Ал Румыния жерінде доға тәрізді иіліп Карпат тауы орналасқан. Альпі-Гималай геосинклиналдық белдеуіне енетін бұл тауларда тау жасалу қозғалыстары әлі аяқталмаған, сондықтан жер сілкінулер жиі болып тұрады.

Бұл елдердің климаты айрықша алуан түрлі болып келеді. Жерорта теңізі жағалауына субтропиктік жерорта теңіздік климат тән. Мұнда жаз ыстық, құрғақ, ал ұзаққа созылмайтын қысы ылғалды, жылы болады. Қлың қар жамылғысы тек тау бастарында ғана жатады.

Шығыс Еуропа елдері Орал тауына дейін созылып жатыр. Оған Ресей Федерациясының еуропалық бөлігі, Украина, Белорусь, Молдова кіреді. Аймақтың жер қойнауы темір, тас көмір мен қоңыр көмір, апатит, тас тұзы мен калий тұзы, асч тұзы, мұнай мен газдың ірі кен орындарына бай.



Украина мен Ресей жерінде ауыр өнеркәсіп күшті дамыған. Бұл аймақ арқылы д.ж-гі аса ірі қара топырақты белдеу өтетіндіктен ең астықты аудан болып есептеледі.

Жаңа сабақты бекіту:





Каталог: Geografia
Geografia -> Сабақтың тақырыбы: Экономикалық және әлеуметтік география ұғымы, мақасаттары мен міндеттері
Geografia -> Сабақтың тақырыбы: Материктер мен мұхиттар географиясы нені оқытады
Geografia -> Сабақтың тақырыбы және оқып үйренудің негізгі мақсаттары Сағат саны Оқытуда қолданыла-тын әдіс-тәсілдер
Geografia -> Сабақтың тақырыбы: Көлдер Сабақтың мақсаты
Geografia -> Бекітемін: Күні: Сыныбы: 11. Пәні: География. Сабақтың тақырыбы
Geografia -> Сыныбы: Күні: Пәні: География. №1сабақ Сабақтың тақырыбы
Geografia -> Сабақ сынып апта күн 3 сабақ Сабақтың тақырыбы Географиялық білім көздері Сілтеме
Geografia -> Географияп ә нбірлестіг і Әдістемелік бірлестік жетекшісі
Geografia -> Сабақтың тақырыбы және оқып үйренудің негізгі мақсаттары Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет