Сыныбы: 8 Қазақстан тарихы



бет4/4
Дата25.06.2017
өлшемі0,66 Mb.
#19929
түріСабақ
1   2   3   4
ТАУДА ЖҮРІП, ТАСТА ӨСКЕН           
 
Досбол Қарауыл Ордабайды ертіп Екі Шектіге дауға барады. Сөз арасында Ордабай жеңілдік қып күле беріпті. Сонда Досболдың Ордабайға айтқаны:

Көлде жүрген қоңыр қаз
Шөл қадірін не білсін.
Шөлде жүрген дуадақ  
Көл қадірін не білсін.
Тауда жүріп, таста өскен,
Ағайыннан басқа өскен  
Ордабай күлмей, кім күлсін!
 
* * * * * * * * * * *

ЖЫЛҚЫНЫҢ СҮТІ ШЕКЕР, ЕТІ БАЛ 


 
Ертеде Ташкент ұлығы Нарымбет: «Жылқыға қандай мақтау сияды?» — деп Досболдан сұрапты.
Сонда Досбол: «Жылқының сүті шекер, еті бал, иісі жұпар, терісі киім, мінсең тұлпар, қызылжара сарқарынның ішінде піскен сүт бар, жаратқанның ісіне таң қалыңдар!» — депті.
 
* * * * * * * * * * * *
ЖАЛАҢБАС БАТЫР МЕН  САПАҚТЫҢ ҚАҒЫСУЫ

Сапақ датқа дау болған жерде байлығын айтып жұртқа сөз бермейді екен. Осындай бір келелі кеңеске Жалаңбас батыр қатысып қалады. Ол кезде әкесіне еріп келіп жүрген Жалаңбас сегіз-тоғыз жасар бала екен. Сонда Жалаңбас әкесінің алдында ойнап отырып, Сапаққа:


—    Уа, ер дегенге ерей ме,
Екі мұртың серей ме.
Сенде бар да бес байтал,
Өзге кісі кедей ме? — деген екен.
Сапақ сөзден тоқталып қалады.
 
Екінші бір жолы сөзден ұтпақ үшін Сапақ тағы да жас Жалаңбасқа қарап:
—    Сөйлегеңде шешенсің,
Тумай жатып көсемсің,
Кімнен туған көзелсің! — дейді.
Жалаңбастың ата-тегі белгілі кісілер болмаса керек, ол сонда былай депті:
—    Атамды сұрасаң — жетесіз,
Анамды сұрасаң — некесіз.
Өз тұсында өзім болдым,
Жетемді сұрап не етесіз?!
 
* * * * * * * * * * * *ІЛІМНІҢ БАР ЕКЕН, ЖАНЫМ!  
Мұғал деген кісі жас Наурызбай бидің үйіне келіп, қонақ болып жатып, қайтарда айтқан екен:
—     Ілімің бар екен, жаным,
Білімің әлде қалай.
Қағуың бар екен, жаным,
Халқыңа жағуың әлдеқалай.
Айлаң бар екен, жаным,
Халқыңа пайдаң әлдеқалай.
Жорғалығың бар екен, жаным,
Халқыңа қорғандығың әлдеқалай.
Заттығың бар екен, жаным,
Халқыңа қымбаттығың әлдеқалай!
 
* * * * * * * * * * * ТҰРЛЫМБЕТ ҚУ МЕН САУДАГЕР
 
Ертеде ел қыдырған саудагерлер қазақтан жалға үш түйе алыпты. Сөйтсе әлігінің екеуі жуас та, ал бірі бақырауық боп шығыпты. Әбден мазалары кетіп жүрген саудагерлер Тұрлымбетке кезіккенде:
—    Ай, қазақ, мына түйе неге бақыра береді, тілін білесің бе? — дейді.
—    Білемін,— дейді Тұрлымбет.
—    Білсең айтшы, бір шапан берейін,— дейді саудагер. Сонда Тұрлымбет:
Аш иттей ел қыдырған сен бір кезбе,
Үстіме таудай қылып арттың бөзді.
Тынысымды алдырмай жүргізесің,
Тұра қалсам ұрасың басқа, көзге.
Құтылсам осы қудан, уа құдайым,
Шалқақтап жүрер едім жапан түзде! — деп тұр.
 
Мұны босат та маған шапаныңды бер,— депті.
 
* * * * * * * * * * * * *

ІЗБАСТЫ МЕН КӨБЕ ҚЫЗ 


Ізбасты жетпіс бес жасқа келгенде әйелі   еліп, Шолтай дегеннің Көбе деген қызын айттырады. Қыз Ізбастыны кәрісініп былай деген екен:
—    Қиса қиуы келе ме,
Қарағайдың талменен.
Дәмі бірдей бола ма,
Қара судың балменен.
Бізге лайық бола ма,
Айттырғанмен малменен.
Қайтып ойнап-күлерміз
Жетпіс бестегі шалменен.
 
* * * * * * * * * * * *АРЫҚ ЕМЕС, ҚАТУМЫН                                 

Ертеде Қаракесек  пен Қыпшақ руларының арасында бір дау болады. Дауға Қаракесек Қаздауысты Қазыбек келіпті.
Амандасып болған соң Қыпшақ биі: «Арғынның арық биі сөйле!» — депті.
Сонда Қазыбек:

Арық емес қатумын,


Қара жерден татумын.
Көшершілік кезде түйе азады,
 
Жетімдік көрсе қыз азады.
Елі жаугершілік болса,
Тағында хан азады,
Табындағы би азады,— депті.
 
* * * * * * * * * * * *АЛҒАН ЖАРЫҢ ЖАҚСЫ БОЛСА
 
Қаз дауысты Қазыбек ел аралап жүріп бір үйге түсіпті. Ерінің үйде жоғына               
қарамастан, әйелі қонақтарды жақсы күтіпті. Сонда Қазыбек — «Әйелі мұндай, мұның ері қандай екен?» — деп тамашалап, жүре қоймай отырғанда үйіне ері келеді. Қараса, ері ұя бөріктеу ғана адам екен, Қазыбек әзілдеп, жолдастарына қарап былай депті:
Жараңдар, бұл сөзімнің мәнісі бар,
Мәнсіздің мәндіменен не ісі бар?
Құданың қүдіретіне қарап тұрсам,
Жапалақ үйрек алған бір ісі бар.
 
Сонда әйел Қазыбектің сөзіне түсініп қалып:
 
Биеке, ол сөзіңнің мәнісі бар,
Мәнсіздің мәндіменен көп ісі бар.
Жапалақ ілген құсын місе тұтпай,
Әлде де қоңыр қаздан дәмесі бар,—депті.
 
Сонда Қазыбек әйелге риза болып:
 
Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы емес пе!  
Атың жаман болса,
Шыбын жанның азабы емес пе!
Қатын жаман болса,
Бұл жалғанның тозағы емес пе!  
Туған балаң жақсы болса,
Тән мен жанның шырағы емес пе!
Мінген атың жақсы болса,—
Бұл дүниенің пырағы емес пе!
Алған жарық жақсы болса,
Жиғаның мен мейманыңның тұрағы емес пе! —депті.
 
* * * * * * * * * * * *ЖАҚСЫ ҰЛ — ЕЛДІҢ ТУЫ БОЛАДЫ      
 
Бір күні Қаражігіт би Қазыбектің үйіне келіп қонады. Әңгімелесіп отырғанда Қазыбек:
—    Уа балам, атадан жақсы ұл туса, елдің туы болады Деп еді, атадан жаман ұл туса, көштің соңы болады деп еді. Соның қайсысы боласың?—дейді. Сонда Қаражігіт:
—    Ораздының кәрісі қартайғанда қазына болады деп еді, шиырлының кәрісі қартайғанда қазба болады деп еді. Сіз өзіңіз соның қайсысы боласыз? — депті.
—    Еншалла, қазынамыз ғой,— дей беріпті сонда Қазыбек.
—    Еншалла, біз елдің туымыз,— депті Қаражігіт.
 
* * * * * * * * * * * *МҮСЕТ ПЕН САҚҚҰЛАҚТЫҢ ҚАҒЫСУЫ      
 
Мүсет ел аралап жүріп, Саққұлаққа сәлем бере барыпты. Саққұлақ Мүсетті бұрын көрмеген екен.
—     Кімсің-ей? — депті.
—     Уа, мен Керей Мүсетпін,— депті.
—     Е, Керейдің торы алалы жылқысын құртқан кесірлі Мүсет сен бе едің? — депті.
Сонда Мүсет:
—     Е, кешегі заманда еліңді жау шауып, қызыңды қатын, қатыныңды отын қылған екен, о да менің қырсығым болғаны ма? — депті. Саққұлақ сөзден тосылып қалып, қылышын ала ұмтылыпты. Мүсет үндемей үйден шығып кетіпті. Оны көріп Нұралы алдынан шығып, сәлем беріп:
—     Е, Мүсеке, би атама сәлем бермедіңіз бе, жол болсын? — депті.
—     Ағама барып едім, жынданып жатыр екен,— депті Мүсет.
—     Олай болса, би, біздікіне жүріңіз, қонақ болыңыз,— депті Нұралы.
Мүсет «жарайды» депті де ілесіпті. Есікке жақындағанда бұрылып Саққұлақтыкіне қайта кіреді. Сонда Саққұлақ Мүсеттің сәлемін алып:
—     Әй, Мүсет-ай, жарайсың, мені екі өлімнен алып қалдың-ау, жұрт мақтаса — мақтағандай екенсің,— депті.— Өйткені мен қылыш ала ұмтылғанда шабуым керек еді, шаптырмадың. Ол бір. Екінші, сол бетіңмен кетіп қалмай, қайта келіп сәлемдесіп отырсың, бұдан артық білім бар ма?
 
* * * * * * * * * * * * *
ЖЕТЕС ПЕН НИЯЗ
 
Жақайым Шекті Жетес би бір даумен Шектің назар Жексей деген
еліне барыпты. Ол елде Нияз деген кісі би екен. Өзі етженділеу адам болса керек. Ал, Жетес арық кісі екен. Бір сөздің кезегінде Нияз Жетеске:
—    Уа, Жетежан, дауылпаз деген құс болады, дауысы жер жарады. Жанына барсаң, ұлтарақтай көн болады дегендей Жетес атың жер жаратын еді...— депті.
Сонда Жетес, оның сөзін бөліп:
—    Уа, Ніке, оныңыз рас. Ерназар Бекетті айдатқалы арлы шекті арық болды да, арсыз шекті семіз болды ғой! —- депті.
 
* * * * * * * * * * * * *ҚҰРМЫСЫНЫҢ ЗІЛҒАРАҒА АЙТҚАНЫ
 
Құрмысы мал бітпеген кедей екен. Қонақ келгенде, соярға малы болмай, ұяла берген соң, елі: «Сіз қонақ келсе жерге қарап қаласыз, қысылмаңыз, үй басы бір-бір қойдан берейік»,— деп жүз үй жүз тоқты беріпті.
Елдің әкімі болған Зілғара жерін қориды екен. Бірде қорығына қой жайып жүрген Құрмысыны көріп шауып келеді.
Сонда Құрмысы:
Зілғаражан, ағаң қалып еді суалып,
Қонақ келсе сасып қалушы еді ұялып.
Бір аз ғана қой жиып беріп едіңдер,
Қонақ келгенде отырсын деп жұбанып.
Ағаңа бір азғана қой бітті деп,
Шауып келесің бе сонша қуанып? — дейді.  
 
Сонда Зілғара: «Тіліңді құдай кессін»,— деп қайтып жүре беріпті.
 
* * * * * * * * * * * *ЕСІКТЕН МЕЙМАН КЕЛСЕ ТОҚТАТПАҚ

Құрмысы шешен өлерінде балалары: «Әке, бізге не айтасыз?»— деп сұрағанда: «Мен не айтайын, есім


дұрьіс кезінде айтқан сезімді ұмытпасаңдар жетер, әйтсе де бір сөз айтайын: «Есіктен мейман келсе — тоқтатпа, өлген мені — боқтатпа!» — депті.
 
* * * * * * * * * * * *ҚҰЛЖАНБЕК ПЕН МӘТІМҰСАНЫҢ ӘЗІЛІ

Қаракесек пен Қуандық — екі дуанның адамдары бір дауды шешуге жиналып екі жақтан екі кісі шығарыпты. Қаракесектен Түйте Құлжанбек те, ал Қуандық жағынан Мәтімұса шыққан екен.
Қаракесектің бір-екі адамы желі басында төбелесіп, біреуін біреуі тоқпақтап өлтіріпті де, Қуандықтың екі адамы бірін-бірі пышақтаған көрінеді.
Құлжанбек пен Мәтімұса ортаға шығып отыра бергенде, Құлжанбек:

—     Ей, Мәтімұса! Екеумізді екі ел айқайды қойып, әңгімелесіп, осы дауды бітірсін деп шақырып отыр, неге қашық отырсың, айқайлап сөйлесеміз бе? Әлде жеңіне тығып келген пышағы бар деп менен қорқып отырсыз ба?— депті. Сонда Мәтімұса:

—     Жоқ, Құлжеке! Пышағыңыз бар деп отырғаным жоқ, жеңіңізге тығып келген жетітоқпағыңыз бар ма деп азырақ бой сақтап отырғаным рас! — депті.

* * * * * * * * * * * * *
БЕКМАҒАМБЕТ ПЕН ЖАУКЕНІҢ ҚАҒЫСУЫ
 Бекмағамбет Омбы еліне бара жатып, жолда Жауке дегеннің үйіне қонады. Тамақ ішіп отырғанда Жауке еттің майын Бекеңе қарай итере беріп: «Беке алыңыз, бұл жүрекке тиетін сары май емес қой»,— дей беріпті. Олай дейтіні Бекмағамбет Сарымай дейтін әйелді аламын деп, көп әуреленіп, ақыры ала алмай қалған жайы бар екен. Бекмағамбет жауаптан тосылып қалыпты. Сонда Бекеңнің жанындағы жолдасы Хасен деген жігіт аңдып отырып:
—     Бәкең, әрине, майды талғап жейді ғой, көңіліне жақпаса құлағына сырға тақса да қайтсін ондайды,— депті. Онысы — Жауке де «Сырға» деген әйелді алам деп ала алмай айрылып қалған екен.

Жауке сөзден тоқтап, үндемей қалыпты.

Сырым Датұлы 1-ші көтерілісі

Жасы ұлғайған кезінде отарлаушылардың озбыр саясатына қарсы шығып, жерінен айырылып, жайылымсыз қалған, патша әкімшілігінің езіп-жаншуынан, тонауынан әбден титықтап біткен халқының наразылығына үн қосып, қарулы күреске шығады. Ол өзінің Орынбордың генерал-губернаторы Игельстромға жазған бір хатында былай деп жазады: Сіздердің түрлі әдістермен алдап, қолға түсірген ноғай, башқұрттар сияқты бізге де бұғалық салып, езбекші екендігіңіз белгілі. Бұдан Сырым батырдың қолына қару алып, көтеріліске шығып, басын бәйгіге тігудегі мақсатының айқындығы, халқының мойнына түскелі тұрған сол бұғауды үзуге ұмтылғаны анық аңғарылады. 1783 жылы Сырым бейқам жатқан қазақ ауылдарын шауып, кезекті тонауға келген казак-орыс атаманы Чагановтың отрядымен шайқасып, оны ойсырата жеңеді. Атаманның өзін тұтқындап, Хиуаға құлдыққа сатып жібереді. Бұл патша әкімшілігіне үлкен соққы еді. Соған орай Орал қаласындағы патша әскері түгел аттанып, осы жылдың күзінде Сырымды қолға түсіреді. Бірақ оны Нұралы хан қыруар мал беріп, бірер айдан кейін босатып алады.

Сырым Датұлы 2-ші көтерілісі

Түрмеден босағаннан кейін Сырым Табын руының старшыны Тіленші Бөкенбайұлының қолдауымен орал казак-орыс әскерімен күресін әрі жалғастырады. Бірақ Нұралы хан бұл жолы Сырымды қолдамайды, қайта оған қарсы шығып, шекаралық әкімшіліктен көтерілісшілерді басу үшін арнайы әскер жіберуін талап етеді. Сөйтіп ол былайғы жерде Сырымға қарсы күресте шекара әкімшілігімен бір болады. Міне, осы кезден, яғни 1784 жылы бастап патшаның отарлау саясатына қарсы күресте ханының да, қарашасының да ортақ ниеттестігіне ие болып келген көтерілісшілер арасына жік түсіп, Сырым бастаған халық қозғалысының күресі енді Әбілқайыр әулетінен шыққан хан мен сұлтандарға қарсы бағытталады. Кіші жүздің көптеген рулары Нұралы ханға бағынбай көтерілісшілер жағына шығады. 1785 жылы күзінде болған старшындар жиналысы Нұралыны хан деп танудан бас тартады. Келесі жылдың көктемі қарсаңында көтерілісшілердің қысымына шыдамаған Нұралы шекаралық шептегі қамалға қашуға мәжбүр болады. Оның ақыры сол жылы Екатерина ІІ-нің Нұралыны хандықтан түсіру жөніндегі жарлыққа қол қоюына әкеп соғады.

Хан тағына Нұралы кетіп, Ералы отырғанымен де жағдай түзелмейді. Халықтың наразылығы одан сайын күшейе түседі. Сырым бастаған көтерілісшілер енді ашық соғыс қимылдарына көшіп, патша қамалдарына шабуыл жасай бастайды. Бірақ олар пәлендей нәтижеге жете алмайды. Елек қамалына жасаған шабуылдың сәтсіздігінен кейін Сырым соғыс тәсілін өзгертіп, партизандық әрекеттер жасауға көшеді. Шекаралық бекіністерге, сұлтандар мен оларды қолдаушылардың ауылына тұтқиылдан шабуылдап, адамдарын тұтқынға алады. 1797 жылы көтерілісшілердің үлкен бір тобы Ералыдан кейін хан тағына отырған Есімнің ауылына тұтқиылдан шабуыл жасап, ханды өлтіреді. Есім ханның өлтірілуі Сырымға тілектес билер мен старшындардың одан ірге ашуына себепші болады.



Шешендік өнері
Ұлтымыздың тарихында асқан батырлық-ерлік істерімен, асқақ сипатты, тапқырлық даналық, шешендік сөздерімен, әділетті билік-кесімдерімен жарқын із қалдырған заңғар тұлғалардың бірі - Сырым Датұлы. 
Сырым Датұлы 1712-1802 жылдары өмір сүрген қазақтың батыр әрі шешен биі. Шыққан тегі Кіші жүздің Байбақты руынан. Байбақты ішінен Әйтімбет, одан Шолан. Шоланнан Түкіш, Дат, Есенбай, Байторы, Даттан: Адамбай, Сырым, Амантай, Жомарт, Базарбай, Барлыбай, Жандыбай, Дүйімбай, Қорлыбай, Қалдыбай, Шыбынтай деген он бір ұл тарайды. Таған ауылы Сарыой. Орал облысы, Жымпиты ауданы. Дат момын орта шаруа, есті кісі екен. Ал, анасы адуынды, бір ауылды сөзімен де, ісімен де билеген ақылды бәйбіше болыпты. Сыры жеті-сегіз жасынан ақ естілігі, сөз тапқыштығымен ел аузына ілігеді. Өсе келе сол өңірдегі билер, шешендер, сұлтан, хандарды тани жүріп, олардан шешендік тапқырлықты, ел билеу ісін үйренеді. Сол билердің кейбіріне өзі іздеп барып, бата, жөнжорық алад.
Сырым шешеннің тұңғыш рет билік айтуы балайша екен. Мал өрістен қайтқан кезде, бірі атқа мінген, бірі жаяу кісіні көреді. Екеуара бір түлкі. Шекесі қызып таласқан. Содан Сырымға төрелік айтуды өтінеді. 
Жаяу адам мән-жайды : «Жаздай осы түлкіні көз жазбай аңдып, алғашқы қансонарда қолға түсіремін деп»- жүр едім деп түсіндіреді. Ат үстіндегісі: «Бүгін тәңертең ерте ізіне түсіп соғып алып едім» - дейді.
Мұқият тыңдаған Сырым: «Бұл түлкі еркек болса, аттылы - сенікі, ұрғаша болса, жаяу - сенікі» - деп түйін жасайды. Сөйтсе түлкі еркек екен де аттылыға бұйырады.
Дүниетанымы терең, түйсігі ерен, білім-білігі кемел өндірдей жас Сырым: « Әйел адамның жүретін жері - ауыл арасы ғана болады. Ал еркек адам қайда болмайды, сірә сіздің көріп жүргеніңіз ұрғашы түлкі болар, әлі де болса 
Каталог: uploads -> doc -> 0770
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0770 -> Асық баланың ойыны емес – бабаның мұрасы
0770 -> Орта мерзімді жоспар.Қазақ тілі. 7
0770 -> Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні Мектебі Сыныбы Дәрісхана


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет