Ұсынылып отырған бағдарлама «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына» сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09. 07А) Құтып В) Рабғұзи С) Дүрбек Д) Хорезми Е) Иүгінеки
Сабақ: Күні: Сыныбы: Сабақтың тақырыбы: Хазрет Сүлеймен хикаялары Сабақтың мақсаты: Білімділік: Хазрет Сүлеймен хикаялары мазмұнымен таныстыру. Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру. Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру Көрнекілігі: бүктеме, суреттер. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру 1. Сәлемдесу 2. Сынып оқушыларын түгелдеу
Бір күні Хазрет Сүлеймен әскері тағымен әуеде келе жатыр еді. Жер бетінде бір құмырсқа пайда болып айқай салды: Менің қарауымдағы бардық құмырсқалар қашыңдар, жерде тік жүрсеңдер опат боласыңдар. Себебі Хазрет Сүлейменнің әскерлері өтеді. Тапталып қалмаңдар. Сүлеймен бұл әуезді есітіп, әуеден жерге түседі. Бір аппақ құмырсқа келіп сәлем берді. Сүлеймен жауап қайтарып атың кім деп сұрады. Құмырсқа «Атым Манзура», - деді. «Құмырсқаларды неге қашырдың? « Манзура айтты: «Сіз баршаға падишасыз, мен де өз жынысыма патшамын. Маған құдай тағала қырық аймақ жер берді. Әр аймақта қырық мың бөлініс, әр бөліністе қырық мың илеу бар. Барлығының патшасы - мен. Сіздің әскеріңіздің аяғына тапталса, обалы маған болады». Хазрет Сүлеймен айтты: «Барлығын қашырып, өзің неге қашпадың?» Манзура айтты: «Мен олардың мықтысымын, ұлықтар қарауындағыларға өте мейірбан болуға тиіс. Үлкендер өздерін бәлеге қарсы қойып, кішілерді азат етсе жақсы.» Концептуалдық кесте
РАФТ әдісімен оқушыларға хат жазуға тапсырма беремін. Р – рол (оқушы аты-жөні) А – аудитория (Мәлік Хасан) Ф – форма (хат) Т – тақырып (ризашылық, өкініш)
Тақырып. Жанр.
Идея. Кейіпкерлер. Образ. Геройлық образ Композициялық құрылым. Басталуы. Дамуы.
Әдеби-теориялық ұғымдар. Түсіндірме сөздік ІV Сабақты пысықтау V Сабақты қорытындылау
Сабақ: Күні: Сыныбы: Сабақтың тақырыбы: Хорезми. «Махаббатнама» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Хорезми шығармашылығымен, «Махаббатнама» поэмасының мазмұнымен таныстыру. Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру. Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру Көрнекілігі: бүктеме, суреттер. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру 1. Сәлемдесу 2. Сынып оқушыларын түгелдеу
1.Деңгейлік тапсырмалар 2.Сәйкестендіру тесті
Хорезмидің толық аты-жөні, өмірбаяны белгісіз, Сыр бойынан шыққан ақын. «Махаббатнама» атты поэмасын екі тілде бірдей жазған. Барлығы он бір бөліктен тұратын ғашықтық өлеңдердің үш тарауы парсыша, сегізі түркі тілінде. Дастан 473 бәйіттен тұрады және 58 жол «Хикая» деп аталатын шығарманың негізгі мазмұнынан бөлек өлең бар. Шығармасында ақын махаббат, адалдық, адамгершілік жайында айтады. Азға қанағат етуді, бұрынғы салт-дәстүрлерден қол үзбеуді өсиет етеді. Хорезми бұл поэмасында нама жанрының өзіне дейін болмаған жаңа мүмкіндіктерін ашты, байытты. Өлеңнің араб-парсы поэзиясы арқылы келген ғазал, қасыда, мәснауи, фард дейтін шағын жанрларын да қолданған. Махаббатнама" - лирикалық дастан (авторы — Хорезми). Кейбір зерттеушілер оны сарай маңында туған одалық шығарма деген пікірде. Шығарманың басында Мұхаммед Хожабекке арналған мадақ бар. Бірақ Махаббатнаманың мазмұны одан көп бөлек. Хорезмидің дастанды түркі жөне парсы тілдерінде жазуына қарағанда, бұл кезеңде жазба әдебиет әлемінде екі тіл қатар дамыған секілді. Ә.Қоңыратбаев оның негізін оғыз-қыпшақ тілі десе, Махаббатнама Жармұхамедов Алтын Орда жағдайында қалыптаса бастаған Дешті- Қыпшақ тілінің жаңа үлгісі ретінде бағалаған. А.Қыраубаева да осы пікірді мақұлдаған. Дастан 754 жылы жазылған, ал арабша көшірмесінде 914 жылы көрсетілген. 14 ғ-да Сыр бойында мәдени өмір жанданып, Көк орданың шаңырақ көтергенін ескерер болсақ, Махаббатнама Сығанақта жазылды деп болжауға болады. Сүйіспеншілік сезіміне кұрылған сырлы саз — "Махаббатнама" өз дәуіріндегі түркі поэзиясының көркем бір үлгісі. Сол себепті қазақ әдебиетінің тарихы пан да көрнекті орын алады. Белгілі әдебиет зерттеушісі, проффессор А.Қыраубаева "Махаббатнама" туралы зерттеу еңбек жазған, қазақша көркем аудармасын жасаған.[1] Алтын орда мемлекетінде негізгі ресми тіл қыпшақ тілі болды десек, «Мұхаббат-наме» осынау ата-бабалар тілінің әдеби, көркемдік мүмкіндіктерін талай ғасырларға мейлінше тереңінен аша білген жәдігер еді. Филология ғылымдарының докторы, профессор Бейсембай Кенжебаевтың пікірінше, «Мұхаббат-наме» 1353-жылы Сыр, яғни Сырдария бойында жазылған. Хорезмидің өзі шығарманың жазылуы турасында былай деп жырлайды: «Мұхаббат нама сөзін мұнда айттым, Барлығын Сыр жағасында жаздым». Жалпы алғанда аутордың өмірбаянына қатысты, осы жыр жолдарынан басқа, нақты сақталған деректер жоқтың қасы. Хорезми – оның лақап аты. Ал шын аты-жөні турасында деректер сақталмаған. Ол Алтын орда ханы Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген екен. Мұхаммед Қожабек деген кісі сол Алтын орда дәуірінде Сыр бойындағы көп әкімдерінің бірі болған екен. «Мұхаббат-наме» дастаны осы әкімнің тапсырмасымен, 1353-жылы жазылған көрінеді. Сондықтан болар, дастанның кіріспесінде осы әкім Қожабектің артықшылықтарын көтере мадақтауға көп орын берілген. Аутор шығарманың кіріспесінде Алла-Тағалаға сансыз мақтаулар айтып, оның адамдарға, яғни жұмыр басты пенделеріне көрсетіп, олардың ішіндегі саналылары аңғаратындай күйде қалыптастырып қойған ғажайып белгілеріне тоқталып өтеді. Жаратушының шексіз шеберлікпен пенделеріне түрлі нәсібе таратып, сан қилы тағдырға ие ететініне қайран қалады. Бұлт екеш бұлттың өзі тек Алланың қалаған аймақтарына ғана жаңбыр боп жауатынын зор махаббатпен жырлайды. Жазатын шығармаларын бір Алланың атымен бастап, табысқа жетудің кілтін бір Жаратушыдан сұрау Алтын орда дәуірінде және одан бұрын өмір сүрген шайырларға тән шығармашылық үрдіс болатын. «Мұхаббат-наме» дастаны он бір бәйіттен тұрады. Шығарма желісі сұлу қызға өлердей ғашық болған жас жігіттің жүрек жарды сырлары ретінде берілген. Ғашық болған қызының сұлулығын сипаттау үшін жігіт байқұс оның көркін мына дүниедегі барлық әсемдік атаулыға шендестіруге әзір.Дастанда қыздың пікірлері яки жігітке қайтарған жауабы берілмейді. Оны тек жігіттің толғауларынан ғана аңғаруға болады. Қыз өзіне ынтық жігіттің баяндаулары арқылы ғана оқиғаға араласып отырады.Дей тұрғанмен тәкаппар сұлу қыз өзін құлай сүйген жігіттің осынау терең сезімін бағаламайды, оның қадіріне жете алмаған. Бұл жайында жырда терең қынжылыспен баяндалған екен. «Мені саған деген ғашықтығым өлтірді, Енді сенің есігіңнен аулақ кетемін, қош бол!» Поэмадағы ғажайып махаббат осылайша аяқталады. Жігіт сөз арасында «Өзіңді сыйлағанды сыйла», деген пікір айтады.Поэманың тілі – көркем. Аутор оқиғаны қызғылықты түрде жеткізу үшін теңеу, шендестіру тәсілдерін және синоним сөздерді сәтті қолдана білген. Филология ғылымдарының докторы, профессор Бейсембай Кенжебаев «Мұхаббат-наменің» композициялық құрылымын талдай келіп: «Хорезми осы поэмасында дінді, о дүниені мадақтамайды. Осы дүниенің тәттілігін жырлайды. Аз ғана күндік тіршіліктің қызығын о дүниеден, ұжмақтан артық санайды. Тәңірге тіл тигізеді», деп қынжыла ой түйеді. Дастанды зерттеуге әлемдік деңгейде белгілі түрколог ғалымдар атсалысқан екен. Солардың бірі А.М.Щербактың пікірінше, «Мұхаббат-наме» ескі өзбек тілінде жазылған-мыс. Ал көрнекті түрколог Э.Н.Нәжіп болса, өзінің «Кипчакско-Огузский литературный язык Мамлюкского Египета» деген еңбегінде «...Алтын орда ескерткіштері тек бір халық, бір тайпа ғана емес, түркі халықтарының бәріне ортақ игі мұра...» деп тұжырым жасаған екен. «Мұхаббат-наме» дастанын бір елдің қоржынына апарып теліп қоюға болмайды деген сөз. Бұл оймен қазақ түрколог ғалымдары да келісетіндерін өз еңбектерінде білдірген екен. Қорыта айтқанда, «Мұхаббат-наме» түркі тектес халықтар әдебиетінде «намешілдік» әдеби ағымға жол салып берген бірегей шығарма. Аудармасы 1.Ұлық тәңірдің атын жадыма сақтап, Жазайын Махаббатнама жырын бастап. 2.Екі жарық гауһарды ғаламға берген, Махаббат кенішін адамға берген. 3.Аспан дәптерінен түнді боятып қойған, Жаһан жаратылысын сөзге ұстатып қойған. 4.Жеті қат зерлі айванды мына Жаратты алты күнде хақ тағала. 5.Ауада сұңқар жемі – жаратты қуды, Толған айдай қылар бір тамшы суды. «Венн диаграммасы»
ІV Сабақты пысықтау 1. «Махаббатнама» поэма неше тілде жазылған? 2. Дастанды кім аударған?
1. Сәлемдесу 2. Сынып оқушыларын түгелдеу
1.Деңгейлік тапсырмалар 2.Сәйкестендіру тесті
Шығыстың XIV ғасырдағы түркілік терең ойлы ақындарының қатарына Хұсам Кәтибті жатқызамыз. Жеке өмірбаяны туралы мәліметтер аз болғанымен біздің ғасырымызға дейін рухани мұра болып жеткен "Жұмжұма сұлтан", "Жәһаннам" жырларының маңызы зор деген ойдамыз. Өйткені, бұл еңбектер нағыз этикалық принциптер негізінде жазылған. Бұл шығармалардың терең ойлары өмірдегі философиялық іргетастарды, мәндік негіздерді іздеуден тұрады. Хұсам Кәтиб өзінің оқырманымен сұхбаттаса отырып "Дүниеде мәңгіге жаралған нәрсе бар ма?" деген сауал қояды. Кезінде ұлы пайғамбарлар болған пенделер қайда, ғашықтықтың теңізінде жүзіп жүрген кейіпкерлер қайда, батырлар мен байлар қайда? дей келіп, әлемнің жартысын билеген Шыңғыс хан да өткен жоқ па бұл дүниеден деген тұжырымды келтіреді. Міне, осы жағдайдың өзі өмірлік қағида екенін жақсы түсінген Хұсам Кәтиб өмірден түңіліп, бұл дүниені жалған екен демейді, керісінше, болашаққа жасампаздықпен қарайтын ойды ұсынады: Келдің дүниеге кетпек керек, Бар күшің жеткенше жақсылық етпек керек. Әрбір адам бұл дүниеде өзінің барлық қабілетіне қарай жақсылық жасауды мақсат тұтса, онда әлеуметтік болмыс жетіле түсеріне ақын сенімді. Ал, енді жамандық жасаудың ақыры адам үшін тозақ азабына түсу екендігін өз замандастарына да, кейінгі келген жас ұрпаққа да ескертеді ортағасырлық ойшыл. Ол өзінің "Жұмжұма сұлтан" поэмасының негізгі кейіпкері етіп Ғайса пайғамбарды алады және соның Жұмжұмаға қойған сұрақтары мен оған алынған жауаптары арқылы бұл тіршілікте асып-тасып кетуге болмайтындығын, адамның ғұмырлық міндеті қайырымдылық жасау екендігін айтады. Бұл өмір мәндік мәселелер екенін белгілі және олар этикалық нормаларға сүйену арқылы шешімін табады. Жұмжұманың тағдыры адамзат тарихында талай қайталануы мүмкіндігін өзінен кейінгі ұрпаққа ескертіп отырғаны байқалады. Шынымен де өмірдің барлық кіндігін, іргетасын тек материалдық байлықтан іздеу қазіргі заманға тән әдет, дәстүр екенін жасыруға болмайды. Нарықтық қатынастардың мақсаты да сол сияқты. Сөйтіп, ақын Жұмжұма сұлтанды сөйлете отырып, өз заманының ғана емес, одан кейінгі ғасырлардың мықтымын деген пенделеріне данагөйлікпен ескертпе жасайды. Адамның мәні табиғи әлсіздігін қанағаттандыруда емес, рухани дүниесінде екендігіне жақын емеурінді білдіреді, оқырманын ойлантады, өзі де бірге ойланады. Келесі "Жәһаннам" жыры "Жұмжұма сұлтанның" жалғасы іспетті. Автор бұл жырда адамның ішкі табиғатының әрқилылығын сипаттай келіп, әрбір пендеге тән кемшіліктердің жан-жақты қырларын ашып көрсетеді. Әсіресе, адамның рухани жетілуіне кедергі болатын қасиеттердің бастауы менмендіктен, өзімшілдіктен туындайтындығын Міне, сөйтіп, ортағасырлық ойшылдың керемет поэмасының мәтінінің қазіргі ұрпаққа жетуі үшін көптеген еліміздің және шетелдің зерттеушілерінің дәнекерлік еткені байқалады. Даналық ойларға байланысты осындай дәнекерлікті "философиялық мұраны" халқымызға ұсынушы топтың да атқаратынын айтқан жөн іспетті. Жалпы кез келген білім ұрпақтан ұрпаққа тасымалданып отырса ғана ол өзінің нағыз халыққа, адамзат мәдениетіне қажетті рухани құндылық екенін танытады. Ал ондай құндылықтарын бағаламаған халық өзінің рухани әлемін жүдетеді, жұтаңдатады, жастарының материалдық әлемнің нәпсілік қажеттіліктеріне байлана түсуіне жол береді. Бұл рухани дағдарыстың белгісі. Әрине, тарихи үрдісте пайда болған шығармалардың бәрі бірдей рухани құндылықтар жүйесіне ене қоймайды және бірте-бірте тарих қалтарыстарынан аса алмаған туындылардың тағдыры ешкімді де онша қобалжыта қоймаса керек. Сондықтан, айтқан сөзім қалай халықтың жадында қалады екен деп, "он ойланып, мың толғанған" жан ғана шығармашылықтың биігінен көрінетін көңілге қонымды, зердеге зейінді дүниені халқына ұсынары анық. Сондай тарихи тұлғаның қатарына Хұсам Кәтибті жатқызсақ қателеспейміз.
1. Хұсам Кәтибтің «Жұмжұма сұлтан» дастаны нешінші жылы жазылған? 2. Дастанды кім аударған?
1. Сәлемдесу 2. Сынып оқушыларын түгелдеу
ІІІ Жаңа сабақ Қабылдың көрсоқыр ұлы бар еді. Оның да бір сыңар көзді ұлы бар еді. Бір күні атасын ұлы жетектеп бара жатты. Бір жігіт ұшырап «атамда өлтірген кісі» деп оны таспен ұрып өлтіреді. ... Осыған орай орай бұйрық болды «Өз араларыңыздан ниеті түзу үш періштені таңдап алыңыздар. Барлығыңыздан жақсырақ және білімдірек болсын. Періштелер үш өнегелі данышпанды таңдады. Бұлардың бірінің аты – Аза, бірінің аты – Азайа, бірінің аты - Әзірейіл еді. Бірі қазы, бірі мүфти болды. Кездейсоқ бір әйел ерімен ұрысып қалды. Әйелдің аты Зуһра еді. Адал әйел еді. Ерлі-зайыпты екеуі қазыға келді... Кеменің ішінде үш нәрсе жоқ еді: бірі – мысық, бірі – доңыз, бірі – тышқан. Бұл үш нәрсе кемеде пайда болды. Кеменің іші хайуанаттардың нәтижесінде сасып кетті. Підің арқасын сипап еді, тұмсығын жыбырлатты, доңыз түсті. Ол кемені таза етті. Доңыздың арқасын сипап еді, мұрнынан тышқан түсті, қашып жүріп кемені тесті. Су шыға бастады. Кеме толып келе жатты. Барлығының есі шығып кетті. Жолбарыстың арқасын сипап еді, оның мұрнынан мысық түсті. Тышқанды ұстап алып жеді. |