Сынып жетекші ережесі



бет1/6
Дата08.03.2022
өлшемі63 Kb.
#134635
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
сынып жетекші ережесі


Сынып жетекші
ЕРЕЖЕСІ
Жалпы білім беретін мектептегі сынып жетекшісі - сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырумен, үйлестірумен және өткізумен айналысатын педагог.
Бұл сынып ұжымындағы әр алуан тәрбиелеудің түрлері арқылы мектеп пен бала арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастырып, әр оқушының жеке өзіндік ерекшелігін көрсете білуіне жағдай жасап, өз қызметін оқу-тәрбие жұмысының бірыңғай жүйесінде жүзеге асыратын өз ісінің шебері.
Сынып жетекшісінің тәрбие қызметіндегі мақсаты
1. Білім алушы тұлғасының өзін-өзі дамыту мен өзін іс жүзінде көрсетуі үшін, оның қоғамда табысты әлеуметтенуі үшін жағдай жасау.
2. Балалардың тума нышандары мен қабілеттерін дер кезінде айқындау әрі оңды дамыту, қорғаныс, қауіпсіздік, эмоциялық жайлылығы үшін психологиялық-педагогикалық жағдайлар жасау.
3. Тәрбиеленушілердің әр түрлі шығармашылық, тұлғалық және қоғамдық мәнді іс-әрекетін өмірдің әлеуметтік-жарамды тәжірибесінің көзі ретінде ұйымдастыру: қазіргі және болашақ есейген өміріндегі өзін-өзі дамыту білімі, икемі мен дағдылары, тұлғаның өзін-өзі анықтауы және өзін іс жүзінде көрсете білуі.
4. өзара бірлескен қарым-қатынас кезінде тәрбиеленушілердің әлеуметтік құнды қарым-қатынастары мен алаңдадатын мәселелерін сәйкестендіре ұйымдастыру.
Сынып жетекшісі қызметінің міндеттері
● сынып ұжымын қалыптастыру және дамыту;
тұлғаны дамытып, әрбір білім алушының өзін танытуы әрі қайталанбас
ерекшелігін сақтай отырып, оның әлеуетті қабілеттерін ашу үшін
психологиялық-педагогикалық оңды жағдай тудыру;
● салауатты өмір салтын қалыптастыру;
● сынып ұжымының түрлі үлгідегі тәрбиелеу қызметінің нысандары
арқылы қарым-қатынас жүйесін ұйымдастыру;
● білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
● сыныптағы жүйелік жұмысты ұйымдастыру;
● білім алушылардың, оқушылар ұжымы мен педагогика қызметкерлерінің
арасындағы қарым-қатынасты ізгілендіру;
● білім алушылардың бойында адамгершілік құндылықтар мен
рухани бағдарларды қалыптастыру;
● оқушылардың әлеуметтік мәні бар, шығармашылық іс-әрекетін қалып-
тастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет