Оқыту заңдылықтары. Оқыту заңдылықтары арқылы оқыту процесі іске асады. Құбылыстар мен процестер арасындағы байланысты дамытудан заңдылық туындайды.
Оқыту процесінің зандылықтары:
1. Қоғам талабы оқытудың мақсат-міндеттерін айқындайды, оның мазмұны, әдіс-тәсілдері, ұйымдастыру нысандарының өзгеруі, жаңаруы занды процесс.
2. Білім беру, тәрбие, дамыту қызметінің бірлігі.
3. Кез келген ақпарат бірлігі, іс-әрекет тәсілі білім, іскерлікке айналу үшін мұғалім оқушының санасындағы білім, іскерлік, дағды деңгейіне сүйену керек.
4. Дидактика заңдылықтарының ерекшелігі оқыту процесінің бөліктері - оқытушы іс-әрекеті (оқыту), оқушы іс- әрекеті (оқу), білім мазмұны арасындағы тұрақты тәуелділіктер. Оқыту оқушының белсенді іс-әрекеті арқылы жүреді. Кез келген окыту оқытушы мен оқушы және білім мазмұнынын мак- сатты түрде бір-біріне ықпал етуі арқылы жүзеге асады.
5. Жеке адамды үйрету тек іс-әрекет жасату арқылы мүмкін болады.
№ 18-сұрақ
Білім беру жүйесіндегі стандарт ұғымы мен оның маңыздылығы. Стандарт - үлгі, білім мазмұнынын негізі. Білім мазмұны стандартта жазылған талаптарға сай жасалады. Стандартта оқушы меңгеруі тиіс білім, іскерлік дағдылардың көлемі, оқушының дайындығына қойылатын талаптар белгіленген.
Аталған құжат республикадағы білім саясатын жүзеге асыру- ды қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды құжат. Стандарт- тың негізгі қызметі - басқару. Ол "Білім туралы" Заңға сәйкес жасалады.
Қазіргі уақытта елімізде білім берудің барлық деңгейлеріне арналған мемлекеттік стандарттары әзірленіп, тәжірибеге енгі- зілді. Оның көп себебі бар. Солардың бірі — кейбір мектептердің күмәнді мазмұны бар оқу курстарын ешқандай әдістемесіз енгізуі.
Отандық стандарттардың өз ерекшеліктері бар. Республи- кадағы ерекше пәндер, атап айтсақ, қазақ тілі, орыс тілі, араб тілі, ұйғыр тілі және әдебиеті стандартталады.
Дене тәрбиесінің стандарты Президенттік тест негізінде жасалған.
Ақпараттандыруға қатысты білімді стандарттау барша мектептерге қойылатын жаңа нұсқалы ДЭЕМ-нің бағдарламалық- ақпараттық мүмкіндігіне сай жүреді.
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер мазмұнын анықтағанда дуниежүзілік тәжірибе қолданылды.
Білім мазмұнын анықтау кезінде ұлттық және аймактык ерекшеліктер ескерілді.
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш білім стандартын 1998/99 оқу жылынан бастап мектеп тәжірибесіне сатылап енгізу ұсынылған болатын. Әрине стан- дарт оқу бағдарламалары мен оқулық, оқу-әдістемелік жинақтар түрінде мектеп тәжірибесіне енді ғана еніп жатыр.
Стандарттың бірінші бөлімінде бастауыш білім берудің мақсаты мен міндеттері, білім мазмұнының құрамы, екінші бөлімінде білім беру салалары, базалық білімнің мазмұны, бастауыш сыныпты бітіретін оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар жазылған.
№ 19-сұрақ
Достарыңызбен бөлісу: |