Сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі. Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге және оларды тартымды әрі қызық ұйымдастыруға тырысады.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты - мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу.
1. Сыныптағы оқушылардың талап - тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.
2. Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.
3. Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға қоятын педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.
6. Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
5. Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала тәрбиесіне педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу.
4. Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым - қатынасын қамтамасыз ету.
7. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.
8. Тәрбие қызметінің тұтастылыған, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.
9. Тәрбиенің негізгі бастауы - ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінінің маңызды бір саласы ретінде қарастыру.
Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:
Сынып жетекшісінің қызметі
Педагогикалық және әлеуметтік – гуманитарлық.
Ұйымдастыру-шылық қызметі
Оқушылардың жалпы әрекетін басқару.
Оның бұл қызметі балаға барлық бағытта көмектесу: оның әлеуметтік қалыптасуы мен дамуна жағдай тудыруға, баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған.
Балалардың орынды талап-тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын қалыптастыру. Олардың танымдық, еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым-қатынасын ұйымдастыру. Сыныптағы өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру, дамыту.
Оған: нақтамалық, мақсат қоюшылық, жоспарлау, болжам жасау, немесе жобалау, бақылау және түзету, енгізіп отыру қызметін жатқазуға болады.
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы бірыңғай ұйымдастырушалық және педагогикалық міндеттерді шешуді қарастырады. Ол оқушының жан-жақты нәтижелі дамуын, саған сәйкес тәрбие міндеттерін шешудің формалары мен тәсілдерін таңдап және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Ол
негізгі
3 бағытта
жүзеге
асады:
- Оқушыға тікелей ықпал жасау:
- Оның дара даму ерекшелігін, қызығушылығын,қоршаған ортасын танып білу;
- Тәрбие ықпалын алдын ала болжау, жобалау;
- Жеке дара және ұжымдық жұмыста тәрбие формалары мен тәсілдерін жүзеге асыру;
- Тәрбие ықпалының нәтижесіне талдау жүргізу.
2. Тәрбиелеу ортасына жағдай тудыру:
- Оқушылар ұжымын қалыптастыру;
- Онда жағымды көңіл-күйді қалыптастыру;
- Оқушыларды әлеуметтік әрекетке қатыстыру;
- Оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту.
3. Баланың әлеуметтік қатынасына ықпал ететін әр түрлі субьектілерге көмектесу, бақылау жасау:
- отбасына әлеуметтік қолдау көрсету;
- мұғалімдер ұжымының өзара педагогикалық әрекетіне қолдау көрсету;
- бұқаралық ақпарат құралдарының балаға ықпалын бақылау;
- мектептен тыс тәрбие мекемелерімен өзара бірлескен іс- қимыл жасау.
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының мақсатын анықтауы
Педагогика ғылымында тәрбие жұмысының мақсатын анықтау негізгі мәселенің бірі. Себебі, қандайда болмасын әрекеттің түрі, мақсатқа сәйкес туындайды. Мақсат болмаса,әрекет те болмайды.
Сынып жетекшісінің мақсат қоюшылық қызметі негізінен 4 кезеңнен тұрады:
- Педагогикалық процесті алдын-ала болжау;
- Өткен оқу жылы қорытындысының нәтижесіне талдау жасау;
- Тәрбиенің мүмкіндіктерін жобалау;
- Мақсатты анықтауда пән мұғалімдері мен оқушылар және ата-аналардың өзара бірлескен әрекетін ұйымдастыру.
Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлағанда оның ең басты, шешуші саласы балалардың достығы жарасқан тату-тәтті, іскер ұжымын құру екендігін ұмытпауы тиіс.
Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары - міндетті педагогикалық құжат. Жоспар оқушылар ұжымының қалыпты дамуына мақсатты және жүйелі түрде ықпал етеді, тәрбие міндеттерін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. Жоспар болмаған жағдайда тәрбие процесінде көп қиыншылықтар туады.
Тәрбие жоспарының үлгісі:
1. Сынып жайлы мәлімет: сынып, сынып белсенділері, балалардың тәртібі, денсаулығы, сабақ үлгерімі, қабілеттері, олардың ата-аналары, белгілі бір ұйымға қатысы, қоғамдық тапсырмасы, тұрғылықты мекен- жайы туралы қысқаша сипаттама беріледі.
2. Өткен оқу жылына сай атқарылған тәрбиелік шаралардың нәтижесіне қысқаша талдау.
3. Жаңа оқу жылына сай белгіленген тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтау.
Назарларыңызға рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |