Сынып ұжымына психологиялық-педагогикалық мінездеме
Әбубәкір Тыныбаев атындағы № 11 мектеп-лицейінің 9«Б» сыныбы. Сыныпта 27 оқушы, 20ер бала, 10 қыз бала.Сынып жетекшісі Смағамбет Нұргүл.
Сынып оқушылары өте белсенді әрі ұйымшыл.Бір-біріне көмек қолын созуға әркез дайын. Сабақ барысында барлығы бірдей белсенділік танытып отырады. Сынып ішінде өзара түсініспеушіліктер орын алмайды. Сыныпта оқу екпінділері көп. Гуманитарлық пәндерге аса қатты қызығушылық танытады. Сыныптан тыс түрлі іс-шараларға,жарыстарға үнемі қатысып отырады.Оның ішінде мәнерлеп оқу,спорт жарыстары,командалық сайыстарда оқушылар өте белсенді.
Оқушылар жан жақты.Әрбір оқушы өз қабілеттерін түрлі үйірмелерге бару арқылы шыңдайды.Сыныптың көп бөлігі ағылшын курстарына және спорт үйірмелеріне қатысады.
Сыныптың білімге деген қызуғышылығы өте жоғарығы деңгейде.Әр сабақ өте қызықты,танымда түрде өтеді.Топтық жұмыстарды құштарлықпен орындайды.Сынып белсенділері:
Сынып ішінде бір бірімен араласпау,топқа бөлініп жүру дейтін жағдайлар болмайды.Барлығы бір бірімен тату-тәтті.Үнемі көңілді жүреді.Егер бірнәрсе болып қалған жағдайда,оқушылар өзара бір-біріне әрқашан көмек қолын созуға дайын. Сынып ішінде түсініспеушілік орын алған жағдайда,сынып жетекші әрқашан өз бақылауында ұстап отырады.
Телеу Ғазиза
Педагогикалық-психологиялық мінездеме
Қуанышбай Еңілік 2007 жылдың сәуір айының 19-шы жұлдызында дүние есігін ашқан.Еңлік 2012 жылы 1 қыркүйектен бастап мектепке қабылданған.Отбасы жағыдайы толыққанды.
Әлеуметтік жағыдайы жақсы.Үйден барып-келіп оқиды.Сырт бейнесі өте тартымды,жарасымды.Мектеп талабына сай киінеді.Үнемі таза жүреді.Дене дамуы өзінің жасына,ортасына сай келеді.Денсаулық жағдайы жақсы.
Оқу материалын қабылдайды,ізденімпаз,өзіне талапшыл.Есте сақтау қабілеті, шығармашылық қиялы жақсы дамыған.Сөздік қоры өте жақсы деңгейде.Сауатты, таза жазады, жазу дағдысы жақсы қалыптасқан.Пәндер ішінде тарих, әдебиет, алгебра пәндеріне қызығушылығы мол.
Мінезі ашық,адамдармен тез араласып кетеді.Көніл-күйі тұрақты.Қойылған талаптарды қабылдайды,тәртібі мектеп ережесіне сай.Эмоциялары:мазасыз емес, сабырлы, әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі,жүзінен күлкі кетпейді.
Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдармен тіл табыса алады, сыныптағы балалармен қарым-қатынасы өте жақсы,кішіпейіл.Ұстаздарына деген құрметі өте жоғары.Тәртібі өте жақсы.
Телеу Ғазиза
Достарыңызбен бөлісу: |