Сыныптан тыс іс-шараның тақырыбы: «Қызықты химиялық тәжірибелер алаңы» Мақсаты



бет6/7
Дата03.02.2023
өлшемі356,44 Kb.
#167371
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Сыныптан тыс іс-шара.Қызықты химиялық тәжірибелер алаңы

12-тәжірибе. Құпия жазу.
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:

  • фенолфталеин

  • қыл қалам

  • ақ қағаз

  • ас содасының судағы ерітіндісі

  • сірке қышқылы

Фенолфталеиннің 1%-дық ерітіндісіне батырып, қыл қаламмен бір сөз жазады. Спирт буланып кетеді де, жазу бар екені байқалмайды. Тәжірибені жасайтын уақытта қағазға бүріккіш арқылы соданың ерітіндісі бүркіледі, сонда қызғылт түсті жазу пайда болады. Оған екінші бүріккіш арқылы (тұз немесе сірке қышқылын) бүркілесе, жазу жойылып кетеді. Осылай бірнеше рет жазуды жазып, өшіруге болады.
Бұл құбылыс фенолфталеиннің қышқыл немесе сілтілік орталарда өзінің түсінің өзгертуіне байланысты.Фенолфталеиннің орнына пурген ерітіндісін , пайдалануға да болады, ол дәріханаларда сатылады. Пурген – фенолфталеин мен қанттың қоспасы. Қағазға сөздің орнына суретте салуға болады.
13-тәжірибе. Түсін өзгерткіш гүлдер


Қ ажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:

  • лакмус (қызыл, көк)

  • сірке қышқылы

  • нашатыр спирті

  • химиялық стақан

  • ақ мата

Тәжірибе барысы:
Ақ матадан төрт жасанды гүл жасаңыз. Екі тұнба дайындаңыз: бірі – қызыл лакмус, екіншісі – көк. Сосын гүлдерді екеуден сол түстерге бояңыз. Одан кейін екі стақанның біріне шамалы сірке қышқылын, екіншісіне сонша нашатыр спиртін құйыңыз. Сірке қышқылы құйылған стақанға көк гүлдерді, ал нашатыр спирті бар стақанға қызыл гүлдерді саламыз. Нәтижесінде сірке қышқылы буларының әсерінен көк гүлдер біртіндеп қызарады, ал нашатыр спирті буының әсерінен қызыл гүлдің түсі көк түске өзгереді.
14-тәжірибе. «Тосап – индикатор»
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:

  • сынауықтарға арналған тұрғы

  • сынауықтар

  • шие тосабы

  • су

  • лимон шырыны

  • сілті



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет