7-ші тәжірибе. Қауіпсіз жанартау
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:
фарфор тигель немесе тәрелке
табақша
пластилин
ас содасы (натрий гидрокарбонаты)
сірке қышқылы
бояғыш (фукорцин немесе қызыл тағам бояғыш, болмаса қызылша шырыны)
ыдыс жуғыш сұйықтық
су
Тәжірибе барысы:
Жанартауды дайындау үшін тәрелке, пластилин, ас содасы (натрий гидрокарбонаты), сірке қышқылы (3-9%-дық сірке қышқылының ерітіндісін пайдалануға да болады), бояғыш (үй дәріхана қорабынан фукорцин немесе қызыл тағам бояғышты, болмаса тіпті қызылша шырынын алуға болады), ыдыс жууға арналған кез-келген сұйықтық қажет болады.
Пластилинді екі бөлікке бөліп, оның бірін жаяды – бұл жанартаудың негізі. Ал, екіншісінен жоғарғы жағында тесігі бар жартылай конус дайындайды. Екі бөліктің жан-жағын қосып біріктіреді де, ішіне су құяды. Жанартаудың төменгі жағынан су өтіп кетпеуі керек. Жанартаудың ішкі көлемі өте үлкен болмауы керек (100-200мл болғаны дұрыс, бұл ас кесесінің немесе кәдімгі стақанның көлеміндей). Тәрелкедегі жанартауды табақшаның үстіне қояды.
Жанартаудың атқылауы үшін қоспа дайындайды. Қоспа құрамы: ыдыс жууға арналған сұйықтық (1 ас қасық), құрғақ ас содасы (1 ас қасық) және бояғыш (бірнеше тамшы болса жеткілікті). Бұл қоспаны жанартауға құяды, сосын оған сірке қышқылын (кесенің төрттен бірі) қосады. Көмірқышқыл газының бөлінуімен қарқынды реакция басталады. Жанартаудың аузынан ашық түсті көбік көрінеді.
Тәжірибеден кейін тәрелкені мұқият тазалап жууды ұмытпаңыз!
8-ші тәжірибе. « Стакан ішіндегі лава»
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:
су
шыны стақан
өсімдік майы (сұйық май)
ас тұзы
ас бояғыштар
Су ішетін стакан, өсімдік майы, 1 шай қасық тұз, су, ас бояғыштар. Стаканның ¾ бөлігінін сумен толтырыныз. Шамамен 5 тамшы бояғышты қосыңыз.Лава ұқсас болу үшін қызыл түсті болғаны дұрыс. Өсімдік майын ақырындап қоса бастаймыз.Майдың су жиналып жатқанын бақылаймыз.
Майдың бетіне тұз себеміз. Май түйіршіктерінің лава сияқты жоғары- төмен жылжып жатқаның көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |