3-ші тәжірибе. «Майшамды үрлемей өшіру»
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:
ас содасы
петри табақшасы
майшам (свеча)
сіріңке
Ас содасынан 1-2 қасық тарелкаға салып, оған сірке суынан құямыз. Көмірқышқыл газы бөліне бастағанына көз жеткіземіз.Жанып тұрған майшамға жақындатсақ майшам өшеді, себебі көмірқышқыл газы ауадан ауыр болғандықтан ыдыста жиналады және ол жануды қолдамайды.
4-тәжірибе. Химиялық ірімшік
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:
Ерітілген барий хлориді ерітіндісіне ерітілген натрий сульфаты ерітіндісін қосамыз. Сол кезде реакция жүріп, барий сульфатынан тұратын іркілдек ірімшік тәрізді ақ тұнба түзіледі.
5-ші тәжірибе. Шақпақ қантты қалай жағуға болады?
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:
шақпақ қант
күл немесе мыс (ІІ) оксиді
сіріңке
спиртшам
Тәжірибе барысы:
Егер бір түйір шақпақ қантты аламыз да, оны спиртшамның жалынына ұстаймыз. Қант балқып көмірленіп күйе бастайды, бірақ жанбайды.
Ал, қант балқыған кезде үстіне темекі күлінен сәл сеуіп жіберсе, қант от алып әдемі көкшіл жалынмен дыбыс шығарып жана бастайды.
Оның құпиясы мынада: Темекі күлінде шамалы литий тұзы болады, ол қанттың тотығуын тездетіп жандырады, яғни катализатор рөлін атқарады.
Темекі күлінің орнына литий тұзының кристалын немесе мыс (ІІ) оксидін де алуға болады.
6-ші тәжірибе. « Фараон жыланы»
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:
Темір ыдысқа бірнеше кальций глюконаты дәрілерін қойып, оттың көмегімен жандырамыз.Дәрі жанған кезде фараон жыланы пайда болады. Реакция нәтижесінде ашық күңгірт түсті кальций оксиді түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |