9-шы тәжірибе. Отсыз түтін
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:
Тәжірибені жасау үшін мүсәтір спиртіне батырылған таяқшаны концентрациялы тұз қышқылына батырылған таяқшаға жақындатып тигізгенде будақтаған ақ түтін түзіледі.
10-тәжірибе. Қауырсындағы бриллианттар.
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:
ас тұзы
қант
қайнақ су
шыны стақандар
ватман қағазынан қиып жасалған қауырсын
шашқа арналған лак
шыны таяқша
Құрамында ас тұзы мен қант бар ыстық концентрлі ерітінді дайындаңыз. Ол үшін 50 г қайнап тұрған суға 30 г ас тұзы мен 30 г қантты салып ерітіңіз. Сосын ерітіндіні суытпай, оған қауырсынды (ватман қағазынан қиып жасалған) батырыңыз және ерітіндіні біртіндеп бөлме температурасына ауысқанға дейін қойыңыздар. Ерітінді суығаннан кейін қауырсын түссіз кристалдармен жабылады.Олар асыл тасқа ұқсайды. Олар қағаздан түсіп қалмас үшін, оларға шашқа арналған түссіз лакты себуге болады.
11-тәжірибе. Жанбайтын орамал
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:
этил спирті немесе ацетон
су
қысқыш
орамал
стақан
сіріңке
Тәжірибе барысы:
Ең алдымен бір стақанға су, екінші стақанға спирт немесе ацетон құйып аламыз. Содан кейін орамал алып, орамалды бірінші суға, кейін спиртке батырып ылғалдап аламыз. Ылғалданған орамалды қысқышпен ұстап жағамыз. Сол уақытта орамал жанады, бірақ орамалымыз сол күйінде сақталады. Орамалды көрермендерге көрсетеміз.
Орамалдың жанбау себебі – біз алдымен сумен ылғалдап, сосын спиртке батырдық. Орамалды жаққан кезде сыртындағы спирт қана жанып кетеді де, орамал сол күйінде қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |