Сыртқы тыныс алу патофизиологиясы



бет2/9
Дата05.11.2023
өлшемі88,5 Kb.
#189885
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
stud.kz-63935

Өкпенің гиповентиляциясы өкпеде ауа алмасуының азаюы.Ол мына жағдайларда пайда болуы мүмкін:
1.Өкпенің және тыныс жолдарының дерттері (пневмания,пневмосклероз,эмфизема,бронхит ж.б.)кездерінде;
2.Кеуде қуысының тұтастығы бұзылғанда(жарақат)немесе плевра қуысында сұйық,қан,ауа жиналып қалғанда(гидроторакс,гемоторакс,пневмоторакс);
3.Тыныс алуды реттейтін нервтердің жарақаттануы,қабынуы немесе бұл нервтерден серпіндердің миастения,ботулизм,сіреспе т.с.с. дерттер кезінде ,тыныстық еттерге берілмеуі немесе дем алуға қатысатын еттердің қабынуы,дистрофиясы кездерінде;
4.Туа біткен немесе жүре пайда болған кеуде қуысының пішіні өзгергенде (сколиоз,кифоз),қабырға аралық нервтердің,өкпе пердесінің қабынулары кездерінде қатты ауру сезімі өкпенің вентиляциясын төмендетеді.
5.Жұлында өкпе дамығанда немесе полиомиелит ауруы кезінде оның мотонейрондарының бүліністерінен тыныс алуға қатысатын еттердің нервтелуі бұзылуынан;
6.Мидағы тыныс алу орталығына дерт туындататын ықпалдардың тікелей тежегіш әсерінен немесе олардың қан тамырларындағы хемо, барорецепторлардың қоздырылуынан рефлекстік түрде тежелуінен;
Тыныстың минөттік көлемі дем алудың тереңдігі өзгермей, тек оның жиілеуімен бір деңгейде ұсталып өкпе ұяшықтарындағы (алвеолалардағы) вентиляцияның азаюын және ауа алмасуының нашарлығын көрсетеді. Сондықтан әлвеолалардың вентиляциясына зор көңіл бөлінеді.
Өкпенің біркелкі емес вентиляциясы. Қалыпты жағдайдың өзінде барлық өкпе ұяшықтары біркелкі қызымет атқармайды. Ал, патологиялық жағдайларда біркелкі емес вентиляция күшейеді. Ол өкпе тінінің серпімділігі төмендегенде (өкпе эмфиземасы), бронхиолалардың жиырылып қалғанында (демікпе), өкпе фиброзы кездерінде, элвеолаларда сұйық немесе экссудат жиналғанда кездеседі. Біркелкі емес вентиляция гипоксемия дамуына әкеледі, бірақ бұл кезде геперкапния байқалмайды.


Газдардың диффузиясының бұзылыстары.

Өкпе ұяшықтары мен капиллярлар мембраналарының газдары 2 бағытта өткізуін өкпенің диффузиялық қабілеті деп атайды.Оның бұзылыстары мына жағдайларда болуы мүмкін:


1.алвеолалар мен қылтамырлардың мембраналарының өкпе қабынуы,пневмосклероз ж.б. дерттер кездерінде,қалыңдауынан;
2.қызмет атқаратын алвеолалар мен капиллярлардың,өкпе бөлшегін алып тастағанда,үлкен деңгейде бүліністері кездерінде азаюынан;
3.қанның өкпе әлвеолаларындағы ауамен капилляр мембраналары арқылы өтіп үлгермейді. Бұндай жағдай ауыр қол жұмысын атқарғанда,анемиялар кездерінде байқалады.
Газдардың диффузиясы бұзылыстарының нәтижесінде қанның газдық құрамы өзгереді,гипоксемия,гиперкапния дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет