Сыртқы тыныс алу патофизиологиясы


Рестрикциялық тыныс алу жеткіліксіздігі



бет4/9
Дата05.11.2023
өлшемі88,5 Kb.
#189885
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
stud.kz-63935

Рестрикциялық тыныс алу жеткіліксіздігі өкпенің тыныс алу бетінің азаюы немесе серпімділігі азаюының нәтижесінде алвеола вентиляциясының бұзылуы (лат.restrictio-шектелуі,кішіреюі).
Рестрикциялық сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігін туындататын ықпалдар 2 ге бөлінеді.Бірінші өкпе тінінің өзінің бұзылыстарымен,екіншісі өкпенің сыртынан әсер ететін ықпалдармен байланысты.
Біріншісі жағдайларда байқалады:
1.өкпеде қабыну мен қан іркілу құбылыстарында; 2.өкпе аурулары (созылмалы өкпенің қабынуы,пневмосклроз,обыр (рак),эмфизема,туберкулез т.б.) кездерінде; 3.өкпенің бір бөлшегі немесе бір өкпені тұтас хирургиялық тәсімен алып тастағанда; 4.әртүлі себептерден сурфактанттың азаюынан ателектаз дамығанда.
Өкпенің сыртынан әсер ететін ықпалдарға:
1.плевра қуысында сұйық,ауа жиналуы;көкірек орталығында өспе дамуы; 2.кеуде қуысын тарылтатын дененің пішіні өзгеруі;
3.іш қуысында ауа жиналуы (метеоризм),бауыр ұлғаюы,іш шемені дамуы т.с.с. жағдайлар жатады.Бұл кезде өкпе сыртынан қысылып,оның тыныс алу кезіндегі тербелісін азайтады.
Обструкциялық және рестрикциялық сыртқы тыныс жеткіліксіздері жиі біріккен түрде кездеседі.
Қауырт және созылмалы сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі 3 сатыда өтеді:
1.теңгерілген (компенсациялық) жеткіліксіздік сатысы.Бұл кезде өкпе вентиляциясы бұзылған белгілер болғанмен қанда оттегінің қалыпты деңгейі ұсталып тұрады.
2.толық теңгерілген (субкомпенсациялық) жеткіліксіздік сатысында өкпе вентиляциясы қалыпты деңгейде немесе төмендеген,өкпеде газдардың диффузияциясы мен перфузиясы белгілі болады.Қанда тотыққан,оксигемоглобиннің деңгейі 93 проценттан азаяды,гипоксемия байқалады.
3.теңгерілмеген (декомпенсацияланған) жеткіліксіздік сатысы кезінде ауыр гипоксемия (артериялық қанда оксигемоглбин 75 проценттан аз) және гиперкапния дамиды,артериялық қанда көмір қышқыл газының мөлшері с.б. 42 ммден астам болады.Сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі нәтижесінде қанның газдық құрамы өзгереді және алқыну пайда болады.Қанның газдық құрамы өзгерістері гипоксемия,гиперкапния және гипокапния түрлерінде көрінеді.
Гипоксемия деп -артериялық қанда оттнгінің үлестік қысымы (О2)90-80мм с.б. азаюы есептеледі.Кейде рО2 артериялық қанда 30-40 мм с.б. дейін төмендеуі мүмкін.
Бұл кезде гемоглабиннің оттегімен қанығуы азаяды,тотықсызданған гемоглабин мөлшері көбейеді де,цианоз дамиды.Гипоксемияның нәтижесінде гипоксия байқалады.
Гиперкапния- деп артериялық қанда СО2 үлестік қысымы (рСО2)40-45 мм с.б. (қалыпты жағдайда рСО2 мөлшері 38-40ммс.б.)-ден жоғары болуы есептеледі.Гиперкапнияның нәтижесінде газдық ацидоз дамиды.
Гипокапния- артериялық қанда рСО2 төмендеуі,оның организмнен артық шығарылуынан болады.Гипокапния адамдар мен жануарларға аз оттегісі бар ауамен дем алғанда немесе барометрлік қысымның төмендеген жағдайында дамиды.Бұл жағдайда гипоксемия рефлекстік түрде тыныс алуды жиілетеді.Осының нәтижесінде артериялық қанда рСО2 азаяды,газдық алкалоз дамиды.
Сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігінің әйгіленістері болып,алқыну немесе ентігу,патологиялық тыныстар пайда болуы есептеледі.
Алқыну – адамда ауа жетіспеу сезімімен қабаттасатын,тыныс алу қозғалыстарының терңдігі мен жиілігінің,демді ішке тарту мен сыртқа шығару қзақтығының,тыныс алу ырғағының өзгерістерімен сипатталады.Ол жиі үрейлену,қорқыныш,абыржу сезімдерімен қабаттасады.Алқыну түрлеріне терең және жиі тыныс (гиперпноэ),терең және сирек тыныс (брадипноэ),үстіртін жиі тыныс(полипноэ немесе тахипноэ),үстіртін сирек тыныс,инсперациялық және экспирациялық алқынулар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет