Ситуациялық есептерге жауаптар: №1 есеп Клиникалық диагноз- созылмалы панкреатит



бет4/4
Дата18.12.2021
өлшемі26,1 Kb.
#102815
1   2   3   4
Байланысты:
3 сабақ гастро есеп

1) Диагноз: Науқастың шағымдары және зерттеу нәтижелері негізінде созылмалы тассыз холецистит диагнозы қойылды.

2) Емдеу тактикасы

Ем диеталық режиммен қатар антибактериалды, қабынуға қарсы, холеретикалық, спазмолитикалық терапия жүргізуді қарастырады жəне негізгі ауруларға, асқынулардың болуына, жағдай ауырлығына тəуелді.



Дəрі-дəрмектік ем:

1. Келесі антибактериалдық препараттардың бірін тағайындайды:

- синтетикалық пенициллиндер (ампицилин* 2 г/тəулігіне - 10 күн);

- макролидтер (эритромицин* 2 г/тəулігіне, кларитромицин* 1 г/тəулігіне, спирамицин* 6 МЕ/тəулігіне -10 күн);

- тетрациклиндер (доксициклин *100-200 мг/тəулігіне -10 күн);

- фторхинолондар (ципрофлоксацин* 1г/тəулігіне - 10 күн);

- цефалоспориндер (цефуроксим*750 мг/тəулігіне, цефтазидим* 1-6 г/тəулігіне - 10 күн).

Лямблиоз болған кезде келесі препараттардың бірі көрсетілген: орнидазол* 1 г/тəулігіне - 5 күн немесе метронидазол * 1 г/тəулігіне – 10 күн.

Таңдау препараттары болып табылады: ко-тримоксазол* - 2 апта, интетрикс.



2. Өттің коллоидты қасиетін қалпына келтіру мақсатында, тиімділігі дəлелденген, урсодезоксихол* қышқылын 500 мг/тəулігіне тағайындайды.

3. Өт қышқылдарын байланыстыру үшін құрамында алюминий бар антацидтер көрсетілген, күніне 15 мл х 4рет тамақтан соң 1,5-2 сағаттан кейін.

4. Өт қабының гипертониялық дискинезиясы кезінде спазмолитиктердің бірін тағайындайды:

- пинавериум бромид* - 100-150 мг/тəулігіне;

- гимекромон 600 мг/тəулігіне;

- бускопан 10 мг х 3 рет;

- галидор* 2,0 мл х 2-3 рет тəулігіне.

5. Гипотониялық дискинезия кезінде холецистокинетиктер көрсетілген:

- домперидон* немесе метоклопрамид* 30-40 мг/тəулігіне;

- магния сульфаты* 10-25%, 2 ас қасықпен тəулігіне 3 рет;

- сорбит* 10% 050,0 х 2-3 рет тəулігіне.



6. Холекинезді күшейтетін препараттар – аллохол* 2 таб. х 3-4 рет тəулігіне, тамақтан соң.

7. Полиферменттік терапия:

- панкреатин*;

- фестал*;

- панзинорм*.



8. Антибактериалды терапия аяқталғаннан соң: пребиотиктер - хилак форте* 60 тамшы х 3 рет- 1 апта, сонан соң 30 тамшыдан х 3 рет - 2 апта, іш қатуларда - лактулоза* 1 – 2 ас қасық х 1 рет тəулігіне.

Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:

1. *Ампициллин 0,25 г, табл.

2. *Урсодезоксихол қышқылы 250 мг, табл.

3. *Құрамында алюминий гидрототығы, магний гидрототығы бар қосылған препараттар 15 мл, ішке қабылдау үшін суспензия.

4. Гимекромон 200 мг, табл.

5. Аллохол.

6. *Домперидон 10 мг, табл.

7. *Панкреатин, таблетка, құрамында 4 500 ЕД кем емес липаза бар капсула.

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: *метронидазол 500 мг, табл.

Ем тиімділігінің индикаторлары: өт қабы мен ұлтабар функцияларын қалпына келтіріп, аурудың симптомдық көріністерін жою.

7 есеп.


Жауабы:

  1. Клиникалық диагноз – шағымы оң жақ қабырға астында ауырсыну сезімі, анамнезі, лабораториялық зерттеуде айқын лейкоцитоз, аспаптық зерттеуде өт қабы үлкейген, өт толуы қорытындысы бойынша Созылмалы холесцистит диагнозы қойылды.




  1. ТЕКСЕРУ ЖОСПАРЫ

Қанның, несептің жалпы талдауы.

Қанның биохимиялық талдауы (аминотрансферазалардың, жалпы ақуыздың және ақуыз фракция-ларының, холестериннің, глюкозаның, липопротеиндердің фракцияларының құрамы)

ФЭГДС


Өт қабының, бауырдың, ұйқы безінің, бүйректің ультрадыбыстық зерттеуі.

Фракциялық дуоденальды зондтау.

Өт микробиологиялық зерттеу

ЭКГ


Зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің деректері
Қосымша зерттеу:

Холеграфия



ЭРХПГ

МРТ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет