1.Сіздің алдын-ала диагнозыңыз қандай?ъ
Өт жолдары ауруы.Созылмалы тассыз холецистит.
Ауру сезімінің оң иық пен мойын аймағына таралуы,температураның жоғарылауы,жүрек айнуы,ауыздағы ащы дәм аурудың өршу фазасында екенін білдіреді.
2.Қосымша зерттеу әдістері
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның жалпы анализі (6 параметр). Лейкоцитоз,ЭТЖ;
2. Глюкозаны анықтау.
3. Сілтілік фосфатазаны анықтау.
4. Билирубин мен фракцияларды анықтау.
5. Холестеринді анықтау.
6. Құрсақ қуысы ағзаларын УДЗ.
7. Эзофагогастродуоденоскопия.
8. Зəрдің жалпы анализі.
9. Капрологияға нəжісті зерттеу.
10. АЛТ анықтау.
11. АСТ анықтау.
12. С-реактивті ақуызды анықтау.
13. Жалпы ақуызды анықтау.
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қан диастазасын анықтау.
2. Қандағы ақуыз фракцияларын анықтау.
3. Дуоденалдық заттарды зерттеу (зондтаусыз).
4. Биологиялық сұйықтықтарды колонияларды алып себу.
5. Көктамырішілік холангиохолецистография (көрсетімдер бойынша).
6. Пероралдық холецистография (көрсетім бойынша).
7. Мақсатты пункциондық бауыр биопсиясы (көрсетімдер бойынша).
8. Эндоскоптық ретроградтық панкреатохолангиография (көрсетімдер бойынша).
9. Бауырдың, өт қабының компьютерлік томографиясы (көрсетімдер бойынша).
Инструментальді зерттеулер: дуоденалды зондтау кезінде дискинетикалық бұзылыстарды, сонымен қатар В порциясының микроскопиясы кезінде қабынулық элементтерді жəне паразиттерді, сонымен қатар оны себу кезінде инфекциялық агенттерді анықтау; қанда нейтрофильді лейкоцитоз жəне эритроциттердің тұну жылдамдығының жеделдеуі, олардың реактивті қабынуы кезінде бауыр мен ұйқы безінің функционалды сынамаларының өзгерістері болуы мүмкін.
4 есеп.
1. Болжам диагноз: Созылмалы панкреатит себебі: мейо робсон симптомы оң болғандықтан.
2. Диагностика критерилері
Физикалық тексеру:
1. Рецидив беретін ауырулық абдоминалды синдром (жиірек құрсақтың алдыңғы қабырғасында, арқаға берілумен, диеталық жүктемелермен, алкоголь қабылдаумен). Ойықжара тəрізді ауырулық синдром, моториканың бұзылуымен сол жақтық бүйректік шаншумен клиниканы еске түсіреді.
2. Дене салмағының төмендеуі (мальабсорбция синдромы).
3. Сыртқы секреторлық функцияның жеткіліксіздігі (стеаторея, гипокальциемия, гиповитаминоз).
4. Ішкі секреторлық функцияның жеткіліксіздігі (глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы, қантты диабет).
5. Созылмалы фиброзды-индуративті панкреатит үшін аралық сарғыштану тəн.
Инструменталдық зерттеулер:
1. Рентгенологиялық белгілер: ұйқы безінің кальцинаттары, екінші бел омыртқасы маңына жылжуы.
2. УДЗ белгілері: көлемнің, эхотығыздылық ұлғаюы, кальцинаттардың болуы, ісіктер немесе киста. Ісікке күдік болса УДЗ КТ толықтырылады.
3. Компьютерлік томография: некроз ошақтары, ұйқыбездің кисталары мен жалған кисталары. Бездің карциномасы кезінде диагностикалық тиімділік 85% жақын, əсіресе қайталамалы зерттеулерде.
4. ЭРХПГ: өзекшелердің деформациясы мен диффузды кеңеюі, дұрыс емес нақты тəрізді түрде, басты өзекшелер мен шеткі бұтақтардың тасы мен стриктураны анықтау. ЭРХПГ көрсетімдер – ҰБ карциномасына күдік, СП жалғанісіктік формасы, ауырсыну синдромы, жүдеу. Негізгі каналдың стриктурасын анықтау үшін жəне оның бүйірлік бұтақтарын кенейту үшін «Алтын».
5 есеп.
1.
Науқаста созылмалы холецистит.Науқаста Ортнер симптомы оң болуы,ауыру сезімі(Боткин нүктесінле,холецистокардиальді симптом) және оның оң жаурынға иррадиациясы,зерттеу мәліметтері дәлелдейді.ЖҚА бойынша:лейкоцитоз,ЭТЖ артуы(қабынуды білдіреді).Биохимиялық анализ холестерин деңгейі артқан.Қалған көрсеткіштері қалыпты мөлшерде.Науқаста семіздік---1 дәрежелі(гиперхолестеринемия).Аурудың этиологиясын дене салмағының артуымен яғни алиментарлы фактормен,майлы тамақ қолдануы жоғары мүмкіндігімен байланыстырамыз.
2.
Өт жолдарының УДЗ-сы : тастарды,өт қабының деформациясын,өт қуығы қабырғасының қалыңдауын,тығыздалуын көреміз.Және өт моторикасының бұзылуын анықтаймыз.
ЭРХПГ (эндоскопиялық холангиопанкреатография): Өте тиімді әдіс,өт түтіктеріндегі тастарды,қабыну белгілерін,бұзылыстардың бәрін және ұйқы безінің түтіктеріндегі өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.
Оральды холецистография: өт қабының контрастталуы баяу,өт қабы деформациясы( қисаюы,бүгілулер) өт қабы тонусы азаюы,жиырылғыштығы өзгеруін анықтаймыз.
Холеграфия:егер өт қабына контрастты зат(Билингост,Биливистан) көктамырға енгізеді,сол уақытта өт қабын түтіктерін рентгенологиялық зерттеп отыруға болады:қабыну белгілерін,деформацияларды байқаймыз.
Және нақты толық мағлұмат алу үшін құрсақ қуысы ағзаларының Кт,МРТ сы н жасаймыз.Мрт-контрастты затпен бірге жүргізу – холециститтің көріністерін толық анықтауға мүмкіндік береді
№6 ситуациялық есеп
Достарыңызбен бөлісу: |