Сіздерге ұсынылып отырған бұл бағдарлама Г. Р. Тұрсынбаева мен


Пәнді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар



бет2/27
Дата30.09.2024
өлшемі4,74 Mb.
#205338
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
1 сынып Көркем жазу

Пәнді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар
Білімі мен білігі бойынша:

  • «Көркем жазу» пәнін;

  • Көркем жазудың бастапқы негіздерін;

  • Графикалық белгілерді;

  • Жазу тәртібі;

  • Жазу нормативі;

  • Қатесіз және жатқа жазу;


Дағдылары бойынша:

  • Графикалық қателерді көру және жөндеу жолдарын табу;

  • Әріптер мен сөздер арасындағы қажетті пропорцияларды сақтау;

  • Сөздер арасындағы қашықтықты сақтау;

  • Әріптердің жазылу алгоритмін;

  • Әріптер мен әріптерді байланыстырып жазу;

  • Жазу жылдамдық нормаларында орындау;

  • Баспа мәтінін көшіріп жазу;

  • Жай сөздерді жатқа жазу


Күнтізбелік жоспар






Тақырып мазмұны

Сағат саны

Мерзімі







І тоқсан 9 сағат







1

1

Жазу ережелерімен таныстыру

1

05.09

2

2

Тік қиғаш сызықтар салу

1

12.09

3

3

Сызықтарды параллель жүргізу

1

19.09

4

4

Әріп жазуға дайындық элементтері

1

26.09

5

5

Әріп элементтерін бөлек салу

1

03.10

6

6

Бас әріп элементін үзіліссіз жазу

1

10.10

7

7

Кіші әріп элементін үзіліссіз жазу

1

17.10

8

8

А, Н әріптері. Алматы -әсем қала

1

24.10

9

9

Өзіңді-өзің тексер

1

07.11







ІІ тоқсан 7 сағат







10

1

Л, Р әріптері. Лақ

1

14.11

11

2

О, Т әріптері. Орман

1

21.11

12

3

У, Ш әріптері. Шеге

1

28.11

13

4

С, Д әріптері. Сағат

1

05.12

14

5

Ы, М әріптері. Ырыс алды- ынтымақ

1

12.12

15

6

Қ, Ұ әріптері. Құстың ұясы

1

19.12

16

7

Өзіндік жұмыс

1

26.12







ІІІ тоқсан 9 сағат







17

1

І, Е әріптері. Отбасылық еңбек

1

09.01

18

2

К, Ү әріптері. Көлік түрлері

1

16.01

19

3

И, Й әріптері. Ит

1

23.01

20

4

Ғ, Г әріптері. Ғарыш

1

30.01

21

5

ң, Ө әріптері. Аңдардың тіршілігі

1

13.02

22

6

З, Ә Зығыр. Зығыр

1

20.02

23

7

Ж, П әріптері. Жайлау

1

27.02

24

8

Б, Х. Хатқа жазылған бата

1

06.03

25

9

Өзіңді-өзің тексер

1

13.03







ІV тоқсан 8 сағат







26

1

Я, Ф, Ю әріптері. Аю

1

20.03

27

2

Е, В,Э әріптері. Элеватор

1

03.04

28

3

Ц, Щ, Ч әріптері. Цирк

1

10.04

29

4

ь, ъ әріптері. Лагерь

1

17.04

30

5

Заттың атын білдіретін сөздер

1

24.04

31

6

Бас әріппен, кіші әріппен жазылатын сөздер

1

08.05

32

7

Заттың іс-қимылын, сынын, санын білдіретін сөздер

1

15.05

33

8

Тест

1

22.05


Оқу курсының тақырыптарының мазмұны

І тоқсан 9 сағат
Жазу ережелерімен таныстыру деген тақырыппен басталады. Тік, қиғаш сызықтар салуды, сызықтарды параллель жүргізуді, әріп жазуға дайындық элементтерімен, бас әріп элементін үзіліссіз жазу, кіші әріп элементін үзіліссіз жазуды және А, Н әріптерін көркем жазуды үйретеді.


ІІ тоқсан 7 сағат
Оқушылармен білімдерін саралау мақсатында деңгейлік тапсырмалар орындату. ІІ тоқсанда әріптер және сол әріптерге байланысты мәтін беріледі, сол мәтіннің тапсырмаларын орындайды. Л, Р әріптері " Лақ ", О, Т әріптері " Орман" , У, Ш әріптері " Шеге", С, Д әріптері " Сағат", Ы, М әріптері "Ырыс алды- ынтымақ", Қ, Ұ әріптері " Құстың ұясы" және бөлімді қорытындылау ретінде оқушылардан өзіндік жұмыс алынады


ІІІ тоқсан 9 сағат
ІІІ тоқсанда әріптер және сол әріптерге байланысты мәтін беріледі, сол мәтіннің тапсырмаларын орындайды. І, Е әріптері " Отбасылық еңбек", К, Ү әріптері " Көлік түрлері", И, Й әріптері "Ит", Ғ, Г әріптері "Ғарыш", ң, Ө әріптері "Аңдардың тіршілігі", З, Ә "Зығыр", Ж, П әріптері " Жайлау", Б, Х "Хатқа жазылған бата" және бөлімді қорытындылау ретінде оқушылардан өзіндік жұмыс алынады.


ІV тоқсан 8 сағат
Я, Ф, Ю әріптері "Аю", Е, В,Э әріптері "Элеватор", Ц, Щ, Ч әріптері "Цирк", ь, ъ әріптері "Лагерь", заттың атын білдіретін сөздер, бас әріппен, кіші әріппен жазылатын сөздер, заттың іс-қимылын, сынын, санын білдіретін сөздер және жылдық қорытындылау ретінде оқушылардан тест алынады.


Тәжірибелік бөлім
Оқушыларға қосымша берілетін тапсырмалар
Жеке тақырыптар бойынша берілетін тапсырмалар

  • әріптерді бас әріппен көркем жазу;

  • әріптерді кіші әріппен көркем жазу;

  • әріп элементін үзіліссіз жазу;

  • әр түрлі ойындар.



Оқушылардың білім деңгейін бақылау
Мектептегі оқыту үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі мақсаты - балаға хат таныту, яғни оған жазу мен оқуды үйрету. Сауат ашу - аса жауапты да, күрделі жұмыс.
Мектепке алғаш келгеннен бастап, баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ісіне салдыр-салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуге әкеп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез-құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке тыңғылықтылыққа, ұқыптылыққа үйретеді. Әдемі, анық жазуға үйрету арқылы мұғалім оқушыны еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелейді.
Көркем жазудың ойдағыдай болуы гигиеналық талаптарды орындаудың нәтижесінде болады. Ол мектеп жиһазы партаның оқушыға сәйкес келуі, оның ыңғайлылығы, жарықтың түсуі. 
Жазу процесінде оқушы дұрыс отыру керек, қаламсапты дұрыс ұстауы, дәптерді партаға орналастыруы, осының әрі баланың көзіне, жазуына жұмыс қабілетіне әсерін тигізеді. Отырғанда орындық партаға кіріп тұруы керек, сол қол дәптерді басып тұрады, ал оң қолдың басы дәптерде жатады. Бала мен партаның арасына жұдырық сыятындай болуы керек. Көз бен дәптердің арасы 30 см болуы шарт. Жарық сол жақтан түсуі керек. Жазу ұзақтығы 1 сыныпта- 5 минут, 2 сыныпта-8 минут, 3 сыныпта- 12 мин, 4 сыныпта- 15 мин. Одан ұзақ жазу баланы шаршатады. Арасында балаларды демалдырып, сергіту жаттығуларын жасаған жөн
Жазуды үйренуде мына принциптерді сақтаған жөн:
1. Көрнекілік принципі: мұғалім тақтаға, дәптерге таблицаға көрнекіліктер арқылы жазып көрсетеді.
2. Сапалық принципі: мұғалім басында не үшін қиғашынан жазады, әріптерді қалай басқарады, әріптердің биіктігі қандай болу керек екенін түсіндіреді. Қиғашынан жазу тез, әрі ыңғайлы.
3. Қайталау принципі: жаттығуды орындау кезінде пайдаланады. Жазылған нәрсеге міндетті түрде анализ беріледі. Баланың жазған жазуының дұрыстығын тексеріп отырады.

Мұғалімге ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  • Қазақстан Республикасының жалпыға міндеттібастауыш білім беру стандарты. Негізгі ережелер-Астана 2002 ж.

  • Безруких М.М. Трудности обучения пияьму и чтению в начальной школе. – Москва: Первое сентября.2009 ж.

  • Безруких М.М. Методика оценки сформированности навыков письма и чтения. – москва: Первое сентября. 2009 ж.

  • Кенжеғұлова А. Оқушылардың жазба тіл дағдысын қалыптастыру. Алматы: Бастауыш мектеп.2005 ж.

  • Тематическое планирование для 1 класса. Учебно- методический комплект «Планета знаний». Москва: Начальная школа. 2006 ж.


Оқушыға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  • Көркем жазу. Ерешева К. Калмуханбетова К. Алматы 2012 ж.


Пәнді оқу-әдістемелік жағынан қамтамассыз ету
Оқыту - теориялық : оқулық, лекция. 
Оқыту – практикалық: жаттығулар мен тапсырмалар, тест жинағы, тәжірибелік, сарамандық жұмыстар жинағы.
Оқыту - әдістемелік: курсты үйренуге әдістемелік ұсыныстар, реферат, зерттеу жұмысын суреттеу. Оқыту – анықтамалық: сөздік, анықтама.
Оқыту – көрнекілік: альбом.
Оқыту – библиографиялық.

Таңдау курсы бойынша оқу әдістемелік кешенінің тізімі

  1. Ғаламтор.

  2. Қазақ энциклопедиясы.

  3. Газет, журналдар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет