Сабақ №1
|
Пәні: Көркем жазу
|
Сыныбы: 1
Күні: 05.09.2017
|
Тақырыбы: Жазу ережелерімен таныстыру
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаты:
|
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылардың жазу дағдысын көркемдеу, сұлу жазуға машықтандыру. Өз ойын ауызша да, жазбаша да сауатты жеткізе білуін жетілдіру. Ауызекі және жазба тілде қарым- қатынас жасау дағдыларын дамыту, орфографиялық дағдылар мен көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.
|
Оқушының сабаққа қамтылуы
|
Барлық оқушылар: Топта, жеке жұмыс істеуді үйренеді; Жаңа білім туралы ақпараттарды біледі; Адам өміріне маңыздылығын түсінеді.
|
Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпты күнделікті өмірмен байланыстыра алады, тапсырмаларды түсінеді.
|
Кейбір оқушылар: Өз бетімен жұмыс жасау барысында белсенділік танытады, еркін сөйлейді.
|
Күтілетін нәтиже
|
-әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыланады;
-әріптер сырын толық игеруге мүмкіндік алады;
-грамматикалық тапсырмаларды орындай алуға машықтанады;
-шығармашылық тапсырмаларды орындап үйренеді.
- сауатты жазу дағдылары қалыптасады;
|
|