Сүйек сынықтарында көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек.


Күйік ауруы. Күйік ауруының сатылары



бет26/82
Дата28.12.2022
өлшемі1,1 Mb.
#164802
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   82
Байланысты:
619-621 травма
Экологиялық факторлар, Сакралды Атырау (1), 36. Бейімбет Майлинні пьесалары. «Майдан» пьесасыны о и асы, т (1)
Күйік ауруы. Күйік ауруының сатылары.

Термиялық, химиялық немесе сəулелік энергиямен зақымдалуларды күйіктер деп атаймыз. Күйіктің ауырлығы зақымдалған тіндердің көлемі мен тереңдігімен анықталады. Зақымдалған тіндердің көлемі мен тереңдігі неғұрлым көп болса, соғұрлым күйіктің ауырлық дəрежесі ауыр болады.
Күйік ауруының ағымында 4 сатыны ажыратады: күйіктік шок, жедел токсемия, септикотоксемия және реконвалесценция (жазылу сатысы).
I саты: Күйіктік шок күйген уақыттан бастап, 1-3 тәулікке дейін жалғасады. Оған күйік жарасынан келетін ауыру сезімдік импульсацияның нәтижесінде дамитын, эректильді кезеңнің айқын болуы тән. Шоктың даму барысында қан шалғай аймақтарға ығысып, қорға жиналады. Бұл ЦҚК -ің азаюының себепшісі болады. Күйіктік шоктың патогенезінде плазманың жоғалуының маңызы да өте зор, ол күйікке ұшыраған тіндерге шығуымен сипатталады. Плазманың жоғалуы күйіктен кейін, 8 сағаттан соң өзінің шегіне жетеді. Оның жоғалуы денедегі сұйықтықтардың ығысып жылжуына, осмостық және электролиттік тепе-теңдіктің бұзылуына, содан кейін зат алмасудың барлық түрлерінің өзгеруіне әкеліп соғады. Шоктың жеңіл, ауыр және өте ауыр дәрежелерін ажыратады. Күйіктік шоктың емі жарақаттық шоктың еміне ұқсас, бірақ кейбір ерекшеліктері болады. Үлкен көлемді күйіктердің алғашқы сағаттарында-ақ гемолизінің салдарынан тіндердің гилоксиясы үдей түседі. Сондықтан, оксигенотерапияны қарқынды жүргізу қажет, сұйықтықтардың, қанның бөлшектерін және плазма алмастырушы ерітінділерді көп мөлшерде құю керек. ІІІокқа қарсы емнің тағы бір маңызды ерекшелігі - науқасты толық, жеткілікті етіп жансыздандыру болып табылады.
II саты: Күйіктік шоктың ағымы қолайлы болса, күйік ауруы токсемия сатысына ауысады. Ол күйіктен кейін, 2-3 -ші күндері дамиды да, 1-3 аптаға созылады. Бұл кезде интокеикацияның белгілері байқалады: іріңді-резорбтивті қызба дамиды, температуралық сызық ремитирленуші (қайталанбалы) болады, науқастың бет әлпеті сүйірленеді, еріндері көгереді, терісі сұр түсті және кұрғақ болады, басы ауырады, лоқсиды, құсады, 3-5 күндері психоз дамуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет