Сүйек сынықтарында көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек.



бет22/82
Дата28.12.2022
өлшемі1,1 Mb.
#164802
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   82
Байланысты:
619-621 травма
Экологиялық факторлар, Сакралды Атырау (1), 36. Бейімбет Майлинні пьесалары. «Майдан» пьесасыны о и асы, т (1)
Ауруханаға дейінгі көмек
Көмек көрсетуші дәрігер ауруды көрісімен оның не тірі, не өлі екенін анықтау керек. Оны дем алуынан, тамыр соғуынан, жүрек соғысынан, көз қарашығының жағдайынан, реакциясынан анықтайды.Одан кейін ауру жағдайын қиындатуға не себеп болғанын және қай мүшесі зақымдалғанын (бас, кеуде, қарын, жамбас және тағы басқалары) анықтап, алдын-ала диагноз қойып, соған лайықты көмек көрсетеді.
Көптеген жарақат алған ауруға бірінші дәрігерлік көмек көрсеткенде жасалады:
 травмалық факторлардың ауруға әсерін тоқтатады және оны жарақат алған жерден алып шығу керек;
қан ағуды тоқтатады;
 ашық жараны таза матамен жабады;
 транспорттық иммобилизация жасайды;
 анальгетиктер жасайды;
 дәрімен ем жүргізеді;
ауыз қуысын қаннан, ас қалдығынан, құм-топырақтан тазартып, алмалы-салмалы тіс протезі болса оны ауыздан алады;
 керек болған жағдайда уақытында жасанды дем алдырады; (ауызғаауыз, ауызбен мұрынға, дем алдыру аппараттарымен тыныс алдырады);
 қажет болса трахеостома жасайды;
 керек болған жағдайда жүрекке сырттан массаж, жүрек ішіне дәрі жібереді.
Осы айтылғандарды жасағаннан кейін жайлап транспорттык иммобилизация жасап, жарақаттанғанды ауруханаға жеткізеді.
Жарақаттанған адамды ауруханаға әкелгенше дәрігерлік көмек төмендегідей болу қажет:
 аурудың өміріне қатер туғызарлық дем алу және қанайналымының бүлінгендерін тауып, оны тез арада жояды;
 жедел реанимациялық шара қолданып, өмірге зақым келтірерлік өзгерістерге қарсы күреседі;
 шамамен диагноз қойып, өмірге қатер туғызатын басым жарақатты анықтайды;
 новокаин ерітіндісімен блокада, көліктік иммобилизация жасап,уақытша қан тоқтату және жарақатты сүлгімен таңады;
 жол үстінде ауруханаға жеткенше қан орнына құйылатын дәрі (полиглюкин) құйып, оксигенотерапия.
Қосалқы ауыр жарақат болғанда емдеу жолын үш кезеңге бөлуге болады:
1. реанимациялық; 2. емдеу; 3. қайтадан қалпына келтіру кезеңі.
Ауруханада көрсетілетін көмек
Ауруханага дейінгі жасалған ем ауруханада әрі қарай жалғастырылады.
Ауруханаға көптік жарақатпен түскенде:
 жарақатты ұқыпты және тез тексерумен қатар мамандандырылған көмек жасау керек;
 жұмсақ таңғышты, иммобилизацияны, қан тоқтататын бұраудың дүрыс салынғанын тексеріп, түзеу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет