Жгутты салу. Бұл әдіс әсіресе қызыл қан тамырының қан ағуын тоқтатуда негізгі әдіс болып есептеледі. Қызыл қан тамырынан қан аққанда жгут жарадан жақынрақ салыналы. Жгутты салудың алдында оның орамдарының арасында тері қысылып қалмауы үшін қол-аяқтар орамал немесе бинтпен оралады. Жгут тартылады және аяқ-қолдар айландырылып оралады. Бұндай жгут орамдарының бірінің үстінен бірін бастырмай қатар жатуын бақылау қажет. Жгуттың ұштары бекітіледі. Жгут орамдарының біреуінің астында жгут салынған уақыты көрсетілген қағаз қыстырылады. Бұнан басқа арнаулы емдеу мекемесіне жіберілетін хатта жгуттың уақыты көрсетіледі. «Қызыл қан тамырлық» жгут дұрыс салынса аяқ-қол жгуттан төменіректе бозарады. Жгут салынған жерден төменде тамыр соғысы білінбейді, қан ағуы тоқтайды. Жгут қатты тартылмаса, аяқ-қол көгере бастайды, тамыр соғуы жоғалмайды, қан ағуы күшейеді. Қатты қысылып тартылса, жүйке талшықтарының жарақаттануының салдарынан аяқ-қолдардың салдануы мүмкін. «Қызыл қан тамырлық» жгут аяқ-қолдарда 1,5-2 сағаттан көпке қойылмайды. Егер ұзақ уақытқа қойылса, аяқ-қолдардың жансыздануы мүмкін. Егер осы уақыт арасында операция жасалынбаса, және жгут қайтадан керегінше жоғары немесе төменірек қойылады.
Арнаулы жгут жоқ болса, онда қайысты, жіпті, қол орамалды, басқа тартқан орамалды, жібек бауды, және басқаларды пайдалануға болады. Қысуды күшейту үшін қолдан жасалған жгутқа таяқша кигізіліп оны бұрап қан ағуын тоқтатады.
Мойын тамырларынан қызыл қан аққанда мойынның қан ағудың қарама-қарсы жағына Крамер жақтауы майыстырылып қойылады және оны қарсы қою ретінде пайдаланып, жгут салынады.
Көк тамырдан қан аққанда көк тамыр жгуты деп аталатын жгут қолданылады. Ол жарақаттанған жердің төменгі жағына 6 сағат мөлшерінде қойылады және онша қатты тартылмайды. Бұнда аяқ-қолдар көгереді, артериядағы тамыр соғысы естіледі, қан ағу тоқтайды.
Қан кетуді тұрақты тоқтату.
Қан ағу операция жасалынуға қойылатын барлық талаптар есепке алынып, хирургиялық бөлімшеде біржолата тоқтатылады.
Механикалық әдістер. Жара ішіндегі тамырды байлау. Тамырды байлау жараның ішінде (жібек, лавсан, кетгут) жіптерімен тігіледі. Бұл ең көп таралған әдіс.
Тамырды ұзындығынан байлау. Бұл жара тіпті ластанған немесе жарадағы тамырды іздеуде үлкен техникалық қиыншылықтар жағдайында қолданылады.
Тамыр тігістері. Ол жанынан және айналдырып тігу түрі болады. Жарақаттамайтын инемен тігілетін арнаулы тігіс материалы немесе тамырларды тантал скрепкалары көмегімен механикалық тігу үшін арналған аппараттар пайдаланылады.
Физикалық әдістер. Суықты біржерлік қолдану. Бұл үшін ішіне мұз салған резаңке немесе полиэтилен қалташалар жиі қолданылады. Негізінен алғанда бұл әдіс капилярлық қан ағуларда пайдаланылады.
Электрокоагуляция. Бұнда арнаулы аппарат қолданылады. Коагуляция кезінде жіңішке қан тамырлардын қан кеткенде істеледі.
Натрий хлоридтің ыстық изотоникалық ерітіндісін қолдану. Изотоник ерітіндісі 60-80ᵒС дейін ысытылады. Ерітіндіге малынған дәке қан ағып тұрған жерге бірнеше минутқа дейін қойылады. Бұл әдіс көбінесе қуыстарда (кеуде және іш қуыстарында) жасалынатын операцияларда және нейрохирургияда қолданылады.
Хирургиялық әдістер. Тамырды тарылтушы дәрілер. Бұндай дәрілерге адреналин, супрастин, спорынья дәрілері жатады. Тарылту түріне қарай дәрілер біржерлік асқазан, ішек жолдарынан тыс немесе ауыздан қолданылатын болады.
Қанның ұюын күшейтетін дәрілер. Бұл үшін сутегі тотығы, кальций хлориді, аминокапрон қышқылы, викасол пайдаланылады. Сутегі қос тотығы, бір жерлік жағдайда қолданылады. Басқа дәрілер қан аққанда (тамырдан, асқазан ойығынан қан аққанда т.б.) көк тамырға жіберіледі.
Биологиялық әдістер. Қан тоқтататын дәрілірді бір жерлік қолдану. Бұл үшін жылқы сары суы, гемостатикалық губка, фибринді, үлбірек, биологиялық антисептикалық тампон, тромбин, сутегі қос тотығы және т.б. пайдаланылады.
Қан тоқтататын дәрілерді көк тамырға жіберу. Қанды аз мөлшерде бөліп құю, плазма, гемофобин, жаңа дайындалған қанды құю, тромбоцитарлық массаларды, фибриногенді антигемофильді глобулинді (АГГ) және антигемофильдік плазманы (АГП), аминокапрон қышқылы, викасол, децинон және т.б. препараттар жақсы көмек береді.