Сүйек сынықтарында көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек.



бет64/82
Дата28.12.2022
өлшемі1,1 Mb.
#164802
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   82
Байланысты:
619-621 травма

Күйік ауруы. Дәрежесі.

Күйіктер
Ыстықтың (жоғарғы температура), химиялық заттардың, электр тогының, радиация сәулесінің жергілікті әсер етуінен болатын жарақаттарды күйік деп атайды.
Күйіктердің жіктелуі
• Күйік алған жағдайына байланысты:
• өндірістік;
• тұрмыстық;
• соғыс кезіндегі.
Бейбіт кезеңде өндірістік күйік пен тұрмыстық күйік бірдей жиілікте кездеседі. өнеркәсіптің жоғарғы температурамен, химиялық реакциялармен байланысты салаларында күйіктің үлес салмағы күрт өсті және барлық жарақаттардың бестен бір бөлігін құрайды.
Ең жиі кездесетін күйік тері күйігі, тыныс жолдарының, өңеш пен асқазанның термиялық күйіктері оған қарағанда сирек кездеседі.
II. Этиологиялық себептеріне байланысты:
Термиялық күйіктер.
Адам тіндерінің тіршілігінің температуралық шегі шамамен 450 С тең. Сондықтан, терінің зақымдану дәрежесі мына факторларға байланысты:
• Әсер ету температурасына – ол неғұрлым жоғары болса, жарақат соғүрлым ауыр болады, күйік температура 500С және одан жоғары болған кезде дамиды.
• Теріге жанасатын заттың жылу өткізгішітігіне (ауа, су буы, жалын, металл зат және т.б.). Жылу өткізгіштігі жоғары болса, зақымдану да ауыр болады.
• Ыстық агентпен жанасу уақытына: уақыт неғұрлым ұзақ болса, жарақат соғұрлым ауыр болады.
• Қоршаған ортаның ылғалдылығына: ылғалдылығы жоғары болса, күйік дәрежесі үлкен болады.
Химиялық күйіктер. Бұл күйіктер тері мен кілегей қабықтарға әртүрлі химиялық заттардың түсуінен пайда болады (қышқылдар, сілтілер). Кейбір жағдайларда пациенттер күшті химиялық заттарды байқамай ішіп қойған кезде ауыз қуысы, өңеш және асқазан күйеді. Барлық күйіктердің ішінде химиялық күйіктердің үлес салмағы 5-7% тең.
Электр күйіктері. Бұл күйіктердің алатын үлесі 3%. Олардың бір ерекшелігі ішкі ағзалар электромагниттік өріспен зақымданады.

Сәулелік күйіктер. Сәулелік күйіктер инфрақызыл, ультракүлгін және иондаушы сәуле әсерінен болуы мүмкін. Сәулелік энергия жергілікті өзгерістермен қатар организмде жалпы өзгерістер қоздырады. Бұл өзгерістер сәуле ауруы деп аталады.


III. Күйіктің орналасқан жеріне байланысты:
• Дененің функциялық белсенді бөліктерінің күйігі (аяқ-қол);
• Дененің қозғалмайтын бөліктерінің күйігі (кеуде);
• Беттің күйігі;
• Бастың шашты бөлігінің күйігі;
• Жоғарғы тыныс жолдарының күйігі;
• Шап аралығының күйігі.
Беттің күйігі адам өмірі үшін өте қауіпті. Бет күйігі басым көпшілігіне көз, тыныс жолдарының күйігімен қабаттасып келеді және пациенттердің жағдайын ауырлата түседі.
Шап аралығының күйігі де ауыр күйіктердің қатарына жатады. Артқы тесік пен зәр шығаратын өзектің қызметін бұзып, арнаулы операциялар жасауды қажет етеді.
Зақымдану тереңдігіне байланысты күйікті 4 дәрежеге айырады:
• I дәрежелі күйік. Зақымдану тек эпидермисті қамтиды. Терінің қызаруы, ісінуі, ашыған ауырсыну сезімімен көрініс береді. Бұл құбылыстардың негізінде тұрақты артериялық гиперемия мен қабынулық экссудация жатыр.
• II дәрежелі күйік. Тері тереңірек зақымданады, бірақ бүртікті қабаты сақталады. Эпидермис дермадан ажырап, мөлдір, сары түсті сұйық толған көпіршіктер пайда болады.
• ІII а дәрежелі күйік терінің ішінара (бүртікті қабаттың ұштарының) өлі еттенуімен сипатталады, әйтседе терінің тереңдегі қабаттары мен оның туындылары (шаш қапшықтары, тер мен май бездері) сақталады.
• ІІІ б дәрежелі күйік. Терінің толық өлі еттенуімен сипатталады. Кейде тері астындағы шел қабаттары да зақымдануы мүмкін.
• IV дәрежелі күйік. Тері мен тері астындағы шел қабаттары ғана емес, тереңде орналасқан тіндер де өлі еттенеді (бұлшық ет, сіңірлер, сүйек пен буындар).
Күйіктің ауданын анықтаудың бірнеше әдістері ұсынылған.
А. Уоллестің әдісі (1951 ж.). Бұл әдіс «тоғыздық ережесі» деген атпен белгілі болды. Бұл ережеге сәйкес дененің негізгі бөліктері 1-2 тоғыздықтан тұрады (дененің жалпы ауданының 9%) – тиісінше 9-18 %. Балаларда бұл қатынас өзгешелеу және жасына сәйкес өзгеріп отырады.
«Тоғыздық ережесіне» сәйкес бас пен мойын 9%, қолдың ауданы 9 ■ 2 =18%, кеуденің алдыңғы беті – 9 ■ 2 =18%, кеуденің артқы беті – 9 ■ 2 =18%, сандардың ауданы – 9 ■ 2 =18%, балтыр аяқ басымен – 9 ■ 2 =18%, шап аралығы -1%. Уоллестің жобасы дәл болмағанмен күйіктің ауданын тез де қарапайым түрде анықтауға мүмкіндік береді.

И.И. Глумовтың әдісі (1953ж.). Бұл “алақан әдісі” деген атпен белгілі. Бұл ереже бойынша күйіктің ауданы 1%-ке тең зардап шегушінің алақанының ауданымен өлшенеді.


Күйікті көрсетудің Ю.Ю. Джанелидзе шығарған формуласы.


Күйіктің ауырлығы 3 негізгі фактор бойынша анықталады:


• күйіктің тереңдігі (дәрежесі);
• күйіктің ауданы (%);
• күйіктің орналасқан жері.
Бұл аталған әдістердің барлығының бір кемшілігі – күйік жөнінде толық мәлімет бермейді.
Бұл орайда Ю.Ю. Джанелидзе (1931 ж.) ұсынған, кейін В.В. Васильев пен В.О. Верхолетов толықтырған формула дәлірек көрінеді.
Бұл формуланың қазіргі кездегі көрінісі мынадай: күйік бөлшек түрінде көрсетіледі. Оның алымында күйіктің ауданы, жақша ішінде терең күйік ауданы, ал бөлімінде – күйіктің дәрежесі көрсетіледі. Сонан соң – негізгі зақымданған аймақтар көрсетіледі (бас, мойын, кеуде және т.б.).
Мысалы, бас пен мойынның 10% (оның ішінде 5% терең күйік) II – III дәрежелі термиялық күйігі деген диагноз былайша жазылады:
Термиялық күйік 10% (5% ) бас, мойын.
• салыстырмалы;
• 81 – 100 – болжам күдікті;
• >100 – болжам қолайсыз
Бұл әдіс тек ересек адамдарға ғана қолданылады.
Франк индексі. Франк индексін беткі күйіктер ауданы мен терең күйіктердің үш еселеген ауданын қосу арқылы алады.
Егер индекс:
• < 30 – болжам қолайлы;
• 31-60 – болжам салыстырмалы түрде қолайлы;
• 61 – 90 – болжам күдікті;
• >91 – болжам қолайсыз.
Күйік ауруы – тері мен оның астындағы тіндердің термиялық жарақаты кезіндегі организмнің жалпы реакциясы мен ішкі ағзалардың қызметінің бұзылуының клиникалық белгілерінің жиынтығы.
Қазіргі кезде күйік ауруының ағымын 4 кезеңге бөледі
• I кезең – күйік шогы. Жарақат алғаннан кейін дереу немесе алғашқы сағаттар ішінде дамиды. 3 тәулікке дейін созылуы мүмкін.
• II кезең – жедел токсемия. Күйік жарақатын алғаннан кейін 10-15 күнге созылады.
• III кезең – септикотоксемия. Өліеттенген тіндердің түсуімен сабақтасты. Күйіктің ауырлығына, асқынуларға және емдік шаралардың сипатына байланысты. Ұзақтығы 2-3 аптадан 2-3 айға дейін.
• IV кезең – сауығу (реконвалесценция). Жараның өздігінен жазылуы немесе теріні операция жолымен қалыпқа келтірген соң байқалады. Күйік ауруының бұл келтірілген кезеңдері шартты, өйткені кезеңдер арасында айқын шекара жүргізу кейде мүмкін болмай қалады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет